Белгілі блогер әрі вайнер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовтың жаза мерзімі өзгермеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: instagram.com/meirzhach_tv/make_sakevich

Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов аппеляциялық сотқа шағым түсірген еді. Алайда сот Mudarabah Capital және Astex.kz қаржылық пирамидаларына қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды.

”Сот алқасы тараптардың арыздары мен айғақтарын зерделей келе, үкімді өзгертуге немесе жоюға еш негіз жоғын айтты. Осыған байланысты сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгеріссіз қалды. Сот сотталушылардың апелляциялық шағымын қанағаттандырмады”, – делінген хабарламада.

  • Cотталған вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов сот шешіміне қарсы шағым түсірді
  • Жарнама құны 1 миллион теңгеден басталады: Вайнер Мейіржан Төребаевтың әйелінің бизнестері белгілі болды

Үкім заңды күшіне енді.

Қылмыстық іс бойынша 10 адам сотталды. Оның ішінде вайнер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов та бар.

Сот үкімімен:

  • Алмас Құрманғалиев 14 жылға бас бостандығынан айырылды;
  • Дания Рахимова 10 жылға бас бостандығынан айырылды;
  • Ержан Мансұров 9 жылға бас бостандығынан айырылды;
  • Ерлан Мансұров 9 жылға бас бостандығынан айырылды;
  • Руслан Бұрқанов (Mudarabah Capital ЖШС директоры) 12 жылға бас бостандығынан айырылды;
  • Нұрлан Сұлтанбаев 8 жылға бас бостандығынан айырылды;
  • Андрей Ча 8 жылға бас бостандығынан айырылды;
  • Самат Қасенов 8 жылға бас бостандығынан айырылды;
  • Мейіржан Төребаев 5 жылға бас бостандығынан айырылды;
  • Мейірхан Шерниязов 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұған дейін қаржылық пирамида құрды деп айыпталған қазақстандықтың көз жұмған қырғыз азаматының төлқұжатын пайдаланғаны туралы жазған едік.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.