Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жасұлан Әкімжан Омар Нұрмағамедов пен Бекзат Алмахан арасындағы жекпе-жек туралы ойымен бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: instagram/bekzatalmahan

Талантты, танымал ММА шебері Жасұлан Әкімжан Бекзаттың қарсыласы Омарды сұлатып салуы әбден мүмкін екендігін айтты.

“Бекзатпен жаттығу барысында жұмыс істеп көрдім. Оның қолы ауыр, аяғының да соққысы жойқын. Қолмен де, аяқпен де қарсыласын құлата алатындай әлеуеті бар. Күрестен қорғанысы да жақсы. Қайсысы қойған тактикасын жүзеге асырса, сол жеңіске жетеді. Бекзат білгенінен жаңылмай, өз мәнерінде жұдырықтасса, Омарды сұлатып салуы да ғажап емес. Өйткені қолының соққысы өте ауыр”, – деді Жасұлан Әкімжан. 

  • "Бекзат Омарды жеңсе, өзін чемпион ретінде санауына болады": Нұрмағамедовтың бапкері Бекзатқа қарсы жекпе-жек туралы пікір білдірді 
  • Бекзат Алмахан: Омардың атақ-даңқынан еш қаймықпаймыз

Айта кетейік, Бекзат Алмахан 3 наурыз күні өтетін UFC Vegas 87 турнирінде жеңілістің дәмін татпаған Омар Нұрмағамедовке қарсы жұдырықтасады.  

 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.