Танымал әнші Ерке Есмахан оқырман тарапынан келген 10 сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/

Өнер иесі жеке өмірі мен күтімі, болашақтағы жоспарын бөлісті. Айтуынша, әлі күнге дейін жас айырмашылығын сөз ететіндер бар көрінеді. Әңгімесін “Жасым 45-те. Бірақ сіз сияқты жас жігітке тұрмысқа шықпас едім. Маған үлкен жігіттер ұнайды” деген оқырман сұрағынан бастады. 

“Суретіңізді шығарып қатты ренжітпей-ақ қояйын. Бірақ парақшаңызды қарап келдім. Жас жігіттер сізге жол бермей, үйленейік, алып қашам, сүйдім-күйдім деп жатқан жоқ-ау. Егер солай айтып жатса, үлкенді күтпей тиіп алыңыз. Жалғыз болып отыра бермеңіз. Негізі, әлі жас айырмашылықты сөз ететіндерді түсінбеймін. Өмірде қаншама қорқынышты нәрселер болып жатыр. Маңыздысы жас емес, махаббат екенін әлі түсінбейсіздер”, – деп ренжіді әнші. 

  • "Үйленгісі келіп жүр": Құралай Анарбекова блогер NNN-мен не байланыстыратынын жасырмады

  • "Жанымда сүйіктім де болды": Дильназ Ахмадиева бұрынғы күйеуімен шетелде кездесіп қалды

Сонымен қатар әнші тұрмысқа шыққалы жұбайымен бірге қол ұстасып әлі ешжерге бармағанын айтты. 

Туған күн, премия, той, тұсаукесер бәріне шақырту аламыз. Шақырушыларға мың алғыс. Шаңырақ көтергенімізге бір жыл болды. Осы бір жыл ішінде менің аяғым ауыр болып бара алмадық немесе елде болмай қаламыз. Әйтеуір реті келмей жатыр. Шынымен ерлі-зайыпты болып қол ұстасып, ешжерге бармаппыз. Алдағы уақытта барамыз деген үміттемін. Одан кейін отбасы болып әлі ешкімге сұхбат бермедік. Отандық арнаның біразы шақырды. Бірақ біздегі махаббат, сезім, хикая ерекше. Біз үшін өте бағалы, қымбат. Ашылып ешкімге көп айтқымыз келмейді. Айтсаң құны жоғалатын сияқты. Халық оны басқаша өрбітіп, тарам-тарам етеді. Сондықтан, сөзбен емес, іспен көрсетіп жүрміз", – деді ол. 

Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/

Еске салайық, Ерке Есмахан құрбысы Айнұр Асанбердінің құны 20 миллион тұратын сөмкесін көрсеткен еді. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.