Аќпараттыќ-коммуникативтік технологияларды пайдалану



жүктеу 67.17 Kb.
Дата17.11.2018
өлшемі67.17 Kb.

Орал гумманитарлық- техникалық колледжі

Информатика пәні оқытушысы: Кабдушева М.С.


Орал 2015жыл



ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

Кабдушева М.С. – Орал гумманитарлық- техникалық колледжінің

информатика пәні оқытушысы
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз. Қазіргі таңда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар біздің елімізде де жоғары қарқынмен дамып келеді. Білім беруде жаңа технологиялық әдістермен қатар жаңа ақпараттық технологияларды да қолданудың мүмкіндігі жасалып отыр» деген болатын. Жас буынды жаңашылдыққа жетелеу деген сөз. Жаңашылдық – білім жүйесіне инновациялық технологияларды енгізе отырып, студентті заман талабына сай етіп дайындап шығару.

Технологиялық оқыту білім алушыларды белсенді жағдайда қойып, оның субьектілігін қалыптастырады және шығармашылықты тудырады. Әсіресе, ақпараттық дәуірде технологияның қолданылуы ерекше. Білім сапасын жоғарылату, оны жеткілікті түрде арттыруда жаңа ақпараттық технологияларды қолданусыз, заманауи телекоммуникациялық құралдарды пайдаланусыз мүмкін емес. Озық әдістемелік технологиялармен қаруланған, заман талабына сай оқытудың жаңа әдістерін, яғни ақпараттық-коммуникациялық технологияларды толық меңгерген педагог қана білім алушының сапалы білім алуына мүмкіндік жасайды.

Студенттің өз бетінше білім алуына, ізденуіне көп мән берілуі тиіс.  Олардың кәсіптік білім алуымен қатар іздемпаз, тапқыр, ой- өрісі жоғары, өз пікірін ашық білдіретін, жаңашыл ұрпақ етіп тәрбиелеу керек. Бүгінгі заман талабы- қоғамның дамуымен бірге болашақ жастарды жаңашылдыққа, іздемпаздыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу. Осы аталғандарды іске асыру үшін сабақта ақпараттық–коммуникация- лық технологияларды пайдаланудың маңызды болмақ.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияға тоқталатын болсақ, комму-никация – ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым, ал оқытудың ақпараттық технологиясы- қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ету, білімді бүгінгі заман талабына сай жаңаша, ұтымды және тиімді түрде оқырманның санасына жеткізе білу, педагогикалық іс- әрекетке өзгеріс енгізу, білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу- тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлға ретінде жан- жақты қалыптасуы үшін жаңашылдық енгізу деп түсінуге болады.

АКТ арқылы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады. Ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оқытушы студенттің интелектуалдық, рухани азаматтық және басқада адами қасиетін қалыптастыруына игі әсерін тигізеді.

Ақпараттық технология  еңбексүйгіштікке үйретеді. Сондықтан, бүгінгі 

компьютерлендірілген заманда ақпараттық- коммуникациялық

 технологияларды пайдалану арқылы ғылымның кез- келген саласын қарқынды дамытып, одан тиімді нәтиже алуымызға болады.

Бүгінгі заман талабына сай жаңа технологиялармен сабақ жүргізуде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану өте тиімді. Сабақтарымызда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайданудың негізгі мақсаты:

1. Ақпараттық технологияларды қолдана отырып оқу- тәрбие процесінің барлық деңгейін жетілдіру, оқу-тәрбие жұмысына жаңашылдық енгізу:



  • сабақты қызықты етіп өтікізу арқылы студенттердің пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;

  • білім сапасының көтерілуіне жағдай жасау;

  • оқыту процесінің сапасын арттыру;

  • пәнаралық байланысты тереңдету;

  • қажетті ақпаратты іздеуді оңайлату және көлемін ұлғайту.

2. Студентті заман талабына сай жан- жақты дамыту, ақпараттық қоғамда өмір сүруге икемдеу, даярлау:

  • коммуникативтік қабілеттерін дамыту;

  • өздігінен ізденуге, шешім қабылдай білуге бағыттау;

  • компьютерлік графика, мультимедиа технологиясын пайдалану, киноларды, видеороликтерді көрсету, сабаққа байланысты музыкаларды тыңдату арқылы эстетикалық тәрбие беру;

  • пәнаралық байланыс орнату;

  • ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, ақпаратты өңдей білуге үйрету.

Ақпараттық – коммуникациялық технологиямен жұмыс істеу — компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. «Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізудің оқытушы үшін тиімділігі неде?» деген сұраққа тоқталатын болсақ:

        • жалпы компьютерлік желілерді пайдалана отырып сабақты тартымды түрде қызықты етіп өткізуге мүмкіндік туады;

        • студент өз бетімен жұмыс жасайды;

        • аз уақытта көп білім береді, уақытты үнемдейді;

        • білім- білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексереді;

        • шығармашылық жұмыстар жасайды;

        • қашықтықтан білім беру мүмкіндігі туады;

        • қажетті ақпаратты жедел түрде беру мүмкіндігі жасалады;

        • интернетте жұмыс жасау арқылы оқытушы өз білімін жан-жақты жетілдіреді;

        • оқыту үрдісінде студенттердің танымдық іс-әрекетін тиімді ұйымдастырады;

        • студенттердің тынымдық қабілеттерін қалыптастырады;

        • студентті шығармашылық жұмысқа баулиды, өз бетінше жұмыс жасауға үйретеді;

        • оқулықтантардан тыс, қосымша мәліметтер береді т.б.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану – педагогикалық іс-әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы. Сондықтан компьютерлік желілерді, интернет жүйесін, электрондық оқулықтарды, мультимедиалық технологияларды, қашықтан оқыту технологиясын пайдалану оқу орындарында ақпаратты-коммуникациялық технологиялар кеңістігін құруға жағдай жасайды.

Өз сабағымда күнделікті жаңа тақырыптарды АКТ- ның желілік түрін пайдалана отырып түсіндіремін. Мысалы, электрондық оқулық, интерактивті тақта, интернет желісін күнделікті сабақта қолданамын. Мысалы, 1 с КШИ- 9

тобындағы сабағымның жаңа материалды бекіту бөлімін үсынамын.

Сурет 1. Желіде орналасқан топ бумасы.



Сурет 2. Топ бумасының бөлінуі.



Сурет 3. Берілген тапсырмалар.



Сурет 4. Топ студенттерінің жұмыстары.



Сурет 5. Sin_kaz электронды оқулығы.



Сурет 6. Тест жұмысы.

Жоғарыда аталғандарды қорытындылай келе, мынадай тұжырымдама жасауға болады:


  • Білім беру мекемелерінде қазіргі заманға сай жаңа ақпараттық құрал-жабдықтармен, интерактивті тақталар және мультимедиялық кабинеттерді пайдалана отырып, кез-келген пән бойынша электрондық оқулықтармен жұмыс жүргізу ;

  • АКТ-ны пайдалана отырып, оқушыларды өз бетінше ізденуге машықтандыру;

  • Сабақты қазіргі заман талабына сай өткізу;

  • Әр студенттің ақпараттық техника құралдарымен жұмыс жасауларына мүмкіндік тудыру.

Олай болса, қоғамның әрбір мүшесі ақпаратты сауатты, ақпараттық мәдениеті мен ақпараттық құзыреттілігі дамыған тұлға болуы қажет.
Пайдаланылған ақпарат көздерінің тізімі:

1.Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждің оқу үрдісіне ақпараттық-коммуникациялық технологияны енгізу / Құрманалина Ш.Х. // Орал.- 2003. - ақпан.

2. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім беру деңгейін көтеру //Информатика негіздері. -2006. -№3 (27).-Б. 2-4

3. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030». Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. — Алматы. «Білім баспасы», 1998.



4. “Информатика негіздері” журналы №1, 2010 жыл.
5. Мұхамбетжанова С.Т., Мелдебекова М.Т. Педагогтардың ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша құзырлылықтарын қалыптастыру әдістемесі. Алматы: ЖШС «Дайыр Баспа», 2010 ж.
Каталог: uploads -> doc -> 1165
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
1165 -> Сабақ Тақырыбы: 1918-1920 ж ж Қазақстандағы азамат соғысы
1165 -> Сагълыкънен къал,башлангъыч мектеп!!! Оджа


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет