Ақпараттық пакет 6М011900 – «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы информационный пакет специальности



жүктеу 0.69 Mb.
бет1/8
Дата12.11.2017
өлшемі0.69 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8


АҚПАРАТТЫҚ ПАКЕТ

6М011900 – «Шет тілі: екі шет тілі»

мамандығы


ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПАКЕТ

специальности

6М011900 – «Иностранный язык: два иностранных языка»

INFORMATION PACKAGE

Specialties 6M011900 – «Foreign languages: two foreign languages»




Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Оқу-әдістемелік қызметі

АҚПАРАТТЫҚ ПАКЕТ
6М011900 – «Шет тілі: екі шет тілі»

мамандығы
МАГИСТРАТУРА

КӨКШЕТАУ

2015




Авторлары:
Искендирова Сәуле Қуандыққызы – оқу-әдістемелік қызметінің жетекшісі
Жукенова Алма Карисовна– «Ағылшын тілі және ОӘ» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доценттің м.а.
Немченко Наталья Федоровна – ф.ғ.к., доцент, ак. профессор

6М011900 – «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының ақпараттық пакеті

Көкшетау, 2015.

Ақпараттық пакет университет және мамандықтың білім беру бағдарламасы туралы қажетті мәліметті береді.

Ақпараттық пакеттің бірінші бөлімінде студенттер үшін Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті туралы практикалық ақпараттар ұсынылған.

Ақпараттық пакеттің екінші бөлімінде мамандық бойынша білім беру бағдарламасының төлқұжаты берілген.

Ш.Уәлиханов атындағы КМУ, 2015

МАЗМҰНЫ



І. Университет жайлы жалпы ақпарат

…………………………………………………..



1.1 Университет атауы мен мекен-жайы

1.2 Университет басшылығы

1.3 Университеттің жалпы сипаттамасы

1.4 Мамандықтардың білім беру бағдарламаларының тізімі КГУим.Ш.Уалиханова

1.5 Университеттің материалдық-техникалық базасы


1.6 Халықаралық бағдарламалар/ Тағылымдамалар/ Алмасу бағдарламалары

1.7 Университеттің әлеуметтік саласы


II. Мамандықтың білім беру бағдарламасының төлқұжаты


І. УНИВЕРСИТЕТ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ АҚПАРАТ



1.1 Университет атауы мен мекен-жайы


«Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы, 020000, Көкшетау қ., Абай к.,76

тел: +7(7162) 255583, факс: +7(7162) 255583

е-mail: mail@kgu.kz

Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің 1996 жылдың 23 мамырындағы № 143 бұйрығымен Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институты, С.Сәдуақасов атындағы ауыл шаруашылығы институты және Қарағанды политехникалық институтының филиалы бірігіп Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті болып қайта құрылды.

Университет өзінің білім беру ісін №12019134 мемлекеттік лицензиясына сәйкес жүзеге асырады, 2014 жылы мемлекеттік аттестаттаудан ойдағыдай өтті, ұлттық институтционалдық аккредиттеу нәтижесі бойынша Аккредиттеу мен рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) Аккредиттеу кеңесінің шешімімен бес жыл мерзімге аккредиттелді (2014 жылдың 21 ақпанындағы №АА0016 сертификаты) және 16 білім беру бағдарламасы бес жыл мерзімге аккредиттелді, «Русский Регистр» сертификаттау қауымдастығымен ИСО 9001:2008 Халықаралық стандарт талаптарының сәйкестігіне сертификатталып, сапа сертификатына ие болды және IQNet Халықаралық сертификаттау жүйесі «European Quality» («Еуропалық сапа») халықаралық наградасымен марапаттады.

2010 жылдың қыркүйегінде ЖОО Болон Декларациясының негізі болып табылатын Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды.



1.2 Университет басшылығы

Ректор - ӘБЖАППАРОВ Әбдімүтәліп Әбжаппарұлы

Техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының және Халықаралық жоғары мектеп ғылым академиясының академигі.

Ғылыми зерттеу нәтижелері бойынша шетелдік, одақтық және республикалық басылымдарда 300-ден артық ғылыми еңбегін, соның ішінде 3 монография, 4 оқу құралы, 30 әдістемелік нұсқаулық пен ұсынымды жарыққа шығарды. 11 авторлық куәліктің иегері.

«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген қайраткері» белгісімен, «Жоғары білім беру саласындағы жеткен жетістіктері үшін», «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі», «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Қазақстан Республикасында инженерлік істің дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен, ҚР Президентінің Алғыс хатымен марапатталған.





Бірінші проректор - ЖАРҚЫНБЕКОВ Темірхан Ниязұлы

Геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, ҚР Халықаралық ақпараттандыру академиясының мүшесі, Ресей жаратылыстану академиясының профессоры.

40-тан артық ғылыми мақала, соның ішінде 6 оқу құралын, 1 ұжымдық монографиясын, импакт-факторлы журналда 1 мақаласын жариялады.

«Жер қойнауын барлау үздігі» белгісімен, «Ы. Алтынсарин» мерейтойлық төсбелгісімен, «Айрықша еңбегі үшін», «Үздік түлек» медальдарымен, ҚР Армия Генералы С.Нұрмағанбетов атындағы медалімен, Алматы қ. әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған. РФ ғылым және білім беру ісінің еңбегі сіңген қызметкері.






Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор – ЖАҚЫПОВА Айгүл Досжанқызы

Филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстандық орыс тілі мен әдебиеті оқытушылары қоғамының мүшесі (КАЗПРЯЛ), Қазақстан халқы Кіші Ассамблеясының мүшесі, Бүкілресейлік когнитивтік зерттеулер қауымдастығының мүшесі.



ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетімен берілген авторлық куәлік түрінде расталған  2 электронды оқу құралының, 2 монография, 3 сөздік, 4 оқу құралының, бірқатар оқу-әдістемелік нұсқаулықтардың, 90-нан астам ғылыми мақалалардың авторы, 2 ұжымдық монографияның бірлескен авторы.


Әдістемелік және ұйымдастыру жұмысы жөніндегі проректор – ИСКАКОВ Абай Жантасұлы.

Экономика ғылымдарының докторы, доцент.

40-тан астам ғылыми еңбегі жарияланған.


Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор – СЕЙІТҚАСЫМОВ Аманай Асылбайұлы.

Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент.

Оқу құралы мен 40-астам ғылыми жарияланымын жарыққа шығарды.

Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері төсбелгісімен марапатталған.

1.3 Университеттің жалпы сипаттамасы
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті Қазақстанның солтүстік аймағының білім беру жүйесінде 50 жылдан астам уақыт бойы жетекші орындарда келе жатқан жоғары оқу орны.

Қазіргі уақытта Ш.Уәлиханов атындағы КМУ – өзінің лайықты дәстүрлері мен зор әлеуеті, алға қойған үлкен жоспары бар, заманауи, қарқынды дамып келе жатқан жоғары оқу орны болып саналады.

Ш.Уәлиханов атындағы КМУ басты міндеттерінің бірі – түлектердің бәсекеге қабілеттілігі мен сұранысқа ие болуын, дипломдардың халықаралық деңгейде танылуын қамтамасыз ету, профессор-оқытушылар құрамының экономикалық және қоғамдық мәртебесін арттыру. ЖОО бүгінгі күнде әлемдік білім беру және ғылыми-ақпараттық жүйесімен тығыз қарым-қатынас орнату стратегиясын жоспарлап отыр. Университет халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында Польша, Түркия, Германия, АҚШ, Ұлыбритания, Словакия, Ресей, Орталық Азия елдерінің 60-тан артық жетекші ғылыми орталықтарымен қарым-қатынас орнатқан.

ЖОО бакалавриаттың 53 мамандығы, магистратураның 28 мамандығы, PhD докторантурасының 3 мамандығы бойынша мамандарды үш деңгейлі даярлауды (бакалавриат, магистратура, докторантура) жүзеге асырады. Бакалавриаттың 7 мамандығы және магистратураның 4 мамандығы бойынша: Химия, Биология, География, Экология, Информатика, Математика, Физика мамандықтары бойынша көптілді білім беру бағдарламалары іске асырылып келеді. Ф.Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетімен бірлесе отырып, магистратураның Химия, Математика, Шет тілі: 2 шет тілі, Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыздандыру, Педагогика және психология мамандықтары бойынша қос дипломды білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.

Қашықтықтан оқыту технологиялары қолданыла отырып, күндізгі, кешкі және сырттай оқу бөлімдерінде (жоғары және орта кәсіптік оқу орнынан кейінгі) мамандар даярлығы жүзеге асырылады.

Университетте жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы еңбек етеді. Жоғары білікті мамандар даярлау, сапалы білім беру қызметін көрсету үшін қажетті мықты материалдық-техникалық базасы бар. Университетке ғылыми-педагогикалық кадрлардың тұрақтылығы, ұрпақтар сабақтастығы, жоғары білім беру сапасын арттыру, корпоративтік рух және патриотизм секілді сипаттар тән. Жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбилеу үшін қолайлы, ерекше әлеуметтік-мәдени ортаны қалыптастыратын өзіндік дәстүрлері де бар.

Білім алушылар контингенті бес мың адамға жуық. 350-ден артық оқытушы студенттер даярлау ісін жүзеге асырады. Олардың ішінде 21 ғылым докторы, 84 ғылым кандидаты, «Қазақстан Республикасы ЖОО үздік оқытушысы» грантының 25 иегері бар.

Профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер ДААД, АЙРЕКС, ТЕМПУС, «Бундестаг» Халықаралық парламенттік стипендиясы, «Болашақ» президенттік бағдарламасы , СОРОС халықаралық білім беру бағдарламаларына қатысады және Германия, АҚШ, Ұлыбритания, Малайзия, Ресей, Түркия, Чехия, Сингапурдың ЖОО-ы мен ғылыми орталықтарында білім алып, тағылымдамадан өтеді. Ауыл шаруашылығы мамандықтарының студенттері ЛОГО бағдарламасы аясында Германия шаруашылықтарында өндірістік тәжірибеден өтеді. Оқытушылар мен студенттерге арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасы белсенді жүзеге асырылып келеді.




1.4 Ш.Уәлиханов атындағы КМУ мамандықтары білім беру бағдарламаларының тізімі
Ш.Уәлиханов атындағы КМУ 9 бағыт бойынша мамандар даярлауды жүзеге асырады: білім беру, гуманитарлық ғылымдар, құқық, өнер, әлеуметтік ғылымдар және бизнес, жаратылыстану ғылымдары, техникалық ғылымдар және технологиялар, ауыл шаруашылығы ғылымдары, қызмет көрсету.
Ш.Уәлиханов атындағы КМУ бакалавриаты мамандықтарының тізімі




Шифрі

Мамандық атауы

1. БІЛІМ БЕРУ



5В010100

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу



5В010200

Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі



5В010300

Педагогика және психология



5В010700

Бейнелеу өнері және сызу



5В010800

Дене тәрбиесі және спорт



5В010900

Математика



5В011000

Физика



5В011100

Информатика



5В011200

Химия



5В011300

Биология



5В011400

Тарих



5В011600

География



5В011700

Қазақ тілі мен әдебиеті



5В011800

Орыс тілі мен әдебиеті



5В011900

Шет тілі: екі шет тілі



5В012000

Кәсіптік оқыту



5В012100

Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті



5В012200

Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті



5В012300

Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану

2. ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР



5В020500

Филология



5В020700

Аударма ісі

3. ҚҰҚЫҚ



5В030100

Заңтану

4. ӨНЕР



5В042100

Дизайн

5. ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ЖӘНЕ БИЗНЕС



5В050300

Психология



5В050600

Экономика



5В050700

Менеджмент



5В050800

Есеп және аудит



5В050900

Қаржы



5В051100

Маркетинг

6. ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ



5В060800

Экология

7. ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР



5В070100

Биотехнология



5В070300

Ақпараттық жүйелер



5В070400

Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыздандыру



5В070700

Тау-кен ісі



5В071200

Машина жасау



5В071300

Көлік, көлік техникасы және технологиялар



5В072800

Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)



5В072900

Құрылыс



5В073100

Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі



5В073200

Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша



5В073700

Пайдалы қазбаларды байыту

8. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМДАРЫ



5В080100

Агрономия



5В080200

Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы



5В080600

Аграрлық техника және технология



5В080700

Орман ресурстары және орман шаруашылығы



5В080800

Топырақтану және агрохимия

9. ҚЫЗМЕТТЕР



5В090100

Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру



5В090200

Туризм



5В090300

Жерге орналастыру



5В090500

Әлеуметтік жұмыс



5В090700

Кадастр



5В091000

Кітапхана ісі



5В091200

Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет