Қар көшкінін түсіруді алдын алу ережелері



жүктеу 331.33 Kb.
Дата23.04.2019
өлшемі331.33 Kb.
түріБағдарламасы


Қазақстан Республикасы

төтенше жағдайлар Министрінің

№ __ «__» __________ 2012 жылғы

бұйрығымен бекітілген



Қар көшкінін алдын-ала түсіру

Ережелері

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Қар көшкінін алдын-ала түсіру ережелері (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар» Заңына сәйкес жасалған, және Таулы аймақтардағы қар жамылғысына қосымша көзбен бақылау бағдарламасы бойынша бақылау жүргізетін, арнайы қар көшкіні станцияларында (бұдан әрі – ҚКС) және гидрометеорологиялық станциялар мен бекеттерде барлық бақылаулар мен жұмыстарды орындау тәртібін анықтайды.

2. Осы Ережелерде келесi негiзгi терминдер қолданылады:

1) Қар көшкіні – тау беткейінен түсетін немесе жылжитын қар массалары. Олар адам өміріне және шаруашылық нысандарға қауіпті болып табылады. Қар көшкіндері еңістігі 15° асатын, қар жамылғысы биіктігі 30 см асатын бар барлық таулы аудандарға тән.

Қар көшкінінің жіктелуі:

Көлемі бойынша;

Көшкін жинағыштың бедері және қар көшкінінің жолы бойынша:

беткейлік – барлық беткей ауданы бойынша жүретін қар көшкіні;

қарлы сырғыма (осовы) – беткейдің бүкіл алаңы бойынша түсетін қар көшкіні;

астаулы қар көшкіні – шұңғыма, колуар және желге қақталу зонасында тау жыныстарының жырытынды түріндегі қар көшкіні;

секірмелі қар көшкіні – тік жартастар мен беткейлерден құлайтын қар көшкіні;

Қардың консистенциясы (құрғақ, ылғалды және сулы қар көшкіндері) бойынша:

құрғақ – әдетте беткейлерді жасырушы жақында түскен немесе апарылған қармен және тығыз мұз басқан қабықтың аралығында болмашы iлiнiсу әсерінен жүреді. Көбінесе құрғақ көшкіндер төмен температура жағдайында, жаңа жауған қардың тығыздығының төмендігі 100 кг/м3 және одан жоғары болғанда қалыптасады. Бұндайда қар массасының тығыздығы 150 кг/м3 дейін жетуі мүмкін.

сулы – аумалы ауа райының жылымық және жаңбыр фонында жүреді. Сулы қар көшкіндерінің туындау себебі түрлі тығыздықтардағы қар қабаттарының арасында сулы қабаттардың пайда болуы болып табылады. Сулы қар көшкіні жылдамдығы құрғаққа қарағанда төмен, 50 км/сағ аспайды, бірақ қар массасының тығыздығы 800 кг/м3 жетіп, кейде басқа көшкін түрлерінен асып кетеді. Сулы қар көшкіндерінің айрықша белгісі тоқтау кезінде жылдам тежелу болып табылады, бұл құтқару жұмыстарын орындау кезінде қиындықтар тудырады.



«қарлы тақталар» – беткі қар қабатының қату кезінде туындайтын механизммен болатын көшкіндер. Күн, жел және жылу әсер етуінен мұз қабыршағы пайда болады, оның астында қардың құрылысы өзгереді. Жарма тәріздес қалыптасқан борпылдақ масса бойынша массивтен бөліну кезінде тығыз және ауыр қар қабаты төмен қарай оңай сырғиды, ол өзімен көптеген қар массасын алып жүреді. «Қарлы тақталар» жылдамдығы құрғақ көшкіндердегі сияқты 200 км/сағ жетуі мүмкін.

2) Ескерту – алдын ала өткiзiлетiн төтенше жағдайлардың пайда болуы белгiлерін барынша кiшiрейту мүмкiндігіне бағытталған, сонымен бiрге адамдардың денсаулығын сақтауға, табиғи ортаға тиетін залал мөлшерін азайтуға және де залал туындайтын жағдайда материалдық шығынын азайтуға бағытталған кешенді іс-әрекеттер.

3) Мониторинг қызметін ұйымдастыру – бұл бақылау жүйесі, қоршаған ортаның сапасын басқару кірмейтін, бірақ мұндай басқаруға және қоршаған ортаны қорғаудың инженерлiк әдiстемелерін өндiруге қажетті ақпарат беретін, табиғи орта жағдайын болжау және бағалау.

4) Зеңбірекпен ату – ірі калибрлі зенитті қарумен және минометтермен жүзеге асырылады. Қауiпсiз оқ ату позициясын таңдау мүмкiндігі болмаған жағдайда, қар жамылғысы түспей тұрып орнатылған зарядтарды қар жамылғысында жару арқылы, қар көшкінін құлатады (Тіктілігі 30-40° беткейлерде, жаңа түскен қар қабатының биіктігі 30см жеткенде көшкін түседі, ал ескі қардан қалыптасатын көшкіндерге қар жамылғысы биіктігі 70см болу керек. Қозғалысын бастау үшін және белгілі бір жылдамдыққа жету үшін, ұзындығы 100-500м болатын ашық беткей қажет).

5) Жарылыс – энергия бөлінумен және механикалық жұмыс өндіруге қабілетті қысылған газ қалыптасумен бірге жүретін, өте жылдам химиялық (жарылғыш) заттың айналуы.

6) Қар көшкіні станциялары және бекеттер (бұдан әрі – ҚКС және ҚБ) тек қана Алматы маңайында бар. Негізгі міндеті – қар жамылғысының мониторингі және қар көшкіні станциялары аймағындағы көшкін қауіптілікті болжау.

7) Стационарлі бақылау бекеті – ластағыш заттардың шоғырлануын және орнатылған бағдарлама бойынша метеорологиялық параметрлерді тіркеуге қажетті аппаратура орнатылған, арнайы жабдықталған павильон.

8) Қауіпсіздік техникасы – қауіпті өндірістік факторлардың жұмыс істеушілерге әсерін алдын-алатын, техникалық құралдар және ұйымдастырылған шаралар жүйесі

3. Қар көшкінін алдын-ала түсіру қар көшкіні түсу қаупі болғанда жүргізіледі.

4. Қар көшкінін алдын-ала түсіру Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау Министрлігі «Казгидромет» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынының (бұдан әрі – ҚР ҚОҚМ «Казгидромет» РМК) қар көшкіні қызметтерінің ұсыныстары негізінде және Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар Министрлігінің «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ) қар өлшеу маршрутының мәліметтері негізінде іске асады.



2-тарау. Қар көшкінін алдын-ала түсіру

ережелерінің көрсеткіштері

5. Қар көшкінін алдын-ала түсіру ережелері келесі көрсеткіштермен орындалады:

1) Көшкінжинағыштағы қар жамылғысының критикалық биіктігі және қар сипаттамасының минимальді беріктігі.

2) Материалды шығынды азайту үшін және өздігінен түсетін қар көшкіні салдарынан болатын адам өлімін болдырмау үшін алдын ала шаралар қолдану.



3-тарау. Қар көшкінін алдын-ала түсіру

ережелерінің тәртібі

6. Жарылыс жұмыстарының жетекшісі зарядтарды қар жамылғысына орнатудан бұрын, жарылыс жұмыстарының орнын анықтайды және қосалқы жұмысшылар көтеріліп, жарылғыш затты (бұдан әрі – ЖЗ) (мүмкіндік болса, ЖЗ қар жамылғысымен жеңіл шанамен көтереді) жеткізеді; заряд орналастыру орнына дейін, адамдарға су айрық бойымен ғана жүруге (түсу және көтерілу) рұқсат етіледі; қар жамылғысына зарядтарды орналастыруға қатысты барлық жұмыстар, сонымен бірге патрон-боевик төсеу жұмыстары қауіпсіз жерде, су айрықта орындалады; ЖЗ төселгеннен кейін жарылыс жұмыстарының жетекшісі қауіпті аймаққа күзет шығарады. Күзет сигналдық құралдармен қамтамасыз етiледi – ысқырықтармен және жалаушалармен – және (түзу сызық бойынша) жарылыс жеріне 400м жақын емес орналасады.

7. Боевик төсеу, өндіріс және күзетті алу тек қана жарылыс жұмыстарының жетекшiсiнiң ұйғарымы бойынша орындалады.

8. Жарылыс жұмыстарын максимальді қауіпсіз жүргізу мақсатында, ЖЗ зарядтарын қар жамылғысы түскенге дейін немесе оның қауіпті биіктікке жеткеніне дейін орнату орынды. ЖЗ зарядтары ылғал өткiзбейтiн қабықтарға ие болу керек, бұларға капсюль-детонаторлар салуға рұқсат етілмейді; жеткілікті сезімталдығы бар ЖЗ қопару үшін, әрқайсысы бір-біріне және зарядқа тығыз жабысып тұрған ылғал өткізбейтін ЖБ төрт-бес айқаспайтын орамдарымен шандылады, ал бау қауіпсіз жерге шығарылады, сол жерден оны қолайлы сәтте жарып жіберуге болады.

9. ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ пайдалану басқармасының басшылығы қар жинау жұмыстарына арнайы техниканы жеткізу туралы шешім қабылдайды.

10. Жұмыстар аяқталған соң, ұйымдар-қатысушылар өкілдері қар көшкінін алдын ала түсіру нәтижелерi туралы шешiм қорытынды жасайды.



4-тарау. Қар көшкінін алдын-ала түсіру

ережелері

11. Берілген Ережелерді таулы аймақтардағы қар жамылғысына қосымша визуальді бақылау бағдарламасы бойынша бақылау жүргізетін, арнайы ҚКС және гидрометеорологиялық станциялар мен бекеттерде барлық бақылаулар мен жұмыстарды орындау үшін басшылыққа алады.

12. Өндірістік пайдалану бөлімшелерінің (ӨПБ) бастықтары өз жұмысшыларының қар көшкін жұмыстары кезіндегі қауіпсіздік ережелерін үйренуін және қатаң орындалуын қамтамасыз етуі міндетті. Қар көшкін жұмыстары кезіндегі қауіпсіздік ережелерінің орындалуына ӨПБ бастықтары жауапты.

1-параграф. Қар көшкіндері жайында жалпы мағлұмат

13. Қар көшкіндері жылдың кез келген уақытында, тұрақсыз күйдегі жеткілікті қар мөлшері бар барлық беткейледе пайда болуы мүмкін болғандықтан, таудағы ең қаһарлы және зұлым қауіптердің бірі болып табылады.

Көшкін қаупі әсіресе, қар түскеннен кейін ұлғаяды. Ұсақ құрғақ қар оңай жылжиды. Бірақ қар жамылғысының белгілі бір биіктігінде және ылғалдылығында қар көшкіндері қалыптасуы мүмкін. Ық беткейлерде борпылдақ, ұнтақ тәріздес қардың жиналуы қауіпті. Тәулік уақытын ескеру қажет: талтүсте көшкін қаупі айрықша болады, өйткені қар ылғалданып, беткейден оңай сырғиды; бұдан басқа, күн ортасында ұлғаятын тас жауу, мұз және қарлы қабақтың опырылымы көшкін қалыптасу мүмкіндігін ұлғайтады.

Көшкіндер көлемі бірнеше миллион м³ құрауы мүмкін. Жолының ұзындығы – 500 м дейін. 2012 жылдың 17 наурызында Осылайша, «Қазселденқорғау» ММ қызметі Қотырбұлақ өзені алабында көлемі 800,0 мың м3 құрайтын қар көшкінін тіркеген.

Көшкін жылдамдығы 50 м/с жетеді. Қар көшкіні өз жолынан темір жол құрамын жоюы мүмкін. Көшкіннің қирату мүмкіндігі онымен тасымалданған тастармен, ағаш діңгектерімен немесе қираған имарттар бөлшектерімен ұлғаяды.

Қар көшкіндерінің қалыптасуының негізгі себебі – қар жамылғысын кесу жолымен қар жамылғысы тұрақтылығының бұзылуы, жылымық және жауын-шашынның мол түсуі нәтижесінен қардың физика-механикалық қасиеттерінің (құрамы, тығыздығы, беріктілігі) өзгеруі.

Көшкін қалыптасуға беткей тіктілігі 20°, ал қар биіктігінің 30 см-ден асқаны жеткілікті. Көшкін түсу ықтималдылығы беткей тіктілігінің және қар биіктігінің артуымен ұлғаяды (1-кесте). Көшкіндер, тіктілігі 30-40° асатын беткейлерде жиірек кездеседі. Тіктілігі 45° асатын беткейлерде көшкіндер сирек кездеседі, өйткені бұндай беткейлерде қар түсу кезінде қар ұсталып тұрмайды.
1-кесте
Түрлі тіктіліктегі беткейлерде көшкін түсудің салыстырмалы жиілігі


Беткей тіктілігі, градус

20-25

25-30

30-35

35-40

40-45

45-50

50-55

Көшкін түсу жиілігі, %

1

4

21

48

19

6

1



2-параграф. Көшкіндер жіктемесі

14. Көшкіндер қалыптасу себептеріне, көшкінге түскен қардың қасиетіне, жүріс сипатына, жүріс пішініне және қайталанғыштығына қарай бөлінеді.

2-кестеде ең маңызды белгілерін ескере отырып, жалпыланған көшкіндер жіктемесі көрсетілген.

1) Қалыптасу себептеріне қарай көшкіндер:

қар түсуден;

бораннан;

жылымықтан (адвекциондық);

күн радиациясынан (инсоляционды);

қар метаморфизм үрдісінен (қатты кристалданған);

жер сілкінісінен (сейсмогенді);

жасанды;

факторлар үйлесуінен (аралас).

2) Қар көшкінін жол жүру пішініне қарай:

беткейлік;

астаулық;

секірмелі болып бөлінеді.

2-кесте
Көшкіндер жіктемесі


Жіктеме белгілері

Көлем, мың м²

Түсу себебі

Қар қасиеттері

Жүріс сипаты

<0.1 (ұсақ)

Табиғи:

Беріктілігі:

Жүріс пішіні

0.1-1 (үлкен емес)

қар түсу

борпылдақ қар

беткей

1-10 (орташа)

боран

жұмсақ тақтай

астау

10-100 (үлкен)

жылымық

қатты тақтай

жар

100-1000 (өте үлкен)

күн радиациясы

Ылғалдылығы:

Жылжу механизмі

>1000 (алып)

қардың қатты кристалдануы

құрғақ

қатты дененің сырғуы




жер сілкінісі

ылғалды

сұйықтық ағысы




себептер араласуы

дымқыл

ауыр газ ағыны




Жасанды:




аралас




Жару немесе ату










Адамдардың, жануарлардың немесе техниканың беткейге шығуы






15. Қар көшкіндері, өзінің туындау себептері сияқты алуан түрлі. Қардың беткеймен жылжу сипатына қарай көрнекті гляциолог Г.К. Тушинский көшкіндердің үш негізгі түрін бөлген: сырғыма көшкін (осовы), астаулы және секірмелі.

Қарлы сырғыма (осовы) – оның белгілі бір түсу каналы болмайды. Көбінесе жүздеген метрге созылған қарлы беткей бөлініп, төмен қарай сырғиды.

Астаулы көшкіндер – беткей-астаулардағы орманды емес шұңқырларда, қатаң белгілі бір арнамен қар тасиды. Астаудың жоғарғы жағы әдетте кеңейген болып келеді. Бұл – көшкін жинағыш. Осында көшкін түсуге алып келетін, қардың жиналуы мен бөлініп түсуі болады.

Секірмелі көшкіндер – мұз және жартастың тік жерлерінен жазық түбіне еркін түседі.

Іле Алатауының солтүстік беткейінде астаулы (80%) көшкіндер кең таралған. Ал сырғыма көшкін (осовы) және секірмелі көшкіндер сирек кездеседі, сәйкесінше 18% және 2%.

16. Көшкіндерді қалыптастыратын қардың сипатына қарай, көшкіндер құрғақ және сулы болуы мүмкін. Және олардың түсу мерзіміне байланысты ерекшеленеді. Тікелей әсер ететін көшкіндерде ол жылдам (немесе бір-екі күн аралығында) байқалады, қар түсу, боран, жылымық немесе басқа да ауа райының күрт өзгерістері нәтижесінен баяу жүрісті көшкіндер қар жамылғысы ішінде болатын жасырын өзгерістер нәтижесінен кейін, кенттен түседі.

Қар көшкіндер станциялары желісінде, В.Н. Аккуратов ұсынған көшкіндердің генетикалық жіктемесі қолданылады. Ол келесі типтерді атап өтті:

Жаңа түскен қардан болатын көшкіндер. Қарлы бұлт және көбінесе ауа толқынымен еріп жүретін, беткеймен екпінді түсетін көшкіндер. Көшкін тоқтаса да, ауа толқыны өз күшіне қарай жолында кездескен ағаштарды, құрылыстарды және т.б. жойып, жүрісін жалғастыра береді.

Боранды қар көшкіндері. Қатты боран кезінде қар беткейдің ық жағына және астауда жиналады. Беткейдің қармен шамадан тыс жамылғанынан да, көшкіндер түседі.

Сублимационды диафторез көшкіндері, қатты кристалданған. Жылуды оқшаулайтын қасиеттерімен келген, қар қабаты ішіндегі температура құлаулары. Олар қар қабаты үзілетін, нашар сабақтас көкжиектердiң пайда болуына алып келеді.

Температураның түсуінен болатын көшкіндер. Температураның қарқынды түсуінен қабат көлемі азайып, жарықшақтанып, төмен сырғып, көшкін тудырады.

Инсоляционды көшкіндер. Қарға түскен күн радиациясы жоғары қабатты ерітіп, араларындағы байланысты әлсіретіп, көшкін түсуге акеп соғады.

Адвекционды көшкіндер. Жылы ылғал ауаның тасымалдануы (адвекция) салдарынан, фильтрленетін сумен шайылу нәтижесінен, қар ішінде байланыс әлсіреп, еру басталады.

Аралық. Қар жамылғысына күн радиациясы және жылы ауа массаларының адвекциялық біріккен әсерінен түсетін көшкіндер.

Гидроарынды және қарсулы көшкіндер. Гидроарынды көшкіндер және солар тәріздес су-карлы ағындар жайында көбейіп келе жатқан мәліметтер, біздің мемлекетіміздегі және шет елдердегі мамандар үшін күрделі мәселелер тудыруда. Бұрынырақ тіктілігі 15-20° болатын беткейлер – көшкін қауіпті, ал көлбеулігі кішігірім (15-тен аз) дөң аймақтар – көшкін қауіпсізге жатқызылған. Гидроарынды көшкіндер тіктілігі 7-10°, тіпті жазық жер десе де болатын тіктілігі 2° беткейден де түсуі мүмкін. Қолда бар мәліметтердің көпшілігі, биіктаулы және полярлық аудандарға жатқызылған. Дегенмен, 1977 жылдың наурыз айында гидрометқызмет қызметкерлері игерілген Калбин және Сауыр-Тарбағатай (Шығыс Қазақстан) аудандарында да гидроарынды көшкіндер тіркелген. Сұрастырылған деректер бойынша, бұндай жағдайлар көп қарлы қыстарда (1966, 1969, 1977 жж.) жиі тіркелген.

3-кестеде Швейцариялық қар және көшкін институты құрастырған Көшкіндердің халықаралық жіктемесі келтірілген, ал 4 және 5-кестеде – Америкада қолданылатын, мөлшері және қайталанғыштығы бойынша көшкіндер жіктемесі көрсетілген.

3-кесте
Көшкіндердің халықаралық жіктемесі және көшкін түрлерінің шартты белгілері




Шартты белгілер

Сипаттамасы

Көшкін түрі

Үзілу аймағы

А

Үзілу түрі

А 1

Нүкте түрінде үзілу

байланыспаған қардан болатын көшкін

А2

Сызық түрінде үзілу



қар тақтайдан болатын көшкін

А3

жұмсақ тақтайдан болатын көшкін

А4

қатты тақтайдан болатын көшкін

В

Сырғанау бетінің жағдайы

В1

Қар жамылғысы ішінде



беткі қабаттағы көшкін

В2

жаңа түскен қар

В3

ескі қар

В4

Жерде

толық тереңдікті көшкін

С

Қардың ішіндегі еркін су құрамы

С1

Жоқ

құрғақ қардан болатын көшкін

С2

Бар

дымқыл қардан болатын көшкін

Тасымалдау аймағы

D

Жол пішіні

D1

Ашық беткей




D2

Канал




E

Қозғалыс пішіні

E1

Қарлы тозаң бұлты

тозаңды көшкін

E2

Беткей бетімен ағыс

Ағатын көшкін

Қабаттану аймағы

F

Қабаттану бетінің күйі

F1

Қатқыл сынықты

қатты тақтайдан болатын құрғақ көшкін

F2

Бұрышты бөліктер

қатты тақтайдан болатын құрғақ көшкін

F3

Дөңгелектенген кесектер

дымқыл көшкін

F4

Тегіс

тозаңды көшкін

G

Қабаттану кезіндеі судың болуы

G1

Жоқ

құрғақ көшкін

G2

Бар

дымқыл көшкін

H

Қабаттанудың ластанғандығы

H1

Ластанбаған

таза көшкін

H2

Ластанған

ластанған көшкін

H3

Тастар, топырақ

ластанған көшкін

H4

Бұтақтар, ағаштар

ластанған көшкін

4-кесте
Көшкіндердің мөлшері және қиратқыш күші бойынша, мөлшер жіктемесі




Класс

Қирату мүмкіндігі

Салмағы, т

Жолының ұзындығы, м

1

Шамамен адам өміріне қауіпсіз

>

10


10

2

Адамды көміп тастауы, жаралау немесе өлтіру мүмкін

100

100

3

Жүк көлігін зақымдауы, кішігірім ғимаратты, бірнеше ағаштарды сындыруы жеңіл көлікті, көміп тастауы, бұзуы мүмкін.

1000

1000

4

Темір жол локомотивін, үлкен жүк көлігін, бірнеше ғимараттарды бұзуы және ауданы 4 га (10 акр) дейін жететін орманды жығуы мүмкін.

10000

2000

5

Танымал көшкіндердің ішіндегі ең ірісі. 40 га (100 акр) орман немесе ауылды қиратып кетуі мүмкін.

100000

3000

5-кесте
Қайталанғыштығы бойынша көшкіндер жіктемесі




Қайталанғыштығы

Қайталану кезеңі, Т (жылдар)

Түсу ықтималдығы, Ра

Жыл сайын

1/1

1,0

Өте жоғары

1/20 – 1/2

0,05 – 0,5

Жоғары

1/100 – 1/20

0,01 – 0,05

Біркелкі

1/500 – 1/100

0,002 – 0,01

Төмен

1/500 аз

0,002 аз



3-параграф. Қар көшкінін алдын алу

17. Қар көшкін алдын алуды жасау үшін, келесі қызмет мамандары қатысады:

1) «ҚР ТЖМ Қазселденқорғау» ММ;


  1. ҚР ҚОҚМ «Қазгидромет РМК

  2. Жару жұмыстары бойынша арнайы кәсіпорындар;

  3. ҚР ТЖМ жедел-құтқару жасақтары;

  4. ҚР ТЖМ «Апат медицинасы орталығы» ММ;

  5. Алматы қаласы, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының төтенше жағдайлар департаменті;

Қар көшкінін түсіру алдын алу жұмыстары ӨПБ бастығымен ҚР ҚОҚМ «Қазгидромет» РМК қар көшкіні қызметінің ұсыныстары және «ҚР ТЖМ Қазселденқорғау» ММ шығыс Қазақстан облыстық пайдалану басқармасының қар өлшеу маршруттары бойынша орындалады.

Қар көшкінін жасанды түсірген кезде, ең бастысы жарылыс уақытын дұрыс таңдау болып табылады. Жоғарыда айтылғандай, қар көшкінінің көбісі қар түсуіне және борандарға байланысты. Қар жаңадан түскенде, қар қозғалысқа аз тығыздық пен кедергі көрсетеді. Қар критикалық биіктігіне жетіп, сипатының минимальді беріктігіне ие болғанда, тұрақсыз теңсіздік күйде болады.

Осы кезде көшкіннің табиғи түсуі мүмкін, және бұл жасанды көшкін жасауға қолайлы кезең. Дегенмен, көбінесе табиғи жағдайлар бұл сәтті қолайлы қолдануға мүмкіндік бермейді, және жасанды көшкін қар түскеннен және бораннан кейін түседі.

Қар түскен кезден 2-3 күн өткен соң, әдетте жасанды көшкін түсіру мүмкін емес.

18. Беткейлерді қар жамылғысынан жеңілдету мақсатында, жасанды көшкін түсіру – көшкін түсу қаупімен күресудің ең тиімді жолы болып табылады. Беткейлерде көптеген қар массаларына жиналуға мүмкіндік бермейтін уақытылы қолданған шаралар, тұтқиылдан болатын көшкіндерден сақтайды. Мұндай жұмыстар көшкінге қарсы имараттарды (ең алдымен көлік және темір жолдарында) салу, экономикалық тұрғыдан тиімсіз деп танылған жерлерде жүргізіледі, және көліктерді, өнеркәсіппен тұрғын үй нысандарын апатсыз жыл бойы пайдалануын қамтамасыз ету басты мақсаты болып табылады. Көшкінді алдын-алу бірнеше тәсілдермен жүзеге асады, олардың ішіндегі ең тиімдісі төмендегідей:

1) зеңбірек ату (зенит зеңбірегі, минометтер және т.б.),

2) жару жұмыстары,

3) қарлы қабақтарды егелеу.

Егер ату және жару жұмыстарынан кейін көшкін түспесе де, жүргізілген шара мақсатына жеткен болып есептеледі: а) тәжірибелі жолмен көшкін қауіпті жерлерде қар жамылғысының тұрақтылығы орнатылады, б) жарылыстан кейін шұңқыр маңайындағы қар бекініп, тұрақтану аймағын орнатады, в) сырғып түсуден болған қар жамылғысындағы ішкі кернеу қайта бөлінеді немесе жойылады, және келесі көшкін түсу ықтималдылығы азаяды.

Көшкінді алдын-алу түсіру, табиғатқа бақылау және қардың критикалық мәніне жеткен кезеңіндегі физика-механикалық қасиеттерін зерттеумен қатарлас жүргізледі. Құлаудың жұмыс нәтижелері жете зерттелуі және құжаттануы міндетті.

Көшкінді алдын-алу түсіру жұмыстарын жарылыс жұмыстары кезіндегі Біріңғай қауіпсіздік ережелерін және қар көшкіні жұмыстары кезіндегі қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, мүдделі кәсіпорындар АҚС-мен бірігіп жүргізеді. Бұл жұмысқа тек арнайы нұсқамалықтан өткен адамдарға ғана рұқсат етіледі.

19. Зеңбірек атудан кейін құлаған көшкіндер жақсы нәтиже береді және шамалы уақытты ғана қажет етеді.

Көшкін ошақтарын және көшкін қауіпті беткейлерді ірі калибрлі зенитті қарумен немесе 120 милиметрлік минометпен атқанда ең жоғары эффектке жетеді. Бұлардан басқа, кері шегінбейтін қару немесе арнайы ракеталар пайдаланылады. Көшкін түсу мүмкіндігі, ату уақытын дұрыс таңдаумен анықталады. Ату уақыты және жері қарлы-метеорологиялық жағдайды және қар жамылғысы биіктігін есепке алып, көшкіннің қауіптілік деңгейін бағалау негізінде белгіленеді.

Мина жаратын ату аймағы болып – көшкінжинағыштың жоғары жағында орналасқан, қар жамылғысы кернеуі көп тараған жерлер таңдалады. Үлкен қалыңдықты қар жамылғысының негізгі массасы тұрақты жағдайда болғанда, ал жоғарғы қабаты айтарлықтай байланысқа ие болмаған кезде, қаржинағыштың орталық емес шеткі бөлігін атқан әлдеқайда дұрыс болады. Өйткені қардың терең жерінде болған жарылыс толқыны әсері болмашы ғана. Қару орнатылатын жер жаз мезгілінде анықталуы тиіс.

Беткейлерде және қар жинағыштарда апат туғызуы мүмкін көптеген қар массалары жиналмайтындай етіп, көшкінқауіпті беткейлерді және көшкін ошақтарды ату қажет. Құлаған қардың келесі көшкіндерге кедергі бола алатындай етіп, ал тығыздалған қар беткейлерде қатаятындай болып, алдын-ала атуға көшу қажет.

Ату арқылы жасанды көшкін түсіру Қазақстан Республикасында қолданылмайды. Бұның негiзгi себептері, алдын алу жұмыстарын орындайтын аумақтарда халық тығыз орналасқан, коммуникация желілері (жергiлiктi және республикалық маңызы бар автожолдар, байланыс желілері, электр жеткiзулер және т.б.) және тау шаңғы базалары орналасқан.

20. Қауіпсіз оқ ату позициясын таңдау мүмкін емес болған жағдайда, көшкін жарылыс әдісімен құлатылады. Жарылыс жұмыстарын жүргiзу, осы жұмыстарға жетекшілік етуге құқылы техникалық қадағалау тұлғасына жүктелуі тиіс. Сонымен қатар ол Жарылыс жұмыстарын жүргізу кезіндегі бірыңғай қауіпсіздік ережелерінің орындалуына жауапты. Көшкін құлату бойынша жарылыс жұмыстарының жетекшісіне бас инженер немесе нысан бастығы тапсырма береді. ҚКС бастығы көшкiн қаупi бар учаскелерде жарылыс жұмыстарын жүргізу орны мен уақытын нақтылау және тиiстi сұрақтар бойынша кеңес береді, сонымен бірге, (егер көшкін түспесе) жарылысты қайталау керектігін, мерзімін анықтайды және көшкінге қауіпсіз маршрут таңдауға және орын ауыстыру ережелерiн сақтауға жауапты.

Көшкін құлатуға қатысатын барлық тұлғалар (қопарғыштар, олардың көмекшiлері, жүргiзушiлер, қосалқы жұмысшылар) жұмысты қауіпсіз орындау көшкінқауіпті жерлерде орын ауыстыру, дұрыс жүріс-тұрысы ережелері бойынша нұсқаулықтан өтуі тиіс. Олардан ҚКС бастығының жетекшілігімен өз мiндеттерiн қатаң орындау талап етіледі.

Жарылыс жұмыстарының жетекшісі зарядтарды қар жамылғысына орнатудан бұрын, жарылыс жұмыстарының орнын анықтайды және қосалқы жұмысшылар көтеріліп ЖЗ (мүмкіндік болса, ЖЗ қар жамылғысымен жеңіл шанамен көтереді) жеткізеді.

Заряд орналастыру орнына дейін, адамдарға су айрық бойымен ғана жүруге (түсу және көтерілу) рұқсат етіледі; қар жамылғысына зарядтарды орналастыруға қатысты барлық жұмыстар, сонымен бірге патрон-боевик төсеу жұмыстары қауіпсіз жерде, су айрықта орындалады.

Жарылыс жұмыстарын максимальді қауіпсіз жүргізу мақсатында, ЖЗ зарядтарын қар жамылғысы түскенге дейін немесе оның қауіпті биіктікке жеткеніне дейін орнату орынды. ЖЗ зарядтары ылғал өткiзбейтiн қабықтарға ие болу керек, бұларға капсюль-детонаторлар салуға рұқсат етілмейді; жеткілікті сезімталдығы бар ЖЗ қопару үшін, әрқайсысы бір-біріне және зарядқа тығыз жабысып тұрған ылғал өткізбейтін ЖБ төрт-бес айқаспайтын орамдарымен шандылады, ал бау қауіпсіз жерге шығарылады, сол жерден оны қолайлы сәтте жарып жіберуге болады.

ЖЗ ашық зарядтарын жару арқылы, қар жамылғысының тұтастылығы бұзылады және қар қабатының бәсеңдейтiн қозғалысы үшiн бастапқы импульс берiледi. Көшкiндердiң түрiне байланысты (науалы, қарлы сырғыма), тиісті сызбалар және қар жамылғысында ЖЗ зарядтарын төсеу әдiстері қарастырылады.

Қар жинағыштарға қар құлату үшін және жазық беткейлердің бөліну аймағы болуы мүмкін бүйір шекаралары бойынша және көлденең бағытта ЖЗ батыраңқы зарядттары төселеді, бөліктерде құрастырылған ЖБ бос ұштары боевиктер орналасқан жерге шығарылады. Қар жамылғысы арқылы зарядтарды қауіпсіз орыннан төсеу орнына дейін, ағаш таяқтар көмегiмен тасымалдау керек. Зарядтардың орналасуы екi жақты және бiржақты (екi флангтерге немесе тек қана бiр флангте) болуы мүмкін, зарядтарды қар жамылғысына орналастыруға қатысты барлық жұмыстарды, жұмыс жасаушылардың сенiмдi сақтықтығымен жүргізіледі.

Ескерту. Көшкін құлату жұмыстарын орындау кезінде, адамдарға көшкін қауіпті беткейдің негізінде болуға немесе бөліну аймағының шекарасына кіруге ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.

Кейде көшкiнжинағышқа көтерілу қиын немесе қауiпсiздiк пiкiрлерi бойынша мүмкiн емес. Бұндай жағдайларда жарылыс көшкін ошағының астауында жүргізіледі.

Қар жамылғысының беті бойынша біртұтастықтың көлденең үзілуін қалыптастыру үшін, көшкiн астауының барлық еніне ЖЗ бытыраңқы зарядтары төселеді. Қар массасының кесу сызығын үлкейту мақсатында және астау бойымен жарылыстың қиратушы толқыны әсерiн кеңейту үшін де ЖЗ бытыраңқы зарядтар топтамасы төселеді. Ол жалпы жарылыс желісіне құрастырылады.

Топтамадағы жеке заряд салмағы 2 кг болып (ЖЗ патрондарының бiр будасы), ал зарядтар арасындағы қашықтық 2м болып қабылданады. Жеке зарядтың шамасы сияқты, олардың арасындағы қашықтық та нақты шарттарға байланысты нақтылануы мүмкін. Бiр уақытта жарылатын ЖЗ зарядтарының салмағы 25-30кг немесе қар жамылғысының қалыңдығы мен көшкін ошағының еніне байланысты одан да көп болуы мүмкін. Зарядтар жол бойы төсеміне 10-15м жақын емес және қандай да бір имараттарға 200м жақын емес болып төселеді.

21. Зарядтарды орналастыру келесі реттілікпен жүргізіледі:

1) кендір арқанның бір ұшы ЖБ ұшымен жалғасады, бос ұшы қарама-қарсы суайрыққа, қосалқы жұмысшыға (суайрық бойымен жарылыс орнына алдын ала көтерiлген) беріледі;

2) ЖБ сызығында ретімен, бiр-бiрiнен 2 м қашықтықта, ЖЗ заряд салмағы 2 кг бекітілген, ЖБ сонымен бүктелген және оған байланған жіппен бекітіледі. Және тартпасына қарай ЖЗ зарядтары арқан көмегімен, астау бүйірінің қарама-қарсы бағытына қарай тартылады;

3) барлық ЖЗ зарядтары орнатылғаннан соң, астаудың көлденең бағытында қосалқы арқанның ұшы ЖБ босатылады.

ЖЗ зарядтарын жару ЖБ арқылы жарылыс желісін біріктіретін біріккен схема бойынша жүзеге асады, патрон-боевикті жару – оқ ату әдiсiмен, ЖБ болмаған жағдайда сол схема бойынша электрожару жүргізіледі. Бұл кезде қопарғыш жару және көшкін түсіру орнынан кем дегенде 300 м қашықтыққа алыс тұру қажет. Жарылыс кезінде қандай жағдай болса да, қопарғыш және тағы да жұмысқа қатысушылар суайрықта болуы керек.

Көшкін шақыру мақсатында қар ернеулерін жарған кезде, зарядтар ернеу қуаты ең жоғары болатын, ортасында ретімен орнатылады. Ол үшiн, қажеттi сақтықтықты (жұмыс істеушінің сақтығы және т.б.) сақтау арқылы, қажетті диаметрдегі ұшталған таяқ немесе айналма егеуішпен жабдықталған қар өлшегіш көмегімен ұңғыма жасалады. Ол үшiн, қажеттi (сақтықтық жұмыс iстейтiн тағы сол сияқтылар) сақтықтардың орындалуымен, қарда қолайлы диаметрдiң iстiктелген таяғы немесе айналма ара жабдықталған құрама қар өлшегiш көмегiмен ұңғымақтар iстейдi. Ұңғымаларға ЖЗ патрондары, от сымдары бауымен, ЖБ немесе электродетонатор желісімен жалғасқан патрон-боевиктер орнатылады. Оларды содан соң қармен тығыздап, от сымдары бауларын, ЖБ немесе электродетонатор желілерін жалпы жару желісіне құрастырады. Қопарғыш қауіпсіз қашықтықтан қопарылыс жасайды.

ЖЗ зарядтарын және ЖБ жерге, алдын-ала ернеулер қалыптасқан орындарда, қар жамылғысы орнамай тұрып немесе кезекті қар ернеуін жарғаннан кейін қарда орнатқан абзал.

22. Көшкін шақыру мақсатында қар ернеулерін жасанды құлатудың ең қарапайым түрі, қар күнқағарларын трос арқылы егелеу болып табылады. Ернеулерді кесуге 4-5 адамнан тұратын отряд қатысады. Тік беткейдегі ернеу учаскесі, құлаған ернеу қарға жеткілікті импульс беретіндей етіп таңдалады. Үш адаммен сақтандырылып тұрған бір адам қардың беткеймен төмен жүруіне қажетті, құлататын ернеу мөлшерін белгілейді, және ептеп күрек арқылы осы алаң шекарасымен, ені 30-40 см, тереңдігі 0,6-0,7 м шұңқыр қазады. Содан соң жартасқа байланған екі адам, қалған екеуімен сақтандырылып тұрып, қимасы 3-5 мм жіңішке металл тросын ернеу астына әкеліп, егелейді. Жаңа қардың ернеуін (күнқағар) троспен кесу, тығыздығы аз болғандықтан көп қиындықтар тудырмайды. Тығыздығы үлкен қарға гайка бекітілген және киілген трос қажет. Қар ернеулерін кесу тәсілмен жасанды көшкін лақтыру көптеген кемшіліктерге ие: жотаға шығу көп уақытты қажет етеді, ернеулерді егелеу жұмысы көп еңбек қажет етеді және қауіпті, бұдан басқа, жеке көшкін ошақтар шыңы әрдайым қол жетімді емес.



4-параграф. Көшкінді алдын ала түсіру кезіндегі қауіпсіздік шаралары

23. ӨПБ бастықтары көшкінге қарсы жұмыстарға жауапты кәсіпорындармен бірігіп, жасанды көшкін түсіру кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қатаң қадағалайды.

24. ҚКС мамандары немесе ӨПБ бастығы көшкін қауіпті беткейлерді зеңбірекпен ату орындалатын, ЖЗ орнату орнына немесе атыс позициясына дейін қауіпсіз маршрутты алдын ала таңдайды.

25. Барлық қауіпсіздік шаралары (құлақтандыру, дабыл, күзет және т.б.) орындалғаннан кейін ғана жасанды көшкін құлатуды бастау керек. Жұмыс уақыты кезінде көшкін қаупі болуы мүмкін учаскелерден барлық адамдар алынады, адамдардың қауіпті аймаққа түсуін болдырмас үшін, сай шығысында жолдарға немесе басқа да нысандарға бекеттер орнатылады.

26. Қар көшкінін алдын-ала түсіруге қатысатын барлық тұлғалар, осы жұмыстарды өткізу техникасы бойынша арнайы нұсқамалықтан өтуі тиіс.

27. Артиллериялық атыс арқылы жасанды көшкін құлатқанда, қиратушы толқын әсерінен және снаряд сынақтарының бытырау аймағынан тыс орналасу керек.

28. Жарылмай қалған снарядттар орнын мұқият белгілеу қажет. Мүмкіндік болса, оларды тауып дереу жару керек, болмаса қар жамылғысы түскеннен кейін жару керек. Адамдардың снаряд қопарылысына түсуін болдырмас үшін, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.

29. Көшкін түсіру мақсатында алдын-ала жару жұмыстары, қауіпсіздік ережелеріне сәйкес біріңғай бұрғылап жару жұмыстарын жүргізу ережелері бойынша орындалады. Біріңғай ережелердің орындалуына жарылыс жұмыстарының жетекшісі жауапты. Жарылыс кезіндегі Көшкінге қарсы қауіпсіздік ережелерінің орындалуына көшкін қызметінің өкілі жауапты.

30. Алдын-ала жару жұмыстарын дайындау және орындауға қатысты барлық жұмыстар, тұмансыз, борансыз, қар түспеген, күннің жарық уақытында орындалу керек. ЖЗ жарылыс орнына қауіпсіз жоталар арқылы жеткізіледі, адамдар көтерілген жол бойымен кері қайтады.

31. Альпинистік сақтандырғышпен қамтамасызданған қопарғыш, зарядтарды орналастырады және жарылыс жүйесін монтаждайды.

Алдын-ала жаруға қатысы жоқ барлық тұлғалар, жұмыс басталғанға дейін жұмыс ауданынан алыстатылады. Қопарғыш зарядты орнату орнына көтерілместен бұрын, суайрықтың қасындағы қар алаңында, қар тұрақтылығын тексеру үшін, сынама түрінде жеке 20 кг кем емес ЖЗ жарылады. Қар жамылғысының тұрақсыздығын көрсететін жылжулар қалыптасса, қопарғыштың көшкін жинағышқа шығуына тыйым салынады.

32. Ернеудің беріктілігін тексеру үшін немесе ернеуде жұмыстар орындау кезінде сақтандырғыш арқанмен сақтану қажет.

33. Құтқару жұмыстары қажет болуы мүмкін жағдайларға апатты құрал жабдықтар жеткізіледі: көшкін зондтары, күректер, жіп, дәріқұты және т.б. Қауіпті учаскенің екі жағында кезекші автомашиналар және жол тазарту үшін бульдозерлер дайын тұру қажет.

Қар көшкінін түсіру жұмыстарына тек қана тәжіриелі қопарғыштар (жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес) қатысады.

Жұмыстарды бастаудан бұрын барлық қопарғыштар, қауіпсіздік техникасы және жоба бойынша нұсқамалықпен таныстырылып, қолдарын қояды.

Әрбiр нақты жағдайда ЖЗ мамандары зарядтарды төсеу орнына дейін қауіпсіз маршруттарды және «Тара» бұйрығы берілгенге дейін қопарғыштарды жасыратын жұмыс орнына дейін кері қайту маршруттары жасалады.

Жасалған маршрут бойынша топ көтерілгенде, адамдар арасындағы қашықтық 100 м аз болмауы тиіс.

Әр адамның беліне жарқын түстегі (қызыл, көк) сигналдық бау байланады.

Бір қопарғыш ЖБ созады және ЖЗ төсейді, ол альпинистік жіппен сақтандырылады, жіптің бір аяғы қауіпсіз орында орналасқан сақтандыратын топтың қолында болады. Барлық тұлғалар жұмысты бастамай тұрып, арнайы нұсқамалықтан өтуі тиіс. Адамдардың зарядтарды төсеу орнына дейін және қопарғыштардың жасырыну орнына дейін кері қайтудың нақты маршруттары жасалуы қажет.

5-параграф. Жарылыс жұмыстары кезіндегі қауіпсіздік ережелері

34. Бір реттегі барлық зарядтар бір-бірімен ЖБ ретімен байланысады.

ЖБ көшкіннің шет жағына, одан ары көшкін жүрісі қаупі бар сызықтан ары, қауіпсіз қашықтыққа шығарылады. Тор жасау үшін бир электродетонатор байланады және жарылыс торы құрастырылады. Қауіпті аймақтан ары орналасқан, КПМ – 1 машинкасы бастау ретінде алынады.

Қар көшкінін алдын ала түсіру жұмыстарын дайындау және орындау кезінде, тыйым салынады:



  1. Қар түсу, тұман, жаңбыр кезінде адамдардың орын ауыстыруына;

Тығыздалған қар қабаты (қар тақтасы) бар немесе ұсақ қар түйірлерінің сырғыған іздері бар беткейлерде адамдардың орын ауыстыруына;

2) Қар кернеулеріне шығуға, көшкін астауларымен жүруге және көшкін лақтырғышты кесіп өтуге;

3) Баусыз (қар бетінде кетіп бара жатқан және оның артынан келе жатқан адамның беліне байланады) және сақтандыратын көзілдіріксіз адамдардың қозғалысына;

4) Адамдардың көшкін қауіпті таулар бойынша көтерілуіне және түсуіне;

5) Қарама қарсы беткейде көшкін түсу қаупі болса, беткей етегімен орын ауыстыруға;

6) көшкін қауіпті қиғаш таулар бойынша адамдардың аялдауына және қозғалыс кезінде аяқтың астында қар шөгуі орын алғанда және тынық гуіл немесе ысылдау естілетін беткейлерде адамдардың болуына;

7) Көшкін қауіпті сайларға бүйір арқылы маңдайына көтерілуге, кең жағында көшкінді сайларды кесіп өтуге, тік қар беткейлерінің төменгі және орта көкжиектерін кесіп өтуге және көшкін жинағышқа көтерілуге;

8) Серіксіз бір адамның учаске аумағынан шығуға, жарылыс жұмыстарының жетекшісінің рұқсатынсыз және метеорологиялық жағдайға байланысты ҚКС келісімінсіз барлық адамдарға учаске аумағынан шығуға.



6-параграф. Қар көшкіндерін қауіпсіз түсіруді

ұйымдастыру және өткізу

35. Қар көшкіндерін алдын-ала түсіруді жүргізу кезінде жұмыстың ұйымдастырушы-қатысушылары осы Ережелерін және техника қауіпсіздігі талаптар мен нормаларды сақтау бойынша бекiтiлген мекемелiк нұсқаулар материалдардын негізге алады.

Дайындық кезеңі.

Қар көшкіні станциясының бастығы ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ-нің аумақтық (облыстық) басқармаларына қар көшкінін алдын-ала түсіруді жүргізу бойынша ұсынысты анықталған ретпен бағыттайды.

ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ-нің аумақтық басқармалары:

1) Алматы қ. Бас диспетчерлік пунктін хабардар етеді, ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ-нің басшылығынан жұмысты жүргізуге рұқсат алады;

2) Қар көшкінін алдын-ала түсіру датасы мен уақыты көрсетілген жарылыс жұмыстарын өткізуге мердігер ұйымның мекен-жайына келісім бойынша мәлімдемені бағыттайды;

3) Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар Министрлігінің аумақтық органдарына жоспарланған жұмыстар жайлы Апат медицинасы орталығын, жол қызметтерінің кезекшілік ұйымдарын, тұрғындарды құлақтандыру мақсатында мәлімет береді;

4) құтқарушы-мамандар қатысуы үшін жедел-құтқару отрядына мәлімдеме бағыттайды;

5) Алдын-ала жүргізу жұмыстарының орыны мен жиын уақытын анықтайды, басқармалардың мамандарынан арнайы бригада жасақталады, қажетті техника санын анықтайды. Жұмысқа қатысушылардың арасындағы радиобайланысты ұйымдастырады.

6) жұмыс жүргізілетін зонадағы тұрғындарға рұқсат беруді шектеу бойынша бекеттерді тексереді.

«Қазселденқорғау» ММ аумақтық басқармалары өкілдеріне, авто және арнайы техника жүргізушілерін қоса алғандағы барлық қатысушыларға тікелей жұмыс жүргізілетін орында нысанның жай-күйі, жедел топтардың қозғалыс тәртібі, қауіпті учаскелердің барын, көтерілімдер мен түсірілімдердің ерекшеліктері жайлы инструктаж өткізіледі.

Қар көшкіні ошағына шығу сақтандыру мен сақтықтың барлық шараларын орындай отырып тек қана қар жамылғысының жеткілікті орнықтылығында рұқсат етіледі.

Негізгі кезең (жұмыстың жүргізілуі).

Жедел бригадалардың көтерілуі келесідей тәртіп бойынша орындалады:

1) қар көшкіні станциясы қызметкерлері жедел-құтқарушы отрядтар құтқарушыларының бақылап жүруімен;

2) мамандар тобында – «Қазселденқорғау» ММ мамандары және қопарғыштар жедел-құтқарушы отряд қызметкерлерінің бақылауымен;

ЖЗ орнату кезінде жедел-құтқару отрядтары мамандары қопарғышты сақтандырумен қамтамасыз етеді.

Жарылысқа дайындық жұмыстары аяқталған соң, ҚКС мамандарының көрсетуімен «Тара» бұйрығына дейін босаған қызметкерлер қауіпсіз жерге көшіріледі.

ЖЗ зарядтарын тікелей әлсірету алдында (3-5 мин) бекітілген тізбек бойынша радиобайланыстық қызметтің дайындығы жайлы сұрау жүргізіледі. «Минуттық дайындық» дыбыстық және жарықтық сигналдар (сигналдық ракеталар) бойынша қайталанады.

Қар массасын жару бұйрығын, ал жұмыс аяқталған соң «Тара» бұйрығын тек қана қар көшкінін аладын-ала түсіру жұмысын ұйымдастырушы (ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ аумақтық басқармасының өкілі) береді.

Зарядтарды жарғаннан кейін, жұмысқа қатысушы-ұйымдастырушы топтардың жетекшілері жеке құрамаларына тексеру жүргізіп, құзырлы шектердегі жағдайды бағалайды.

Жарылыс жұмыстары бойынша жетекші зарядтардың жырылмаған (болмауы да мүмкін) кезінде ЖЗ фактілік өтімі жайлы ақпарат береді.

ҚКС жетекшісі қар массасының көшу нәтижелері, қар көшкіні жиынында күнқағарлардың бар болуы, қар алабындағы қалдықтар, сонымен қатар қосымша қар массасының көшу ықтималдылығы жайлы ақпарат береді.

Қорытынды кезең

ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ аумақтық басқармасының өкілі қар тазалау жұмыстары үшін арнайы техника жіберу жайлы шешім қабылдайды.

Жұмыс аяқталғаннан кейін ұйымдастырушы-қатысушылардың өкілдерімен төмендегі пункттер белгіленетін ҚКА нәтижелері жайлы Акт түзіледі:

1) жұмыс жүргізілген орыны мен уақыты;

2) қар жамылғысына жарылыстың әсер ету сипаты (қар қабатының жарылуы, қардың бөлінуі, қар көшкінің жүруі және т.б.);

3) жұмыс нәтижелерін бағалау, қауысқан қар массасы көлемінің есептеулері, орындалған қар тазалау жұмыстарының көлемі;

4) қайталау жұмыстарының уақыты мен қажеттілігі.

Жұмыс нәтижелері бойынша ақпарат «қар көшкінін алдын-ала түсіру жұмыстарының нәтижелері бойынша шешімде» көрсетіліп, Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар Министрлігі «Республикалық кризис орталығына» және ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ Бас диспетчерлік пунктіне жіберіледі.



7-параграф. Көшкін түскеннен кейін орындалатын шаралар

36. Көшкін жүрісі салдарын жою шаралары, құтқару жұмыстары аяқталғаннан кейін ғана орындалады. Олар көшкін үйінділерін тазарту, бұзылған және қираған имараттарды қалпына келтіру жұмыстары болып табылады. Бұл шаралар нысанның пайдалану қызметтерімен, құрылыс ұйымдарымен және мемлекеттік органдарымен жүргізіледі



________________


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет