Қарабалық ауданы – Қостанай облысының солтүстік-батысындағы әкімшілік бөлініс



жүктеу 73.9 Kb.
Дата26.04.2018
өлшемі73.9 Kb.

«Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімі Станционный орта мектебі» ММ

Диктанттар жинағы (аймақтық компонентке арналған)
10-11 сыныптар үшін

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Разиховская С.Б.

2013-2014 оқу жылы

Түсініктеме.

Диктанттар жинағы оқу-әдістемелік жоспарға сай құрастырылды. Берілген оқу құралы аймақтық компонентке арналған. Берілген диктанттар 10-11 сыныпқа арналған. Диктанттың тақырыптары: *Қарабалық ауданы туралы ақпарат. *Қарабалық көлдері. *Қарабалық ауданының өсімдіктер көмплексі. *Қарабалықтың жануарлар мен құстар әлемі. *Қарабалық ауданы Ресеймен шекаралас. *Өлкемнің жетістіктері. *Мұхамеджан Сералиннің балалық шағы. *Мұхамеджан Сералин – атақты ақын.

*Қарабалық тарихынан. *Қарабалық ауданы.

Осы аймақтық тақырыптар арқылы оқушылардың танымдық қабілетін дамыту, қайталау, жинақтау және білім сапасын анықтау. Оқушылардың жазу деңгейін тексеру.Ұқыптылыққа, сауаттылыққа баулу. Өз елін, туған жерін құрметтеуге тәрбиелеу. Осы құралының алға қойған мақсаты – туған жерінің тамашалығын, тарихын білу.






Қарабалық ауданы туралы ақпарат.

Қарабалық ауданы – Қостанай облысының солтүстік-батысындағы әкімшілік бөлініс 1997 жылдың 17 маусымына дейін Комсомол ауданы деп аталған. Жер аумағы 6,9 мың шаршы километр. Тұрғыны 36 мың адам. Аудандағы 62 елді мекен 13 ауылдық округке біріктірілген. Аудан орталығы – Қарабалық кенті.

Ауданның географиялық орны қолайлы теңіз деңгейінен. Үй, Тоғызақ өзендерінің аңғарларымен, сай-жыралармен тілімденген. Климаты тым континенттік. Қысы суық, бұрқасынды.

Қар жамылғысы әдетте қарашаның 2-онкүндігінде қалыптасады, сәуірдің 1-онкүндігінде ериді. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы –18°С. Жазы қоңыржай жылы, ең ыстық айы – шілде. Аудан жерімен Үй өзені және оның саласы Тоғызақ өзенінен ағып өтеді.



105 сөз.


Қарабалық көлдері.

Аудан көлге бай. Мұнда 90-нан астам ірілі-ұсақты көлдер бар, олардың 75%-ының суы тұщы. Ірі көлдері: Шұбар, Сасықкөл, Қарасор, Үлкен Бөрілі, Өлеңді, Аршалы, Өрнек, Қулықкеткен. Жер асты суы негізінде Смирнов су жүйесі жұмыс істейді. Одан тартылған су құбырлары Қарабалық кентін, Бөрілі, Смирнов, Станционный, Михайлов округтерінің елді мекендерін сумен қамтамасыз етеді.

Бөгендерінде мөңке, шортан, таутан, алабұға, табан, тұқа, оңғақ және аққайран балықтар мекендейді. Жер қыртысы кәдімгі құнарлы қара топырақтан тұрады. Тоғызақ пен Үй өзендерінің бойында шалғынды құмдақ топырақ таралған. «Су бар жерде ырыс бар: ұстап балық жейсің, ақ бидай егіп, нанын жейсің»- деп халық айтқан.

105 сөз.
Қарабалық ауданының өсімдіктер көмплексі.

Қарабалық ауданы өсімдікке өте бай өлке. Астық тұқымдас түрлі шөптесіндер селеу, бетеге басым өскен. Ауданның оңтүстік-шығысында қайың, терек, итмұрын, шие бұтасы аралас шоқ ормандар кездеседі. Айтарлықтай жерді қолдан егілген қарағай, қараағаш, үйеңкі, терек, қарағай ормандары алып жатыр. Сондықтан ауданның ауасы таза. Ормандарында жидектер мен саңырауқұлақтар көптеп өседі.

Ауыл шаруашылығына жарамды жер аумағы 602 мың гектар. Оның 33 мың гектары егістік жер, 3,5 мың гектары шабындық, 234,6 мың гектар жайылым. Ауданда табиғатты қорғау үшін көп шаралар қолданылады. Қорғауға алынған табиғи орталардың бірі – Михайлов мемлекеттік қорығы «Кривули» және «Каменные ворота», Верен қарағайлық орманы ауданның мақтанышы.

105 сөз.
Қарабалықтың жануарлар мен құстар әлемі.

Біздің аудан құстар мен жануарлар әлеміне өте бай өлке деп айтуға болады.

Жануарлар дүниесінен бұлан, елік, жабайы шошқа, қасқыр, түлкі, қарсақ, борсық, сарышұнақ, қоян мекендейді. Құстардан қаз, үйрек, аққу, бүркіт, кезқұйрық, тырна, құтан, шағала, қараторғай, бозторғай, қарлығаш кездеседі. Олардың ішінен аққұ, бүлан, елік Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Олар жақсы өмір сүру үшін ормандардың азаюына, көлдердің ластануына жол бермеу керек. Ең алдымен жануарлар мен құстарға қамқорлықпен қарау керектігін біз білуіміз қажет.

Көбінесе құстар суық қысты шыдай алмай, жылы жаққа ұшып кетеді. Табиғатымызды сақтау үшін, біздің аудан тұрғындарымыз көптеген шаралар өткізеді. Жануарлар мен құстарды қорғау, аялау – біздің парызымыз.



96 сөз.



  • Қарабалық ауданы Ресеймен шекаралас.

  • Қарабалық ауданы Қостанай облысының солтүстік-батыс жағында орналасқан. Солтүстік, батыс және оңтүстікте аудан Ресей Федерациясы Челябі облысымен шектеседі, шығыста Қостанай облысы Федоров ауданымен шектеседі. 1928 жылы құрылған. Аудан орталығы – Қарабалық кенті, 1928 жылы құрылған, Тоғызақ өзеннің жағында орналасқан.

Ауданнан өтетін автомобильдік және теміржолдар Қазақстан мен Ресейді біріктіреді. Екі елді қосатын « Қайрақ» басшы бекеті бар. «Қайрақ» бекетіне елдің «солтүстік қақпасы» деген атақ берілген .

Троицк сауда жәрменкесі арқылы біздің өлкеміз өркендей бастады.

Ең бірінші аудан туралы баспакөзіне Ресей ғылым академигі 1744 -1768 жылдары ақпарат берген. Ауданға алғашқы көшпенділер 19 ғасырда көшіп келе бастады.

Қазіргі таңда да Қазақстан мен Ресей жақсы қарым-қатынаста.

104 сөз

Өлкемнің жетістіктері.


Ауданда екі кен қазушы кәсіпорны “Қостанайщебень” және “Боскөл ашық кеніш басқармасы”, төрт өңдеуші - «Транзит», Михайлов ағаш өнеркәсібі шаруашылығы, баспахана және “Тоғызақ Механикалық зауыты – 2030” бар. Қарабалық мектептерінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, өнер, балалар спорт мектептері, агротехникалық колледж, «Жас Талап» интернаты қызмет етуде, жаңа балабақша салынуда және жақын арада ең кішкентай балалар үшін өз есіктерін ашады. Барлық мектептер компьютерлермен жабдықталған. Ауданда 30 дәрігер, 178 медициналық қызметкерлер қызмет ететін, 1 орталық емхана, стоматологиялық кабинет, 37 фельдшерлік пункті, 11 амбулаториясы бар. Төрт коммуналдық үй салынды, ауданның жаппай газдандаруы жүргізілуде.

95 сөз.

Мұхамеджан Сералиннің балалық шағы.

Қазақ халқының 20 ғасыр басындағы белгілі қоғам қайраткері, ақын, журналист Мұхамеджан Сералин 1871 жылы қазіргі Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, «Өрнек» колхозы жерінде туған.


Мұхаметжанның әкесі Сералы қайтыс болғанда, Мұхаметжан үш жаста екен.
Мұхаметжан 8 жасында медресеге оқуға түседі. Медреседе оқып жүріп, шыны сауыттарды жамап үйренеді. Сынған,жарылған кесе, табақ, шәйнек сияқты ыдыстарды жамап, ақша тауып, шешесіне көмектеседі.

Мұхаметжан медреседе алты жыл оқиды. Мұсылманша орта дәрежелі білім алады. Сонан кейін 1887 жылы, 16 жасында Арыстан деген бай жездесінің қолына барып тұрады. Ол үйде қысты күні соның балаларын басымшылық етіп бірге Қостанайға барып, орысша оқып үйренеді. Осылай ол 1891 жылы Қостанайдағы екі класты орыс-қазақ мектебін өте жақсы бітіріп шығады.


105 сөз.

Мұхаметжан Сералин – атақты ақын.

1900 жылы Мұхаметжан Сералин Тройцкі қаласына барады. Сондағы миллионер татар Яушевке қызметке тұрады.


Бұл соңғы жұмысы, әрі Мұхаметжанның өзіне өте қатты ұнайды, өйткені ол, осының арқасында, халықпен араласады, оның тұрмысымен танысады.
Осының нәтижесінде Мұхаметжан Сералин бірсыпыра мысал-өлеңдер жазды. 1901 жылы «Топжарған», 1903 жылы «Гүлкашима» деген поэмалар жазып, бастырып шығарды. «Топжарған» поэманың тақырыбы қазақ халқының өмірінде 19 ғасырдың отызыншы, қырқыншы жылдарында болған оқиғаға байланысты: Кеңесары, Наурызбай бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа байланысты. Оның бұл поэмалары өз заманында жаңалық, зор еңбек болды.

Қарабалық ауылының бір көшесі Мұхамеджан Сералиннің атымен аталған.



95 сөз.

Қарабалық тарихынан.

Аудан өмірінің жаңа толқыны тың игерушілер болып саналады. Тыңға 3000 еріктілер келді. Алғашқы қазықшадан бастап аудан картасында Өрнек, Славян, Есенкөл. Победа совхоздары пайда болды.


Комсомол құс фабрикасы мен Қарабалық тәжірибелі станциясының еңбек даңқы бүкіл Кеңес Одағына танымал болды. Тоғызақ механикалық зауыты, Смирнов жөндеу - механикалық зауыты, ағаш өнеркәсібі шаруашылығы, май зауыты ел экономикасына маңызды үлес қосқан. Біздің ауданымыз әрқашан ең негізгі байлығы - адамдармен мақтан етеді.

Қазақ тіліндегі журналдың бірінші редакторы, тілші, ақын, ағартушы Мұхамеджан Сералиннің қай салада болса да үлесі зор. Қарабалық жерінің кино мен үлкен сахнада еңбек еткен атақты қызметкері: Социалистік Еңбек Ері Сералы Қожамқұлов пен Қазақстанның Халық артисі Қапан Бадыров болып табылады. Ново – Троицк ауылы – танымал жазушы Иван Щеголихиннің туған жері.



103 сөз.
Қарабалық ауданы.

Алғашқы қоныс аудару 19 ғасырдың соңында пайда болды: Надеждинка, Терентьевка, Станционное, Батмановка, Смирновка, Веселый Кут, Веренка және тағы басқа ауылдар. Ауданға негізінде украиндер, орыстар көшіп келетін еді. Қоныс аударушылардың жолдарын жеңілдету үшін, Троицк-Кустанай 1913 жылы теміржол құрылысы жергілікті тұрғындарға үлкен игілік әкелді.

1921-23 жылдары – айтқысыз аштық, халықтың 30 пайызы қаза тапты. 1923 жыл – Ново-Троицк болысында бірінші кітапхананың ашылуы. 1927 жыл – аудандық орталықта бірінші фельдшерлік пункті. Репрессия жылдары ауданды айналып кеткен жоқ. 118 адам сотталынып, атылды.

Қарабалық тұрғындардың қалпына келген тұрмыстарына қара құйын ретінде Ұлы Отан соғысы келді. 4000-нан астам жерлестеріміз майданға кетті, оның жартысы қайта оралған жоқ.


100 сөз.



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет