Қарабас ауылдық округі әкімінің 2016 жыл ішінде округтің әлеуметтік-экономикалық даму барысы туралы есеп беру тезисі Өздеріңізге белгілі болғандай 2015 жылдың



жүктеу 69.85 Kb.
Дата05.05.2019
өлшемі69.85 Kb.

Қарабас ауылдық округі әкімінің 2016 жыл ішінде округтің әлеуметтік-экономикалық даму барысы туралы есеп беру тезисі
Өздеріңізге белгілі болғандай 2015 жылдың 30 қараша күні Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын жариялады. Жолдау әлемдік дағдарыс кезіндегі Қазақстанның іс-қимылына арналды. Елбасы өз Жолдауында жалпы халықтың және әрқайсымыздың алдымызға Ел дамуын қамтамасыз ететін жаңа талаптар қойды. Бұл талаптарды орындалуы бүкіл халықтың және барлық атқарушы органдардың күш біріктіруін талап етеді.

2016 жылдың 15 желтоқсанында Елбасы Тәуелсіздігіміздің 25-жылдығына арналған салтанатты жиында сөз сөйлеп, өз сөзінде Н.Ә.Назарбаев 25- жылда қол жеткізген әлеуметтік-экономикалық жетістіктерді атап өтті. Сонымен қатар Президент Үкіметке 2017 жылы зейнетақы мен бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттiк жәрдемақы  мөлшерін арттыру мәселелерін қарастыруды тапсырды.

Елбасының Жолдауын халыққа түсіндіру мақсатында ауылдық округте бір ақпараттық насихат тобы құрылып, тұрғындармен 48 кездесу өткізді.

Соңғы есеп беру кездесуінде ауылдық округ тұрғындарымен келесі сұрақтар көтерілді:

1. Қарабас ауылы бойынша:

Ауылдық округте учаскелік полиция инспекторының жоқтығы туралы-мәселе оңды шешілді,

- ШҚО ІІД ЖПҚ 2016 жылғы 8 маусымдағы № 31 бұйрығымен Қарабас ауылдық округіне лейтенант А.К.Аскаров учаскелік полиция инспекторы болып тағайындалды.

2. Көше шамын орнату бойынша- мәселе оңды шешілді,

-көше шамы жөндетіп, орнына ілгізілді.

Республикада "Нұр Отан" партиясымен қабылданған "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы" жұмыс істейді. Бұл бағдарлама құрамында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы күреске бағытталған 36 индикаторлар бар. Ауылдық округі әкімінің аппаратында жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Ауылдық округ аумағында төрт елді мекен орналасқан, аула саны 504, тұрғындар саны 1679 адам, жалпы жер көлемі 136891 гектарды құрайды.

Есепті кезең ішінде ауылдық округі бойынша келесі нәтижелерге қол жеткізілді:



1. Ауыл шаруашылығын дамыту бойынша:

Ірі қара мал бастары 4320 басты құрады немесе 100,1 %,  қой мен ешкі 4765  басты немесе 100,1 %, жылқы 1345 бас немесе 100 %, шошқа 13 басты немесе 118 %, құстар 3320 бас немесе 143,7 %.   

Ет өндіру 9230 центнер немесе 100,2%, сүт 65008 центнер немесе 100,3%, жұмыртқа 399 мың дана немесе 101,7 % құрайды.

Округте 42 шаруа, 8 фермер қожалығы тіркелген. Қарабас ауылында мал дәрігерлік пункт, мал дәрігерлік емхана және мал сою алаңы жұмыс істеп тұр.

Өндіріс ауылында «Бекзат» және «Нұрдаулет» атты екі ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды. Аталған кооперативтер ірі қара малды өсіріп, бордақылаумен, тұқымын асылдандырумен және ет-сүт өнімдерін өндірумен айналысуды жоспарлап отыр. Осы мақсатта бордақылау алаңы мен сүт жинау пунктін құру жоспарлануда.

2016 жылы Қарабас ауылында 3 табын ірі қара малын бағу және 3 табын ұсақ малдарды бағу ұйымдастырылды, Өндіріс ауылы бойынша 4 табын ірі қара малын бағу және 5 табын ұсақ малдарды бағу, Дөнгелек орманшылығында 1 табын ірі қара малын бағу және 1 табын ұсақ малдарды бағу ұйымдастырылды. Барлық бақташылармен келісім-шарт жасалып, Бесқарағай ауданының мемлекеттік кірістер басқармасына тіркелді.

Мал дәрігерлік қауіпсіздік жағдайды қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылық жануарларын халық аралық талаптарға сай ет, сүт, және малдын шикі затын өндіру мақсатында үй жануарларын бірдейлендіру яғни сырғалау, таңбалау, құжаттандыру сонымен қатар жануарлардан адам денсаулығына қауіп төндіретін жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында зертханалық сараптамалар жасалып, екпе егу, емдеу жұмыстары жоспарланып іс-шаралар уақытылы жүргізіледі.

2016 жылы ауыл шаруашылық дақылдарын егу көлемі 5603,6 га құрады, оның ішінде күнбағыс 1100 га, көкөніс 8,8 га, картоп 30 га, бақша 1569 га, соя бұршағы 2300 га, көп жылдық шөп – 595,8 га құрайды.

Қатаң мал азығын дайындау 120 пайызға орындалып, 11400 тоннаны құрады.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша 1 адам 3 000 000 теңгеге ірі қара малға несие алып, 1 жаңа жұмыс орны ашылды.



2. Кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту:

Қарабас ауылдық округі аумағында 14 - сауда орны, 1 - жанар-жағар май стансасы, 2 - ағаш өңдеу цехы жұмыс істеп тұр. 21 ЖК және 3 ЖШС тіркелген.

2016 жылы инвестиция көлемінің басты капиталы 2 млн. 110 мың теңгені құрады, 166 % ға өсті.

3. Инфрақұрылым мен аббаттандыру бойынша:

Барлық округтің елді мекендерде парктерді, скверлерді, ұйымдардың және округ мекемелерінің аумағын абаттандыру және санитарлық тазалау жүргізілді. Гүлзарлар мен көшеттер отырғызылды. 500 шаршы метр гүлдер, 600 дана көшеттер отырғызылды. Апта сайын қоқыс тазалау үшін сенбіліктер мен таза жұмалар ұйымдастырылды. Қаңғыбас иттерді аулау жұмыстары жүргізілуде. 2016 жылы 77 ит ауланды.

«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасының үшінші бағыты бойынша 2016 жылы 34274,0 мың теңгеге 3 жоба іске асырылып, 7 жұмыс орны ашылды.

1. Өндіріс ауылында шағын футбол алаңы салынды. Игерілген қаражат 11651 мың теңге;

2. Өндіріс ауылына кіреберіс жолына 12 м ұзындығы, 1,5 м диаметр темір бетонды су өткізу құбыры салынды. Бөлінген қаражат 3576 мың теңге;

3. Өндіріс ауылына бөлек бағандармен, фонармен көше шамдары орнатылды. Игерілген қаражат 19047 мың теңге.

Аймақтарды дамыту бағдарламасы бойынша Қарабас ауылының Абай, Пушкин, Гагарин көшелеріне ауылдың ішкі жолдарына ағымды жөндеу өткізу үшін 1633,2 мың теңге бөлініп, игерілді.

4. Әлеуметтік сала бойынша:

«18 жасқа дейінгі балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар» 1 отбасына, оның ішінде 2 балаға 6684 теңге сомада тағайындалып, төленді. 2015 жылдың ұқсас мерзімде 1 отбасына, оның ішінде 5 балаға 93690 теңге сомада тағайындалып, төленді.

«Үйде оқып, тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету» 1 отбасына, оның ішінде 1 балаға 152712 теңге сомада тағайындалып, төленді. 2015 жылдың ұқсас мерзімде 1 отбасына, оның ішінде 1 балаға 237840 теңге сомада тағайындалып, төленді.

«Жалғыз басты зейнеткелерге тұрғын үй көмегі» 31 адамға 865559 теңге сомада тағайындалып төленді. 2015 жылдың ұқсас мерзімде 28 адамға 700067 теңге сомада тағайындалып, төленді.

2016 жылы 1 адам протезді-ортопедтік көмек алуға құжаттарын ресімдеді. 2015 жылы болған жоқ.

2016 жылы арнайы гигиеналық құралдармен, сурдо-тифло құралдарымен 3 адам қамтамасыз етілді. 2015 жылы 5 адам қамтамасыз етілді. 1 адам мүгедек арбасымен қамтамасыз етілді.

2016 жылы курорттық-санитарлық емделуге 5 адам жіберілді. 2015 жылы 1 адам жіберілді.

«Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша әлеуметтік төлемдер» 2016 жылы алушылар болған жоқ. 2015 жылдың ұқсас мерзімде 1 адамға, 20000 теңге сомада көмек көрсетілді.

2016 жылы қоғамдық жұмысқа 35 адам тартылды. Әлеуметтік жұмысқа 1 адам, 2 жұмыссыз кәсіптік қайта даярлауға жіберілді.

Округте 315 зейнеткер, 72 І,ІІ,ІІІ топтағы мүгедектер мен бала кезінен мүгедектер, 40 тыл еңбеккерлері тіркелген. Тұрмысы төмен отбасылар саны 10, олардың 35 бала.

Аумақтық орталық 13 жалғыз-басты зейнеткерлерге және 10 мүгедек балаларға қызмет көрсетеді. 5 әлеуметтік қызметкер бар. Сонымен қатар «Асыл» үкіметтік емес ұйымының 3 қызметкері 18 жалғыз-басты зейнеткер мен 18 жастан асқан 2 мүгедек жандарға қызмет көрсетеді.

Ауылдық округте 2 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Мектептер бойынша оқушылар контингенті - 265 құрайды.

Дөңгелек орманшылығынан 9 оқушыны Өндіріс орта мектебіне тасымалдау ұйымдастырылған.

Өндіріс орта мектебінде 2016-2017 жылу беру мерзімінде қатты отын қажеттілігі 544 тонна. Көмір 100 пайызға түсірілді.

2016 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша Өндіріс орта мектебінің қазандығына 2,0 млн.теңгенің ағымды жөндеу жұмысы жүргізілді.

2016 жылы округ бойынша 14 түлек 11 сыныпты бітірді. Олардың 9-ы ҰБТ, 5-уі мектепте емтихан тапсырды. ҰБТ бойынша орташа балл 65,7 %. 2015 жылы 12 түлек 11 сыныпты бітірді. ҰБТ бойынша орташа балл 72,8 % құрады.

Семеновка орта мектебінің «Балбөбек» шағын орталығында толық күнге 25 бала білім алады, Өндіріс орта мектебінің «Арман» шағын орталығында 19 бала білім алады.

Мектептердің спорт залдарында волейбол, баскетбол, теннис, шахмат, дойбы, күрес үйірмелері жұмыс істейді.

Округ аумағында 1 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік пункт қызмет көрсетеді. 1 дәрігер және 8 медициналық қызметкер жұмыс істейді. 1 жедел жәрдем автокөлігі бар.

Ауылдық округте 22 бала дүниеге келді. Бала өлімі тіркелген жоқ.

2016 жылы 20 адам қайтыс болды. Қатерлі ісік өлімі 5 жағдайды құрады. 2016 жылы онкологиялық аурулар мен алғаш ауру 2 жағдайды құрады.

Округ тұрғындары медициналық зерттеулер скринингінен өтті. Барлығы 1371 адам.

Барлық атаулы күндерде мәдени-спорттық шаралар өткізілді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Ұлы Жеңістің 71 жылдығы, Конституция күні, аудан көлемінде жастар форумы, Тұңғыш Президенті күні, Тәуелсіздік керуені және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні. Биыл аудан орталығында өткен Ауыл округтары күніне Қарабас ауылдық округі белсенді қатысты.

2016 жылы «Туған жерге тағзым» акциясы аясында 1,2 млн.теңгеге Қарабас ауылында стелла салынды.

Ауылдық округінің теңгерімінде бұрынғы аурухананың бір бөлігі тұр. Осы ғимаратта Жастардың демалыс орталығын ашу жоспарланды. Бұл нысан жөндеуді қажет етеді. Тұрғындардың көмегімен біраз жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ішкі-сыртқы әрлеу жұмыстары, есік-терезелері жөнделді, кәріз жұмыстары, электр жүйесі, су тартылды. Қазіргі уақытта жылу жүйесін тарты жоспарланып отыр. Бұл жұмыстардың барлығы тұрғындардың демеушілігінің арқасында іске асырылды.

5. Қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қорғау;

2016 жылы Қарабас ауылдық округінің аумағында 3 қылмыс жасалды, оның ішінде 1-уі ашылмаған. Барлығы 120 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген, оның ішінде: отбасының шырқын бұзу – 15, кіші-гірім бұзақылық – 21, қоғамдық орындарында ішімдік ішу – 38, тіркелу тәртібін бұзу – 6, ЖЖЕ бұзу – 40.



6. Бюджетке түсетін қаражат:

2016 жылы Қарабас ауылдық округінің әкімінің жергілікті өзін-өзі басқару функциясын орындау барысының кіріс көздеріне 2699,9 мың теңге қаражат түсті, оның ішінде мектептердің асханаларын жалға беру 122,2 мың теңге. 2512,6 мың теңге жұмсалды. 93,3 пайызды құрады.


2017 жылғы тапсырмалар

- 2017 жылы мал және құс басын, оның ішінде асыл тұқымды мал бастарын көбейтуі жоспарлануда;

- ауылдық округ аумағын көркейту жұмыстарын жалғастыру,

- Өндіріс ауылында мал сою алаңын ашу;

- Қарабас, Өндіріс ауылдарындағы және Қарабас ауылы мен орман шаруашылығы арасындағы жолдарды орташа жөндеу өткізу;

- Өндіріс және Қарабас ауылдарында ауылдық клубтарын және профилакторияға ЖСҚ дайындау.




Қарабас ауылдық округінің әкімі О.Болысбеков


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет