Ақтөбе облысында болған жол апатынан төрт бала мен төрт ересек адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің таратқан ақпаратына қарағанда, 6 наурызда таңертеңгі сағат 8 жарым шамасында Ақтөбе-Астрахань трассасының 120-шы шақырымында екі көлік (Ларгус және Хайлюкс) соқтығысып, соның салдарынан Ларгус өртенген. Облыстың денсаулық сақтау басқармасы 8 адам қаза болғанын хабарлады. 

Ақтөбе облысы Темір ауданы Саркөл ауылының әкімі Мәди Сүйіншалиннің сөзінше, 12 жастағы ер бала әкесімен бірге мерт болған. Екі оқушы қыз нағашы әжесімен бірге Ақтөбеге бара жатқан.

  • Алматыда полиция қызметкері есірткіге мас күйінде жол-көлік оқиғасын туындатқан
  • Полицияға 20 рет арызданған тараздық бұрынғы күйеуінің қысымынан құтқаруды сұрайды: Ал экс жары бұған әйелдің әкесіз өскенін кінәлады

Ауыл әкімінің сөзінше, ересектер балаларды жеке шаруаларымен әкеткен. Ал көлік жүргізген жігіт Саркөлге жақын Кеңқияқ ауылының тұрғыны екен. Ол да қаза болған. Жол апатынан қайтыс болған өзге екі адамның кім екені әзір белгісіз.

“Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқан балалар Темір ауданы Кеңқияқ ауылындағы мектеп оқушылары. Тергеу аясында жол-көлік оқиғасының себептерін анықтау және зардап шеккендерді анықтау шаралары жүргізілуде”, – деп қосты полиция.

Бұған дейін Ақтауда патрульдік полиция көлігі аударылып қалғаны белгілі болған.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.