Қарағанды қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 25 желтоқсандағы



жүктеу 186.61 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі186.61 Kb.
түріКодекс

Қарағанды қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 25 желтоқсандағы

«Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы

аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің

2008 жылға арналған қалалық бюджеттік

бағдарламалар паспорттарын бекіту туралы» № 60/05

қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548-11 Бюджеттік Кодексін, Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау Министрлігінің 2003 жылғы 30 сәуірдегі «Бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерінің бюджеттік тапсырысты құрастыру және ұсыну Ережелерін бекіту туралы» № 75 (Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау Министрінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі № 145; 2004 жылғы 20 сәуірдегі № 61; 2005 жылғы 10 мамырдағы № 65 бұйрығымен енгізілген өзгертулермен қоса) Бұйрығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 ж. 20 наурыздағы № 225 «Республикалық және жергілікті бюджетті орындау ережесін бекіту туралы» қаулысын, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 – III Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін; IY шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2008 жылғы 28 мамырдағы кезекті IX сессиясының «IY шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы кезекті IY сессиясының «Қарағанды қаласының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» № 47 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» № 107 шешімін орындау үшін, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:



1.Әкімгері «Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты» ММ болып табылатын, келесі қалалық бюджеттік бағдарламалар паспорттарына келесі өзгертулер енгізілсін:

1) № 2 қосымшадағы 008 «Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру» бағдарламасының 1- тармағындағы «178 501 000» теңге саны «177 752 000 теңге санына ауыстырылсын.

2) № 3 қосымшадағы 009 «Елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету» бағдарламасының 1 – тармағындағы «4 525 000» теңге саны «4 491 000» теңге санына ауыстырылсын.

3) № 5 қосымшадағы 011 «Елді мекендерді көркейту және көгалдандыру» бағдарламасының 1 – тармағындағы «932 612 000» теңге саны «977 336 000» теңге санына ауыстырылсын.

4) № 5 қосымшадағы 6 – тармақтық 5- бағанындағы «қасбеттер мен шатыр жабындысын жөндеу» деген сөз «қасбеттер мен шатыр жабындыларын көркейту» сөзімен алмастырылсын.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Сейіт Омарұлы Күлкеевке және Қазыбек би атындағы аудан әкімі Ерғали Қуандықұлы Егембердіге жүктелсін.
Қарағанды қаласы әкімінің

міндетін атқарушы В.Иванов


Орындаушы: Егемберді Е.Қ.

Қарағанды қ. әкімдігінің 2008 жылғы «____» __________________ № _____


«Қарағанды қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 25 желтоқсандағы «Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2008 жылға арналған қалалық бюджеттік бағдарламалар паспорттарын бекіту туралы» № 60/05 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысына № 2 қосымша

Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты ММ

Бюджеттік бағдарламаның әкімгері

П А С П О Р Т

Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру

(123-008-000 бағдарламасы)

бюджеттік бағдарламаның атауы)

2007 жылға арналған
1. Құны теңге: 177 752 000 ( жүз жетпіс жеті миллион жеті жүз елу екі мың теңге)

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі:

- Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі 53 бап;


  • Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңының 10,21 баптары;

  • Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 35 бабының 1 тармағы,20 тармақшасы, 39-бап; (2005 жылғы 15 сәуірдегі өзгерістерімен және толықтыруларымен);

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 ж 20.03. № 225 «Республикалық және жергілікті бюджеттерді орындау ережелерін бекіту туралы» қаулысы (2005 ж.27.05. №521, 2005 ж. 28.06. №639 ҚР Үкіметінің қаулысына енгізілген өзгерістермен қоса)

- Қазақстан Республикасының бюджеттік жоспарлау және экономика Министрлігінің 2003 жылғы 30 сәуірдегі №75 «Бюджеттік бағдарлама әкімгерлерінің бюджеттік тапсырыстарын ұсыну және құру ережелерін бекіту туралы» бұйрығы ( ҚР бюджеттік жоспарлау және экономика Министрінің 2003ж.02.09. №145, 2004 ж. 20.04. №61; 05 ж.10.05. №65 бұйрықтарына енгізілген өзгерістермен қоса)

  • IY шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы кезекті YI сессиясының «2008 жылға арналған Қарағанда қаласының бюджеті туралы» № 47 шешімі;

- IY шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2008 жылғы 28 мамырдағы кезекті IX сессиясының «IY шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы кезекті IY сессиясының «Қарағанды қаласының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» № 47 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» № 107 шешімі.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: жергілікті бюджет,

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:

- көшелерді тұрақты жарықтандыру және тұрғындардың түнгі қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- Сәулет ансамблін толықтыратын қаланың әдемі эстетикалық келбетін құру.

- Қала алаңдарын көркейту және эстетикалық рәсімдеу.



5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:

- көше жарықтарының жиі істен шығатын және ақауланатын тіреулерін жөндеу;

- шырақтарды, лампалы шырақтарды, сыртқы жарықтандыру жүйелерінің сымдары мен кабельдерін айырбастау,

- таратушы қалқандардағы уақыт релесін және сыртқы жарықтандыруды басқаратын фоторелені орнату, ауыстыру;

- сыртқы жарықтандыру жүйесін қалпына келтіру;

- сыртқы жарықтандыруға кеткен электрэнергиясының ақысын төлеу;

- көше жарықтарының қоршауларын сырлап, ағарту;

- қаланы көркейту және мерекелік рәсімдеу.



6. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі шаралар жоспары:



Бағдарлама коды

Шағын бағдарлама коды

Бағдарлама

атауы (шағын бағдарлама)



Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі шаралар (шағын бағдарламалар)

Жүзеге асыру

мерзімі


Жауапты орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

008

000

Елді мекен-дердің көше-лерін жарықтандыру.

1. Елді мекен-дердегі көше-лердің сыртқы жарық желілерін ұстау - 170 968 000 тенге

2. Елді мекен-дердегі көше-лердің сыртқы жарық желілерін қалпына келтіруге жоба-сметалық құжаттамаларды әзірлеу – 6 784 000 теңге.



2008 жыл бойына

Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты ММ

7. Бюджеттік бағдарламаның орындалу барысынан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже:

- Жарықтың тиімді қызметі;

- Аудан көшелерінің түнгі уақытта жарықтануын қамтамасыз ету және азаматтардың жүріп-тұруына ыңғайлы, қауіпсіз жағдайлар тудыру;

Түпкілікті нәтиже:

- Тұрақты көше жарығын және қараңғы уақыттағы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- Аудан көшелерінің түнгі уақытта жарықтануын қамтамасыз ету және азаматтардың жүріп-тұруына ыңғайлы, қауіпсіз жағдайлар тудыру;

- Ауданның саябақтары мен скверлерін абаттандыру және ауданның сыртқы келбетін жақсарту.

- мемлекет саясатын насихаттау, республиканың жағымды бейнесін жасау;

Қаржы-экономикалық нәтижелер:

- 6692 жарық құралдарын ұстау.

- Қарағанды қ. бюджетінен сыртқы жарық желілерін қалпына келтіруге жоба-смета лық құжаттамаларды әзірлеу

Уақыттылық:


  • Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыруда қарастырылған шаралардың мерзімінде орындалуы.

Сапа:

- Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру бойынша шараларға сәйкес, бюджет қорын ұтымды пайдалану.


Мемлекеттік мекеме бағдарламасы

әкімгерінің жетекшісі Е.Егемберді
Бас бухгалтер (ФЭБ бастығы) Н. Сухова
Өндірістік – техникалық бөлімінің

бас маманы М.Мукушев

Қарағанды қ. әкімдігінің 2008 жылғы

«____» __________________ № _____
«Қарағанды қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 25 желтоқсандағы «Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2008 жылға арналған қалалық бюджеттік бағдарламалар паспорттарын бекіту туралы» № 60/05 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысына № 3 қосымша


“Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты ММ


Бюджеттік бағдарламаның әкімгері

П А С П О Р Т

Елді мекендердің санитарлық жағдайын қамтамасыз ету

бюджеттік бағдарламаның атауы)

(123-009-000)

2008 жылға арналған

1. Құны: 4 491 000 (төрт миллион төрт жүз тоқсан бір мың теңге)

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі:

  • Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі 53 бап;

  • Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңының 10,20,21 баптары;

  • Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 35 бабының 1 тармағы,21тармақшасы, 39-бап; (2005 жылғы 15 сәуірдегі өзгерістерімен және толықтыруларымен);

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007ж 20 наурыздағы №225 «Республикалық және жергілікті бюджеттерді орындау ережелерін бекіту туралы» қаулысы (2005 жылғы 27 мамырдағы №521, 2005 жылғы 28 маусымдағы №639 ҚР Үкіметінің қаулысына енгізілген өзгерістермен қоса)

- Қазақстан Республикасының бюджеттік жоспарлау және экономика Министрлігінің 2003 жылғы 30 сәуірдегі №75 «Бюджеттік бағдарлама әкімгерлерінің бюджеттік тапсырыстарын ұсыну және құру ережелерін бекіту туралы» бұйрығы ( ҚР бюджеттік жоспарлау және экономика Министрінің 2003 жылғы 02 қыркүйектегі №145, 2004 жылғы 20 сәуірдегі №61; 05 жылғы 10 мамырдағы №65 бұйрықтарына енгізілген өзгерістермен қоса);

- IY шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы кезекті YI сессиясының «2008 жылға арналған Қарағанда қаласының бюджеті туралы» № 47 шешімі;

- IY шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2008 жылғы 28 мамырдағы кезекті IX сессиясының «IY шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы кезекті IY сессиясының «Қарағанды қаласының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» № 47 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» № 107 шешімі.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: жергілікті бюджет.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қала көшелерінің санитарлық жағдайын қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:

- қаладағы толық жарамды қоршаған ортаның санитарлық жағдайын құру және ұстау

бойынша кешенді шаралар жүргізу;

- қаңғыбас хайуандарды аулау; хайуандардың өлімтігін жинау, көму;

- Қала жолдары мен көшелерінің және көркейту элементтерін, сәулет, тазалық, және экологиялық сипаттағы негізгі талаптарын орындау шаралары.

6. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі шаралар жоспары:




Бағдарлама коды

Бағдарлама коды (шағын бағдарлама)

Бағдарлама

атауы (шағын бағдарлама)



Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі шара-лар (шағын бағдарламалар)

Жүзеге асыру

мерзімі


Жауапты орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

009

000

Елді мекен-дердің са-нитарлық жағдайын қамтамасыз ету

  1. Қаңғып жүрген

хаюандарды аулау – 595 000 теңге.

2. Иттерді қыдырту алаңын орнату – 2 494 890 тг.


3. стихиялық қоқыстарды жою – 1 400 760 тг.

2008 жыл бойына

Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты ММ


7. Бюджеттік бағдарламаның орындалу барысынан күтілетін нәтижелер:

- Қазыбек би атындағы аудан көшелерін «Қарағанды қаласын абаттандыру Ережесі», «Қарағанды қаласында иттер мен мысықтарды ұстау ережесі» сәйкес тиісті санитарлық жағдайлармен қамтамасыз ету;

- Ауданда қоршаған ортаның санитарлық жағдайын туғызу және қолдау бойынша шаралар кешенін өткізу.

Соңғы нәтиже:

- Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданында қаңғып жүрген хаюандарды аулау, залалсыздандыру, іріктеу және өңдеу.

- даңғылдарды, көшелерді, қиылыстарды, өтпе жолдарды санитарлық және стихиялық қоқыстардан тазарту.



Қаржы-экономикалық нәтиже:

- 693 шамасында қаңғып жүрген хайуандарды аулау, залалсыздандыру, іріктеу және өңдеу.

- үй хаюанаттарын қыдырту үшін алаң орнату

- стихиялық қоқыстарды жою.

Мемлекеттік мекеме бағдарламасы

әкімгерінің жетекшісі Е.Егемберді

Бас бухгалтер (ФЭБ бастығы) Н. Сухова

Орындаушы:
Өндірістік – техникалық бөлімінің

бас маманы М.Мұқышев

Қарағанды қ. әкімдігінің 2008 жылғы «____» __________________ № _____


«Қарағанды қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 25 желтоқсандағы «Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2008 жылға арналған қалалық бюджеттік бағдарламалар паспорттарын бекіту туралы» № 60/05 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысына № 5 қосымша

ММ “Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты»


Бюджеттік бағдарламаның әкімгері

П А С П О Р Т

Елді мекендерді көркейту және көгалдандыру

(123-011-000 бағдарламасы)

бюджеттік бағдарламаның атауы)

2008 жылға арналған

1. Құны теңге: 977 336 000 (тоғыз жүз жетпіс жеті миллион үш жүз отыз алты мың теңге)

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі:

Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі 53 бап;

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңының 10,21 баптары;

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 35 бабының 1 тармағы,21тармақшасы, 39-бап; ( 2005 жылғы 15 сәуірдегі өзгерістерімен және толықтыруларымен); Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 225 «Республикалық және жергілікті бюджеттерді орындау ережелерін бекіту туралы» қаулысы ( 2005 жылғы 27 мамырдағы №521, 2005 жылғы 28 маусымдағы № 639 ҚР Үкіметінің қаулысына енгізілген өзгерістермен қоса); Қазақстан Республикасының бюджеттік жоспарлау және экономика Министрлігінің 2003 жылғы 30 сәуірдегі №75 «Бюджеттік бағдарлама әкімгерлерінің бюджеттік тапсырыстарын ұсыну және құру ережелерін бекіту туралы» бұйрығы ( ҚР бюджеттік жоспарлау және экономика Министрінің 2003 жылғы 02 қыркүйектегі №145, 2004 жылғы. 20 сәуірдегі №61; 05 жылғы 10 мамырдағы №65 бұйрықтарына енгізілген өзгерістермен қоса);

- IY шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы кезекті YI сессиясының № 47 «2008 жылға арналған Қарағанда қаласының бюджеті туралы» шешімі;

- Қарағанды облысы әкімдігінің 2008 жылғы 25 ақпандағы «Қарағанды облысы әкімдігінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы «Қарағанды облыстық мәслихатының «2008 жылға арналған облыс бюджеті туралы» III сессиясы шешімін жүзеге асыру туралы» № 28/01 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» № 04/07 қаулысы.

- IY шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2008 жылғы 31 наурыздағы кезекті YII сессиясының «IY шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы кезекті IY сессиясының «Қарағанды қаласының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» № 47 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» № 83 шешімі.

- IY шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2008 жылғы 28 мамырдағы кезекті IX сессиясының «IY шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы кезекті IY сессиясының «Қарағанды қаласының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» № 47 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» № 107 шешімі.



3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: жергілікті бюджет, Қарағанды облысы бюджетінен трансферттер.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:

- қаланың ауасын тазартып, сыртқы келбетін жақсарту;

- қаланы безендіру және сыртқы жарнаманы орналастыруды реттеудің бірыңғай тұжырымдамасын жасау;

- аула аумақтарын ұстауды жақсарту, тұрғын үй реформасын одан ары жүзеге асыруға белсене араласқан тұрғындарды көтермелейтін шараларды ұйымдастыру және орындау;

- тұрғын үйлердің қасбеттерін құрылыс нормаларына келтіру, тұрғын үйлердің сыртқы бейнесін эстетикалық – тартымды қалыпқа келтіру, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау;

- климаттық жағдай кезінде тұрғын үйлерге су, дымқыл тимеуін қамтамасыз ету, ғимараттың сыртқы тартымды бейнесін келтіру.



5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:

- қаланы көгалдандырудың көлемін ұлғайту;

- сыртқы жарнама өнімдерінің эстетикасы және қаланы мен сәулет ансамбльі нысандарын жарықтандыру; Елбасының Қазақстан халқына жолдаған Жолдауы бойынша әлеуметтік жарнама жасау, «2030 Стратегиясы», билборд, брандмауерлерде салауатты өмір салтын насихаттау, қаланы мерекелік безендіру, ескерткіштер мен ғимараттарды жарықтандыру, көшелер мен даңғылдарды жарықтандыру.

- қасбеттерді жөндеу,

- Шатыр жабындыларын жөндеу.

6. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі шаралар жоспары:




Бағдарлама коды

Шағын бағдарлама коды

Бағдарлама

атауы(шағын бағдарлама)



Бағдарламаны жүзе-ге асыру жөніндегі шаралар (шағын бағдарламалар)

Жүзеге асыру

мерзімі


Жауапты орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

011

000

Елді мекен-дерді көркейту және кө-галдандыру

1. Қаланың көгалдандыруын, санитарлық жағдайын, көркейтілуін қамтамасыз ететін қажетті деңгей – 175874000 теңге соның ішінде көк өскіндерді ұстау және баптау 35 718 000 теңге. Бейбітшілік бульвары скверін жаңғырту 140 156 000 теңге. Алаңдарды абаттандыру – 17 800 000 теңге; Көшелерді абаттандыру – 11 000 000 теңге; Қоршаулар орнату – 5 000 000 теңге; Тас жабындыларын төсеу – 6 000 000 теңге;

Ауданды мерекелік безендіру - 613210000 теңге.

«Менің ауламды» қалпына келтіру – 366 040 000 теңге соның ішінде: аула аумақтарын ұстау – 341 829 000 теңге; аулаларды ұстау – 24 211 000 теңге;

Қасбеттер мен шатыр жабындыларын көркейту – 345301000 теңге, соның ішінде қасбет жөндеу – 237385000 теңге, шатыр жабындысын жөндеу – 107916000 теңге.



2008жыл бойына

Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты ММ

7. Бюджеттік бағдарламаның орындалу барысынан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже:

  • тұрғындарының эстетикалық қажеттілігін және мәдени-сауықтыру қанағаты үшін ауданды көгалдандыру;

  • Тұрғындарға оң идеологиялық әсер беретін, көру жарнамаларын орналастыруды тәртіпке келтіру бағдарламаны іске асыруға мүмкіндік береді. Ауданның әрбір тұрғынына өз қаласы мен Қазақстан Республикасына, келешекке деген сенімділік, елжандылық сезімдерін қалыптастыру. Қазіргі заман талаптары деңгейінде Қарағанды қаласының жаңа келбетін жасау;

  • Қаланың тұрғын үй қорларының аула аумақтарын кешенді көркейту, оларды қажетті жағдайда ұстау және сақтау.

  • Ауданның тұрғын үйлерінің шатыр жабындысын және қасбеттерді жөндеу.

- тұрғын үйлердің сыртқы бейнесін тартымды қалыпқа келтіру, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау;

Қорытынды нәтиже:

  • ауданның көшелері мен скверлерінің эстетикалық келбетін жақсарту; аталған бағдарлама тұрғындарға оң идеологиялық әсер беретін, көру жарнамаларын орналастыруды тәртіпке келтіру бағдарламаны іске асыруға мүмкіндік береді; Қазіргі заман талаптары деңгейінде Қарағанды қаласының жаңа келбетін жасау;

- Егде жастағы тұрғындардың демалысы үшін, тұрғылықты жері бойынша балалардың және жас өспірімдердің бос уақытының белсенділігіне қолайлы жағдай туғызу.

Қаржы – экономикалық нәтиже:

7.1. Көк өскіндерді ұстау және баптау: қалалық бюджет есебінен – 175 874,0 мың теңге, соның ішінде:

- көк өскіндерді ұстау және баптау – 35 718,0 мың теңге.

- Бейбітшілік бульварының скверін қайта – 140 156,0 мың теңге,

7.2. Ауданды мерекелік безендіруді қамтамасыз ету: қалалық бюджет қорынан – 61321,0 мың теңге.

- Жаңа жыл шыршасы – 2 дана;

- Ғимараттарды шырақтармен жасанды жарықтандыру – 120 дана

- жарық динамикалық отшашуларды орнату – 23 дана

- стробоскоптардан тартылымдар дайындау және құрастыру – 1369 дана

- жарық тіреулеріне жарық диодты дюралайт орнату – 60 дана

- ағаштарды безендіру – 41 дана

- қоршауларға жасанды жарық торларды дайындау – 40 дана

- жарық тотемдерін дайындау – 3 дана

- ескерткіштерді түрлі – түсті прожекторлармен безендіру – 10 дана

- ғимараттарды жарық диодты және динамикалық элементтермен безендіру – 1 дана;

- көшелерге ақпаратты жәшіктер дайындау – 3 дана

- 3000 дана аншлагтар әзірлеу

- көлемі 3*6 м баннерлер әзірлеу, құрастыру және жинау – 200 дана;

- көлемі 6*16м брандмауэр әзірлеу, құрастыру және жинау – 10 дана;

- көлемі 5*15 м - 11 дана баннер әзірлеу, құрастыру және жинау – 80 дана

- 5х11м брандмауэр әзірлеу, құрастыру және жинау – 30 дана;

- 3х8 фартук дайындау және құрастыру – 30 дана

- 100 дана пилондар бейне әзірлеу, құрастыру және жинау;

- 30 дана жарық қораптарына бейне әзірлеу, құрастыру және жинау;

- көлемі 1*10 м жібек тартылымдарды әзірлеу, құрастыру және жинау – 120 дана;

- ғимарат жиектерін безендіру – 2 дана;

- ақпаратты тақта орнату – 10 дана

- 7 598 дана аншлаг орнату

- жарық сілтегіштер орнату – 24 дана

- ішкі жарығымен ақпаратты жәшіктер орнату – 10 дана

- саны 10 дана жарық тотемдерін орнату

- ескерткіштерді сәулетті жарықтандыру – 10 дана

- ғимараттардың қасбеттерін сәулетті жарықтандыру – 50 дана
Жасанды нысандарды қалпына келтіру мен ауданды мерекелік безендіруге кететін шығындар:

- 70 W шырақтар – 46 дана;

- АВВГ кабелі – 440 п/м;

- 70 W ballast дроссель – 28 дана;

- Metal Holide лампасы – 46 дана;

- IZU лампасы – 20 дана;

-1 Р автоматтары – 28 дана;

- болттар – 192 дана;

- автомұнара қызметі – 36 м/ч

- монтажник жалақысы – (2 адам) – 36;

- стробоскоп – 870 дана;

- дюралайт – 90 п/м;

- стробалар – 72 дана;

- сым – 79 п/м

-1 Р автоматтары – 35 дана;

- жарық қондырғылары – 32 дана;

тартылымдар – 800 дана;

- жер актілерін ресімдеу – 8;

- жер актілерін тіркеу – 8.

Жасанды нысандарды ұстау мен ауданды мерекелік безендіруге кететін шығындар:


  • стробоскоптар – 28 дана;

  • 3х6 билбордтар – 4 дана;

  • 5х15х билболдтар – 1 дана;

  • ғимаратты архитектуралық жарықтандыру – 8 дана;

  • тіреулердегі жарық қондырғылары – 91 дана;

  • кіре беріс жарық аркалары – 2 дана;

  • жарықдиодты арка – 28 дана




    1. Аула аумақтарын көркейту, қарастырылғаны:

- Облыстық бюджет қоры есебінен 200 000,0 мың теңге сомасына 53 ауланы көркейту,

- Жергілікті бюджет қоры есебінен 141 046,0 мың теңге сомасына 47 ауланы көркейту,

- Жергілікті бюджет қоры есебінен 24 211,0 мың теңге сомасына аула аумақтарын ұстау.

7.4. Жабындылар мен қасбеттерді жөндеу, облыстық бюджет қорынан 237 385,0 мың теңгеге қасбетті және 107 916,0 мың теңгеге шатыр жабындысын қалпына келтіру қарастырылған:

Сапасы: ҚР СНИП-пен сәйкес.



Қосымша қор – 44 724 мың теңге, соның ішінде:

    1. «Шахтер» стадионы алдындағы алаңды абаттандыру – 17 800 мың теңге.

    2. Көшелерді көркейту – 11 000 мың теңге, соның ішінде; тас жабындыларын төсеу – 6000 мың теңге, қоршауларды орнату – 5000 мың теңге.

    3. «Менің аулам» - шағын сәулет түрлерін орнату – 1 032 мың теңге.

    4. көк өскіндерді ұстау және баптау – 14 892,0 мың теңге.


Мемлекеттік мекеме бағдарламасы

әкімгерінің басшысы Е.Егемберді


Бас бухгалтер (ФЭБ бастығы) Н. Сухова
Орындаушы:
Өндірістік-техникалық бөлімінің

бас маманы Б.Қасымов
Өндірістік-техникалық бөлімінің

бас маманы А.Олжабаев

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет