Қарағанды қаласы әкімі, кәсіподақтардың (қызметкерлердің) бірлестіктері, қалалық кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер ассоциациялары арасындағы



жүктеу 264.76 Kb.
Дата23.04.2019
өлшемі264.76 Kb.



Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын

реттеу жөніндегі қалалық үш жақты комиссиямен келісілді

(2018 жылғы 5 сәуірдегі №1 хаттама)



Қарағанды қаласы әкімі,

кәсіподақтардың (қызметкерлердің) бірлестіктері, қалалық кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер ассоциациялары арасындағы

2018-2020 жылдарға арналған
ҚАЛАЛЫҚ КЕЛІСІМ

Қарағанды қаласы – 2018 жыл


Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын

реттеу жөніндегі қалалық үш жақты комиссиямен келісілді

(2018 жылғы 5 сәуірдегі №1 хаттама)



Қарағанды қаласы әкімі,

кәсіподақтардың (қызметкерлердің) бірлестіктері, қалалық кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер ассоциациялары арасындағы

2018-2020 жылдарға арналған


Қарағанды қаласының әкімі, кәсіподақтар (жұмыскерлер) бірлестіктері, кәсіпкерлер қауымдастығы мен қаланың жұмыс берушілерінің арасындағы 2018-2020 жылдарға арналған

ҚАЛАЛЫҚ КЕЛІСІМ

Қарағанды қаласының атқару билігі органының өкілдері, жұмыскерлердің қалалық бірлестіктері кәсіпкерлер қауымдастығы және жұмыс берушілердің қалалық бірлестіктерінің уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамасын мүлтіксіз сақтау негізінде әрекет ете отырып,

«Қазақстан-2050» стратегиясын, Қазақстанның үшінші жаңғыруы және Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру шеңберінде,

әлеуметтік әріптестікті дамыту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеу және еңбек құқықтарын іске асыру кезінде шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне, жасына немесе дене кемістіктеріне, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына байланысты ешқандай кемсітуге жол бермеу қағидаттарын басшылыққа ала отырып,

әлеуметтік әріптестіктің барлық деңгейлеріндегі үш жақты келіссөздер мен консультациялар барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды сақтауға міндеттене отырып,

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің негізінде 2018 − 2020 жылдары әлеуметтік-еңбек қатынастарын және олармен байланысты экономикалық қатынастарды реттеудің негізгі бағыттары бойынша Тараптардың келісілген ұстанымдарын және оны жүзеге асырудың бірлескен әрекетін айқындайтын 2018 − 2020 жылдарға арналған осы Қалалық келісімді (бұдан әрі − Келісім) жасасты.


I бөлім

Экономиканы жедел технологиялық жаңғырту
Тараптар келесі бағыттар бойынша жұмыла жұмыс атқаруға:



    1. Төртінші Өнеркәсіптік революцияның элементтерін енгізуді жүзеге асыруға.

    2. Экономиканы технологиялық жаңарту және цифрландыру жағдайында сұраныс пен ұсыныс теңгерімін қамтамасыз ету есебінен еңбек нарығын тиімді реттеуге.

    3. Бюджеттік шығыстардың тиімділігін арттыруға міндеттеме алады.


Тараптар жоғарыда көрсетілген мақсаттарды іске асыруды қамтамасыз ету үшін:


    1. Қала кәсіпорындарын технологиялық қайта жарақтандыру мақсатында инновацияларды және Төртінші өнеркәсіптік революцияның элементтерін енгізу үшін қолайлы жағдайлар жасауға келісті.




    1. Әлеуметтік тұрақсыздыққа және халықтың кірісінің төмендеуіне жол бермеу үшін еңбек ресурстарының құзыреттілігін арттыруды және Қазақстанның аймақтарының кәсіпорындардың, салалардың және өңірлердің ішінде және олардың арасында кадрлардың икемді ауысуын қамтамасыз етуге.

    2. Қала кәсіпорындарын технологиялық жаңарту үшін ішкі және сыртқы инвестицияларды тартуға.

    3. Жоғары нәтижелі жобаларды қолдау үшін инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша шаралар қабылдауға келісті.



Қаланың атқару билігінің органдары өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:


    1. Ұлттық экспорттық стратегияның, Ұлттық инвестициялық стратегияның және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының іске асырылуын жүзеге асыру.

    2. Экономиканы жаңғырту шеңберінде ірі кәсіпорындармен Жол карталарын жасасу және Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының барлық құралдарын пайдалану арқылы еңбек ұтқырлығы және еңбек ресурстарының басқарылатын ауысуы үшін жағдай жасау.

    3. Мемлекеттік экономикалық өсуін ынталандыру және мемлекеттік әлеуметтік міндеттемелерін қамтамасыз ету, әлеуметтік әріптестік жүйесін дамыту, бюджет қаражаттары шығысының нәтижелілігін арттыруға бағытталған бюджеттік параметрлерді қалыптастыруға ықпал ету.

    4. Тараптарды Қарағанды қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының жағдайы туралы ақпараттандыру.


Қаланың кәсіпкерлер бірлестіктері мен жұмыс берушілері өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:


    1. . Алдыңғы қатарлы технологияларды енгізуді ескере отырып негізгі құралдарға жеделдете жаңғырту жүргізуге кәсіпорындарды тарту.

1.13. Еңбек нарығында шиеленісті болдырмау үшін еңбек ресурстарының көшуін басқару жүйесін құруға көмектесу.

Жұмыскерлердің бірлестіктері өздеріне келесі міндеттемелер алады:


    1. Экономиканың технологиялық жаңғыруына байланысты еңбек нарығына қойылатын талаптар туралы еңбек ұжымдарында кең түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізу жолымен еңбек нарығында шиеліністі болдырмау үшін еңбек ресурстарының көшуін басқару жүйесін құруға ықпал ету:

    2. Ұжымдық шарттарда бюджеттік саланың біліктілігі жоқ және техникалық жұмыскерлеріне сауықтыру жәрдемақысын төлеу бойынша шаралар қабылдауды қарастыру.


II бөлім

Бизнес ортаны түбегейлі жақсарту
Тараптар келесі бағыттарда жұмыла жұмыс атқаруға:


    1. Тауарлардың, жұмыстардың және көрсететін қызметтердің өндіріс көлемін арттыру және жаңа жұмыс орындарын құру негізі ретінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасауға.

    2. Бизнесті ашу және жүргізу үшін шығындар мен кедергілердің барлық түрлерін төмендетуге.

    3. Кәсіпкерлік бостандық және бәсекелестікті дамыту үшін бағалық және тарифтік сөзбайласудың алдын алуға.

    4. Экономиканың тиімді жеке секторын құруға және мемлекеттік-жекешелік әріптестік құруға жәрдем көрсетуге міндеттемелер алады.


Тараптар жоғарыда көрсетілген мақсаттарды іске асыруды қамтамасыз ету үшін:


    1. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын, оның ішінде бизнес негіздеріне оқыту және халыққа микрокредиттер беру бөлігінде тиімді жүзеге асырылуына жәрдем көрсетуге.

    2. Экономиканы әртараптандыруды және бәсекеге қабілеттіліктің өсуін қамтамасыз ететін оның басым секторларын дамытуға келісті.


Қаланың атқару билігі органдары өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:


    1. Жеке сектордың іскерлік белсенділігін ынталандыруға және бизнес-ортаны жақсартуға жәрдем көрсетуге.

    2. Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын кеңейтуге көмектесу.

    3. Әлеуметттік маңызды азық түлік тауарларына, реттелетін қызметтер мен тарифтердің бағаларына мониторинг жүргізу. Әлеуметтік маңызды азық түлік тауарлары бағасының негізсіз өсуі жағдайларында, «Сарыарқа» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының тұрақты қоры арқылы бірінші кезектегі қажетті тауарларды әртараптандыру.


Қаланың кәсіпкерлер бірлестіктері мен жұмыс берушілері өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:


    1. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының тиісті бағыттарын іске асыру операторы болу.

    2. Кәсіпкерлерді оқытуды ұйымдастыру және оларға бизнесті ашу және жүргізу бойынша консалтинг қызметтерін көрсету.

    3. Ұзақ мерзімді кезеңге тарифтер және тарифтік сметаларды бекітуге сұраныстарды қарау кезінде көпшілік тыңдауларға қатысу.



Жұмыскерлердің қалалық бірлестіктері өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:


    1. Бизнес-ортаны жақсарту, оның ішінде еңбек қатынастарын реттеу бөлігінде ұсыныстар әзірлеуге қатысу.


III бөлім

Халықты формальды және нәтижелі жұмыспен қамтуға

және еңбек өнімділігін арттыруға жәрдемдесу
Тараптар келесі бағыттарда жұмыла жұмыс атқаруға:


    1. Жоғары өнімділікпен, қауіпсіз еңбек жағдайларымен, еңбекақы мөлшерін реттеумен сипатталатын жаңа жоғары сапалы жұмыс орындарын құруға.

    2. Формальды және нәтижелі жұмыспен қамтамасыз етуге.

    3. Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту арқылы еңбек ресурстарының сапасын арттыруға.

    4. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын қамтамасыз ету үшін еңбек нарығының инфрақұрылымын жаңғыртуға қатысуға міндеттенді.


Тараптар жоғарыда көрсетілген мақсаттарды іске асыруды қамтамасыз ету үшін:


    1. Экономиканың технологиялық жаңаруын ескере отырып жұмыскерлердің үздіксіз кәсіби дамуына, кәсіби дайындығы және кадрларды қайта даярлауды қамтамасыз етуге бағытталған шараларды жүзеге асыруға.

    2. Еңбек нарығының инфрақұрылымын жаңғырту бойынша цифрлық тәсілдерді пайдалануға.

    3. Тараптардың келісімдері бойынша медициналық қорытындыға сәйкес толық емес жұмыс тәртібіне көшу және науқас отбасы мүшесін бағып-күтуді жүзеге асыруға жұмыскерлерге құқық беруге.

    4. Ұжымдық шарттарда кәсіпорыннан әскери қызметке шақырылған тұлғаларды жұмысқа орналастыру тәртібін қарау. Әскери басқарма органына шақыру кезеңінде (шақыру хаты болған жағдайда) жұмыскердің жұмыс орны бойынша жалақысын сақтауды қарастыруға.

    5. Қызметкерді өндірістен қол үзбей оқу арқылы кәсіби даярлыққа және кадрларды қайта дайындауға жіберу кезінде оның жұмыс орнының (лауазымы), өтемақылық төлемдерінің көлемінің (бюджеттік ұйымдардын басқа) сақталатындығы жайлы қағиданы ұжымдық шарттарда қарастыру. Өндірістен қол үзбей оқу арқылы кәсіби даярлыққа және кадрларды қайта дайындауға басқа жерге жіберілген қызметкерлерге қызметтік іс сапарға жіберілетін тұлғалар үшін қарастырылған тәртіпте және көлемде іс-сапар шығындарын төлеуге келісті.

Қаланың атқару билігі органдары өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:


    1. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыруға.

    2. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды ресмилендіру бойынша Жол картасын қабылдау және еңбек қатынастарын заңдастыру және халықтың формальды емес түрде өзін-өзі жұмыспен қамтуын қысқарту үшін Үкімет тарапынан қабылданған шараларды қабылдау.

    3. Еңбек нарығы бойынша жан-жақты толық ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету жолымен, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, халықты кәсіптік бағдарлау жүйесін жетілдіру.

    4. Халықты жұмыспен қамту орталықтарын трансформациялауды жүргізу және жұмыс іздеп жүрген адамдардың кеңінен қамтылуын қамтамасыз ету үшін, олардың қызметін жақсарту.

    5. Азаматтық қызметшілерге кәсіби қайта даярлаудан және біліктілігін арттырудан өтуді, оның ішінде, алғашқы жұмыс жылында, баланы күтіп-бағу демалысынан шыққан әйелдерді қамтамасыз ету.


Қаланың кәсіпкерлер бірлестіктері мен жұмыс берушілері өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:



    1. Кәсіптік білім беруді жаңғыртуға бизнестің қатысуына жәрдемдесу.

    2. Қала кәсіпорындарда дуальді оқыту жүйесін енгізуге және тәлімгерлік институтын таратуға жәрдемдесу.

    3. Жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне сәйкес кадрларды даярлауға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және орналастыру үшін ұсыныстар енгізу.

    4. Кәсіпкерлік субъектілерінің арасында еңбек қатынастарын заңдастыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу.

    5. Облыс әкімімен бірлесіп облыстың ірі кәсіпорындарында жол карталарын дайындауға қатысу және оларда қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауға және оларды әрі қарай жұмысқа орналастыруға бірлесіп инвестициялауды қарастыруға.

Жұмыскеркерлердің бірлестіктері өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:


    1. Жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру бойынша шараларды қабылдауға.

    2. Лайықты өмір жағдайларын жасауға бағытталған жұмыспен қамту мемлекеттік бағдарламаларын қалыптастыруға және әзірлеуге қатысу.


IV бөлім

Адами капиталдың сапасын жақсарту
Тараптар келесі бағыттарда жұмыла жұмыс атқаруға:


    1. Білім беру жүйесін экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буыны ретінде анықтау үшін қажетті шараларды жүргізуге, оның ішінде:

- технологиялық дағдыларды ескере отырып, барлығын қамтитын және талап етілетін білімге қол жеткізуге;

- техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің беделін арттыруға.



    1. Тиімділікке, қаржылық тұрақтылыққа және әлеуметтік-экономикалық өсуді қолдауға бағытталған ұлттық денсаулық сақтау жүйесін:

- аурулар профилактикасы мен басқарудың интеграцияланған тәсілі негізінде қоғам денсаулығын сақтау жөніндегі жаңа саясатты енгізу;

- денсаулық сақтау жүйесін қажетті цифрландырумен және ақпараттандырумен қамтамасыз ету арқылы жаңғыртуды қамтамасыз етуге.



    1. Әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін одан әрі жаңғыртуға, оның ішінде:

- халыққа арналған енді Конституциямен кепілдендірілген, ең төменгі әлеуметтік стандарттарды кезең-кезеңімен жақсартуға бағдарланған өмір сүру сапасын және толықтай әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін әлеуметтік қамсыздандыру нормаларын арттыруға;

- халықтың аз қамтылған бөлігіне әлеуметтік көмек көрсету кезінде көмектің атаулылығын қамтамасыз етуге;

- арнаулы әлеуметтік қызметтердің атаулылығын, қолжетімділігін және сапасын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
Тараптар жоғарыда аталған мақсаттарды іске асыруды қамтамасыз ету үшін:


    1. «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім» жобасын іске асыруға жәрдемдесуге.

    2. «Өмір бойы оқыту» тұжырымдамасын ілгерілету және қашықтағы, ауылдық өңірлердегі білім алушылар үшін оқу жағдайын теңестіру үшін қажетті жағдайлар жасауға.

    3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті кеңейтуге және білім беру саласына жеке инвестицияларды тартуға ықпал етуге.

    4. Деректер мен процестерді кешенді цифрландыруға негізделген денсаулық сақтау жүйесінің қолжетімділігін, сапасын, қауіпсіздігін, тиімділігін, тұрақтылығын және пациентке бағдарлануын арттыруға жәрдемдесуге.

    5. Міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша тұрақты негізде ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуге.

    6. Мемлекеттің әлеуметтік кепілдіктерін, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін және азаматтардың жеке жауапкершілігін қиыстыруға.

    7. Мүмкіндіктерге қарай Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және қатысушыларына, оларға теңестірілген адамдарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсетуге (қоғамдық көлікте тегін немесе жеңілдікпен жүру, баспананы жөндеу, отынмен қамтамасыз ету, тісті протездеу, санаторий-курорттық емдеуге жолдама беру, материалдық көмек көрсету және т.б.).

    8. БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетінің басты қағидаттарына сәйкес Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияның ережелерін орындау бойынша, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін қолжетімді орта құру жөніндегі ережелерінің орындалуын қамтамасыз етуге.

    9. Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру бойынша:

- ана мен баланы қорғауды қамтамасыз етуге, әйелдерді әлеуметтік қолдауға, әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы гендерлік мәселелерді шешуге;

- балаларды күтуді және олардың тәрбиесімен айналысатын ерлер мен әйелдерді тең құқықты қолдауға;



- шешімдер қабылдау деңгейінде әйелдердің өкілдігін арттыруға бағытталған шараларды жүзеге асыруға.

    1. Ұжымдық шарт жасау кезінде шаруашылық жүргізу құқығына көшкен мемлекеттік кәсіпорындардың (денсаулық сақтау, білім, мәдениет және спорт) қызметкерлері үшін азаматтық қызметшілер үшін берілетін сауықтыру жеңілдіктері мен кепілдіктерін сақтауға келісті.


Қаланың атқару билігінің органдары өзіне мынадай міндеттерді қабылдайды:


    1. Білім берудің барлық деңгейлерінде үш тілділікті кезең-кезеңімен енгізуге жәрдемдесуге.

    2. Жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастарды, сондай-ақ еңбекке қабілетті жастағы кәсіптік білімі жоқ адамдарды тегін білім берумен қамтуға.

    3. Белгіленген экономика шеңберінде жаңа өндіріс мамандарын даярлау үшін кәсіптік білім беру жүйесін дамыту бойынша шараларды іске асыруға.

    4. Еңбек нарығындағы еңбек ресурстарына деген нақты қажеттілікті ескере отырып, кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру және білім беру бағдарламалары мазмұнының кәсіптік стандарттардың талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз етуге.

    5. Денсаулық сақтау саласында жүргізіліп жатқан реформалар бойынша кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуге.

    6. Жұмыс орнында денсаулықты сақтауға бағытталған корпоративтік әлеуметтік бағдарламаларды енгізу бойынша жұмыстарды өткізу; жұмыскерлердің денсаулығын сақтау, сондай-ақ, жұмыс істеушілердің сауығу және олардың дене тәрбиесімен және спортпен шұғылдану шараларын қарастыруға.

    7. Әлеуметтік кепілдіктерге, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне және азаматтардың жеке жауапкершілігіне негізделген мемлекеттік саясатты қалыптастыруға жәрдемдесуге.

    8. Аз қамтылған азаматтар мен отбасыларға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге.

    9. Әлеуметтік қатер туындаған жағдайда жұмыс істейтін халықты міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қаржылық тұрақтылығын сақтау;әлеуметтік қамсыздандыру туралы заңнаманың талаптарын сақтау үшін жауапкершілікті арттыру (міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды уақытында және толық төлеу);еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан жұмыскерді міндетті сақтандырумен барынша қамтуды қамтамасыз ету жолымен әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруға.

    10. Еңбек шартын тіркеу және жалдамалы жұмыскерлер санын есепке алу кезінде еңбек және зейнеткерлік заңнамалардың бұзылу деректері туралы тараптарды ақпараттандыруға.


Жұмыс берушілер мен кәсіпкерлердің қалалық бірлестіктері өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:


    1. Жұмыстан босатылу қатері бар аймақтардағы жұмыскерлерді кәсіби оқытуды,кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды, дайындау және қайта дайындау сондай-ақ жұмыскерлерді ілгерілетіп кәсіптік оқытуды ұйымдастыруға жәрдемдесу.

    2. Босатылуға жататын ұйым жұмыскерлерін өндіріс ішінде оқытуды, сондай-ақ жұмыскерлерді ілгерілетіп кәсіптік оқытуды дамытуға жәрдемдесу.

    3. Білім беруге және денсаулық сақтауға жеке инвестицияларды тартуға жәрдемдесу.

    4. Адамның мүмкіндігін және еңбек ету қабілеттілігін арттыру бойынша саясат пен тәжірибені пайдалану әзірлемесі арқылы адами капиталдың дамуына ықпал ету.

    5. Аймақтық индустрияландыру картасына байланысқан дуальді оқытуды енгізуге ықпал ету.


Жұмыскерлер бірлестіктері өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:


    1. Өмір бойы үздіксіз білім алу бойынша білім беру жүйесінің беделін арттыру және білім беру мен педагог кадрларды даярлау сапасын арттыру бойынша іс-шаралар жүргізу.

    2. Халықтың денсаулығын қорғау үшін азаматтың, жұмыс берушінің және мемлекеттің ортақ жауапкершілігі қағидатының негіздерін түсіндіру
      іс-шараларын жүргізу.

    3. Әлеуметтік әріптестермен әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы заңнаманың негіздерін түсіндіру бойынша бірлескен семинарлар өткізу.


V бөлім

Еңбек жағдайлары және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік
Тараптар келесі бағыттар бойынша жұмыла жұмыс атқаруға:


    1. Жұмыскердің өмірі мен денсаулығын сақтау басымдығын қамтамасыз етуге.

    2. Жұмыскердің лайықты еңбекке құқығын іске асыру үшін еңбек қызметі процесінде қолайлы еңбек жағдайларын жасауға.

    3. Кәсіпорындарда қауіпсіздік және еңбекті қорғауды сақтауда ішкі қадағалау нәтижелілігін арттыру.

    4. Өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастықты дамыту.

    5. Өндіріс және тұтыну қалдықтарының қоршаған ортаға жағымсыз әсерін төмендету.

    6. Экологиялық қауіпсіздікті және қоршаған ортаның сапасын жақсартуды қамтамасыз етуге міндет алады.


Тараптар жоғарыда аталған мақсаттарды іске асыруды қамтамасыз ету үшін:


    1. Мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының, жұмыс берушілер бірлестіктері мен кәсіптік одақтардың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік және қоғамдық бақылауды жүзеге асыру бойынша өзара іс-қимылын жүзеге асыруға.

    2. Кәсіптік аурулардың профилактикасы, оларды ерте анықтау және күнделікті өндірістік практикаға кәсіптік қатерлерді басқару тетіктерін енгізу шараларын қоса алғанда, жұмыскерлердің өмірін және денсаулығын сақтау жөніндегі іс-шараларды іске асыруға.

    3. Еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу жөніндегі бірлескен іс-қимыл жасау үшін ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестерді құруға шаралар қабылдауға.

    4. Халықаралық еңбек ұйымының АИТВ/ЖИТС және еңбек саласы туралы
      (№ 200) ұсынымдарын ілгерілету бойынша шаралар қабылдауға.

    5. Халықтың барлық топтары арасында экологиялық білімді таратуға.

    6. Қоршаған ортаны қорғаумен және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен байланысты мәселелерді шешуде қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық емес ұйымдардың және бизнес-қоғамдастықтардың тиімді қатысуын қамтамасыз етуге.

    7. Жұмыс беруші тарапынан жұмыскерлерді, ең алдымен зиянды еңбек жағдайында жұмыс істеп жатқан жұмыскерлерді сауықтыру бойынша емдеу-алдын алу іс-шараларын, оның ішінде шипажай-профилакторийлерде, кәсіподақтардың шипажай-курортты мекемелерінде (болған жағдайда) шарттық негізде жүзеге асыруға ықпал етуге келісті.


Қаланың атқару билігінің органдары өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:


    1. Өндірістегі жазатайым оқиғалардан және кәсіптік аурулардан міндетті әлеуметтік сақтандыруға ықпал етуге.

    2. Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы мен жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысын жұмыс орнындағы нақты еңбек жағдайларына байланысты беру тәсілдерін жетілдіруге ықпал етуге.

    3. Кәсіподақ ұйымдарымен бірлесіп шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыскерлерге мемлекеттік кепілдемелерін (еңбекке ақы төлеу құқығы, жұмыс уақытының минималды ұзақтығы, демалыс ұзақтығы) жүзеге асыру мониторингін жасауға.


Жұмыс берушілер мен кәсіпкерлердің қалалық бірлестіктері өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:


    1. Өнімділігі жоғары, еңбек жағдайлары қауіпсіз лайықты жалақысы бар жаңа жұмыс орындарын құру бойынша шаралар қабылдау.

    2. Өндірістік жарақаттануды төмендетуге және кәсіптік аурулардың туындауының алдын алуға бағытталған шараларды іске асыру.

    3. Еңбек жағдайлары мен еңбектің қорғалуын жақсарту бойынша отандық және шетелдік озық жұмыс тәжірибесін енгізу.

    4. Еңбек ұжымдарымен міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша кездесулер ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдау.

    5. Еңбекті қорғау жөніндегі персоналды қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып оқытуға және кешенді даярлауға, еңбекті қорғау жөніндегі құқықтық мәдениетті арттыруға, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік ауруларды төмендетуге бағытталған алдын алу іс-шараларын қаржыландыруды жүргізу шараларын өткізу.

    6. Заңнамаға сәйкес жұмыскерлердің медициналық тексеріп қаралуын және жұмыскерлердің мерзімдік медициналық тексеріп қаралуының нәтижелері бойынша ұсынымдарды толықтай орындау.

    7. Жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды уақытында жүргізу және ауыр, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары үшін жұмыскерлерге заңнамада көзделген жеңілдіктер мен өтемақылар беру.

    8. Еңбек заңнамасының талаптарына сәйкестігін ерікті декларациялау бойынша жұмыс жүргізу.

    9. Қазақстан Республикасының техникалық регламенттерінде, қағидаларында, нұсқаулықтарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтау.

    10. Қоршаған ортаға техногендік сипаттағы факторлардың жағымсыз әсерін төмендету.

    11. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарды, жұмыскерлерді даярлауды, қайта даярлауды және білімін тексеруді қамтамасыз ету.

    12. Жазатайым оқиғаны тергеп тексеру, жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін еңбек қауіпсіздігінің бұзылу деректерін тексеруде кәсіпорында (ұйымда) еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі техникалық инспекторды кедергісіз жіберуді қамтамасыз етуге.

    13. Кәсіпорынның экономикалық жағдайын нашарлатуға алып келуші өндіріс көлемінің, атқарылып жатқан жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемдерінің төмендеуі жағдайында тиісті шаралар қабылдайды, Қазақстан Республикасы заңнамасына және салалық келісімдерге сәйкес жұмыскерлердің қысқаруын барынша азайту төменде көрсетілген шараларды қамтамасыз ету жолымен жүзеге асырады:

- жұмыс тоқтап қалған жағдайда бос штаттық бірліктер болса Қазақстан Республикасмының заңнамасына сәйкес осыған сәйкес тиісті біліктілігі болған жағдайда жұмыскерді денсаулық жағдайына қарама-қарсы келмейтін атқарған жұмысына төлем жүргізу арқылы ауыстыруға.

- әкімшілік-басқару шығындарың қысқартуға.


Жұмыскерлердің бірлестіктері өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

    1. Тиісті кәсіптік стандарттарды ескеріп заманауи технологияларды пайдалана отырып, еңбекті қорғау бойынша техникалық инспекторларды даярлау және қайта даярлау жүйесін жетілдіру.

    2. Еңбекті қорғау талаптарын сақтауға, өндірістік жарақаттанудың және кәсіптік аурулардың алдын алуға бағытталған бірлескен іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестерді құру және олардың жұмысына қатысу.

    3. Жұмыскерлердің еңбек және санитарлық-гигиеналық жағдайларын жақсарту бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға, сондай-ақ өндірістік жарақаттануды және кәсіптік аурулардың адын алу бойынша профилактикалық іс-шараларды жүргізуге қатысу.

    4. Жұмыс берушімен бірлесіп, еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік саласында ортақ бақылауды және тиімді өзара іс-қимылды жүзеге асыру.

    5. Кәсіподақ ұйымдарының мүшелері арасында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу.

    6. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру, экологиялық білім мен тәрбиені дамыту.


VI бөлім

Әлеуметтік әріптестік
Тараптар келесі бағыттар бойынша жұмыла жұмыс атқаруға:


    1. Консультациялар өткізуге, салалық, өңірлік деңгейде келісімдер, ұжымдық шарттар жасасу тәжірибесін, сондай-ақ әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссия (бұдан әрі – Комиссия) отырыстарында талдау нәтижелерін қарау арқылы әлеуметтік әріптестік органдарының жұмыс практикасына мониторинг пен талдау жүргізуге.

    2. Әлеуметтік әріптестік тараптарының консультациялары мен келіссөздері кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды бұқаралық ақпарат құралдарында үнемі жариялауға, өзіне алынған міндеттемелерді орындау жағдайы туралы ақпаратты жариялауға.

    3. Ұжымдық еңбек дауларын реттеу, еңбек қатынастары саласындағы бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл бойынша барлық байланысты шараларды жүргізуге.

    4. Тараптардың әлеуметтік жауапкершілігі қағидаттарын дамыту бойынша бірлескен жұмыс жүргізуге.

    5. Кәсіптік одақтар мен жұмыс берушілер бірлестіктерінің қызметіне араласпау, оларды құруға және жұмыс істеуіне кедергі болмау туралы заңнамалық және жалпы мойындалған халықаралық нормалар мен қағидаларды сақтауға.

    6. Қазақстан Республикасында лайықты еңбек қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге, нақты жалақы деңгейін арттыруды қамтамасыз ететін шаралар кешенін іске асыруға, кіріс саясатын жетілдіруге және халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған бірлескен күш жұмсауға міндет алды.


Тараптар жоғарыда көрсетілген мақсаттарды іске асыруды қамтамасыз ету үшін:


    1. Әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұжымдық-келісімшарттық реттеу қағидаттары негізінде өзара қарым-қатынасты дамытуға, Келісімде айқындалған міндеттемелер мен уағдаластықтарды сақтауға.

    2. Шағын және орта бизнес ұйымдарында әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұжымдық шартпен реттеуді қамтуды кеңейтуге ықпал етуге.

    3. Облыстың кәсіпкерлері және жұмыс берушілері арасында бизнестің әлеуметтік корпоративтік жауапкершілігін насихаттау және дамыту,бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық «Парыз» конкурсына белсенді қатысуға.

    4. Республикалық «Еңбек шартын жасаңыз» ортақ акциясына белсенді қатысуға.

    5. Әлеуметтік-еңбек жанжалдардың профилактикасы, алдын алу және ескерту бойынша шаралар қабылдауға. Комиссия отырыстарында жұмыс берушілер тарапынан еңбек заңнамасы талаптарын сақтау, оның ішінде жалақы берешектері мәселелерін тұрақты түрде қарауға.

    6. Қалалық және өңірлік келісімдердің, ұжымдық шарттардың орындалуына жыл сайынғы негізде өздерінің деңгейлері бойынша жыл сайын талдау жүргізуге.

    7. Өзіне алған міндеттемелерді орындау және өзара бақылауды жүзеге асыру үшін осы Келісімде айқындалған мәселелер бойынша ақпарат, құжаттар және материалдар, статистикалық деректер алмасуға.

    8. Еңбек нормативтерін іске асыруды және кәсіпорындардың еңбекті нормалау жүйесімен қамтылуын кеңейтуді қамтамасыз етуге.

    9. Келісімдерде және ұжымдық шарттарда еңбекке ақы төлеу бойынша тиісті міндеттемелерді көздеуге, оның ішінде еңбек жағдайларын зияндылығы мен қауіптілігі дәрежесі бойынша жіктейтін салалық коэффициенттерді қосуды қамтамасыз етуге.

    10. Әрбір жұмыскердің ұйым қызметінің түпкі нәтижелеріне қосқан үлесін ескеретін және жоғары өнімді еңбекті ынталандыруға бағытталған еңбекке ақы төлеудің тиімді және икемді жүйелерін қолдануға.

    11. Уақтылы және толық еңбекке ақы төлеу құқығын іске асыру бойынша мәселелерді шешуде атқарушы билік органдарымен, мемлекеттік қадағалау органдарымен өзара іс-қимыл жасауға.

    12. Кәсіподақ мүшесі болып саналатын жұмыскерлердің жазбаша өтініштері болған жағдайда ұжымдық шартпен белгіленген мерзімде кәсіподақ ұйымынң есепшотына мүшелік жарналарды, жұмыскерлердің жалақыларынан ұстап қалуды толық көлемде ай сайын жүзеге асыруға келісті.


Қаланың атқару билігінің органдары өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:


    1. Әлеуметтік әріптестікті үйлестіру және облыстық және өңірлік деңгейлерде тиімді әлеуметтік диалогқа ықпал ету.


Жұмыс берушілер мен кәсіпкерлердің қалалық бірлестіктері өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:


    1. Халықаралық еңбек ұйымының № 87 «Ұйымдарда құқықтарды қорғау және ассоциациялардың еркіндігі туралы», № 135 «Кәсіпорында еңбек ететін өкілдердің құқықтарын қорғау және оларға ұсынылған мүмкіндіктері туралы» Конвенцияларына сәйкес ұйымдарда жұмыскерлер өкілдерінің еркін қызметі үшін жағдай жасауға жәрдемдесу.

    2. Еңбек қатынастарын және кәсіпорындардың өндірістік қызметін реттеу мәселелері бойынша еңбек ұжымдарымен тұрақты кездесулерді ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдау.

    3. Жұмыс берушілердің еңбек қатынастарын реттеу саласындағы құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша тұрақты іс-шаралар жүргізу.

    4. Жұмыс берушілердің арасында еңбек заңнамасын оқыту және түсіндіру, еңбек жанжалдарында келіссөздер жүргізе білу дағдыларын дамыту және консенсусқа қол жеткізу бойынша оқыту тренингтерін өткізу.

    5. Ұжымдық еңбек дауы туындаған кезде татуластыру рәсімдерін сақтау бойынша шаралар қолдану.

    6. Келісім комиссияларының тиімді қызмет етуі үшін жағдайлар жасау.


Жұмыскерлердің бірлестіктері өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:


    1. Жұмыскерлер арасында еңбек заңнамасының негізіне оқытуды және түсіндіруді, еңбек жанжалдарында келіссөздер жүргізу дағдыларын дамыту консенсусқа қол жеткізу бойынша оқыту тренингтерін өткізу.

    2. Ұжымдық еңбек дауларын қолданыстағы заңнама шеңберінде шешу және заңсыз ереуілдерді, жиындарды, наразылық акцияларын өткізуге жол бермеу бойынша шараларды қабылдау.


VII бөлім

Қорытынды ережелер
Осы Келісімнің ережелерін Тараптардың орындауын үйлестіру мақсатында Тараптар төмендегілер туралы уағдаласты:


    1. Осы Келісім тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және жаңа Келісім жасалғанға дейін қолданылады.

    2. Облыстық келісім жергілікті мемлекеттік органдарға, жұмыскерлер мен олардың өкілдеріне, меншік нысанына қарамастан барлық жұмыс берушілерге, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген, шетелдік азаматтар немесе шетелдік заңды тұлғалар не шетелдің қатысуы бар заңды тұлғалар мүлкінің меншік иелері, құрылтайшылары (қатысушылары) немесе акционерлері болып табылатын ұйымдарға, сондай-ақ, облыс аумағында жұмыс істеуші шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне қолданылады.

    3. Тараптар Келісімді 2018 – 2020 жылдарға арналған қаланың келісілген әлеуметтік-экономикалық саясатты жүргізу жөніндегі басым бағыттарын және қажетті іс-қимылдарды белгілейтін әлеуметтік әріптестіктің негізгі құжаты ретінде мойындайды.

    4. Келісім қала ұйымдарында және кәсіпорындарында салалық және өңірлік келісімдер, ұжымдық шарттар мен келіссөздер жасау үшін негіз болады.

    5. Тараптардың Келісім бойынша міндеттемелері және Комиссия ұсынымдары (шешімдері) салалық және өңірлік келісімдер мен ұжымдық шарттар жасау кезінде ескерілуге тиіс.

    6. Кейінгі жылдарға арналған қалалық келісім 2020 жылғы
      сәуір айынан кешіктірілмей жасалады.

    7. Комиссия шешімдері осы Келісімді іске асыру нысаны болып табылады.

    8. Қалалық келісімнің орындалу барысын бақылауды Тараптар Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның ережесінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырады.

    9. Тараптардың бірінің ұсынысы бойынша Келісімге Тараптардың өзара келісімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар жеке хаттамалармен ресімделеді және қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

    10. Тараптар Келісімде көзделген, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне алған міндеттемелерді орындамаған жағдайда жауапты болады.

    11. Тараптар нақты мерзімдерін және орындауға жауаптыларды көрсете отырып, қабылданған міндеттемелерді іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлейді, оны Комиссия бекітеді.

    12. Комиссияның жұмыс тобы Келісімнің орындалу барысы туралы ақпарат дайындайды. Келісімнің орындалу барысын Комиссия жарты жылда бір рет қарайды.

    13. Тараптар облыстық үшжақты комиссияның қызметін және Келісімді іске асыру барысын жариялау мақсатында, бұқаралық ақпарат құралдарында әлеуметтік-еңбек қатынастары проблемалары мен қаладағы әлеуметтік еңбек қатынастарын дамытуға арналған материалдардың үнемі жарияланып тұруын қамтамасыз етеді.

    14. Келісім мәтіні облыстық «Орталық Қазақстан» және «Индустриальная Караганда» бұқаралық ақпарат құралдарында тараптармен ведомствалық және корпоративтік бұқаралық ақпарат құралдарында екі апталық мерзімде жарияланады.

    15. 2018 жылғы «28» мамырда Қарағанды қаласында 6 данада мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалды. Қол қоюға қатысушылардың әрқайсысында Келісімнің бір-бір данасы болады.


Осы қалалық келісімге қол қойғандар:

Атқарушы билік органдарының атынан:
Қарағанды қаласының

әкімі _____________ Н. Әубәкіров

Қалалық жұмысшылар бірлестіктерінің атынан:
Қарағанды қаласы

кәсіподақтарының үйлестіру

кеңесінің төрайымы, Қарағанды

қаласы Қазыбек би атындағы

ауданның білім беру жұмыскерлері

кәсіподағының төрайымы _____________ А. Рақышева

Қаланың кәсіпкерлер мен жұмыс берушілері атынан:
Қарағанды қаласының

кәсіпкерлері мен жұмыс

берушілерінің өкілі, Қарағанды

облысының кәсіпкерлер

палатасының адами капиталды

және әлеуметтік әріптестікті дамыту

бөлімінің бастығы ______________ Қ. Оспанова



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет