Қарағанды қаласы және оның тарихы қылқалам шеберлерінің на-зарынан сырт қалған емес



жүктеу 35.49 Kb.
Дата02.12.2017
өлшемі35.49 Kb.

Қала және қылқалам шеберлері

Қарағанды қаласына – 70 жыл

Қарағанды қаласы және оның тарихы қылқалам шеберлерінің назарынан сырт қалған емес. Қарағанды қаласы жөніндегі осы тарихи әңгіме П.Антоненканың «Аппақ Байжановты еске алу» атты картинкасында біршама нанымды бейнеленген. Сонымен қоса А.Байжанов образын Сейітмахан Қалмаханов шығармашылығынан да көруге болады. Бойында күш - қуаты тасыған жас жігіттің қолындағы көмірден болашақта осы даланың қайнаған өмірге толы қалаға айналатынын айтқысы келіп турғандай өсер аласың.

Бейнелеу өнері саласында суретшілер Қарағандының табиғаты мен өркін, өсу жолдарын өзіне тақырып етіп алды. Осындай суретшілердің қатарына алғашқылардың бірі болған П.Андриюкті атауға болады. Оның «Қарағанды 60 жылдары», «32 квартал», «Қарағанды 70 жылдарда», «Ашық күн», «Қарағанды пейзажы» туындыларынан Қарағалдының өсу-өркендеу кезеңдері мен қоса Арқа табиғатының өзіндік ерекшеліктерін көреміз.

Ескі қаланың көрінісін Г.Гилевский шахтерлер поселкесі мен түрлі нақышта шахта террикондары арқылы оның даму жолдарын ерекше шабытпен бейнелеген. Оның «Ескі Қарағанды» 0974), «Ескі террикондар», «Көне жерде» (1976) «Ескі шахта» (1978) шығармаларындағы түрлі айшықты нақыштар арқылы бейнеленген жұмыстары Қарағандының бұрынғы өмірінен мағлұмат беріп тұрғандай асер қалдырады.

Шахтерлер өмірі туралы белгілі Қарағанды суретшілері В.Шамшинның «Майқудық шахтасы», В.Шульганың «Шахта 38» сонымен қоса әуесқой суретші Г.Гилевскийдің шәкірті Ю.Шабониннің «Екі Қарағандының бір бурышы», П.Косаревтің «Шахта 37», М.Зиньковтың «Киров шахтасы» атты жұмыстарынан сонау 70 жылдардағы Қарағанды қаласының қайнаған еңбек жолдарын, өсу ерекшеліктерін көрерменге паш етеді. Бұл еңбектер бейнелеу өнері мұражайының алтын қорынан алды.

Саркис Манукович Саносян - өзінің монументальді индустриялық пейзаждарымен 80 жылдары әйгілі болған суретшілердің бірі. Оның «Магнитканың көрінісі», «Бірінші домна», «Магнитка», «Төртінші домна», «Қызыл домна» шығармалары бізге белгілі туындылар. Ал. «Ертіс-Қарағанды каналы» шығармасы адам еңбегін бейнелеген туындылардың бірі. С.Саносянның Қарағанды жері туралы «Көмір және қала», «Шахтерлер поселкесі». «Бірінші тік шахта» картиналары Қарағанды өмірінің қайнаған еңбек үстіндегі әрекетін паш етеді. «Ескі Қарағандының бір көрінісі», «Иесіз қалған уақыт» атты еңбектері жаңа мен ескіні яғни Қарағанды өмірі үнемі жаңару, жаңғыру үстінде екендігін көрсететін дүниелер. Сонымен қоса М. Абылқасовтың «Шет жақ», «Ескі қала ауданы» шығармалары қаламыздың өсу жолындағы ерекше бір ықыласты, ескі мен жаңаның арасындағы айырмашылықты еске түсіреді

Теміртау қаласына жақсы танымал Я.Подлесныхтың жұмыстарынан индустрияның өркендеу өсу жолдарын анық аңғарамыз. Оның «Магнитка жалыны», «Заводтар симфониясы» картинасынан қайнаған қызу еңбектің қарқынын көреміз.

Көп уақытқа созылған Қарағанды көрінісін С.Шкурацкидің «Қарағанды көмір бассейні» атты графикалық сериясынан айқын аңғаруға болады. Оның акварель мен салған туындыларынанда 60-80 жылдардағы Қарағанды өмірі мен көрінісін, жасампаз еңбектің шаттығын шабыттана көрсеткенін байқаймыз. «Кеншілер сарайы». «Гагарин алаңы», «Жазғы театрдың қысқы көрінісі», «Совет даңғылы», «Парктегі көлдің шеті» атты туындылары осының бұлтартпас айғағы. Бул шығармалардан біз суретшінің өз қаласына деген сүйіс-пеншілігін байқаймыз.

Белгілі суретші Қуаныш Есіркеевтің «Индустриялы пейзаж», «Қарағанды шахтасы» картиналарынан суреткерге тән устамды нақышты, рухани көзқарасты, қазіргі заманғы өмір шындығын аңғарамыз.

М.Жүнісовтың, Ю.Камеллиннің шығармаларынан туған қалаға, оның көркі мен өсу жолдарына деген көзқарастың жаңа қырларын байқаймыз. Ю.Камелиннің «Цирк келді», «Соңғы қыр»,«Ескі қала», «Майқұдық жолы», «Прмшахтинск жопы» т.б. шығарма-ларын қала көрінісінің ерекшеліктерін, табиғат көрінісінің әсемдігін суретшінің үлкен сезіммен шабыттана бейне-легенін көреміз. Ал М.Жүнісовтың «Көгілдір мезгіл», «Жаз туралы ой», «Қала мен ауыл» атты шығармалары Арқа жерінің ерекше көріністерін асқан сезіммен, өзіндік бір әуенмен бейнелеуді мақсат еткен. Суретші көбіне жолдарды бейнелеу арқылы өмір жолының ұзақ та қиын бұрылыстарын нәзік бояумен көрермен көңіліне жеткізуге тырысқан.

С.Шеголихиннің «Қарағанды қаласы», «Қарағандыдағы нөсер», «К.Станиславский театры алдында» картинкаларынан қала өмірі мен табиғат ерекшеліктерінің арасындағы уақыт тынысының байланысын көреміз.

Қала туралы тақырыпқа кейінгі урпақта өз үлестерін қосып, шығармаларына арқау етуде. А.Бегалиннің «Қыс», «Қарағанды қысы» шығарма-лары, М.Басаевтың акварельмен салынған «Сарыарқа қалалары Қарағанды және Астана» атты сериялы жұмыстарында жеңіл, нақышты әрі мөлдір де айқын реңтер арқылы арқа жерінің әсем көрінісін жаңа көзқараспен бейнелейді. Қазіргі Қарағанды көрінісін бейнелеуде И.Басаевтің «Каскад фонтаны» атты шығармалар сериясы Ас-тана қаласында өткен жастардың халықаралық «Шабыт фестиваліне» тарту етілді.



Демек, түрлі кезеңдерде де Қарағанды суретшілері өз шығарма-ларында туған қала тақырыбын көркем шығармашылықпен жалғастыра бермек.
Л.Золоторева,

Е.Бөкетов атындагы университеттің профессоры, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, Халықаралық өнертанушылар ассоциациясының мүшесі.
Каталог: irbis64r 01 -> Kraeved -> Oner
Kraeved -> Қазыналы құтты өлке Қарағанды облысының құрылғанына – 70 жыл
Kraeved -> Сәпен сағынышын, Сырбай сырын ақтарған той
Kraeved -> Қарағанды облыс орталығЫ
Oner -> Тәттімбет мұрагері күйші Тұрысбек Түсіпбеков
Oner -> 1815 Композитор, күйші, шертпе күй орындау шебері Тәттімбет Қазанғапұлының туғанына 190 жыл
Oner -> Туғалы таршылық көрмеген Ахмет байдың қызы Аққыз күйші кезінде күйді жасырынып тартыпты. Домбырасын қап­қа тығып, тезек теріп келем деген сылтаумен тау асып барып, күй тартып қайтады екен. Ақын-күйші, бай-мырза біткенді атып
Oner -> Кеңес Одағының халық артисі, композитор Сыдық Мұхаметжанов -шығармаларынан ұлттық музыка-ның исі аңқып тұратын дарынды-лардың


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет