Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі“ мм бастығы М.Қ. Құсаинова



жүктеу 245.58 Kb.
Дата05.12.2018
өлшемі245.58 Kb.

Бекітемін

Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар



бөлімі“ ММ бастығы

М.Қ. Құсаинова

2007 жыл



Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты


18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына мемлекеттік жәрдемақы тағайындау

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

1. Жалпы ережелер

1. 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына мемлекеттік жәрдемақы – бұл жан басына шаққандағы кірісі азық-түлік қапшығы мөлшерінен аспайтын отбасыларға төлететін ақшалай төлем.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» ҚР 28.06.2005 ж. №63-ІІІ Заңының негізінде көрсетіледі.

4. Осы мемлекеттік қызметті көрсететін мемлекеттік органның атауы: «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі



-

5. Аталған қызметті көрсету аяқталған соң 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына мемлекеттік жәрдемақы учаскелік комиссиялардың қорытындысымен төленеді.



ө. Мемлекеттік қызмет отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен болған жағдайда, балаларға арналған жәрдемақы алуға құқығы бар. Балаларға арналған жәрдемақы отбасындағы жұмысқа қабілетті ата-аналар (асырап алушылар) жұмыс істеу, күндізгі оқу бөлімінде оқу, әскер қатарында әскери борышын өтеу кезінде және жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгенде, сондай-ақ I және II топтағы мүгедектерді, сексен жастан асқан адамдарды, үш жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарға тағайындалады. 

7. Мемлекеттік қызмет көрсеткенде уақытпен шектеу мерзімі:

1) мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушының қажетті құжаттарды тапсыру сәтінен бастап (тіркеу, талонды алу және т.б. сәтінен бастап), электрондық өтінім тапсыру мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына мемлекеттік жәрдемақы отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысын есепке ала отырып, ағымдағы тоқсанға тағайындалады және өтініш берген айдан бастап ай сайын төленеді. Балаларға жәрдемақы алу құқығы тоқсан сайын табыс туралы анықтамаларды ұсыну арқылы расталады.

2) қажетті құжаттарды тапсыру (тіркеу, талонды алу және т.б. кезінде), электрондық өтінім қалыптастыру кезінде кезек күтудің максималды шекті уақыты 35 минут

3) құжаттарды алу кезінде кезек күтудің максималды шекті уақыты, мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі ретінде файлдың максималды шекті уақыты 20 минут.

8. Қызмет тегін көрсетіледі.

9. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы және қолжетімділігінің талаптары туралы ақпарат көздері ретінде мемлекеттік қызмет көрсету стандартын міндетті түрде орналастыру орны.

Қарағанды қаласы: Поспелов көшесі, 16, Архитектурная көшесі, 34, Дружба көшесі, 127, 22 ықшамаудан, 20 үй және Қарағанды қаласы әкімдігінің сайтында www karaganda-akimat.kz.

10. Мемлекеттік қызмет дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі – 9.00 сағаттан 18.00 сағатқа дейін. Түскі асқа үзіліс 13.00 сағаттан 14.00 сағатқа дейін. Алдын ала жазылу, жеделдетілген қызмет көрсету жоқ.

11.Мемлекеттік қызмет көрсетілетін азаматтар үшін ғимаратқа кіру есігінің алдында пандус орнатылған. Күту залы (вестибюль) орнатылған, үлгілер – қабырғада орналастырылған.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет құжаттардың, талаптардың (мысалы, өтініш берушінің электронды сандық қолтаңбасының болуы), соның ішінде жеңілдіктері бар тұлғалар үшін тізбесі.

  1. белгіленген үлгідегі өтініш;

  2. баланың туу туралы куәліктің көшірмесі;

  3. өтініш берушінің жеке куәлігінің көшірмесі;

  4. отбасының тұрғылықты орнын растайтын құжаттың көшірмесі;

  5. отбасы құрамы туралы мәліметтер;

  6. отбасы мүшелерінің табыстары туралы мәліметтер;


  7. Жеке қосалқы шаруашылығының болуы туралы мәліметтер;

  8. өтініш берушінің СТН, ӘЖК, жеке куәлігі, банктағы шоты;

  9. АХАЖ анықтамасы (егер жалғыз басты ана болса).

Отбасы құрамы және кірістер туралы мәліметтер белгіленген үлгідегі құжатты толтыруда көрсетіледі. Сонымен қатар, Сіз алған кірістер және зейнетақы мен жәрдемақылар құжаттармен расталуы қажет.

13. Мемлекеттік қызмет алу үшін мына мекен-жайларға хабарласу керек:

Қарағанды қаласы: Поспелов көшесі, 16, Архитектурная көшесі, 34, Дружба көшесі, 127, 22 ықшамаудан, 20 үй.

14. Қажетті құжаттар жоғарыда аталған мекен-жай бойынша бас маманға тапсырылады.

15. Құжаттарды тапсырарда тұтынушыға тіркеу нөмірі, күні, аты-жөні, тегі және құжатты қабылдағ,ан тұлғаның лауазымы көрсетілген талон беріледі.

16. 18 жасқа дейінгі баласы бар отбасыларға жәрдемақы тағайындалғаны жөніндегі хабараманы тұтынушы өзі жеке алады.



17. Орта есеппен жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінің құнынан жоғары болатын отбасылар үшін балаларға арналған жәрдемақы отбасындағы жұмысқа қабілетті ата-аналар (асырап алушылар) жұмыс істемесе, күндізгі оқу бөлімінде оқымаса, әскер қатарында әскери борышын өтемесе және жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелмесе, сондай-ақ I және II топтағы мүгедектерді, сексен жастан асқан адамдарды, үш жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналыспайтын отбасылардың мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы жоқ. Баланың өлімі және баланы толық мемлекеттік қамтамасыз етуге орналастыру төлем жүргізуді тоқтатудың негізі бола алады.

3. Жұмыс қағидалары


  1. 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына мемлекеттік жәрдемақы тағайындау бойынша мемлекеттік қызмет көрсететін мамандар өтініш берушілерге құрмет және ықылас, сыпайылық білдіруі, 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібі бойынша толық ақпарат беруі, өтініш беруші белгіленген мерзімде алмаған өтініш берушінің құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялығын қамтамасыз етуі керек.



  1. Жұмыс нәтижелері


Сапа және қолжетімділік көрсеткіштерінің мәндері кестесі




Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есептік жылдағы ағымдық мәні




1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1

Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі)

100%

96%

83%

1.2

Қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлес»)

100%

90%

85%

2. Сапасы

2.1

Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

100%

96%

88%

2.2

Құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс ресімдеген (жасалған аударымдар, есептер және т.б.) жағдайлардың % (үлесі)

100%

95%

87%

3. Қолжетімділік

3.1

Қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

100%

90%

83%

3.2

Тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі)

100%

90%

85%

3.3

Интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің ақпарат % (үлесі)

-

-

-

4. Шағымдану үдерісі

4.1

Қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі)

0,2%

0,3 %

0,4 %

4.2

Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың % (үлесі)

100%

93%

84%

4.3

Шағымдануының қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

100%

94%

82 %

4.4

Шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

100%

91%

83 %

5. Сыпайылық

5.1

Қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

100%

88%

83%

19. Тұтынушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі осы типтік стандарттың көшірмесіне сәйкес сапасы мен қол жетімділігі көосеткіштерімен өлшенеді.

20. Мемлекеттік қымзет көрсететін мемлекеттік органдар, мекемелер немесе басқа да субъектілердің жұмысының сапасы мен қол жетімділігі бойынша арнайы жұмыс топтарымен бекітіледі.


  1. Шағымдану тәртібі

21. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған мемлекеттік органдардан – мына мекен-жайлар бойынша ақпараттар алуға болады:

Қарағанды қ. Поспелов к-сі, тел. 567527, “Қарағанды қ. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдаралмалар бөлімі” ММ;

Ержанов к-сі, 47/3, тел.431680, - Қарағанды облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалр департаменті;

Қарағанды қаласы әкімінің аппараты, мекенжайы: Бұқар жырау даңғылы, 16, тел. 419213.

22. Шағымдарды мына мекен-жайларға беруге болады:

“Қарағанды қ. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдаралмалар бөлімі” ММ бастығына;

Қарағанды облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалр департаментінің директорына;

Қарағанды қ. әкіміне.

23. Қабылданған шағымдар Шағымдар журналына тіркеледі.




  1. Байланыс ақпараты

24. Өтініш беруші (сұраныс беруші, тұтынушы) бара алады:

«Қарағанды қаласының жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»

ММ бастығы М.Қ. Құсаиынова тел. 56-75-27 бейсенбі – 15.00-18.00

Бастықтың орынбасары А.Ө. Бағжанова тел. 56-03-10 дүйсенбі 15.00-18.00

сәрсенбі 15.00-18.00
Жоғары тұрған ұйым:


  • Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті – Ержанов көш., 47/3 тел. 43-16-80.

  • Қарағанды қаласы әкімінің аппараты – Бұқар жырау даңғылы, 16, тел: 41-92-13



Бекітемін

Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар



бөлімі“ ММ бастығы

М.Қ. Құсаинова

2007 жыл




Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты

Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды

материалдық қамтамасыз етуді тағайындау _____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


1. Жалпы ережелер

1. Үйде тәрбиелетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге құжаттар ресімдеу – үйде тәрбиеленетін және оқитын, денсаулығына байланысты мүгедек балаларды асырап отырған өтініш иелеріне жәрдемақы тағайындау және төлеу рәсімдері.


2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Аталған мемлекеттік қызмет «қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі ҚР Заңы, Қарағанды облыстық Мәслихатының ХІ сессиясының 17.03.2005 ж. №174 шешімінің негізінде көрсетіледі.

4. Осы мемлекеттік қызметті көрсететін мемлекеттік органның атауы:«Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі-

5. Мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын тұтынушылар материалдық қамтамасыз етіледі.

6. Қызмет мүгедек балаларға көрсетіледі.



7. Мемлекеттік қызмет көрсеткенде уақытпен шектеу мерзімі:

1) Материалдық қамтамасыз ету оны алуға құқық пайда болған сәттен бастап, бірақ өтініш берген сәттен бастап 10 күн.

2) қажетті құжаттарды тапсыру (тіркеу, талонды алу және т.б. кезінде), электрондық өтінім қалыптастыру кезінде кезек күтудің максималды шекті уақыты 35 минут

8. Қызмет тегін көрсетіледі.

9. Бекітілген соң мемлекеттік көмек алудың стандарты мына мекен-жайларда көрсетіледі:

Қарағанды қаласы: Поспелов көшесі, 16, Архитектурная көшесі, 34, Дружба көшесі, 127, 22 ықшамаудан, 20 үй және Қарағанды қаласы әкімдігінің сайтында www karaganda-akimat.kz.

10. Мемлекеттік көмек дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі – 9.00 сағаттан 18.00 сағатқа дейін. Түскі асқа үзіліс 13.00 сағаттан 14.00 сағатқа дейін. Алдын ала жазылу, жеделдетілген қызмет көрсету жоқ.

11. Мемлекуеттік көмек көрсетілетін азаматтар үшін ғимаратқа кіру есігінің алдында пандус орнатылған. Күту залы (вестибюль) орнатылған, үлгілер – қабырғада орналастырылған.



2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет құжаттардың, талаптардың (мысалы, өтініш берушінің электронды сандық қолтаңбасының болуы), соның ішінде жеңілдіктері бар тұлғалар үшін тізбесі.

1. белгіленген үлгідегі өтініш;

2. өтініш берушінің тұлғасын куәландыратын құжат;

3.тұрғын жайын растайтын құжат;

4. МСЭК көшірмесі (мүгедектер үшін);

5. Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысы;;

6.салық органдары берген салық төлеушінің тіркеу нөмірі;

7. зейнетақы төлеу орталығы берген ӘЖК;

8. қызмет көрсетілетін адамның банктік деректемелері;

9. туу туралы куәлігі (мүгедек баланікі).

13. Мемлекеттік қызмет алу үшін мына мекен-жайларға хабарласу қажет:

Қарағанды қаласы: Поспелов көшесі, 16, Архитектурная көшесі, 34, Дружба көшесі, 127, 22 ықшамаудан, 20 үй.

14. қажетті құжаттар “Қарағанды қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдаралмалар бөлімі ММ-не тапсырылады.

15. Құжаттарды тапсырарда тұтынушыға тіркеу нөмірі, күні, аты-жөні-тегі, құжатты қабылдаған тұлғаның лауазымы көрсетілген талон беріледі.

16. Мүгелек балаларға жәрдемақы тағайындалғаны жөніндегі хабарламаны тұтынушы өзі жеке барып алады.

17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтату немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту құжаттардың толық болмауы және әлеуметтік қызмет көрсетуге медицианалық қарсылық болып табылады.



3. Жұмыс қағидалары


  1. Үйде тәрбиелетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуді тағайындау бойынша мемлекеттік қызмет көрсететін мамандар өтініш берушілерге құрмет және ықылас, сыпайылық білдіруі, үйде тәрбиелетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуді тағайындау және төлеу тәртібі бойынша толық ақпарат беруі, өтініш беруші белгіленген мерзімде алмаған өтініш берушінің құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялығын қамтамасыз етуі керек.


Жұмыс нәтижелері
Сапа және қолжетімділік көрсеткіштерінің мәндері кестесі




Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есептік жылдағы ағымдық мәні




1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1

Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі)

100%

93%

84%

1.2

Қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлес»)

100%

92%

86%

2. Сапасы

2.1

Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

100%

95%

85%

2.2

Құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс ресімдеген (жасалған аударымдар, есептер және т.б.) жағдайлардың % (үлесі)

100%

90%

86%

3. Қолжетімділік

3.1

Қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

100%

91%

83%

3.2

Тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі)

100%

86%

82%

3.3

Интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің ақпарат % (үлесі)

-

-

-

4. Шағымдану үдерісі

4.1

Қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі)

0,2%

0,3 %

0,4 %

4.2

Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың % (үлесі)

100%

93%

87%

4.3

Шағымдануының қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

100%

90%

82 %

4.4

Шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

100%

90%

83 %

5. Сыпайылық

5.1

Қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

100%

86%

79%

19. Тұтынушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі осы типтік стандарттың көшірмесіне сәйкес сапасы мен қол жетімділігі көосеткіштерімен өлшенеді.

20. Мемлекеттік қымзет көрсететін мемлекеттік органдар, мекемелер немесе басқа да субъектілердің жұмысының сапасы мен қол жетімділігі бойынша арнайы жұмыс топтарымен бекітіледі.

Шағымдану тәртібі
21. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған мемлекеттік органдардан – мына мекен-жайлар бойынша ақпараттар алуға болады:

Қарағанды қ. Поспелов к-сі, тел. 567527, “Қарағанды қ. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдаралмалар бөлімі” ММ;

Ержанов к-сі, 47/3, тел.431680, - Қарағанды облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалр департаменті;

Қарағанды қаласы әкімінің аппараты, мекенжайы: Бұқар жырау даңғылы, 16, тел. 419213.

22. Шағымдарды мына мекен-жайларға беруге болады:

“Қарағанды қ. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдаралмалар бөлімі” ММ бастығына;

Қарағанды облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалр департаментінің директорына;

Қарағанды қ. әкіміне.

23. Қабылданған шағымдар Шағымдар журналына тіркеледі.


Байланыс ақпараты
24. Өтініш беруші (сұраныс беруші, тұтынушы) бара алады:

«Қарағанды қаласының жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»

ММ бастығы М.Қ. Құсаиынова тел. 56-75-27 бейсенбі – 15.00-18.00

Бастықтың орынбасары А.Ө. Бағжанова тел. 56-03-10 дүйсенбі 15.00-18.00

сәрсенбі 15.00-18.00


Жоғары тұрған ұйым:

  • Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті – Ержанов көш., 47/3 тел. 43-16-80.

  • Қарағанды қаласы әкімінің аппараты – Бұқар жырау даңғылы, 16, тел: 41-92-13

БЕКІТЕМІН

«Қарағанды қаласының жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар

бөлімі» ММ бастығы

________________М. Құсаиынова

2007 жылғы «____» ______________

Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты


Тұрғын үй көмегін тағайындау

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

І Жалпы ережелер.

1. Тұрғын үй көмегі – халықтың аз қамтылған топтарына тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және қалалық телекоммуникация желілері абонентерінің телефондары үшін көтерілген абоненттік ақыға кеткен шығындардың орын толтыратын өтемақы түрінде беріледі.


2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.

3. мемлекеттік қызмет көрсетуге негіз болатын нормативті құқықтық актітің атауы, бабы (тармағы) және баптың (тармақтың) мазмұны.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2006 жылғы 7 маусымда бекітілген Қалалық Мәслихаттың №13 «Қарағанды қаласынаң аз қамтылған азаматтарына тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін және қалалық телекомуникациялық желілер абоненттеріне телефон үшін абонементік төлемнің жоғарылауына өтемақы тағайындаудағы ережелер» шешімі.

4. Осы мемлекеттік қызметті көрсететін мемлекеттік органның атауы: «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ



-

5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті аяқталу нысаны: тұтынушы тұрғын үй көмегін алады.

6. Мемлекеттік қызмет тұрақты осы аймақта тұратын, аталған үйде тіркелген, отбасыда барлық адамдар жұмыс істейтін немесе оқитын, жұмыспен қамту бөлімінде есепте тұратын адамдар, егер олардың үйді ұстауға және коммуналдық төлемдерге шығындары әлеуметтік нормативтер бойынша отбасының жиынтық табысын 15% көп болатын отбасылар (азаматтар)

7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері.

1) мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған (тіркелген сәттен, талон алғаннан бастап және т.с.с.), электрондық сауал берген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

Тұрғын үй көмегі өтініш беру айынан 6 айға, әр тоқсан сайын отбасының кірісі және құрамы жайындағы мәліметтер көрсетілімімен тағайындалады.

2) қажетті құжаттаррды тапсырған кезде (тіркеу, талон алу кезде және т.с.с.) кезек күтуге, электрондық сауалды құрастыруда рұқсат берілген ең ұзақ уақыт:

сұраным беруге байланысты, бірақ 40 минуттан көп емес.

3) мемлекеттік қызмет жасалған кезде қажетті құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілетін ең ұзақ уақыт:



15 минут

8. қызмет тегін көрсетіледі

9. „ Тұрғын үй көмегін тағайындау “ мемлекеттік қызмет көрсету стандарты жұмыссыз адамдарде есепке қоятын орында Поспелов көшесі, 16, Архитектурная к-сі, 34, 2 қабат, Пришахтинск – 22 шағын ауданы, 20 үй орналасқан және Қарағанды қаласы әкімдігінің сайтында www karaganda-akimat.kz..

10. Жұмыс кестесі: дүйсебі, бейсенбі, сейсенбі күндері 9-дан 16 сағатқа дейін. Қызметтер алдын-ала жазылусыз, жеделдетілген қызмет көрсету жоқ.

11. Қызмет көрсету орнындарының жағдайы мүмкіндіктері шектелген азаматтар үшін ғимаратқа кіру есігінің алдында пандус орнатылған. Күту залы (вестебюль) орнатылған, үлгілер қабырғада ілінген.
ІІ Қызмет көрсету тәртібі

12. Өтініш беруші азамат мемлекеттік қызмет көрсетілу үшін мына төмендегідей құжаттар тізбесін тапсырады:

1) жеке куәлік (төлқұжат);

  1. салық төлеушінің тіркеу номері (СТН);

  2. пәтерге иелікті растайтын құжаттар

  3. азаматтарды тіркеу кітабы


5) өтініш беру кварталына дейінгі тоқсанға табыс туралы анықтама

- жұмыс істейтәндерге – жұмыс орнынан;

- оқитындарға – оқу орнынан;

- жұмыссыздарға – жұмыспен қаматмасыз ету бөлімінен

- кәсіпкерлерге -- салық комитетінен;

- алимент алушыларға – сот орындаушыдан не алименттік келісім;

6) отбасылық жағдай туралы құжат

- жалғыз басты аналарға – АХАЖ анықтама

7) тұрғын үйді ұстау үшін және коммуналдық қызметтер үшін тағайындалатын төлемдер туралы мәліметтер

-жылу беру, ыстық және суық сумен қамту, электроқамту туралы мәліметтер – электронды тасымалдаушыларда ЖШС «Қарағанды жылу сбыт», ЖШС «ЦКП» мекемелерінен.

- тұрғын үйді ұстау туралы мәліметтер- МПК және ПМПК анықтама;

- газ, телефонмен және қоқыс шығару қызметтерінің көрсетілгені туралы анықтамалар (квитанция)



13. Мемлекеттік қызмет көрсетілу үшін толтыруға қажетті бланктер беретін орын (өтініш үлгісі және т.б.):

„Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі“ ММ (Поспелов к-сі, 16 № 3 каб),қабылдау күн сайын 9-дан 16 сағатқа дейін (түскі үзіліс 13-тен 14 сағатқа дейін) Ж. Майқұдық Архитектурная к-сі, 34, 2 қабат, Пришахтинск – 22 шағын ауданы, 20 үй.

14. Аталған қызмет көрсетілу үшін жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша мамандарға тапсырылады.

15. Мемлекеттік қызмет көрсетілуі үшін тұтынушының қажетті барлық құжаттарды тапсырғанын растайтын құжаттар атауы мен үлгілеріне «Тұрғын үй көмегін тағаындау және төлеу өтемақысына азаматтардан қабылданған өтініштерді тіркеу» журналы жатады.

16. Тұрғын үй көмегінің тағайындалғаны және бас тартылғаны жөніндегі хабаралманы тұтынушы жеке алады.

17.Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру немесе мелекеттік қызметті ұсынудан бас тарту негіздерінің толық тізбесін көрсету.

Жеке меншігінде бір бірліктен көп тұрғын үйі (пәтер, үй) бар немесе тұрғын үйлерді жалға беретін отбасылар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады

ІІІ Жұмыс қағидалары

“Тұрғын үй көмегін тағайындау” Мелекеттік қызметін көрсететін мамандар тұтынушыларға сыпайылықпен қарауы кркек, көрсетілетін мемлекеттік қызмет тьуралы толық ақпарат беруі, тұтынушы құжаттарының ақпаратын сақталуын қамтамасыз етуі, қорғалуын және құпиялығын қамтамасыз етуі керек.


ІҮ Жұмыс нәтижелері

19. Тұтынушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі осы типтік стандарттың көшірмесіне сәйкес сапасы мен қол жетімділігі көосеткіштерімен өлшенеді.



20. Мемлекеттік қымзет көрсететін мемлекеттік органдар, мекемелер немесе басқа да субъектілердің жұмысының сапасы мен қол жетімділігі бойынша арнайы жұмыс топтарымен бекітіледі.

Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері:





Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдығы ағымдағы мәні




2

3

4

5

1. Уақытылығы

1.1

Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі)

100%







1.2

Қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлес»)

100%







2. Сапасы

2.1

Қызметті қсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

100%






2.2

Құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс ресімдеген жағдайлардың % (үлесі)

100%







3. Қол жетімділік

3.1

Қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

100%






3.2

Тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі)

100%






3.3

Интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің ақпарат % (үлесі)










4. Шағымдангу үдерісі

4.1

Қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі)

0,2%







4.2

Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың % (үлесі)

100 %










Шағымдануының қолданыстағы тәртібіне қанағатталған тұтынушылардың % (үлесі)

100%










Шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

100%







5. Сыпайылық

5.1

Қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың% (үлесі)

100%








Ү Шағымдану тәртібі
21. Мемлекеттік қызмет көрсетілмеген жағдайда тұтынушы (сұраныс беруші) уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған мемлекеттік органдан:

100008, Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Департаменті, Ержанов көш., 47/3.

Жоғары тұрған орган - Қарағанды қаласы Әкімінің аппараты, мекен-жайы: Бұқар Жырау көш., 16.

22. шағымдарды мына мекен-жайлар бойынша беруге болады:

«Қараағнды қ. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдаралмалар бөлімі» ММ бастығына;

Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Департаментінің директорына.

Қараағнды қ. әкіміне.

23. қабылданған шағымдар шағымдарды тіркеу журналына тіркеледі. Шағымдар «Жеке және заңды тұлғалардың өтініш-шағымдарын қарау тәртібі туралы» 2007 ж. 12 қаңтардағы № 221 ҚР Заңына сәйкес қаралады.


ҮІ. Байланыс ақпараты:
Тұтынушылар ( сұраныс беруші) бара алады: қабылдау сағаттары

«Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»

ММ бастығы М.К. Құсаиынова тел.564743 бейсенбі – 15.00-18.00

15.00 – 18.00 Бастық орынбасары А.Ө. Бағжанова тел. 560310 дүйсенбі 15.00-18.00

сәрсенбі 15.00-18.00


Жоғары тұрған мекеме:


  1. Қарағанды қаласы Әкімінің аппараты, мекен-жайы: Бұқар Жырау көш., 16.,




  1. Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Департаменті, Ержанов көш., 47/3.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет