Қарағанды филиалы қазақстан ұлттық банкі баспасөз релизі №5 2016 жылғы 05 наурыз



жүктеу 23.14 Kb.
Дата13.04.2018
өлшемі23.14 Kb.


ҚАРАҒАНДЫ ФИЛИАЛЫ

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ


БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ № 5

2016 жылғы 05 наурыз

Төлем карточкаларын пайдалана отырып, қолма-қол жасалмайтын есеп айырысулардың дамуы туралы
2015 жылғы 1 ақпанындағы жағдай бойынша төлем карточкаларын шығаруды іс жүзінде 26 екінші деңгейдегі банк және «Қазпочта» АҚ жүзеге асырады.

Аталған ұйымдар халықаралық жүйелердің төлем карточкаларын шығарады және таратады (олардың үлесі – 95,1%): VISA International, MasterCard Worldwide, American Express International және UnionPay International. Бұдан басқа Қазақстан банктері жергілікті жүйелердің төлем карточкаларын шығарады: Altyn Card – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ; SmartAlemCard – «Казкоммерцбанк» АҚ және Ситибанк Қазақстан жергілікті карточкасы - «Ситибанк Қазақстан» АҚ.

2016 жылғы 1 ақпанындағы жағдай бойынша банктер 16,6 млн. төлем карточкаларын шығарды, ал бұл карточкаларды ұстаушылар саны – 14,3 млн. адам болды (2015 жылғы осындай күнгі жағдаймен салыстырғанда – тиісінше 3,1% және 4,9% азаю). Ең қолайлы таралған карточкалар дебеттік карточкалар болып табылады, осы карточканың көмегімен карта ұстаушылары, тек осы карточканың шотындағы соманы ғана пайдалана алады, олардың үлесі 76,6%, кредиттік карточкалардың үлесі – 14,4%. Кредиттік лимиті бар дебеттік карточкалардың және алдын ала ақысы төленген карточкалардың үлесіне тиісінше 2,2% және 6,9% сәйкес келеді.

2016 жылғы қаңтарда қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған транзакциялардың көлемі 638,6 млрд. теңге болды (2015 жылғы қаңтар айымен салыстырғанда өсу 15,2%). 2016 жылғы қаңтар айында транзакциялар саны 21,0 млн. транзакция болды және 2015 жылғы қаңтар айымен салыстырғанда 14,0% ұлғайды. Бұл ретте қолма-қол жасалмайтын төлемдер санының және сомасының өсуі 33,4% (транзакциялардың саны 7,7 млн. транзакция болды) және 40,8% (транзакциялардың көлемі 97,5 млрд. теңге болды), ал қолма-қол ақшаны алу бойынша операциялардікті тиісінше 5,2% (транзакциялардың саны 13,3 млн. транзакция болды) және 11,5% (транзакциялардың көлемі 541,1 млрд. теңге) болды.

Қолма-қол жасалмайтын төлемдердің негізгі үлесі POS-терминалдар (қолма-қол жасалмайтын төлемдердің жалпы санынан және көлемінен 56,0% және 66,2%) және банкоматтар (тиісінше 13,0% және 12,7%) арқылы жасалды. Қолма-қол ақшаны беру операциялары негізінен банкоматтар арқылы жасалды (қолма-қол ақшаны беру бойынша операциялардың жалпы санынан және көлемінен 95,0% және 83,8%).

Қарағанды облысы бойынша 2016 жылғы 1 ақпанындағы жағдай төмендегідей:

- Айналымдағы карточкалар саны – 1146,9 мың бірлік.

- Карточка ұстаушыларының саны – 1019,9 мың адам.

- Қолданылған карточкалардың саны – 608,6 мың бірлік.

- POS – терминалдар саны – 6748 дана.

- Банкоматтар саны – 733 дана.

- Сауда кәсіпорындарының саны – 4169 бірлік.

- Банк киоскілерінің саны – 136 дана.

- Төлем терминалдарының саны – 1619 дана.

2015 жылдық қаңтар айында қолма-қол жасалмайтын есеп айырысулары 185,9 мың транз. сомасы 2836,6 млн. теңге, қолма-қол ақшаларды беру операцияларының саны 1116,5 мың транз. сомасы 41929,7 млн. теңге.





Каталог: file -> info
info -> 66 баспасөз релизі қаржы нарығындағы ахуал туралы
info -> 26 баспасөз релизі қаржы нарығындағы ахуал туралы
info -> Национальный банк
info -> 29 баспасөз релизі төлем ұйымдарына қойылатын талаптар туралы
info -> 28 баспасөз релизі төлем жүйелері операторларына қойылатын талаптар туралы
info -> Национальный банк
info -> 55 баспасөз релизі қаржы нарығындағы ахуал туралы
info -> Национальный банк
info -> Национальный банк
info -> 5 баспасөз релизі ескерткіш және мерейтойлық монетаны айналысқа шығару туралы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет