Қарағанды кеніші дегенде ең алдымен шахтер қауымының ерен еңбегі, олардың сыртқа шығарған тау-тау көмірінің көз алдыңызға келе



жүктеу 46.17 Kb.
Дата27.04.2019
өлшемі46.17 Kb.

Рекордтар мекені

Қазыналы қарашаңырақ

Қарағанды кеніші дегенде ең алдымен шахтер қауымының ерен еңбегі, олардың сыртқа шығарған тау-тау көмірінің көз алдыңызға келері анық. Қарағандының іргетасы қалана бастаған сонау 30-жылдардың басынан-ақ осы бір өндірісті өлкеге тән өнегелі дәстүр екпінді еңбек болған еді. Қай сала болмасын өз алдына міндет қойып, оны үнемі уақытынан бұрын, шапшаң орындап шығуға ұмтылып жатты. Олай етпейінше тыңнан жол салып жас шаһарды экономикалық жағынан өркендету де мүмкін емес еді.

Өткен күндер сорабына үңілер болсақ, Қарағанды өңіріндегі алғашқы табыстар мен рекордтардың тамыры тереңде жатқандығын аңдауымызға болады. Иә, Қарағанды топырағында әлденеше мәрте дүниежүзілік, одақтық рекордтар өмірге келді. Оны жүзеге асырып, өздерінің де, кеніштің де даңқын айдай әлемге танытқандар қарапайым еңбек адамы -шахтерлер болатын.

Стаханов қозғапысы Одақ көлеміңде қауырт дамып, баршадан қолдау тапқан 30-жылдары «рекорд» деген ұғым Қарағанды жұртына ұғынықты бола бастады. Ол бұған дейін ешкім де жетпеген межеге қол жеткізу, басқадан жақсы нәтижеге жету деген түсінік болатын. Кейінде тек спорттық термин ретінде қабылданып жүрген рекордты кезінде Қарағанды кеншілері таңсық көрген жоқ. Солардың арна басында есімі Қарағанды жұртына жақсы танымал ардақты азаматымыз, атағы барша Одаққа тарап тұрды. Түсекеңнің бригадасы отызыншы жылдардың екінші жартысында тамаша еңбек табыстарына қол жеткізе білді. Сол ерен еңбегінің нәтижесінде Қарағанды кенішінде алғашқылардың бірі болып Ленин орденін, одан кейін Еңбек Ерінің Алтын жұлдызын омырауына тақты.

Осы жерде рекордтар не үшін жасалады деген жалпы сауалға қысқаша жауап бере кеткен жөн. Қай өндіріс саласы болмасын үнемі өсіп, дамып, жетіліп отырады. Өндірістегі бүгінгі жоғары көрсеткішті ертеңгі нормаға айналдыру үшін үнемі ізденіс қалыптасады. Сол үшін жұмыстың неғұрлым тиімді әдістерін игеру, жаңа техникалар мен техноло-гияларды өндіріске тұрақты енгізіп отыру тәрізді жұмыстар қалыпты жүзеге асырылады.

Осындай ілгеріге ұмтылушылык. Ұлы Отан соғысы қарсаңында кеніште жаппай көрініс тапқан. Мұның өзі аз мерзім ішінде Қарағандының еліміздің үшінші көмір ошағы атануына да септігін тигізген. Өндіріліп жатқан мол көмір осы өңірде өндірістің басқа да салаларын дамытуға жол ашты. Қарағандының болашағына баршаның сенімін ұялатты. Әсіресе, ел басына күн туған қаһарлы соғыс жылдары шахтерлер еңбегі тың қарқынға ие болды. Оған басты себеп Отанға энергияның негізгі көзі саналатын көмірдің көп қажеттілігі болатын. Батыстағы іргелі кеніш жау қолында қалған тұста бар ауыртпашылық Кузбасс пен Қарағандыға түсті. Оны кеншілер жақсы түсінді. Ер азаматтар майданға аттанып, олардың орнын әйелдер мен жеткіншектер басқан сол бір қилы кезеңде де Қарағанды кеніші көмір шығаруды бір сәт төмендеткен емес. Сөзіміз дәлелді болу үшін мына бір көрсеткіштерді тағы бір қайталаудың еш артықтығы жоқ деп білеміз. Қарағаңцы кеніші 1942 жылы 7 млн. тонна, 1943 жылы 9,7 млн.тонна, 1943 жылы 10,9 млн. тонна, ал 1945 жылы 11,3 млн. тонна көмір өндірген. Мұны да өзіндік рекордтар деп қабылдаған абзал.

Қарағанды кеніштерінде ауыр қол еңбегін алмастыратын өнімді машиналар ойлап табуға деген ізденіс Ұлы Отан соғысы жылдарында қолға алынған. 1945 жылы № 31 шахтаның механигі С.Макаров өнеркәсіптік жағдайда кең алымды комбайн ойлап тауып, сынақтан өткізді, соның негізінде өнімділігі жоғары бірсыпыра машиналар шығарылды. Нәтижесінде жаңа рекордтар өмірге келді. Мәселен, 1957 жылдың қаңтарында №31 шахтадағы Е.Таушкин, В.Ким, И.Сова басқаратын бригадалар Бүкілодақтық рекорд жасады. Олар «Донбасс» кен комбайнымен бір ай ішінде 28025 тонна көмір өндірді.

1957 жылдың наурыз айы Қарағанды кенішінің гарихына тағы бір даңқты бет қосты. Осы айда №37 шахтада 31 жұмыс күнінде кең алымды «Донбасс» комбайнымен 31500 тонна көмір шығарылып, дүниежүзілік рекорд жасалды. Осы айтулы істі жүзеге асырғандар В.Мершавканың учаскесіндегі И.Попков, А.Мирошниченко, И.Дудовалов жетекшілік ететін бригадалардың аптал азаматтары болатын. Рекордты №31 және №37 шахтаның кеншілері қатарынан төрт жыл бойы 5 мәрте жаңартып (соңғы рет 1965 жылы наурыз айында 58200 тонна көрсеткішке қол жетті), өндірілген көмір мөлшерін үнемі молайтып отырды. Олардың көмір өндіру саласындағы қол жеткізген тамаша табыстары дүниежүзілік рекордтар ретінде әлемдік көмір өндірісінің тарихына алтын әріппен жазылып қалды.

Ал 60-шы жылдардың басында Қарағанды шахталарына Макаров комбайнының негізінде құрастырылған тар алымды техника келді. К-52М, 2К-52, К-58М, КШ-1 КГ және тағы басқа комбайндар тазарту забойларында кеңінен қолданыла бастады. Лаваларда механикаландырылған жылжымалы тіреулері бар комплекстерді енгізу еңбектің қауіпсіздігін арттыруға, қол еңбегін азайтуға, шахтерлердің еңбек өнімділігін еселей түсуге мүмкіндік берді.

Қарағандылықтар кен орындарындағы 60-70 жылдардағы өмірге келген республикалық, бүкіл-одақтық рекордтарды әлі ұмыта қойған жоқ. Ол еңбек табысының тамаша үлгісі, шахтер ісінің зор мүмкіндігі ретінде зерделерге сақталды.

Қарағанды кеніші сол жылдары жасампаз еңбектің талай жемісін көрді. №33/34 шахтаның А.Кан (1968 жылы мамыр айыңда 2К-52 комбайнымен 75344 тонна және 1970 жылғы наурыз, сәуір айларында 31 жұмыс күні ішінде 113 400 тонна көмір өндірілді), А.Романюта (1971 жылы наурыз айында 80050 тонна), «Михайловка» шахтасының О.Ишхнели басқаратын учаскенің қол жеткізген нәтижесі қарағандылық-тардың жадында. Михайловкалықтардың 31 жұмыс күні ішінде 177023 тонна көмір шығарған Бүкілодақтық үздік нәтижесін күні кешеге дейін бассейнде ешкім жаңарта алған жоқ.

Рекордтар - қажырлы еңбек, сонымен қоса сала инженер-техниктері мен ғалымдарының ақыл-рй ізденісінің нәтижесі. Соның арқасында тек көмір өндіру саласында ғана емес проходка қазуда да қарағандылықтар алдыңғы лектен көрініп отырды. 1965 жылғы наурыз айында Л.Дандзбергтің комплексті бригадасы «Қарағанды тау-кен машиналарын жобалау» институты жасап шығарған «Қарағаңды - 7/ 15 проходка комбайнының көмегімен 31 жұмыс күннің ішінде 1803 қума метр кенорнын жүріп өтті. Бұл дүние-жүзілік рекорд еді. 1966-1967 жылдары осы бригада атал-мыш комбайнмен рекордтық нәтижені 2280 және 2523 метр деңгейіне жеткізді.



Қарағанды кеніші өзінің даму, қалыптасу, өркендеу кезеңінде шын мәнісінде еңбек рекордтарының мекені болды. Сол дәстүр еліміз егемендік алған жылдарда да жанды жалғасын тауып отырғаны көңілге қуаныш ұялатады. Қарағанды кенші-лері өзінің даңқты еңбек дәстүрін Тәуелсіздік туы астында тың серпінмен жаңа қырынан түлетті. 2002 жылдың тамыз айында Костенко және Күзембаев атындағы шахталардың С.Мустивко және М.Бесперстов басқаратын учаскелері 31 жұмыс күні ішінде тиісінше 280415 және 250442 тонна көмір өндіріп, жаңа заманның жаңаша рекордын жасады. Ал сол жылғы қазан айында «Тентек» шахтасының В.Егоров басқаратын учаскесі рекордтуң деңгейін 412030 тоннаға дейін көтерді! Қажырлы еңбек, ілгеріге ұмтылыс, мол өнім шығаруға ұмтылыс жолындағы қарағандылық кеншілердің қалыпты еңбек дәстүрінің осылайша келер күнмен сабақтасып отырғаны көңілдерге жылылык. ұялатады.
Аман ЖАНҒОЖИН,

Ермағамбет ЛҮҚПАН.
Каталог: irbis64r 01 -> kraeved -> Karagandy tarihy
Karagandy tarihy -> Қазыналы құтты өлке Қарағанды облысының құрылғанына – 70 жыл
Karagandy tarihy -> Қарағанды облыс орталығЫ
Karagandy tarihy -> Күштеп ұжымдастыру, ашаршылық, репрессия, қанқүйлы соғыс сияқты ауыр кезеңдерді бастан кешкен халық
Karagandy tarihy -> Өндірісті өлкенің өркені
Karagandy tarihy -> Жат қолында Қазыналы қарашаңырақ
Karagandy tarihy -> 935 жылы Донбасс шахтері Алексей Стаханов толық емес бір ауысым ішінде тонна орнына 102 тонна көмір шауып, тамаша еңбек көр
Karagandy tarihy -> Қарағандының 30-шы жылдардың басындагы келбетін көз алдымызға келтіру қиын емес
Karagandy tarihy -> Сексенінші жылдардың ортасы-на қарай Қарағанды облысы мен оның орталығы өзінің экономикалық және әлеуметтік даму тарихында шыр
Karagandy tarihy -> Ақ пен қызыддар жан алысып, жан берісіп жатқан күндердің өзінде жаңа өкімет өз ретіңце ұлан-байтак
Karagandy tarihy -> Бїгінгі сјн-салтанаты жарасќан кґрікті ќала мен Орта-лыќ Ќазаќстандаєы индустрия алыптарыныѕ тарихына кґз жїгіртсек, олар жїзд


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет