Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ ауылының Саз мектебі филиалының домбыра сыныбының мұғалімі: Кульжамбекова Гульжан Абылкановна Тақырыбы: Домбырада шертпе күй ойнаудың әдіс -тәсілдері



жүктеу 41.3 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі41.3 Kb.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы,

Егіндібұлақ ауылының Саз мектебі филиалының домбыра сыныбының мұғалімі:

Кульжамбекова Гульжан Абылкановна
Тақырыбы: Домбырада шертпе күй ойнаудың әдіс -тәсілдері

Домбыра


Екі ішектің бірін қатты,

бірін сәл-сәл кем бұра.

Нағыз қазақ – қазақ емес,

Нағыз қазақ - Домбыра

Қ.Мырзалиев

Домбыра бүгінгі ұрпаққа орасан зор рухани жүгін арқалап жетті. Ақынға серік, жырауға жолдас, әншіге қолғанат болған бұл домбырадан қалған сөз, айтылмаған арыз аз шығар. Домбыра – аса биік деңгейге көтерілген кемел аспап.

Қазақ халқының қара домбырасы – бұл қарапайым аспап емес – бұл өмір шежіресі, халқымыздың ғасырлар бойы көрген қуанышын, азабы мен мұңын, көңіл сергітер музыка әуенімен ұрпақтан – ұрпаққа жалғастырушы - киелі дүние.

Қазақтарда ән күй орындаушылық , орындаушылық дәстүрлеріне байланысты домбыра аспабының бірнеше түрі кездеседі. Олардың көп түрлері ғана емес бұрауы, ішек пен саны жағынан әртүрлі болып келеді. Күй тартуда негізінен домбыраның екі түрі қолданылады. Батыс Қазақстан домбырасы, Арқа домбырасы. Арқа домбырасы 9 пернелі болып келеді. Шертпе күйлерді орындау барысында пернелерді саусақпен жылжыту арқылы орындаған. Домбыраның бар мүмкіндігін пайдалану үшін 19 пернелік батыс домбырасын қолдану музыкалық шығарманың өзіндік әсерін таныта білді.

Күй – қазақ халқының музыкалық мұраларының бірі. Қазақ тіліндегі «күй» сөзінің көне түркілік түркі мағынасы «көк» сөзімен мағыналас. Көк аспанда тәңірмен тілдесу деген сөзден шыққан.

Күй сазының екі түрлік әуендік тармағына байланысты халықтың өзі «шертпе күй», «төкпе күй» деп мәңгілік ат қойды. Әр дәстүр өз алдына бірнеше мектептерден тұрады. Шертпе күй мектебі 3-ке бөлінеді: Арқа, Қаратаулық, Жетісулық.

«Арқа» күйшілік мектебінің негізін қалаушы: Тәттімбет оның ізін басатын Тоқа. Аққыз, Әбкен Хасенов, Мағауия Хамзин. «Қаратау» күйшілік мектебін: Сүгір, Раздық, Әшекей, Төлеген Момынбеков т.б «Жетісулық» күйшілік мектебіне: Байсерке, Тіленді, Нұрғиса Тілендиев, Алтай, Қытай және моңғол қазақтарының күйлері жатады.

Шертпе күйлерде негізінен жалғыз дауыстылық басым болып күй тақырыбы әр ішекте кездесе жүреді. Күйдің дәстүрлі мектептеріне, орындаушылық ерекшеліктеріне байланысты оң қолдың 4 саусағынан (шынақтан) бастап бірінші сұқ саусаққа дейін бірінен соң бірін тізбектеп, қос шекте тек төмен ғана шерту керек.

Шертпе күйлер көбіне асықпай баяу, баппан орындауды, домбырадағы қос шекті алма кезек даралап шертуді, пернедегі вибрациялық толқынды қажет етеді.Тек осы айтылған тәсілде орындалса ғана ұғымға жеңіл, жүрекке жылы, көңілге қонымды болып шығады. Осындай әдіс тәсілі Тәттімбеттің, Сүгірдің т.б халық композиторларының күйлерінде қолданылады. Мысалы бірінен кейін бірін тізбектей шерте қағу ол Арқа күйшілік мектебіне тән. Ал оң қолдың 3 саусағын біріктіре,топтастыра қағу – ол Қаратау мектебінің әдісі. Мысалы Тәттімбеттің «Қос басар» күйін осылай топтастыра қақса, күй характерін жоғалтып алады.

Домбырада тартылатын күйлер оң қолдың қимыл – қозғалысына орай «қағып тарту»,«шертіп тарту»,«іліп тарту»деп аталатын негізгі 3 түрге бөлінеді.



Оң қолдағы әдіс тәсілдері

«Шертпе тарту», «көсіп тарту», «іліп тарту». «Көкей кесті» күйінде іліп тарту әдісі қолданылады. «Секіртпе тартуда» 1,2-саусақты пайдаланған ол «Әлқиса» күйінде кездеседі, бұл – Жетісу мектебінің ерекшелігі. «Ішімен тұту» әдісі ол «Сылқылдақ» күйінде пайдаланылады. «Сыртымен тұту»әдісі «Сылқым қыз» күйінде пайдаланылады. Оң қолмен тербеліс «вибрация» алудың мүмкіндігі «Көкейкесті» күйінде қолданады. «Сүйретпе» қағысты С.Тұрысбеков «Ақ жауын» күйінде қолданамыз. Нақтылап айтсақ төмен сұқ саусақ, төмен бармақ, жоғары сұқ саусақ ішімен алынады. Домбыраның мойынынан қағу тәсілі және тиектің артынан қағу ол Н.Тілендиевтың «Аққу» күйінде қолданамыз.




Оң қол саусақтарының аталуы:

Бармақ – б Б

Сұқ саусақ – 1 С

Ортаңғы саусақ – 2 О

Аты жоқ саусақ – 3 Ж

Шынашақ саусақ – 4 Ш

Оң қолдан жиі кездесетін қателіктер: оң қолды қатты ұстау, иығын көтеріп алу, түсіріп алу, саусақтарды шашыратып жіберу.

Сол қолдың қойылымы.

Орындау кезінде сол қол қойылымын тұрысы, саусақтардың ара қашықтығын сақтау, білек, шынтақ бас бармақты шашыратпай жинақы ұстау.Домбырада ойнау кезіндегі сол қол қойылымының мақсаты, орындауда саусақтардың еркін ауысуы. Аппликатура мен позиция дыбыс бояуын сол қолда дұрыс орындаудың басты шарты. Осы позицияларды меңгергенде ғана ойнау шеберлігі шыңдала түседі.Сонда дыбыс сапалы болады.

Сол қолда ішекті іліп тарту әдісі «Көңіл толқыны», «Бес жорға» күйлерінде, табиғи флажолет Сүгірдің «бес төре» күйінді қолданылады.

Әр өрнектердің барлығы нотаға жазыла бермейді сондықтан күйші осы өрнектің керек екендігін күйді ойнағанда өзі сезіне пайдалану керек. Мысалы, «Қаратау» шертпесінде нота (си,до) нотаға жазылады бірақ (до) нотасын басып ойнамайды, (си) нотасын саусақ пен тарту арқылы (до) нотасын шығарады.Осындай әдіс амалдарды пайдалану арқылы күй құдіретін тануға болады.Сол қол саусақтары әр мектепке тән қол қойылымымен ойналу керек, мектептерді дұрыс меңгермейінше, орындаушы деңгейі төмен болуы да сондықтан.

Мысалы шертпе күймен төкпе күйдің айырмашылығы шертпе күйде сол қол саусақтарын пайдалану әдістері көбінесе төкпе дәстүріндегідей болғанымен, оның айтарлықтай өзгешеліктері де бар.

Олар 1. Бұл дәстүрде 1,2,3 саусақтар жиі қолданылады.

2. 3,4 – саусақтар мен ішекті бір мезгілде қатар басу көп кездеседі..

3. Бас бармақ сирек пайдаланылады. Мысалы, «Қос басар» күйінде бір тактінің ішінде біршама әдіс амалдарды пайдалануға болады.



Орындаушылық өнердің тобықтай түйіні: екі қолдың жымдасқан үндестігіне күй тартудың көп ғасырлық тәжірибесінің арқасында кейбір әдемі әдіс- тәсілдер қалыптасты. Күй тарту шеберлігінің дәстүрі деп жылдар бойы қалыптасқан, кейінгі ұрпаққа мұра болып қалған тұрақты әдіс – тәсілдерді айтамыз.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Алтын күз Атырау облысы Атырау қаласы Махамбет ауданы Алға орта мектебінің Шағын орталық топ
2018 -> Ысқақова Айнұр Жанболатовқызы, СҚО, Ақжар ауданы, Айсары ауылы, «Айсары негізгі мектебі»
2018 -> Қуыршақты шомылдыру
2018 -> Жарманың өнімдерінің құрамында
2018 -> Мектеп: №46 жобб мектебі Мерзімі: 5. 01. 2018ж №7 Мұғалім Митанова г сынып «Г» Оқушылар саны 12 Тақырып
2018 -> Сабақ тақырыбы: «Дәнекерлеудің мәні қызметі және түрлері»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет