Қарағанды облысының білім басқармасы Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Келісілді Бекітемін



жүктеу 132.73 Kb.
Дата08.05.2019
өлшемі132.73 Kb.

Қарағанды облысының білім басқармасы

Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы

Келісілді Бекітемін

Қарағанды облысының Қарағанды облысының

ОӘО директорының ОӘО директоры

орынбасары

__________Б. Абдикерова _________ Г. Қожахметова

«___» ____________ 2015 ж. «___»___________ 2015 ж.

«БІЗДІҢ АЙНАЛАМЫЗДАҒЫ МАТЕМАТИКА»
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОБАСЫ

ҚАРАГАНДЫ 2015

Өзектілік

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудағы басым міндеттерінің бірі болып табылады.

Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағыттары Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жж. жасалған мемлекеттік бағдарламасында анықталған болатын, оның мақсаттарының бірі болып жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының азаматының интеллектуалдық, рухани дамуын қалыптастыру, оның мына өзгермелі дүниеге әлеуметтік бейімделуін және сәттілігін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады.

2012 жылы 25. 06 күні Қазақстан Республикасының үкіметінің №832 қаулысымен қабылданған 2012-2016 жж. оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша Ұлттық жоспарының 7-бөлімінің ІІ бабын іске асыру аясында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен «Таным» жобасы құрылып, іске асырылды. Жоба аясындағы зерттеу бағдарламасы білім беру сапасын көтеруге, функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған болатын, бұл білім беру саласындағы басым бағыт болып табылады.

Заманауи ғылым цифрлар мен дәйектерді біліп қана қоюды емес, ақпаратпен жұмыс істей білуді, берілгенді түсіну мен өңдеуді, жаңа нәтижелерді сараптауды, шаблонды емес есептерді шығара білуді талап етеді.

«Таным» жобасының аясында 5-сынып оқушыларының «математикалық сауаттылығын» зерттеу үрдісінде анықталған төмен нәтижелер біздің оқушыларда өзіндік ойлау және өзіндік өмірлік ұстанымды таңдаудағы белсенділік сияқты қасиеттердің жеткіліксіз қалыптастырылуының салдарынан болып шықты.

Математика бойынша тапсырмалар орындауда төмен сапа берудің негізгі себептерінің бірі-ол көпшілік тапсырмалардың мазмұнының математика курсында оқытылатын негізгі материалдармен байланыстың не әлсіз, не мүлде жоқ болуында. Қисынды байланысты берілген тапсырмалар мүлде төмен орындалған. Кей тапсырмаларда оқушылардан алынған жауапты түсіндіріп беру талап етілген імен. Және ол түсіндірулерге жоғары талаптар қойылмаған. Әйтсе де оқушылар толық түсіндіріп бере алмаған жағдайда бұндай сұрақтарды тастап кетіп отыруды жөн көрген.

Мектеп өзінің алдына негізгі мақсатты қоюы керек: балаларды динамикалық, өзгермелі әлемде өмір сүруге үйрету. Үнемі өз бетінше шешім қабылдай алатын, белсенді адамдарға деген қажеттілік өсіп отыр. Біздің өркениетті дамуының заманауи кезеңінде балаларға телегей-теңіз ақпарат құйылады. Осыншама ақпаратты қабылдап, өңдеп, қолдануды қалай үлгеру керек?

Жаңа оқушының жаңа басты тұлғалық сапасы болып, мектеп жағдайында
қалыптасатын белсенділік, шығармашылдық ойлауға және стандарттан тыс шешімдер табуға қабілеттілік болып табылады. Қазіргі таңда қоғамда білім берудің негізгі мақсатын түсіну жаңаша қалыптасқан. Бұл-мұғалім балада ең алдымен, оның әлемдік және ұлттық мәдениетке кіріктірілуін қамтамасыз ететін өзіндік даму қабілетін, белгілі бір құзырлылықтарын қалыптастыруды ойластыруы. Сауаттылықтың негізі бастауыш сыныптарды қаланатыны белгілі, онда тілдік іс-әрекеттің түрлеріне – жазуға, оқуға, әңгімелеуге, тыңдауға, есепке үйрету екпінді түрде жүреді, сондықтан жалпы оқу біліктерін дамыту (ұйымдастырушының, интеллектуалдық, коммуникативтік және бағалаушылық)- бұл функционалдық сауаттылыққа жол.

Функционалдық сауаттылық мектеп тәжірибесінде тұтас жүйе ретінде қалыптаспайды, әдетте, жалпы білім беретін мекемелер жалпы оқу біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыруға жұмыс істейді. Оқушылардың функционалдық сауаттылығының жаңа құрамды бөліктерін: коммуникативтік, компютерлік, экологиялық, экономикалық және т.б. қалыптастыруға жеткіліксіз көңіл бөлінбейді.

Оның үстіне, мұғалім өзі де табиғи сауаттылықты құрайтын құзырлылықтарға ие болуы керек. Сонда ғана мұғалім табиғи-ғылыми сауаттылық бойынша тапсырмаларды оқу үрдісінде мақсатты пайдалана алады және осындай тапсырмаларды өзі де құрастыра алатын болады. Оқытуда дәстүрлі әдіс-тәсілдерді ұстанатын мұғалімдердің көпшілігінде кәсіби құзырлықтың деңгейі жеткіліксіз, содан да олар бүгінгі таңда функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мәселесін тиімді шеше алмайды.

Оқытудың жаңа мақсаты - функционалдық сауаттылықты дамыту – тәрбиелеу мен дамытудың өзімізге жақсы таныс міндеттердің үйреншікті мағынасы тұрғысынан қабылданады. Оларды танымдық қызығушылықты қалыптастыру құралдары арқылы шешу өте тиімді. Олардың негізінде оқушылардың емес, сабақ үстінде негізгі және басты кейіпкер болып қала беретін мұғалімнің белсенділігі жатыр.



Гипотеза

Егер мұғалім үнемі бағыттар ретінде, өзінің функционалдық сауаттылығын жақсартатын болса:



  • теориялық дайындықты (лекциялар, семинарлар, әдебиетпен жұмыс, өзіндік математикалық құзырлылықты қалыптастыру);

  • практикалық дайындықты (әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану);

  • анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізуге деген ұмтылыс қалыптастыруды қолдана отырып, өзінің функционалдық сауаттылық деңгейін жүйелі көтеріп отырса, бұл бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығының даму деңгейін көтеруге және оларды орта буында оқытуға дайындық сапасын көтеруге мүмкіндік береді.


Жобаның мақсаты: төменгі сынып оқушыларының интеллектуалдық потенциалын, шығармашылық қабілеттерін және тұлғалық сапаларын дамыту бойынша бастауыш мектеп мұғалімінің жұмыс жүйесін құру.

Міндеттері:

  • оқушылардың математикалық сауаттылығын және математикаға қызығушылығын дамытудың заманауи жолдарын танып-білу;

  • бастауыш сынып оқушыларының стандартты емес ойлауын дамыту және қолдау әдістемесін әзірлеу;

  • бастауыш сынып оқушыларының мотивациялық, интеллектуалдық, математикалық және шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін қажетті жағдай туғызу;

  • бастауыш сынып оқушыларын шығармашылық ізденіс және жобалық жұмыстарға тарту;

  • бастауыш сынып оқушыларымен жұмыстың әртүрлі бағыттары бойынша іс-шаралар ұйымдастыру жалпы білім беретін мекемелер мен қосымша білім беретін мектептердің пәндік олимпиада, байқаулар, фестивальдар, зияткерлік ойындар, факультативтер мен үйірме жұмыстарын өткізу;

  • бастауыш сынып оқушыларын оқыту мәселелерінде мұғалімдердің педагогикалық мәдениетін көтеру.

Жобаны іске асыру мерзімі: 2015 жыл қараша – 2018 жыл мамыр.

Күтілетін нәтиже:

  • Функционалдық міндеттерді шешу үшін бастауыш сынып оқушыларын жақсы дайындау үшін мұғалімнің математикалық білімін кеңейту, тереңдету және жүйелеу.

  • Семинарлар, мастер-класстар жүйесі арқылы мұғалімнің өзіндік білім алуын жалғастыруына жағдай жасау, оларға математикаға қызығушылығы жоғары, стандарттан тыс ойлай алатын балалардың жеке қабілеттерін дамыту үшін әдістемелік көмек көрсету.

  • Оқушылардың зияткерлік ойындар мен байқауларға қатысуының нәтижелігін көтеру.

  • Бастауыш сынып мұғалімдерінің тәжірибе алмасуы үшін алаң құру.

Жобамен жұмыс жасау кезеңдері:

І кезең – дайындық кезеңі. Жобаны іске асыру жағдайларын бағалау. Жобаны бағалау критерийлерін жасау.

Кезеңнің міндеттері:

1. Жобаны іске асырудың тиімділігін бағалау критерийлерін әзірлеу.

2. Жобаны іске асыруды дайындау бойынша шығармашылық топ құру.

3. Семинарлар тақырыбын көрсете отырып, жобаны іске асыру бағдарламасын құру.

4. Әр семинар бойынша құжаттар пакетін әзірлеу.

5. Оқытудан өтетін жобаға қатысушыларды анықтау (аймақ, оқушылар мен мұғалімдер саны).


ІІ кезең – қалыптастырушы кезеңі. Жобаны іске асыру

Кезеңнің міндеттері:

1. Мына бағыттар бойынша семинарлар өткізу:



  • математика пәні бойынша оқушының функционалды сауаттылығын дамыту;

  • қисын және бизнес – математика негіздері;

  • математика пәні бойынша сыныптан тыс жұмыс және математика, технология мұғалімдерін, арнайы орта, жоғары оқу орындарының, қосымша білім беру мекемелерінің оқытушыларын тарта отырып, сабақтан тыс жұмыстар ұйымдастыру.

ІІІ кезең – жалпылау кезеңі. Жобаны іске асыру нәтижелерінің сапалық және сандық сараптамасы

Кезеңнің міндеттері:

1. Жобаға қатысушы мектептер үшін зияткерлік ойындар мен байқаулар өткізу үшін материалдар дайындау;

2. Жобаға қатысушы мектептердің бастауыш сынып мұғалімдері үшін пәндік олимпиада өткізу;

3. Жоба қорытындысы бойынша алдында әзірленген критерийлерге сәйкес бастауыш сынып мұғалімдерінің сапалық деңгейінің өзгерісін анықтау;

4. Диагностика, сараптама және алынған нәтижелерді жалпылау.

Қосымша 1

Бағдарлама мазмұны




Іс-шараның мазмұны

мерзімі

нәтиже

жауапты



Жоба әзірлемесі, материалдар дайындау, жобаны жүзеге асырудың уақыты мен мерзімі, қатысушылардың тізімін жасау

қазан-қараша

Жоба

Құжаттар пакеті




Г. Мукашева



Жобаны жүзеге асыруды қадағалау және жоба командасын қалыптастыру жөніндегі әдістемелік жетекшілердің орнату семинары

қараша

Құжаттар пакеті

Г. Мукашева



Мектеп бойынша қатысушыларды анықтау

қараша

бұйрық

Г. Мукашева



Жобаны іске асыруды дайындайтын шығармашылық топ құру

қараша

тізім

Г. Мукашева шығармашылық топ



Жобаның тиімділігін бағалау критерийлерін әзірлеу.

қараша

Критерии

Г. Мукашева шығармашылық топ



Қатысушылардың білім берудегі қажеттіліктерін зерттеу үшін диагностикалық құралдар әзірлеу

қараша

Диагности

калық құралдар



Г. Мукашева шығармашылық топ



Кешенді жоба қызметін дамыту мақсатында оның диагностикасы мен қорытындысына талдау жүргізу

қараша

талдау

Г. Мукашева Әдіскерлер

аудан /қалалық ББ





Аймақтағы жобаларды іске асыру жоспарларын әзірлеу

қараша

Іске асыру жоспары

Г. Мукашева

Әдіскерлер

аудан / қалалық ББ




Семинарға арналған құжаттар пакетін әзірлеу

қараша

Құжаттар пакеті

Г. Мукашева



Мектептердегі жобаға қатысушылармен семинарлар бөлімін жоба бағыты бойынша өткізу: математикалық бағытта оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру, логика және бизнес математика.

қараша - сәуір

Семинарлар

Г. Мукашева

О. Калинина






Математика, технология мұғалімдерін, орта және жоғары оқу орындары оқытушыларын, қосымша білім беру ұйымдарын оқытушыларын қатыстыра отырып математика бойынша сыныптан тыс жұмыстарын ұйымдастыру

қараша - сәуір



Іске асыру жоспары

Г. Мукашева

Әдіскерлер

аудан / қалалық ББ




Мектептердегі жобаға қатысушылар үшін зияткерлік ойындар мен жарыстар өткізудің материалдарын дайындау

қараша

Құжаттар пакеті

Г. Мукашева

Әдіскерлер

аудан / қалалық ББ




Мектептердегі қатысушылар үшін бастауыш сынып оқушыларына арналған зияткерлік ойындар мен жарыстар өткізу.

қаңтар

Ойын, жарыс материал

дары



Г. Мукашева Әдіскерлер

аудан / қалалық ББ





Бастауыш сынып оқушыларының жобалау және ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру

жыл бойы

жобалар

Әдіскерлер

аудан / қалалық ББ

Жобаға қатысушы мектептер




Мектептердегі математика бойынша пәндік апталықтар өткізу

ақпан

Құжаттар пакеті

Әдіскерлер

аудан / қалалық ББ

Жобаға қатысушы мектептер




Мектептердегі жобаға қатысушы бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған пәндік олимпиада өткізу

наурыз

Құжаттар пакеті

Г. Мукашева

Әдіскерлер

аудан/ қалалық ББ




Мұғалімдердің шығармашылық материалдар қорын қалыптастыру

-электронды әдістемелік материалдар



жыл бойы

Әдістемелік материал

дар


Г. Мукашева Әдіскерлер

аудан / қалалық ББ

Жобаға қатысушы мектептер




БАҚ жарияланымдарын ұйымдастыру

жыл бойы

мақалалар

Г. Мукашева

Әдіскерлер

аудан / қалалық ББ

Жобаға қатысушы мектептер





«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары» туралы педагог қызметкерлердің ғылыми-тәжірибелік конференциясы

наурыз

жинақ

ОӘО әдіскерлері



Жобаның іс-тәжірибелер нәтижесі бойынша аймақтық семинарлар

сәуір

Құжаттар пакеті, тұсаукесер, басылымға жариялау, талдау

Г. Мукашева Әдіскерлер

аудан / қалалық ББ

Жобаға қатысушы мектептер




Жылдық жоба нәтижесіне талдау

мамыр

талдау

Г. Мукашева Әдіскерлер

аудан/ қалалық ББ

Жобаға қатысушы мектептер




Математикалық құзыреттілікті дамытуға арналған тапсырмалар жинағын дайындау.

тамыз-қыр

күйек


Әдістемелік материал

дар жинағы



Г. Мукашева

рай/ қалалық ББ



Жобаға қатысушы мектептер


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет