«Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы» мм басшысы Н. Б. Рыстин 2015 жылғы 27 қаңтардағы



жүктеу 0.67 Mb.
бет1/5
Дата09.05.2019
өлшемі0.67 Mb.
түріКонкурс
  1   2   3   4   5


БЕКІТЕМІН

«Қарағанды облысының

ішкі саясат басқармасы» ММ басшысы

Н.Б. Рыстин
2015 жылғы 27 қаңтардағы

06 н/қ бұйрығы


Қарағанды облысының

үкіметтік емес ұйымдарының 2015 жылға арналған әлеуметтік-маңызды жобаларды орындауы бойынша қызметтерді (мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген) мемлекеттік сатып алу бойынша (ерекше тәртіпті қолдана отырып конкурс тәсілімен)



конкурстық құжаттама
Тапсырыс беруші – «Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы» ММ, 100008, Қарағанды қ. Әлиханов к-сі 13, ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті ММ, мекеме коды 2632303, СТН 302000228311, ББК 12, ЖИК KZ85070102KSN3001000, БЖК KKMFKZ2A, БЖН 021240002128.

Тапсырыс берушінің өкілі: Олейник Е. А. – Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы әкімшілік бөлімінің басшысы, тел. 425038, elena_dvp@mal.ru www.dvpko.kz.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы: «Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы» ММ, Қарағанды қ. Әлиханов к-сі 13, ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті ММ, мекеме коды 2632303, СТН 302000228311, ББК 12, ЖИК KZ730705022632303001, БЖК KKMFKZ2A, БЖН 021240002128.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі: Олейник Е. А. – Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы әкімшілік бөлімінің басшысы, тел. 425038, elena_dvp@mal.ru www.dvpko.kz.

Конкурстық құжаттаманың құны: Конкурстық құжаттама тегін ұсынылады.
1. Жалпы ережелер

1. Конкурс Қарағанды облысының үкіметтік емес ұйымдарының 2015 жылға арналған әлеуметтік-маңызды жобаларды орындауы бойынша қызметтерді көрсетушілерді таңдау мақсатында өткізіледі.



2. Тауарды мемлекеттік сатып алу жөніндегі осы конкурс (лот) үшін бөлінген сома, (ҚҚС есептемегенде) 12 975 360, 58 (он екі миллион тоғыз жүз жетпіс бес мың үш жүз алпыс теңге елу сегіз тиын) құрайды, оның ішінде лоттар бойынша:

лот №

Тауар атауы (жұмыс, қызметі)*

Конкурстық тәсілмен мемлекеттік сатып алуға бөлінген сомма (теңге)

1.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай елдің тарихи мұрасын танытуға бағытталған кешенді іс-шаралар ұйымдастыру

1785714,29

2.

Әлеуметтік дау-дамайлардың алдын алу бойынша іс-шаралар өткізу (ҚР «Медиация туралы» Заңын түсіндіру)

1562500,00

3.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арналған консультативтік қызметтің жұмысын ұйымдастыру

1542857,14

4.

Адам саудасының алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізу

714285,71

5.

Отбасы құндылықтарын насихаттау бойынша іс-шаралар өткізу

714285,71

6.

Тұтқында ұстау мекемелеріндегі, әлеуметтік типтегі мекемелердегі, күштеп емдеу мекемелеріндегі адам құқықтарының сақталуын және сыбайлас жемқорлық жолдарын тудыратын мүмкіндіктердің шарттарын айқындауды мониторингілеу бойынша іс-шаралар өткізу

1185714,29

7.

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы шеңберінде өңірлік іріктеуді өткізу

3041432,01

8.

Қарағанды облысының ҮЕҰ қызметін қолдау және мониторингілеу бойынша арнайы сайттың ашылуы

2428571,43



БАРЛЫҒЫ:

12975360,58

3. Осы конкурстық құжаттама мыналарды қамтиды:

  1. осы конкурстық құжаттаманың 1-қосымшасына сәйкес сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің тізбесі;

  2. осы конкурстық құжаттаманың 2-қосымшасына сәйкес белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманы, техникалық ерекшеліктерді қоса алғанда, сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің сипаты мен талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасы;

3) осы конкурстық құжаттаманың 3-қосымшасына сәйкес заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер;

4) осы конкурстық құжаттаманың 4-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметтер үшін әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтер;

5) осы конкурстық құжаттаманың 5-қосымшасына сәйкес әрбір өлшемнің пайыздық мәнін көрсете отырып, конкурсқа қатысушыны анықтау кезінде конкурстық комиссия ескеретін конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететін міндетті өлшемдердің тізбесі;

6) әлеуетті өнім берушінің бағалар кестесі (6-қосымша);

7) тауарларды/қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт (7-қосымша).

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етудің әрекет мерзімі конкурсқа қатысуға берілген өтінімнің өзінің әрекет мерзімінен кем бола алмайды.




  1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық
    құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілерге оның ережелерін түсіндіруі

4. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші 2015 жылғы 7 ақпанда сағат 15.00-ден кешіктірмей конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы жазбаша сұрау салумен өтініш білдіруге құқылы. Әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мынадай деректемелері бойынша жіберу қажет: 100008, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қ., Әлиханов к-сі, 13 «Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы» ММ, №413 каб.

5. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жауап беруге және сұрау салу кімнен келіп түскенін көрсетусіз конкурстық құжаттама ережелерін түсіндірулердің мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялауға міндетті.

6. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы 2015 жылғы 12 ақпанда сағ. 15.00-ден кешіктірмей жеке бастамашылығы бойынша немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген әлеуетті өнім берушінің сұрауына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге тиіс. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізу конкурстық құжаттаманы бекітудегі сияқты тәртіппен ресімделеді.

Енгізілген өзгерістердің міндетті күші болады және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы оларды конкурстық құжаттамаға өзгерістер бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтеусіз негізде конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген барлық әлеуетті өнім берушілерге жібереді. Бұл ретте конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерде осы өзгерістерді әлеуетті өнім берушілердің есепке алуы үшін кемінде он күнтізбелік күн мерзімге ұзартады.

Ұйымдастырушы енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялайды.

7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмелері берілген әлеуетті өнім берушілермен не олардың уәкілетті өкілдерімен конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін Әлиханов көшесі 13, №413 каб., 2015 жылғы 3 ақпанда сағ. 11.00 кездесу өткізеді.

8. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен кездесудің хаттамасын жасайды, онда әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы олардың көздерін көрсетпестен, ұсынылған сұратулары, сондай-ақ осы сұратуларға жауаптар көрсетіледі. Хаттама әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізілген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей конкурстық комиссияға және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама алған әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналында көрсетілген пошталық деректемелері бойынша конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген барлық әлеуетті өнім берушілерге жіберіледі.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен болған кездесу хаттамасының мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялайды.


  1. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді әлеуетті өнім берушілердің ұсынуы


Конкурсқа қатысуға өтінім
9. Конкурсқа қатысуға өтінім осы конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес тауарды беруді жүзеге асыруға (жұмысты орындауға, қызметтер көрсетуге) конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің келісім білдіру нысаны болып табылады.

10. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға беретін конкурсқа қатысуға өтінім мыналарды қамтуға тиіс:

1) әлеуетті өнім беруші 3-қосымшаға сәйкес толтырған және қол қойылған өтінімді:

2) әлеуетті өнім беруші оның жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін растау ретінде ұсынатын құжаттардың тізбесін:

құқықтық қабілеттілігін растайтын нотариалды куәландырылған құжаттар (заңды тұлғалар үшін);

заңды тұлға заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалдық куәландырылған көшірмесін ұсынуға тиісті.

заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшірмесі. Егер заңды тұлға қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген Үлгі жарғының негізінде жүзеге асырса, онда мемлекеттік тіркеу туралы өтінішінің нотариалды куәландырылған көшірмесі.

Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;

құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәлiметтердi қамтитын құрылтай құжаттарынан нотариалдық куәландырылған үзiндiсін (егер жарғыда құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәлiметтер қамтылмаған жағдайда) не конверттердi ашатын күннiң алдындағы бiр айдан кешiктiрiлмей берiлген акцияларды ұстаушылардың тiзiлiмiнен үзіндінің тұпнұсқасын;


  1. жобалық ұсынысты бағалау үшін жан-жақты ашып көрсетумен техникалық спецификацияны;

  2. конкурсқа қатысуға және конкурстық комиссияның отырыстарына қатысуға өтінімге қол қоюға әлеуетті өнім берушінің мүдделерін ұстанатын тұлғаға (тұлғаларға) сенімхат, әлеуетті өнім берушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысынан басқа.

Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыста көзделген көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу кезiнде әлеуеттi өнiм берушiлерге мынадай бiлiктiлiк талаптары қолданылмайды:
      1) төлем қабiлетiнiң болуы;

2) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелердi орындау үшiн жеткiлiктi материалдық және қаржы ресурстарына ие болу.

      Осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген норма бiр қаржылық жылдан асатын мерзiмге мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты iске асыру бойынша қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды өткiзу жөнiндегi конкурсқа қатысатын әлеуеттi өнiм берушiлерге қолданылмайды.
Конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар

11. Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тігілген түрде, нөмірленген беттерімен береді және соңғы бетіне оның қолымен, мөрімен куәландырылады.

Конкурсқа қатысуға өтінімнің техникалық бөлігі (тігілген түрде, нөмірленген беттерімен, соңғы беті әлеуетті өнім берушінің қолымен және мөрімен) куәландырылған түрде беріледі.

12. Конкурсқа қатысуға өтінімнің нысаны басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы, әлеуетті өнім берушінің мөрімен бекітілуі тиіс.

13. Конкурстық өтінімде әлеуетті өнім берушінің грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндірме, өшірілген сөздер немесе толықтырулар болмауы тиіс.

14. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен пошталық мекен-жайы (егер ол "кешікті" деп жарияланса, конкурсқа қатысуға өтінімді ашпаған күйінде қайтару мақсатында), мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекен-жайы, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың дәл атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: «Қарағанды облысының үкіметтік емес ұйымдарының 2015 жылға арналған әлеуметтік-маңызды жобаларды орындауы бойынша қызметтерді (мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген) ерекше тәртіпті қолдана отырып конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша САТЫП АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРС» және «2015 жылғы 17 ақпандағы сағ. 15.00 "ДЕЙІН АШПАҢЫЗ".


Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тәртібі

15. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қолма-қол немесе 100008, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Әлиханов к-сі,13 «Қарағанды қаласының ішкі саясат басқармасы» ММ мекен-жайы бойынша тапсырысты пошталық байланысты пайдалана отырып: 2015 жылғы 17 ақпанды қоса алғанда сағат 13.00-ге дейін Н.Б. Әлжаппаровқа береді.

16. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткеннен кейін алған барлық конкурстық өтінімдер ашылмайды және конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерде көрсетілген деректемелер бойынша оларды ұсынған әлеуетті өнім берушілерге не алғаны туралы қолхатпен әлеуетті өнім берушілердің тиісті уәкілетті өкілдеріне жеке өздеріне қайтарылады.

17. Әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері ұсынған конкурсқа қатысуға өтінімдерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының жауапты адамы ал тапсырыс беруші және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайларда конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, тиісті журналға тіркейді.

18. Осы конкурстық құжаттамада көзделген конкурсқа қатысуға өтінімдерді ресімдеуге қойылатын талаптары бұзылған конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер қабылданбайды және тіркелмейді.
Конкурстық өтінімдерді өзгерту және оларды қайтарып алу

19. Әлеуетті өнім беруші өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткенге дейін өзі енгізген қамтамасыз етуді қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін өзгертуі немесе қайтарып алуы мүмкін. Өзгеріс енгізу конкурсқа қатысуға өтінімнің өзі сияқты дайындалуы, желімделуі және ұсынылуы тиіс.

Конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама, әлеуетті өнім беруші заңды тұлға болып табылған жағдайда әлеуетті өнім беруші қол қойған және мөрімен бекітілген сатып алуды ұйымдастырушының атына еркін түрде жазылған өтініш түрінде ресімделеді.

Конкурсқа қатысуға өтінімге өзгеріс енгізу не конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу, егер оларды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін алған болса, жарамды болып табылады.

20. Конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғаннан кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайтарып алу сияқты, оларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

21. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада белгіленген конкурсқа қатысуға өтінімдердің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей нақты уақыт кезеңіне арналған өтінімнің қолданылу мерзімін ұзарту туралы әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуын жасауға құқылы. Әлеуетті өнім беруші мыналарды жоғалтпастан мұндай сұрау салудан бас тартуға құқылы:

1) оның конкурсқа қатысуға өтінімінің мерзімі ішінде конкурс тәсілімен жүргізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысу;

2) осындай өтінімнің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін ол енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтарып алу.

22. Әлеуетті өнім беруші конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға оның қатысуымен байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптама комиссиясы, сарапшы конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың нәтижелеріне қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді көтермейді.


  1. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді конкурстық комиссияның ашуы

23. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуды келген барлық әлеуетті өнім берушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен конкурстық комиссия Қарағанды қаласы, Әлиханов к-сі,13 «Қарағанды қаласының ішкі саясат басқармасы» ММ мекен-жайы бойынша 2015 жылғы 17 ақпанда сағ. 15.00 жүргізеді. Конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі мен конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу арасындағы кезең екі сағаттан аспауға тиіс.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының хабарландыруында (хабарламасында) және осы конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде және тәртіппен ұсынылған әлеуетті өнім берушілердің өтінімдер салынған конверттер ашылуға жатады.

Егер конкурсқа (лотқа) конкурсқа қатысуға арналған бір ғана өтінім ұсынылса, онда конкурсқа қатысуға арналған осы өтінім де ашылады және қаралады.

24. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсіміне қатысып отырған әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдері өздерінің қатысуын растай отырып, олардың өкілеттіктерін растайтын құжаттарды көрсетуге және әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналына тіркелуге тиіс (тіркеу орнын, күнін және уақытын көрсету қажет, бұл уақыт конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашатын уақыттан бұрын болуға тиіс, ал тіркеу орны конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімі өткізілетін орынмен бірдей болуға тиіс).

Әлеуетті өнім берушілер мен олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияға конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін жазу үшін пайдалануға ниет етіп отырған аудио және бейне жазбаның техникалық құралдары туралы хабардар етуге тиіс.

25. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған әлеуетті өнім берушілердің және оның уәкілетті өкілдерінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия хатшысының қызметіне араласуына жол берілмейді.

26. Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысында:

1) осы конкурстық құжаттамада ол туралы мәліметтер көрсетілген мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі ал тапсырыс беруші және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайларда конкурстық комиссияның хатшысы қатысушыларды мыналар туралы хабардар етеді:

- конкурстық комиссияның құрамы, конкурстық комиссияның хатшысы туралы;


конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілердің саны;

- әлеуетті өнім берушілердің бар немесе жоқ екендігі, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру жөніндегі әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізгені;

- конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу фактісінің бар немесе жоқ екендігі, сондай-ақ себептері;

- тиісті тіркеу журналына тіркелген конкурсқа қатысуға өтінімдерді белгіленген мерзімде ұсынған әлеуетті өнім берушілер;

2) конкурстық комиссияның өкілі не конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан төраға белгілеген тұлға:

- конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашады және өтінімде қамтылған құжаттардың тізбесін және олардың қысқаша мазмұнын жария етеді;

3) конкурстық комиссияның хатшысы:

- тиісті конверттерді ашу хаттамасын ресімдейді;

- әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілдерін конкурстық комиссия отырысының көрсетілген хаттамасының көшірмесін ала алатын мерзім туралы хабардар етеді.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының хаттамасына конкурстық комиссияның отырысқа қатысып отырған барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы әр бетіне қол қояды.

Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы хаттамасының көшірмесін конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысқан әлеуетті өнім берушілерге немесе олардың уәкілетті өкіліне конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы өткізілген күннен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей, ал қатыспағандарға - олардың жазбаша сұрауы бойынша сұрау алынған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылады.



  1. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдерді олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі мәніне конкурстық комиссияның қарауы және ықтимал тауар жеткізушіні конкурсқа қатысуға жіберу

27. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілердің арасынан біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтау және оларды конкурсқа қатысушы деп тану мақсатында конкурстық комиссия жүзеге асырады.

28. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия:

1) конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілерден конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда сұратуға;

2) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда сұратуға құқылы.

Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіруге байланысты сұратулары мен өзге де әрекеттеріне жол берілмейді. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіру деп конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімді жеткіліксіз құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге бағытталған әрекеттері түсініледі.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімді, егер онда ұсынылған өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап беретін деп қарайды.

29. Конкурстық комиссия мынадай жағдайларда әлеуетті өнім берушіні біліктілік талаптарына сәйкес емес деп таниды:

1) әлеуетті өнім берушінің және ол тартатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) біліктілік талаптарына сәйкестігін растауға арналған құжатты (құжаттарды) ұсынбаған не тиісті түрде ресімделмеген күйде ұсынған;

2) оның сәйкестігін растауға арналған құжаттарда қамтылған ақпарат негізінде біліктілік талаптарына сәйкессіздік фактісі анықталған;

3) біліктілік талаптары жөнінде жалған ақпарат ұсынған.

Әлеуетті өнім берушіні Заңның 9-бабының 1-тармағында және Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiнің 87-1, 87-2-тармақтарында көзделмеген негіздемелер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес емес деп тануға жол берілмейді.

30. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші, егер:

1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушы біліктілік талаптарына сәйкес емес деп айқындалса;

2) Заңның 6-бабының талаптарын, немесе оның қосалқы мердігері Заңның 6 бабының 1 тармағының 5), 5-1), 6) және 7) тармақшаларын бұзса;

3) конкурсқа қатысуға арналған оның өтінімі конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес емес деп айқындалса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

Егер әлеуетті өнім беруші осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген негіздемелер бойынша конкурсқа қатысуға жіберілмесе, онда:

конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада осындай әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімін кейінге қалдыру негіздемесі көрсетіледі;

Заңның 6-бабының талаптарын бұзған әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізіліміне енгізілуге жатады.

31. Әрбір техникалық ерекшелікті зерделеу нәтижелері бойынша әрбір жобалық ұсыныс жөнінде комиссия әрбір критерий бойынша бағалау парағына балл қойып шығады;

Әлеуетті жеткізушілерді конкурстық бағалық ұсыныстар ұсынуға жіберу тек қана олардың біліктілік талаптарына сәйкестігі мен конкурстық құжаттама талаптарына сай өтінім ұсынуына байланысты емес, сонымен бірге олардың №1 кестеде келтірілген өлшемдерге сәйкес ұсынған техникалық спецификациясына қанша балл жинауына да байланысты.

Мысалы, барынша жоғары балл жинаған (кем дегенде 28) жобалық ұсыныс немесе бірдей балл жинаған (кем дегенде 28) жобалық ұсыныстар конкурстың бағалық ұсыныстар кезеңіне дейін жіберіледі.

28 баллдан кем жинаған жобалық ұсыныс конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

Баллдарды есептеу былайша жүзеге асырылады: Барлық өлшемдер бойынша әрбір комиссия мүшесі қойған баллдар қосылып, алынған сома жобалық ұсыныстың бағасы болып саналады.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру бойынша мемлекеттік сатып алуды өткізу жөніндегі комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарастыру кезінде келесі әрекеттер жасайды:

1) олардың ұсынған қызмет көрсетулері конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін бекіту үшін әлеуетті жеткізушілер ұсынған құжаттарды олардың толықтығы мен дұрыс ресімделуіне өз құзыреті шегінде қарастырады.

Комиссия мүшелері әлеуетті жеткізушілер ұсынған қызмет көрсетулердің конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігіне қорытынды береді және 1-кестеде көрсетілген өлшемдер бойынша бағалау жүргізеді;

2) комиссия әрбір қарастырылған өлшем бойынша 0-5 балл аралығында балл көрсетумен әрбір техникалық спецификация бойынша бағалау парағын толтырады;

3) әлеуетті өнім берушілердің ұсынған қызмет көрсетулерінің конкурстық құжаттаманың бұлжымас бөлігі болып табылатын техникалық спецификацияға сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы қорытынды толтырады және қол қояды;

4) тиісті тәртіпте ресімделген қорытындыны ұсынады, сол сияқты әлеуетті өнім берушілердің құжаттарын конкурстық комиссияның хатшысына береді;

5) конкурстық комиссия аталған қорытындыны ескерумен конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарастырудың қорытындыларын шығарады.

Конкурстық комиссияның жобалық ұсыныстарға қорытынды бағалары (баллдары) шығу тәртібімен жалпы тізімге енгізіледі.

Конкурстық комиссияның шешімімен барынша жоғары балл санын жинаған жобалық ұсыныс немесе жоғары баллдардың бірдей санын жинаған жобалық өтінімдер конкурстың бағалық ұсыныстар кезеңіне жіберіледі.

6) егер бағалық ұсыныстар конкурсына бір өтінім жіберілген жағдайда, конкурс өткізілген болып саналады және өтінімді одан әрі қарастыру Ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.

32. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап он жұмыс күнінің ішінде қарайды (күрделі техникалық сипаттамалары мен ерекшеліктері бар тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізген жағдайда, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайда осындай өтінімдерді қарау мерзімі конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап отыз күнтізбелік күнге дейінді құрауы мүмкін). Конкурстық комиссия өтінімдерді қарау қорытындыларын шығарады және жоғарыда көрсетілген мерзімде тиісінше конкурсқа қатысуға рұқсат ету хаттамасын жасайды.

Конкурстық комиссия өзінің шешімін конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамамен ресімдейді және күнін, уақытын, конкурсқа қатысуға рұқсат етілген әлеуетті жеткізушілерге ұсынылатын орынды, конкурстық бағалық ұсыныстарды анықтайды.

Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға рұқсат ету туралы хаттамаға қол қойған күннен бір жұмыс күнінен кеш емес мерзімде қол қойылған хаттама мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсына орналастырады.

Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешімі Заңның 45-бабында белгіленген тәртіппен шағымдалуы мүмкін.


  1. Каталог: files -> files
    files -> Аннотация
    files -> Отчет на расширенном заседании коллегии Минобороны России об итогах деятельности за 2014 г.
    files -> Ереже модульдік білім беру бағдарламаларының жасалымы туралы
    files -> "Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендері мен оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеу, оларға сараптама, сынақ өткізу және мониторинг жүргізу
    files -> Ереже ects тәртібі бойынша кредиттерді қайта тапсыру туралы е шқму 014-15 Екінші басылым
    files -> Мазмұны: Информатиканың философиялық негіздері. Ақпараттың жалпы теориясының бастаулары. Информатиканың математикалық негіздері. Ақпараттық модельдеу негіздері. Информатиканың семантикалық негіздері


    Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет