Қарағанды облысының су қоймалары акваториясында, оның iшiнде Қарағанды облысының әкiмшiлiк шекаралары шегiндегi Балқаш көлiнде шағын өлшемдi кемелердi және олардың тұрағы үшiн базаларды



жүктеу 45.47 Kb.
Дата19.05.2018
өлшемі45.47 Kb.

Қарағанды облысының су қоймалары акваториясында, оның iшiнде Қарағанды облысының әкiмшiлiк шекаралары шегiндегi Балқаш көлiнде шағын өлшемдi кемелердi және олардың тұрағы үшiн базаларды (құрылыстарды) пайдалану Жергiлiктi ережесiн бекiту туралы

Қарағанды облысы әкiмдiгiнiң 2011 жылғы 2 ақпандағы N 04/01 қаулысы. Қарағанды облысы Әдiлет департаментiнде 2011 жылғы 8 ақпанда N 1889 тiркелдi


"Орталық Қазақстан" 2011 жылғы 15 ақпандағы N 25 (21020); "Индустриальная Караганда" от 15.02.2011 г., N 18 (21032)

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 1999 жылғы 30 қарашадағы N 849 бұйрығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының iшкi су жолдарында жүзу ережелерiне (1999 жылғы 24 желтоқсанда N 1009 нөмiрiмен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде тiркелген), Көлiк және коммуникация министрiнiң 1998 жылғы 10 тамыздағы N 172 бұйрығымен бекiтiлген Шағын өлшемдi кемелердi және олардың тұрағы үшiн базаларды (құрылыстарды) пайдалану ережелерiне (1998 жылғы 1 қыркүйекте N 591 нөмiрiмен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде тiркелген) сәйкес және облыстың су қоймалары акваториясында шағын өлшемдi кемелердiң қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында, Қарағанды облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:


      1. Қарағанды облысының су қоймалары акваториясында, оның iшiнде Қарағанды облысының әкiмшiлiк шекаралары шегiндегi Балқаш көлiнде шағын өлшемдi кемелердi және олардың тұрағы үшiн базаларды (құрылыстарды) пайдалану Жергiлiктi ережесi қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      2. Қарағанды облысы әкiмдiгiнiң "Қарағанды облысының су қоймалары акваториясында, оның iшiнде Қарағанды облысының әкiмшiлiк шекаралары шегiндегi Балқаш көлiнде шағын өлшемдi кемелердi және олардың тұрағы үшiн базаларды (құрылыстарды) пайдалану Жергiлiктi ережесiн бекiту туралы" қаулысының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Т.С. Рақымбековке жүктелсiн.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енедi.

      Қарағанды


      облысының әкiмi                            С. Ахметов

Қарағанды облысы әкiмдiгiнiң


2011 жылғы 2 ақпандағы
N 04/01
қаулысымен бекiтiлдi

Қарағанды облысының су қоймалары акваториясында, оның iшiнде
Қарағанды облысының әкiмшiлiк шекаралары шегiндегi Балқаш
көлiнде шағын өлшемдi кемелердi және олардың тұрағы үшiн
базаларды (құрылыстарды) пайдалану
ЖЕРГIЛIКТI ЕРЕЖЕСI

1. Жалпы ережелерi

      1. Осы Қарағанды облысының су қоймалары акваториясында, оның iшiнде Қарағанды облысының әкiмшiлiк шекаралары шегiндегi Балқаш көлiнде шағын өлшемдi кемелердi және олардың тұрағы үшiн базаларды (құрылыстарды) пайдалану Жергiлiктi ережесi (бұдан әрi – Ереже) меншiк түрiне және азаматтығына қарамастан, барлық заңды және жеке тұлғалардың орындауы үшiн қажеттi шағын өлшемдi кемелердi және олардың тұрағы үшiн базаларды (құрылыстарды) пайдалану тәртiбiн белгiлейдi және Қарағанды облысының су қоймалары акваториясында, оның iшiнде Қарағанды облысының әкiмшiлiк шекаралары шегiндегi Балқаш көлiнде шағын өлшемдi кемелердiң қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қызмет етедi.


      2. Шағын өлшемдi кемелердiң кеме иелерi мен кеме жүргiзушiлерi осы Ереженi орындауға және Қазақстан Республикасының су көлiгi саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн, сондай-ақ нормативтiк құжаттарын басшылыққа алуға, шағын өлшемдi кемелердiң қауiпсiз жүзуiн қамтамасыз етуге, суда адамдармен бақытсыздық жағдайлардың алдын алуға, қоршаған ортаның ластануын жiбермеуге тиiстi.
      3. Осы Ереженiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Техникалық байқаудан өткiзу үшiн, барлық шағын өлшемдi кемелер iске қосылғанда және одан әрi пайдалану кезiнде Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерiнiң кеме қатынасы қауiпсiздiгiне бақылау жасауға жауапты қызметкерiне Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 1998 жылғы 10 тамыздағы N 172 бұйрығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының шағын өлшемдi кемелерiне техникалық қадағалау жүргiзу жөнiндегi нұсқаулығына сәйкес ұсынылуға тиiстi.

2. Кеме иелерiне, кеме жүргiзушiлерге және демалыс аймақтарының иелерiне койылатын жалпы талаптар

      5. Кеме жүргiзушiлер мен кеме иелерiне 16 жасқа толмаған, сондай-ақ, алкоголь, есiрткiге мас болған, жүйке ауруына шалдыққан тұлғаларға кеменi басқаруға және кеменi жүргiзудi ұсынуға жол берiлмейдi.


      6. Зардап шеккендердi құтқаруға қолданылатын шағын өлшемдi кемелер мен өзге де құралдардан басқа, шағын өлшемдi кемелер мен басқадай жүзу құралдарын жағажайға, адамдардың көптеп шомылатын жерлерiне 100 метрден жақын жерде пайдалануға жол берiлмейдi.
      7. Адамдардың шомылу аумағынан тыс жерлерде шағын өлшемдi кемелердiң өтуi үшiн, "ДӘЛIЗ АУМАҒЫНДА ШОМЫЛУҒА ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН!" деген ескерту және шектеу белгiлерi бар, айқын түстi буйлар немесе вехалармен қоршалған енi 10 метрден, ұзындығы 100 метрден кем емес дәлiз жабдықталған болуы тиiс.
      8. Шомылуға арналған жерлер акваториясында, үрмелi серуендеушi жүзу құралдарын, сонымен бiрге ұшу құралдарын (парашют), сондай-ақ аталған құралдарды сүйретуге арналмаған кемелермен сүйреуге жол берiлмейдi.
      9. Демалыс аймағының иелерi немесе әкiмшiнiң мiндетiн атқарушы тұлға:
      1) навигация кезеңiнде 09 сағат 00 минуттен 21 сағат 00 минутке дейiн шағын өлшемдi кемелердi пайдалануды қамтамасыз етуге;
      2) кемелердiң тұрағы үшiн базаларды (құрылыстарды) белгiлеуге және жабдықтауға;
      3) тұрақты және үздiксiз телефон немесе радио байланысты қамтамасыз етуге;
      4) алғашқы медициналық жәрдем көрсету бөлмесiн ұйымдастыруға және жабдықтауға;
      5) су қоймасы акваториясында тұрақты бақылау жүргiзуге құтқару бекеттерiн жабдықтауға;
      6) қолайлы жерде, судағы қауiпсiздiк ережелерiн сақтау жөнiнде ақпараты бар стендтердi орнатуға;
      7) шомылу аумағы акваториясының сыртына шағын өлшемдi кемелердiң өтуiне дәлiз қамтамасыз етуге;
      8) бортында тиiсiнше маркировкасы бар, шағын өлшемдi құтқару кемесiнiң болуын қамтамасыз етуге;
      9) Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық бөлiмшесiнде жүргiзу нысаны келiсiлген Пайдалануды есепке алу журналын жүргiзу жолымен, шағын өлшемдi кемелердiң қауiпсiз пайдаланылуын бақылауға тиiстi.
      10. Пайдалануды есепке алу журналы нөмiрленген және тiгiлген болуы тиiс, онда:
      1) шағын өлшемдi кеме басқарушының тегi, аты-жөнi және шағын өлшемдi кеменi басқару құқығы берiлген куәлiк нөмiрi;
      2) қызмет көрсету күнi, уақыты;
      3) осы Ережемен таныстыру жөнiнде нұсқаулық жүргiзiлгенi көрсетiлген болуы тиiс.
      11. Екi және одан да көп демалыс аймақтарының иелерi кемелерiне ортақ тұрақ базаларын жабдықтауына жол бередi.
      12. Су көлiгiне байланысты көлiк оқиғасы болған және жарақат алған жағдайда кеме жүргiзушiлер, кеме иелерi және демалыс аймақтарының иелерi немесе әкiмшiнiң мiндетiн атқарушы тұлға кiдiрместен iшкi iстер органдарына, жедел жәрдем медициналық қызметiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық бөлiмшесiне хабарлауға тиiстi.
      13. Осы Ереженi бұзған тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет