Қарағанды облыстық МӘслихатының



жүктеу 405.76 Kb.
бет1/7
Дата02.02.2018
өлшемі405.76 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7


ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫ

Қызметтік пайдалану үшін




ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ

МӘСЛИХАТЫНЫҢ


V шақырылымының

XV есессиясының

ШЕШІМДЕРІ

( 05 маусым 2013 жыл )




Қарағанды облыстық мәслихатының


ШЕШІМІ
Қарағанды қ XV сессия 05 маусым 2013 жыл
155

Хатшылық туралы



Облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Бесінші шақырылған облыстық мәслихаттың кезектен тыс он бесінші сессиясының хатшылығы келесі құрамында сайлансын:
1. Естифеев Сергей Николаевич – №26 Осакаров сайлау округінен депутат;
2. Сәрсекенов Асқар Садықұлы – №17 Солнечный сайлау округінен депутат;

3. Вольф Наталья Васильевна – облыстық мәслихат аппаратының бөлім бастығы.




Қарағанды облыстық мәслихатының


ШЕШІМІ
Қарағанды қ XV сессия 05 маусым 2013 жыл
156

Есеп комиссиясы туралы



Облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Бесінші шақырылған облыстық мәслихаттың кезектен тыс он бесінші сессиясының есеп комиссиясы келесі құрамында сайлансын:
1. Поляков Александр Владимирович – №22 Шахан сайлау округінен депутат;
2. Жарылғапов Ғазым Жарылғапұлы - №35 Атасу сайлау округінен депутат;
3. Шимпф Александр Яковлевич - №39 Топар сайлау округінен депутат.

Сессия төрағасы М. Шамбұлов

Қарағанды облыстық мәслихатының


ШЕШІМІ
Қарағанды қ XV сессия 05 маусым 2013 жыл
157

Облыстық мәслихаттың

XV сессиясының күн тәртібі туралы

Облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

Бесінші шақырылған облыстық мәслихаттың кезектен тыс он бесінші сессиясының күн тәртібіне келесі мәселелер енгізілсін:


1. Б.Қ. Жұмабековті бесінші шақырылған облыстық мәслихаттың хатшысы қызметінен босату туралы;

2. Облыстық мәслихаттың депутаты Б.Қ. Жұмабековтің депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы;

3. Бесінші шақырылған облыстық мәслихаттың хатшысын сайлау туралы;

4. Қарағанды облысы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістерге келісу туралы;

5. «Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның құрамын бекіту туралы»;

6. Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның құрамын бекіту туралы;

7. Қарағанды облысының қала құрылысы Кеңесінің құрамын бекіту туралы;

8. Тұрғын халық денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі облыстық үйлестіру кеңесінің құрамын бекіту туралы;

9. Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және кадрлар дайындау бойынша Кеңесінің құрамын бекіту туралы;

10. Қарағанды облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастикалық комиссияның құрамын бекіту туралы;

11. Облыс әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы;

12. Облыс әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттесу жөніндегі Кеңестің құрамын бекіту туралы;

13. Бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің құрамына өзгерістер енгізу туралы.

Сессия төрағасы М. Шамбұлов

Қарағанды облыстық мәслихатының


ШЕШІМІ
Қарағанды қ XV сессия 05 маусым 2013 жыл
158

Б.Қ. Жұмабековті бесінші шақырылған

Қарағанды облыстық мәслихатының

хатшысы қызметінен босату туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 19 бабының негізінде облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

- № 2 Бұқар жырау сайлау округінен депутат Б.Қ. Жұмабеков оның басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы қызметінен босатылсын.


Сессия төрағасы М. Шамбұлов

Қарағанды облыстық мәслихатының


ШЕШІМІ
Қарағанды қ XV сессия 05 маусым 2013 жыл
159

Облыстық мәслихаттың депутаты

Б.Қ. Жұмабековтің депутаттық

өкілеттігін мерзімінен бұрын

тоқтату туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 20 бабы, 3 тармағының, 1) тармақшасы және №2 Бұқар жырау сайлау округі бойынша депутат Б.Қ. Жұмабековтің депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы облыстық сайлау комиссиясының ұсынысы негізінде, облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1. №2 Бұқар жырау сайлау округі бойынша депутат Б.Қ. Жұмабековтің Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалуына байланысты депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылсын.


Сессия төрағасы М. Шамбұлов

Қарағанды облыстық мәслихатының


ШЕШІМІ
Қарағанды қ XV сессия 05 маусым 2013 жыл
160


Бесінші шақырылған Қарағанды

облыстық мәслихатының

хатшысын сайлау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 19 бабының негізінде облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

- бесінші шақырылған Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы болып №5 Студент сайлау округінен депутат Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлы сайлансын.


Сессия төрағасы М. Шамбұлов


Қарағанды облыстық мәслихатының


ШЕШІМІ
Қарағанды қ XV сессия 05 маусым 2013 жыл
161


Қарағанды облысы әкімдігінің

дербес құрамындағы өзгерістерге

келісу туралы
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағының 5) тармақшасына, облыс әкімінің 2013 жылғы 04 маусымдағы №65ө өкіміне сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

- Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Бейсембай Қуанышұлы Жұмабековті, «Қарағанды облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ-нің басшысы Арман Қалқаманқызы Ахметованы Қарағанды облысы әкімдігінің құрамына енгізу және Б.Әбдіғалиұлын, Қ.Ғ.Шорманбаевты құрамнан шығару туралы Қарағанды облысы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістер келісілсін.




Сессия төрағасы М. Шамбұлов

Облыстық мәслихаттың хатшысы Н. Дулатбеков



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет