«Қарағандылық жасөспірімдер мен жастардың жетім балаларға деген көзқарасы туралы» әлеуметтік зерделеудің қорытындысына шолу



жүктеу 68.09 Kb.
Дата23.02.2018
өлшемі68.09 Kb.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН

ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІ


«Қарағандылық жасөспірімдер мен жастардың жетім балаларға деген көзқарасы туралы» әлеуметтік зерделеудің қорытындысына

ШОЛУ

Қарағанды 2009




Kіріспе
Әлеуметтік жетімдік - қоғамдағы ата –ана қамқорлығынсыз қалған және ата-ана құқығынан айырылған, ата-анасын жарамсыз деп тану, хабарсыз кеткен т.с.с. жағдайдаларды қамтитын әлеуметтік құбылыс. Әлеуметтік жетімдік, балалардың қараусыз және панасыздығы, бүгінгі күнгі Қазақстанның және ерекше Қарағанды қаласының проблемасы болып табылады. Соңғы жылдар ішінде қалыпты өмірден шеттетілген балалар саны өсуде. Осы бағыттағы әр түрлі ведомствалық қарастырмалар тұрғындардың көзқарасын зерделеу арқылы әлеуметтік жетімдіктің қайнар көзін анықтау, және бұл мәселелердің практикалық шешімін табуды талап етеді.

Осы мақсатпен Қарағанды қаласының жетім балаларды тәрбиелеудің болашақта бағалау мақсатымен жасөспірімдер мен жастар қатынасын анықтауда әлеуметтік зерттеу жүргізілді. Зерттеу сұрақ-сауал әдісімен жүргізілді. Іріктеу көлемі – 116 адам, орта мектеп оқушылары -71 адам, колледж студенттері 45 адам.

Сауалнамаға қатысушылардың жетім балаларға қарым-қатынасын аймақтық жастардың жалпы әлеуметтік көңіл-күйінің мінездемесінен көрініс табады, солардың қатарында шыдамдылық, өз құрдастарының тағдырына жеке қатысу.
Зерттеудің бағыты, мақсаты мен міндеті
Бағыты: қарағандылық жасөспірімдер мен жастардың жетім балаларға қарым – қатынасының бастапқы деректерін жинақтау және бағалау
Мақсаты: мақсатты топтардың жетім балалар мәселесі жайлы көзқарасын саралау
Міндеттері:


  • Балалар үйінде тәрбиеленушілерге жасөспірімдер мен жастардың шыдамдылық деңгейін зерделеу

  • жасөспірімдер мен жастардың әлеуметтік жетімдік мәселесін шешу жұмыстарына жеке тартылуын анықтау.



Бастапқы ақпаратты жинау әдістерін сипаттау
Сауалнама технологиясы

Сауалнама әдісі – сұрақ-сауал жүргізу

Сауалнама орны

  • Жалпы орта білім беретін мектептер

  • Колледждер



Мақсатты топтар

Орта мектеп оқушылары – 71 адам

Колледж студенттері – 45 адам

Сауалнама әдісі 5 мамыр, 2009 жылы жүргізілді.




  1. Сауалнамаға қатысушылардың балалар үйінде тәрбиеленуші балалар жайында хабардар болуы.

Сауалнамаға қатысушылардың барлығы іс-жүзінде балалар үйінде тәрбиеленуші (98 %) құрдастары жайлы хабардарлығының жоғарғы дәрежесін көрсетті.


  1. Мақсатты топтардың аймақтағы әлеуметтік жетімдік мәселенің көкейкестілігін бағалау және пікір алысуы.

Сауалнамаға қатысушылардың басым бөлігі (85%) жетім балалар мәселесін біздің қоғамда аса маңызды деп санайды. 13% маңызды, бірақ ең әуелгі емес, 2% бұл мәселенің қоғамға маңыздылық деңгейін анықтай алмады.



  1. Сауалнамаға қатысушылардың жетімдер үйінде тәрбиеленушілердің құқықтық жағдайына ұстанымдары мен пікірлері.

Сауалнамаға қатысушылардың негізгі көпшілігі (45%) жетім балалардың құқықтық статусын анықтауда қиналды. 15% қатысушы жетім балалар құқықтарын қорғау жағдайына көңіл толмайтынын білдірді. Тек әр 5 – ші жағдайда жетім балалар құқықтарын қорғау қанағаттанарлық баға береді. Балалар үйінде тәрбиеленушілердің құқықтарын қорғау мәселесінде анық пікірге келе алмаған қатысушылар 20%.

Осындай жағдайда сауалнамаға қатысушылар пікірінше аймақтағы жетім балалар құқықтарын қорғау толық жағдайда сақталмаған.




4. Сауалнамаға қатысушылардың балалар құқтарын қорғау және оларға көмек беру жөнінде көзқарастары.
Сауалнамаға қатысушылардың басым бөлігі (86%) балалар үйі тәрбиеленушілеріне мемлекет көмек көрсету қажет деп есептейді. 40% оларға туыс – туғандары қамқор болу керектігін айтады. Қоғамдық мекемелердің жетім балаларға көмек көрсету керектігін сұралғандардың 14% айтты. Сауалнамаға қатысушылардың 11% кіші және орта бизнес өкілдеріне жетім балаларға көмек көрсетуге шақырды; 10% өз еркімен келгендер.
5. Сауалнамаға қатысушылардың жетім балалармен қарым – қатынас тәжірибесі.

Зерттеу нәтижесі көрсеткендей сұралушылардың 65% жетім балалармен қарым – қатынас жасасқан. 25% ондай тәжірибесі жоқ, 10% жауап беруден бас тартты. Бұл мәліметтер сауалнамаға қатысушылардың жетім балалар жайында хабардарлық мәліметтеріне жатады.


6. Сауалнамаға қатысушылардың жетім құрбы-құрдастары жайлы түсінігі

Сауалнама мәліметтері бойынша жасөспірімдер мен жастардың жетім құрбы - құрдастары жайлы бұқаралық ақпарат құралдары, балалар үйінде тәрбиеленуші балалармен жеке қарым – қатынасы арқылы түсініктерінің қалыптасқандығын айтты. Сұралғандардың 46% жетім балалар басқа балалардан айырмашылығы жоқтығын айтса, 31% басқа көзқараста, 16% жетім балалардың жеке тұлғалық қасиеттерін анықтауға қиналады. 7% жауаптан бас тартты.


7. Сауалнамаға қатысушылардың құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасау мүмкіндіктері.

Балалар үйіндегі құрбы - құрдастарымен қарым – қатынас жасау, дос болу, білім алу, мүмкін деген адамдар 75%. Бұндай жағдай мүмкін емес дегендер 15%, 5% ойланбағандығын айтты. Қалған сауалнамаға қатысушылар жауаптан бас тартты.

Берілген мәліметтер бойынша жасөспірімдер мен жастардың жетім балалармен қарым-қатынас жасау және білім алу мүмкіндіктері жайлы көзқарастарының оң екені жайлы қорытынды жасалды.
8. Сауалнамаға қатысушылардың жетім балаларға көмек көрсетуге жеке қатысуында ұстанымдары мен пікірлері

Әр бір үшінші сұралушы жетім балаларға көмек көрсетуге дайын екендігін айтса, 30% жауап беруден бас тартты. Теріс жауаптардың болмауына қарап, сауалнамаға қатысушылардың жетім балалар мәселесіне ынтасын білдірді.


9. Сауалнамаға қатысушылардың жетім балаларға көмек көрсету мүмкін жолдары жайлы пікірі

Сауалнамаға қатысушылар пікірінше көмек көрсетудің тиімдісі 32%, жетім балаларға көмек көрсету шараларына қатысу. 13% сұралушы жүйелі түрде балалар үйіне барып тұруға ықылас білдірсе, 16% материалдық көмек көрсету, 10% жазғы демалыс және мерекелерге шақыруды таңдады. 6% жетім балаларға ақыл - кеңесші бола алатындығын , ал 2% жауаптан бас тартты. Бұл жауаптардың маңыздылығы сауалнамаға қатысушылардың әлеуметтік көмек себептерін әлеуметтік жетімдік мәселесінің белгілі деңгейде мойындалуына куә бола алады.


10. Сауалнамаға қатысушылардың жетім балалар мәселесін шешу мүмкіндіктері жайлы пікірі

Сауалнамаға қатысушылардың 35 % ата – аналары тәрбие функцияларын орындамаған жағдайда түбегейлі шешім қабылдау яғни – жазалауды ұсынды.

Сұралғандардың 17% жетім құрдастарына деген толеранттық қарым – қатынасқа шақырды. 22% мұғалімдерді балалар үйінде тәрбиеленушілерге сапалы білім беруге, ал мектептерде оларды қарапайым оқушы ретінде қабылдауға ұсыныс айтты.

Айрықша қызықты ұсыныстар жергілікті мемлекеттік билік мекемелеріне қатысты. Сұралғандардың 42% ең дұрысы жетім балалар құқықтарын қорғау, оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету, жұмысқа орналасуын қадағалау, отбасыларына орналастыруды ұсынды.

29% сұралғандардың пікірі бойынша жетім балалардың қалыпты үрдісіне қоғамдық ұйымдардың қатысуы шарт. Олар жетім балалардың материалдық, бос уақытта және демалыс уақыттарында, құқықтық, ақпараттық және әлеуметтік көмек жағынан қамтамысыз ету жұмыстарына қосылуы керек.

Алынған мәліметтер сауалнамаға қатысушылардың әр түрлі бірлестіктердің жетім балалар саулығына және әлеуметтік жетімдіктің алдын алу шарттарына жауапкершілігі жеткілікті деңгейде екендігін көрсетеді.


Қорытынды
Өткізілген зерттеу нәтижесінде келесілер анықталды:

  • Аймақ жастары мен жасөспірімдері балалар үйінде тұратын балалар мәселесі маңызды және шешімін табу қажет.

  • Сұралған жасөспірімдер мен жастар балалар құқықтары мен мәртебесі жайлы анық пікір айтпады.

  • Сауалнамаға қатысушылардың басым бөлігі жетім балаларға мемлекет тарапынан көмек берілуі қажет деп санайды.

  • Сауалнамаға қатысушылардың жетім балаларға деген шыдамдылық деңгейін олардың жетім балалармен қарым – қатынас жасауға, бірге білім алуға оң пікірі қалыптасқандығын көрсетеді.

  • Сауалнамаға қатысушы жастар мен жасөспірімдердің жетім балаларға көмек көрсетудің әлеуметтік маңызды себептері және әлеуметтік жетімдік мәселесін қабылдаудың белгілі деңгейі қалыптасқаны анықталды.

  • Әлеуметтік жетімдіктің алдын – алу шарттарын және түрлі бірлестіктердің жетім балаларға жауапкершілігі жайлы айтарлықтай деңгейде хабардар.

Осындай жағдайда зерттеу материалдарынан тәжірибеге негізделе отырып, аймақтық жастар мен жасөспірімдердің жетім балаларға деген оң көзқарасы және балалар үйінде тәрбиеленушілер мәселесіне шешуде өздерінің негізгі ойы расталды.

Осыған сәйкес, зерттеу нәтижелері бойынша сауалнамаға қатысушылар жетім балалар мәселесін талқылауда білім, құқық қорғауға байланысты көзқарастары бар және қызығушылық білдіріп отырғаны жайлы қорытынды жасалғанын көруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет