Қарағандының 30-шы жылдардың басындагы келбетін көз алдымызға келтіру қиын емес



жүктеу 48.09 Kb.
Дата20.12.2018
өлшемі48.09 Kb.

Донбастан түскен десант

Қазыналы қарашаңырақ
Қарағандының 30-шы жылдардың басындағы келбетін көз алдымызға келтіру қиын емес. Жат қолында болып, жырақта тұрған, жұпыны екі- үш шахтасы мен жеркепе үйлері ғана бар кеніштің тірлігі мәз емес еді. «Новый мир» журналы өзінің 1932 жылғы №1 санында атап өткеніндей, жүмысшылар мен инженер-техник қызметкерлер баспана тосып, жер кепелерде, киіз үйлерде сығылысып тұрып жатты. Бірақ жүмыс бір сәт тоқтамады. 1931 жылдың орта түсында 16 көлбеу шахта іске қосылып, жылдың екінші жартысында тағы 12 шахтаның негізі қаланды. Кен инженері Н.Финкельштейн мен профессор А.Гапеевтің Қарағандының жер асты байлығы қанша деген тақырыптағы «За индустриализацию» газеті беттеріндегі (28.12. 30 ж. және 5.01.31 ж.) пікірталасына үн қосқан «Қазақ көмір құрылысы» тресінің басқарушысы К.Горбачев осы газет бетінде Қарағанды кенішін дамытудағы өз ой - пікірін білдіреді. Оның мақаласы «Ірі немесе ұсақ шахта» деп аталады. Білікті басшы шахта салу ісінде өзінің Донбастағы Кадиевкада істеген жылдары көңіліне тоқыған тың шешімді ұсынады. Ол бойынша жер бетінен көмір қабатының құлама бойымен көлбеу оқпан тартылады, сөйтіп, забойлар ашылады да, ұсақ шахталар бір-бірімен қосылып, ортақ тік оқпан төменнен жоғары қарай қазылады. Мұндай әдіспен әдеттегі 5 жылдың орнына шағын шахта жарты жылдан кейін-ақ, іске қосылып, көмір бере бастайды. Қарағандының жағдайында және Орталық партия комитетін 1931 жылғы 15 тамыздағы қаулысында қойылған қауырт мерзімді орындау үшін бұл аса тиімді шешім еді. Және Арқаның суық та ұзаққа созылатын қысына қарсы тұратын қолайлы шара болды. Өйткені жұмыс негізінен жер астында жүргізіледі.

Дегенмен жаңа көмір ошағының аяқтанып кетуі орасан зор қиындықтарға тап болды. Өндірістік және тұрғын үй базасы жоқ болатын. Темір жолмен әлі жалғасқан жоқ. Сусыз шөлейт далада адамдардың тұрмысы ауыр болды. Сонымен қатар басты проблеманың бірі көмір бассейнін білікті шахтер кадрларымен қамтамасыз ету еді. Міне, осы бір аса қиын сәтте Қарағандыға көмірлі Донбасс қол үшін берді. Өздерінің съезінде олар Қарағанды бассейнін қамқорлыққа алды. Ал Қарағанды кеншілері болса, К.О.Горбачевтің басшылығымен донбастықтарға мынадай хат жолдады:

«Донбасс шахтерлері! Кеншілердің Бүкіл украиндық съезінде көмір үшін күресте революциялық тәжірибесібар, пролетариаттың озық отряды - Сіздер бізді қамқорлыққа алдыңыздар, сондықтан да, біз , Қарағанды шахтерлері, Сіздерге мыналарды айтамыз. Сіздер бізге барлық бағытта -партия, кәсіподақ, әкімшілік- техникалық. мәселелер жөнінде көмектесіңіздер. Бізге іскер большевиктер - ұйымдастырушылар жіберіңіздер, ондаған маңдай алды инженерлер мен техниктер беріңіздер. Бізге маманданған жұмысшылардың ерікті отрядымен көмектесіңіздер. Бізге кен мастерлері, кен монтерлері, забойшылар, тіреушілер, жол және шахта слесарьлары, шахта электриктері керек. Бізге жүздеген маман шахтерлер жіберіңіздер.

Біз өз тарапымыздан сіздерге 100 қазақ жігітін жібереміз. Сіздер оларды мамандандырыңыздар, шахтерлік бақылауларыңызға алып, үйретіңіздер.

Сіздердің тәжірибеңізді, Сіздердің біліміңізді, Сіздердің екі ревлоюцияда шыңдалған пролетарлық өнегеңізді қазақтың жас пролетариаты - біздерге, Қарағанды шахтерлеріне үйретіңіздер».

Бұл үндеу ең алғаш рет орталық «Правда» және «Экономическая жизнь» газеттерінің көшпелі редакциясы Қарағандыда ұйымдастырған «За уголь Караганды» газетінің 1931 жылғы 16 шілдедегі 5-санында жарияланды. Кейін «Правда» газетінде 7 тамызда адамдардың қолдарымен бірге жарық көрді

Осы орайда республикалық газеттер «Экономическая жизнь» мен Донбастағы барлық әріптестерін Қарағандыға көмек жөніндегі екі онкүндікке қатысуға шақырды. Бұл көмектің барысы туралы материалдар үзбей жарияланып тұрды. Сөйтіп, Қарағандыға баруға тілек білдірген мамандармен қатар зәру жабдықтар да жасақтала бастады.

Донбастықтар уәделерінде тұра білді. Соның айғағы - «Экономическая жизнь» газетінде 11 қараша күні жарияланған «Бүкілодақтық кочегарканың көмегін қарсы алыңдар» деген хабар. Онда: «7 қарашада Никитовка станциясынан Донбаста ұйымдастырылған Қарағандыға көмек эшелоны аттанды. Эшелонньң құрамына жиналған шахта жабдықтарынан басқа Қарағанды шахталары үшін әртүрлі мамандықтағы 400 жұмысшы, әкімшілік-шаруашылык және мәдениет қыз-меткерлері кіреді. Эшелонды жөнелтуге арналған салтанатты митингіде аттанушыларға Совет одағының үшінші көмір базасын құруда екпінді қарқынға қосылуға қатты аманат тапсырылды» делінген.

Бұл аманат абыроймен орындалды дей аламыз. Қарағандыға келген донбастық шахтерлер екпінді еңбек үлгілерін, Изотовтың озық тәжірибесін жергілікті қазақ жүмысшыларына үйрете білді. Сөйтіп, Қарағандыда қара алтын тасқыны үдей тұсті. Егер 1930 жылы небәрі 12800 тонна отын өндірілсе, 1931 жылы оның мөлшері 288 мың тоннаға, ал 1932 жылы 722 мың тоннаға жетті. Украин шахтерлері өздерін «Дон.бастан түскен десантпыз» деп атайтын. Қарағандының қалыптасуына зор үлес қосқан осы алғашқы қарлығаштардың есімін жылдар сілемінде зор ілтипатпе'н еске аламыз. Олардың қай-қайсысы болсын туған өлкеміздің өркендеуі үшін зор еңбек сіңірді.

«Донбастың бір топ таңдаулы кеншілері Стаценко, Долгих, Попов, Балышев, Бондарев, Рябокляч, Ходунович жеке әдіспен 175 забойшыны, 157 вагоншыны, 75 бекітушіні үйретті. Барлығы 1931-1932 жылдары 3856 адам оқыды, оның 2818-і қазақтар» делінген сол кездегі бір тарихи деректе.

Алғашқы «Қызыл эшелонмен» келгендер арасында шахтерлер әулеті де пайда болды. Егер кенші Ғалиолла Хайруллин 1948 жылы Социалистік Еңбек Ері атағына ие болса, оның ұлы Алмас забойдағы орнын басты. Рябоклячтың баласы геология экспедициясында, Балышевтың немересі Саранда шахта электр слесары болып істеді. Белгілі өндіріс командирі Василий Митрофаненко мен Иван Гавриштің Виктор атты ұлдары да әке жолын қуып кенші мамандығын игерді.

Қарағандының облыстық тарихи өлкетану музейінде бассейннің өркендеу тарихына арналған арнайы экспонаттар бар. Солардың арасында мына бір құжат көзге ыстық көрінеді:


Пролетарии всех стран, соединяйтесь!

Донбасс - Караганда

Вагон№ 6

тов.Кривоносов, ударникКрасного Вседонец-кого эшелона, в день 14-й годовщины Октября направляется на боевой участок борьбы за уголь в 3-ю угольную базу - «Караганду».

7 ноября 1931 года

№ 43


ст.Никитовка

Штаб.



Бұл Донбастың жоғарыда айтылған 385 таңдаулы кеншісіне Қарағандыға атттанарда берілген аманат - мандаттың бірі.

Қарағанды кеншілері үндеуінде айтылғандай, Донбасқа қазақ кеншілері де аттанып, мамандықтың қыр сырына сол кездегі «пролетарлық бірінші көмір ошағынан» қанықты. Газеттерде сол жылы Донецк бассейніне 117 қазақ шахтері жіберілгендігі жазылған. Олардың қатарында Әбілхайыр Кенжебаев, Қарар Нұрмағамбетов (Социалистік Еңбек Ері Бәшір Нұрмағамбетовтың ағасы), Бейсен Дүйсенбаев, атақты кенші Мағауия Рақышев және т.б. бар.



Украин жерінде еңбек мектебінен өткен қазақ кеншілерінің көпшілігі кейін стахановшы болды, екпінді еңбектерімен көзге түсті. Сөйтіп, Қарағандының даңқын асыруға лайықты үлес қосты.
Аман ЖАНҒОЖИН,

Ермағамбет ЛҰҚПАН.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет