«Қарақия аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереж е



жүктеу 88.26 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі88.26 Kb.

Қарақия ауданы әкімдігінің

«05» шілде 2013 ж

№ 142 қаулысымен бекітілген

қосымша

«Қарақия аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі»

мемлекеттік мекемесі туралы
Е Р Е Ж Е

Ұйымдық-құқықтық нысаны Мемлекеттік мекеме
Меншік нысаны Мемлекеттік
Құрылтайшысы Қарақия ауданының әкімдігі
Мекен-жайы Қазақстан Республикасы,

Маңғыстау облысы, 130300

Қарақия ауданы, Құрық селосы

Досан батыр көшесі, №3 үй

Құрық селосы 2013 жыл

2

«Қарақия аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі»

мемлекеттік мекемесі туралы
Е Р Е Ж Е
1. Жалпы ережелер
1. «Қарақия аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Қарақия аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекеме) Қарақия ауданы әкімдігінің дербес атқарушы органы болып табылады. Мемлекеттік мекеме туралы Ережені аудан әкімдігі бекітеді.

2. «Қарақия аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конститутциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Қарақия аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекеме ұйымдық – құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Қарақия аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі азаматтық – құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. «Қарақия аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық – құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Қарақия аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Қарақия аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтары мен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

7. «Қарақия аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Қарақия аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық селосы, 130300, Досан батыр көшесі № 3 үй.

9. Мемлекеттік мекеменің толық атауы - «Қарақия аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

10. Осы Ереже «Қарақия аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Қарақия аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

12. «Қарақия аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілермен Қарақия аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Қарақия аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

13. «Қарақия аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес дербес белгіленеді.

3
2. «Қарақия аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,

құқықтары мен міндеттері
14. «Қарақия аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

Халықтың салауатты тұрмыс салтын қамтамасыз ету, дене шынықтыру мен спортты дамыту.

15. Міндеттері:

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңына сәйкес:

Дене шынықтыру мен спорт саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру, дене шынықтыру мен спортты дамытуды тиісінше қаржылық, материалдық-техникалық, кадрлар, ғылыми-әдістемелік, медициналық, ақпараттық, нормативтік-құқықтық жағынан қамтамасыз ету. Сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру – спорт қозғалысының өзіндік мәртебесін тану;

Барлық үлгідегі және тұрпаттағы балалар-жасөспірімдердің спорт мектептерінің, азаматтардың тұрғылықты жері бойынша спорт және балалар клубтарының, балалар мен жастарға арналған сауықтыру лагерлерінің, мамандандырылған топтардың және мүгедектерге арналған мектептердің, дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерінің санын көбейту, олардың материалдық-техникалық базасын нығайту үшін жағдайлар жасау;

Дене шынықтыру мен спортты мемлекеттік қолдау және демеушілік қайрымдылық қызмет пен меценаттықты көтермелеу;

Дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық техникалық ғимараттар мен басқа да обьектілердің меншік нысандары өзгеріп жатқан жағдайда оларды азаматтардың дене шынықтырумен және спортпен айналысуы үшін сақтау;

Халық ойындары мен спорттың ұлттық түрлерін дамыту.

16. Функциялары:

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы «Дене шынықтыру және спорт туралы», заңына сәйкес:

Дене шынықтыру мен спортты дамытудың аудандық бағдарламалар мен жоспарларын әзірлейді және іске асырады.

Спорт түрлері бойынша аудандық және облыстық деңгейде жарыстар өткізеді;

Спорттың әр түрі бойынша аудандық құрама командаларды дайындауды және олардың облыстық, республикалық спорт жарыстарына өнер көрсетуін қамтамасыз етеді;

Аудан аумағында Бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытады;

Аудандық мамандандырылған оқу-спорт мекмелерінің қызметін үйлесітіреді;

Мынадай спорттық разрядттар мен санаттар береді: «Екінші және үшінші разрядтар, бірінші,екінші және үшінші жасөспірімдік разрядтар, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, білітілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, спорт төрешісі спорттық разрядтары мен санаттарын» беру;

Аудандық спорттық – бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын әзірлейді, бекітеді және іске асырады;

Аудан аумағындағы спорт ұйымдарының қызметін үйлестіреді;

Аудан аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді үйлестіреді;

Аудан бойынша дене шынықтыру мен спортты дамыту туралы мәліметтерді талдап, атқарушы органға табыс етеді;

4
Бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесе отырып, дене шынықтыру және спорт жанындағы білім мен жетістіктерді, салауатты өмір салтының принциптерін насихаттауды жүзеге асырады;

Спорттық клубтар мен секциялар жұмысын ұйымдастырады;

Дене шынықтыру – сауықтыру және спорттық іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді;

Дене шынықтыру-спорт ұйымдарына жаппай демалатын орындарда халықтың дене шынықтыруымен және спортпен айналысуына арналған қажетті үй-жайлар бөлуге және спорттық ғимараттар беруге жәрдемдеседі;

Мектепке дейінгі балалар мекемелерінде, мектептен тыс дене шынықтыру-сауықтыру ұйымдарында және оқу орындарында дене тәрбиесі үшін қажет жағдайлар жасайды;

Бөлімнің ішкі бөлімдерінің жарғысын бекітуге, олардың жарғыларына қосымшалар мен өзгертулер енгізу;

Бөлімге қарасты мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарының шығыс сметасы мен кіріс шығыс қаржылық жоспарын бекітуге;

Бөлімнің және оған қарасты мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның балансына берілген мүліктердің сақталуын, пайдалану тиімділігін тексеруге;

Бөлімге қарасты мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік коммуналдық бөлім және оған қарасты мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның қаржы шаруашылық және өзге де қызметтүрлеріне тексерулер жүргізуге;

Бөлім аудандық спорттық іс-шараларын, жарыстар, оқу –бапкерлік жиындарды өткізуге;

Бөлім өз саласындағы негізгі мәселелерді шешу, қызметтерін үйлестіру үшін жергілікті атқару органдарының өкілдерінен, басқа да ұйымдардан жұмысшы топтарын, кеңестер құру туралы ұсынымдарды қалыптастыруға;

Аудан әкімінің келісімімен бөлімге қарасты мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың бастықтарын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

«Қарақия аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

17. Құқықтары мен міндеттері:

Мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иемденіп алуға және жүзеге асыруға;

Ережеде көрсетілген мақсаттарды жүзеге асыруға қаражаттарды пайдалануға;

Сотта талап қоюшы және жауапкер болуға;

Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар;

Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға;

Белгіленген тәртіппен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге;

Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапкершілікте болуға міндетті.


3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. «Қарақия аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінде басшылықты «Қарақия аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік
5
мекемесі жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. «Қарақия аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Қарақия аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттілігі:

21. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңы және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтерінен босатады;

Қызметкерлердің міндеттері мен өкілеттіктерінің аясын айқындап белгілейді;

Бұйрықтар шығарады;

Қызметкерлер саны мен еңбекке ақы төлеу қорының белгіленген шегінде штат кестесін бекітеді;

Барлық қаржылық құжаттарға бірінші қол қою құқығына ие;

22. Заңнамамен белгіленген тәртіпте бөлім қызметкерлерін көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселесін шешеді;

23. Өз құзреті шегінде басқа да мәселелер бойынша шешім қабылдайды;

«Қарақия аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезінде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі
24. «Қарақия аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. «Қарақия аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

25. «Қарақия аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

26. Егер заңнама да өзгеше көзделмесе, «Қарақия аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
27. «Қарақия аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

28. Таратылғаннан кейін мүлік құрылтайшыға қайтарылады.


6. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
29. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу аудан әкімдігі ұйымының құрылтайшысымен шешіледі.

30. Құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар оны құрылтайшы қабылдаған күннен бастап бір айдың ішінде Әділет органдарына тіркелуі тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет