Қаракөл селолық округінің әкімі Б



жүктеу 70.95 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі70.95 Kb.

Қаракөл селолық округінің әкімі Б.Абдикаримовтың 2014 жылғы

атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттер туралы есебі

15.01.2015 жыл

Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2013 жылғы 15 тамыздағы №615 Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдер халыққа есеп беру кездесулерін қолға алып, іс жүзіне асыруда.

Қаракөл селолық округі әкімдігінің 2014 жылы жалпы атқарған жұмыстары Қазақстан Республикасы Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жылма-жыл арнайтын Жолдауына, осыдан туындайтын облыс, аудан әкімінің есеп беру кезеңдерінде қойылған мәселелер мен проблемаларға сәйкес жүргізілуде.

ҚР Президентінің жергілікті жердегі өкілі әрі село әкімі ретіндегі біздің басты міндеттеріміздің бірі – ол бюджет қаржысын тиімді пайдалана отырып, ауыл халқының әлеуметтік жағдайын басты назарда ұстау, тұрғындардың тұрмыс-тіршілігіне қатысты мәселелерді оңтайлы шешу болып табылады.

Қаракөл селолық округінің жалпы жер көлемі 55306 гектар, егістік жер 2786 гектар. Округ тұрындарының негізгі ұстанған бағыты- мал шаруашылығы.

Округ тұрғындарының жалпы саны бүгінгі күні 307 адамды құрайды. Мұның ішінде экономикалық белсенді санатына 184 адам жатады. Жұмыссыздар саны барлығы 10 адам. Аз қамтылған отбасы – 1. Атаулы әлеуметтік көмек 1 отбасыға,

3 адамға төленіп отыр. Округте 40 зейнеткер, 22 мүгедек адам және 1 тыл ардагері бар. Көп балалы аналар, яғни «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иегерлері 10 ана бар.

Қаракөл селолық округі бойынша 1 бастауыш мектеп, 1 шағын орталық, 1клуб үйі, 1 медпункт, 1 почта байланысы торабы жұмыс жасайды.

Өткен жылы барлық мекемелердің жылу қазандықтары қыс айында ешқандай кінаратсыз қалыпты жұмыс істеп шықты және алдағы уақытта да қатты бақылауда ұстауымыз қажет.

Ауыл орталығындағы орталықтандырылған су жүйесі 2006 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Ақпан айында су жүйесінде авариялық жағдай орын алды. Аудан әкімдігінің және ауыл тұрғындарының көмегінің арқасында бұл авариялық жағдай тез арада жөнделіп, су жүйесінің қалыпқа келуіне мүмкіндік жасалынды, бүгінгі күні ақаусыз жұмыс істеп тұр. Алайда су жүйесіне алдағы уақытта күрделі жөндеу жұмыстары қажет болып тұр. Су жүйесіне қатысты техникалық төл құжат дайын.

2013 жылы «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша көшелерді жарықтандыру үшін бөлінген 2 млн. 140 мың теңгеге орнатылған 18 жарық шамдары бүгінгі күні толығымен жұмыс жасап тұр.

2015 жылдың 1-ші қаңтарына Қаракөл селолық округі бойынша шағын кәсіпкерлік саласында 20 суъбекті тіркеліп, оларда 66 адам жұмыс істейді. Бұл экономикалық белсенді халық санының 41% құрайды. Барлық кәсіпкерлік суъектілерінің 14 – шаруа қожалықтары, 4 кәсіпкер саудамен айналысады және 1 автокөлік тасымалдау қызметі. Шаруа қожалықтарында барлығы 59 адам жұмыс істесе, оның 32 маусымдық жұмыспен қамтылған. Дүкендерде 4 адам, 1 адам жолаушы тасымалдаушы болып жұмыс істейді. 2014 жылы кәсіпкерлер қатарына 1 шаруа қожалығы қосылды.

Байланыс жүйесі тұрақты жұмыс істеуде. Теректі селлсына СДМА-450 стациясының орнатылуына байланысты ауыл тұрғындары тегіс телефон нүктесімен қамтылған. Сонымен қатар ауылда ұялы байланыс жүйесі тұрақты жұмыс істеп тұр.

Село орталығындағы №37 негізгі мектеп бала санының азаюына байланысты №37 бастауыш мектеп болып ауыстырылды.

Бүгінгі күні мектепте барлығы 8 бала оқиды, 5 бала мектеп алды даярлық тобында, 14 бала мектеп жанындағы шағын орталықта тәрбиеленуде. Мектепте барлығы 3 ұстаз, 6 кіші қамту қызметкерлері жұмыс жасайды.

Денсаулық саласына келсек, селоға 1 жас маман «Дипломмен ауылға» бағдарламасына сәйкес медбике болып жұмыс атқаруда.

Туберкулез ауруының алдын алу мақсатында биылғы жаз айында жылжымалы қондырға арқылы жоспарға сәйкес 45 адам флюорографиялық тексерістен өтті. Сонымен бірге 56 адам скринингтік тексерістен өтті.

Бүгінгі күні село тұрғындары арасында жұқпалы аурулармен және туберкулезбен ауыратындар жоқ. Алғашқы медициналық көмекке арналған дәрі-дәрмек уақытымен алынып отыр. 2014 жылы 4 бала дүниеге келді.

Мәдениет саласына келсек, клуб және кітапхана ғимаратының жылу жүйесі толық жаңартылды. Бүгінгі күні бұл ғимараттың іші жылы, қысқы отыны түсірулі. Тек ғимараттың сырты жөндеуді қажет етіп тұр. Биылғы жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша бөлінген 286 мың теңге қаражатқа клубқа ішкі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күні «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша клубқа 1 жас маман келіп жұмыс атқаруда.

Кітапханадағы кітап қоры 9798 дананы құрайды. Жыл ішінде клуб-кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен көптеген мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылып, өткізілді. Ауылдағы барлық мерекелік шщараларды өткізуде шаруа қожалықтары, кәсіпкерлер, мекеме басшылары және әкімдік аппаратының қызметкерлері мен қызметкерлері ұдайы демеушілік жасап, қолдап көмек көрсетіп отырады. Демушілерге алғыстан басқа айтарымыз жоқ.

Селода бір почта бөлімшесі жұмыс жасайды. Осы почта бөлімшесі арқылы атаулы әлеуметтік көмек, зейнетақы, еңбекақы ауыл тұрғындарына таратылуда. Сонымен бірге почта бөлімшесі ауыл тұрғындарының баспасөзге жазылуын 100 пайыз орындады.

Ауылды электр энергиясымен қамтамасыз ету бір қалыпты жүйеге келтірілген, электр энергиядан ешқандай кедергі жоқ, үзбеліксіз тұрақты пайдаланып отырмыз. Тұрғындар абоненттік төлемдерін уақытылы жергілікті пошта бөлімшесіне барып төлеп тұрады.

Ауылдың негізгі тіршілік көзі – ол егін және мал шаруашылығы. Ауылда барлығы 14 шаруақожалығы тіркеуде тұр. Біздің өңір егіншіліктегі тәуелді аймаққа жатады. Биылғы жылы селолық округ бойынша 210 га. жерге дәнді дақыл егілді, орташа түсім 6,3 цетнерден айналды. Егін себумен төмендегі шаруа қожалықтары: «Тұлпар» басшысы Р.Ахметов, «Ұлан» басшысы Е.Ибраев, «Рахымбай» басшысы Ү.Адилханова айналысып отыр.

Алдағы уақытта аудан әкімінің тапсырмасына байланысты егіс көлемін ұлғайтып, егістік алқаптарға мал азығына арнап арпа және көпжылдық шөп егуді ұйымдастыруымыз керек.

Бүгінгі күні ірі қара малы 800 басқа, қой-ешкі 2900 басқа, жылқы 350 басқа жетті. Бізде ірі қара малының тұқымы ұсақталып бара жатқаны жасырын емес. Мал тұқымын асылдандырудың бірден бір жолы, ол қолда бар малды қолдан ұрықтандыру арқылы асылдандыру екенін білеміз. Бұл бағытта біз бүгінгі күні жұмыс жасап жатырмыз. Бүгінгі күні 115 бас ірі қара аналығы қолдан ұрықтандырудан өтті. Сонымен қатар «Байқожа» шаруа қожалығы екі асыл тұқымды бұқа сатып алып, мал басын асылдандыру бағытында жұмыс жасап отыр.

Мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтарына кейінгі уақытта мемлекет тарапынан ірі көлемде субсидиялар төленіп жатыр. Алдағы уақытта шаруақожалықтары осы бағытта жұмыс жасаулары керек.

Сонымен бірге жеке меншік мал иелері мен шаруақожалық мал иелерінің малдары үшін жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық шаралар арнайы жоспарға сәйкес уақытында жүргізіліп отыруын, мал басын бірдейлендіру жұмысын үнемі назарда ұстаймыз. Бүгінгі күні селолық округ бойынша бірдейлендіру жұмыстары 100 пайызға орындалып, мәліметтер базасына енгізілді.

Осы уақыт ішінде туберкулез ауруына қарсы 1000 бас, қарасанға қарсы 1400 бас, сібір жарасына 1100 бас ірі қара малы егіліп, бурцелезге қарсы 700 бас ірі қара, 2000 бас ұсақ мал тексерілді. Сібір жарасына қарсы 1200 бас ірі қара малы, топалаңға қарсы 1750 бас ұсақ мал, жамандатқа қарсы 250 бас жылқы егілді.

50 бас жылқы малына чип және 50 бас жылқыға суықтай азотпен таңба салынды. 450 бас малға ветеринарлық паспорт беріліп, сырға мен ветеринарлық паспорттың 87700 теңге ақша қаражаты салынды.

Мал шаруашылығын дамыту үшін ветеринариялық іс-шаралар мерзімінде атқарылуда. Биылғы туған төлдерге уақытында сырға салынып, дерекқорға енгізілді. Өткен уақыт аралығында эпизоотиялық ауруларға қарсы диагностикалық шаралар жоспарға сай уақытында жүргізілді. Бұл жұмыстардың барлығын 1 бас маман мал дәрігері және ветеринарлық станцияның 2 ветеринариялық дәрігері сапалы әрі жоғары дәрежеде атқара білді.

Жылма жыл облыс орталығында өткізілетін «Ауыл - Береке» ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне Қаракөлдіктер үлкен үлес қосып кележатқанын айта аламыз.

Мал бағымы елді мекенде жақсы ұйымдастырылып отыр.

Село орталығында бір мал сою алаңы жұмыс істеуде. Мал сою алаңы барлық талаптарға сай жабдықталған. Бүгінгі таңда мал сою алаңы арқылы ірі қара, ұсақ мал, жылқы малдары сойылады.

Селолық округ бойынша көктемгі және күзгі тазарту, көркейту және көгалдандыру жұмыстарын өткізу екі айлығы кезінде ауыл тұрғындары, қызметкерлері мен жұмыскерлері сенбілікке қатысып, жалпы халық көп жиналатын орындарда, тұрғын үй, мекеме аумағында көркейту, тазарту жұмыстарын жүргізді.

Шаруа қожалықтары мен ауыл тұрғындары мал азығын дайындауға техникаларын мұқият дайындап, жоспардағы 1190 тн. мал азығын сапалы әрі уақытында дайындалып, 100 пайызға орындалды. Мал азығын дайындау кезінде бірде-бір рет дала өрті болған жоқ.

Селодағы шағын бизнес саласына келсек, бүгінгі күні 4 сауда нүктесі халыққа қызмет етеді.

Селолық округ әкімі аппараты аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлеріне бағаны негізсіз көтермеу мақсатында жеке кәсіпкерлермен үнемі түсініктеме жұмыстарын жүргізіліп отырылады. Шағын дүкен иелерімен «меморандумдар» жасалды.

Ауыл әкімдігінің негізгі міндеттерінің бірі қылмыстың алдын алу, қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.

Селомыздағы қоғамдық тәртіпке келсек, жалпы қоғамдық тәртіпті сақтау бір қалыпты. Ауылда 1 полиция инспекторы жұмыс істейді. Ауылдың діни ахуалы бір қалыпты, әр түрлі діни ағымдар мен ел ішіне іріткі салу оқиғалары тіркелген жоқ.

Селолық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға, сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттерге жол берілген жоқ.



Елдің ұйтқысындай болып отырған ардагерлеріміздің ұрпақ тәрбиесіндегі, ел бірлігіндегі ақыл-кеңестері бізге ауадай қажет. Ауылымыздағы қоғамдық ұйымдар «Нұр Отан» партиясы бастауыш ұйымы, ардагерлер кеңесі ауыл әкімідігімен кеңесіп мағыналы түрде жұмыс істеуде.
Алдағы уақытта істелуге тиісті жұмыстар мен шешімін табатын мәселелер:


  1. Су тасқынының алдын алу мақсатында ауыл ортасындағы екі көпірдің су өткізгіштігін көбейту үшін жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаражат бөлінсе.

  2. Ауылдан Қарағанды-Егіндібұлақ тас жолына дейінгі 3км. аралықтағы асфальт жолды жөндеуге қаражат бөлінсе.

  3. Мал тұқымын асылдандыру мақсатында ұрықтандыру бекетінің жұмысын ширату.

  4. «Сыбаға» бағдарламсы бойынша мал сатып алуды ұйымдастыру, мал қорымын салу. Малдың басын өсіру, субсидия алуға жұмыс жасау.

  5. Шаруа қожалықтарының жұмыстарына бағыт-бағдар беру, несие алуына көмек жасау.

  6. Кәсіпкерлікті дамытуға күш салу.

Қиындығы мол бүгінгідей күрделі уақытта өз жұмысымызды ауыл азаматтарымен ел ағаларының көмегіне сүйене отырып атқаратын боламыз.






Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет