Арал туралы эссе



жүктеу 25.08 Kb.
Дата25.04.2019
өлшемі25.08 Kb.

Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылы С.Бердіқұлов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен мекемесінің қазақ тілі мен әдебиет пәннің мұғалімі

Жусупова Г.Ж

АРАЛ ТУРАЛЫ ЭССЕ


Жолаушым апай орыс әжей болды. Көзінің жанары тап таза көкпеңбек кісі екен. Құдды бір тұнық теңіздің тереңіндей. Аз маз тосырқап отырыстық. Сосын там тұмдап жөн сұрастық .Бірте бірте таныстық білістік. Сөйтсек « Сұраса, сұраса қарын бөле шығасың» деген сөз рас болды .Наташа Мойнақта туыпты. Әкесі Федор кемеші ,капитан екен. Аралдың айдыны шалқып, шағаласы шулап, толқыны жағалауға көбік шашып тұрған кездерді көз алдына елестете сөйледі.. Өзі Самараға тұрмысқа шыққан екен. Ташкенттегі әпкесіне барып, қайтып бара жатқан беті көрінеді. Жаныма жылы ұшырап қалды. Мінезі жібектей Қоңырқай жүзінде ойлылық басым.

-..Әкем теңізге айлап кетеді. Балықшы кемесінің капитаны. Анам дімкес-тін. Петрбордың ақ сүйегінің қызы. Әкесі барон болыпты. Жалаң аяқ, жалаңаш қайдағы бір теңізшінің қолынан ұстап кетіп қалғанына өле өлгенше өкпелі болыпты. Ал нағашымыздың арғы атасы Толстойдың әулеттерімен туыс, аса бай болған деседі. Жерге түсіп кеткен аппақ орамалына бола еңкеймей, басып кете беретін нағыз ақсүйектен екен Осының бәрін шешем марқұм үлкен сағынышпен, көзіне жас ала отырып әңгімелеп беретін дейді ол

-Мойнақта қай кезге дейін болдыңыздар?

-..1950 -шы жылы кеттік. Ол кезде баламыз. Соңғы жылдары құм бораған желден көз ашпадық..Әпкем екеуміз үрлеген құмнан үй іргесін аршумен шаршайтын-быз. Бірде бәріміз дастархан басында отырғанымызда теңіз жақтан ышқынған бір дауыс шыққандай болды. Бір түрлі үрпиісіп,қорқып қалдық..Мені алдына алып отырған әкем «Теңіз ғой жан күрсініп жатқан» деді демін ішіне тарта. Неге теңіз күрсінеді, оның жан дауысы бола ма? Өз басым байыбына бара қоймадым, түсінбедім де, бала көңіл не ұққан?

Әкем бірде жағалауға ағаштан қада қақты, толқын сол қадаға бірнеше күн ұрғылап тұрдыда кейін шегіне бастады.Кейін оның шалқи соққан толқыны әлсіреп бара жатқанын сияқты болды.Біз судың қайтқан орнындағы батпаққа ойнайтын болдық.. Бірнеше айдан соң теңіз жағалаудан қашуын ұлғайтты. Сөйте сөйте порттың да сәні кетті Кеме біткенді бір жаққа алып кетіп жатты, Теңізшілерді үрей биледі. Дағдарыс өршіді. Сонан Самарадағы жамағатымызға қарай көштік.,біз Анам барғасын көп ұзаған жоқ бақилық болды,,,,,,,

Мен Наташа әжейге қараудан бір танбадым. Ұлты орыс демесең, менің ауылдағы ашық, ақ көңіл, ақылды әжем тәріздес. Байыпты, құйып берген шайына дейін, әрбір іс қимылында үлкен сыйластықтың, қазақшылықтың астары жатқандай. Көзінен тұптұнық теңізді жүрегінен оған деген сағыныш, көкірегінен сол теңіздей қайта оралмас балалық шағына деген ыстық махаббатын сезінгендей күйде болдым.

-Оқимын, естимін, көремін. Теңізді екіге бөліп тастапты дейді.Үлкені өлді, енді кішісін қайдам. Айтпақшы мені әкем сол кезде кемеге мінгізіп ,мені Барсакелмеске, Аралға ертіп апарған-тын. Есімде пристанға толқын ұрып, көбігі жан жаққа ұлпа қардай боп, шашылғаны қандай еді жарықтық! «Теңізшілер клубы » «Офицерлер үйі » бар-тын Ығы жығы адамдарға толы еді сонда Арал қаласының орталығы. Әр жерден келген үлкен кемелер, мойыны сорайған жүк көтергіш крандар. Сондайақ бірі келіп жатса, екінші кемелер ұлы теңізге қарай көк толқынды көпіршіте тіліп жосып бара жататын...

Майда шабақтарға траптың үстінде тұрып жем тастайтынбыз. Жапырлап таласады, жылт жылт етіп, күнмен шағылысып ойнайды, секіреді.....



Мен әжейдің әңгімесін үнсіз тыңдадым.Ол кісі сол бір кездегі баллық шақтағы тәтті сәттеріне саяхат жасап кеткендей,еді Вагонның терезесіне ұзақ телмірді. Өзім қызылордалық болғасын жоғалған теңіз маған жақын тақырып еді.Сондықтан осы эссені өзім құлшына жаздым. Бірақ Арал болса да жалғыз Қазақстанның емес ,бүгінде бүкіл әлемдік проблемаға айналғаны рас. Өйткені тепе теңдігін жоғалтқан теңіздің экологиялық ахуалы бәріне бірдей қасірет тудыратындығы шын.Табиғат апаты осындай келеңсіздіктен туындайды ғой......
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> 1 қыркүйек – Білім күніне арналған Сыңғырла, күміс қоңырау
attachment -> «А. Имановтың жастарды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі ретіндегі рөлі» Карашинова Алмагүл Серікбайқызы
attachment -> Б. С. Батешова, Т. Н. Малдыбаев
attachment -> Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіз ғаламтор»
attachment -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау Уақыты: 90 мин Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақтың тақырыбы: ежелгі тас дәуірі Сабақтың мақсаты
attachment -> Сабақтың атауы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті жалпы шолу Мақсаты Күтілетін нәтиже
attachment -> Туєан жер, алтын бесіік
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ибрагим Бегімхан Керімханұлы Қазақ әдебиеті, 9-сынып Тақырыбы: Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет