Аралас тасымалдар қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы»



жүктеу 139.72 Kb.
Дата07.05.2019
өлшемі139.72 Kb.





№ исх: 19-1/426-ВН от: 28.10.2015


Аралас тасымалдар қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Аралас тасымалдар қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Транзитті және көлік логистикасын дамыту департаменті (Д.Қ. Сәбитов):

1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. «Тікелей аралас тасымалдар туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2005 жылғы 26 қаңтардағы № 52-І бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 25 ақпанда № 3464 болып тіркелді."Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетені", 2005 ж. № 9-13, 37-құжат күші жойылды деп танылсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму

министрі Ә. Исекешев

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің

2015 жылғы __________№ ______

бұйрығымен бекітілді



Аралас тасымалдар қағидалары

1. Жалпы ережелер
1. Осы Аралас тасымалдар қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң ) сәйкес әзірленді, аралас тасымалдарды жүзеге асыру тәртібі мен талаптарын, аралас тасымалдың шарттарын жасасудың және аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимылдың негізгі ережелері мен тәртібін, бірыңғай тауар-көлік жүкқұжатының (бірыңғай коносаменттің) нысанын және оны толтыру тәртібін, айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) жүк алушы – аралас тасымалдар шарты негізінде немесе өзге де заңды негіздерде жүк алуға уәкілетті жеке немесе заңды тұлға;

2) жүк жөнелтуші – оның атынан жүк жөнелту ресімделетін жеке немесе заңды тұлға.

3. Осы Қағидаларда қолданылатын өзге де ұғымдар Заңда белгіленген мағыналарда қолданылады.

2. Аралас тасымалдарды жүзеге асыруды тәртібі мен шарттары
4. Аралас тасымалдар операторы (бұдан әрі – Оператор) аралас тасымалдардың ұйымдастырылуын жүзеге асырады және жүкті тасымалдау үшін (жүк жөнелтушімен) аралас тасымалдар шартын жасасады.

5. Аралас тасымалды жүзеге асыру үшін оператор әртүрлі көлік түрлері тасымалдаушыларымен аралас тасымалдау кезіндегі өзара іс-қимыл шартын жасасады.

6. Егер аралас тасымалдар шартымен өзгеше белгіленбесе, оператор әрбір аралас тасымалдауға көлік түрін және тиімді маршрутты таңдайды.

7. Қызмет көрсету және аралас тасымалдар шартын орындау оператор жүкті өзінің иелігіне қабылдағанын, сондай-ақ оның жүкті аралас тасымалдар шартына сәйкес жеткізу міндетін растайтын бірыңғай тауар-көлік жүкқұжатымен (бірыңғай коносаментпен) куәландырылады.

8. Аралас тасымалдар шартына сәйкес жүк жөнелтуші операторға жүк және оны тасымалдау шарттары туралы ақпаратты, сондай-ақ бірыңғай тауар-көлік жүкқұжатын (бірыңғай коносаментті) толтыруға және тасымалдауды жүзеге асыруға қажетті өзге де ақпаратты береді.

9. Жүк жөнелтуші жүкті бірыңғай тауар-көлік жүкқұжаттың (бірыңғай коносаменттің) бірінші нұсқасын ұсынғанда береді.

10. Жүкті өзінің иелігіне алған кезде оператор оны бірінші аралас тасымалға қатыстырылған тасымалдаушыға өзінің жол жүру кесіндісінде жүкті ілгерілету үшін береді.

11. Соңғы тасымалдаушы межелі пунктке келгенде жеткізілген жүкті бірыңғай тауар-көлік жүкқұжатта (бірыңғай коносаментте) көрсетілген, ол жазбаша нысанда уақтылы хабардар етілген жүк алушыға береді.

12. Жүк жөнелтуші оператордан тасымалдаудың тоқтатылуын немесе жүктің қайтарылыуын талап етуі немесе аралас тасымалдар шартының ережелеріне сәйкес басқа да өкім беруі мүмкін.

13. Жүк жөнелтуші маршруттың, жеткізудің соңғы пунктінің өзгеруі, жүк алушыны ауыстыру туралы, жүк тасымалын тоқтата тұру немесе тасымалдың қосымша шығындарға әкеліп соқтырған алғашқы шартының басқа да маңызды талаптарының өзгеруі туралы нұсқау берсе, онда бұл шығыстардың орнын жүк жөнелтуші толтырады.

14. Жүк жөнелтушінің аралас тасымал шартын өзгерту туралы барлық нұсқаулары жазбаша нысанда және аралас тасымалдар шартында белгіленген мерзім шегінде болуы тиіс.

15. Тасымалдаушылар жүктерді оларды аралас тасымалдауға қабылдауды аяқтаудың жарияланған мерзімінен кейін қабылдаған жағдайда, тасымалдау шарттарының өзгеруі бойынша шығыстар (сақтау, қайта жіберу, кірепұлының артуы және өзгелер), егер аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шартымен өзгеше көзделмесе, тасымалдаушының есебінен жүзеге асырылады.

16. Теңіз және өзен порттары навигацияның ашылу және жабылу кезеңінде оператормен және көліктің басқа түрлерінің тасымалдаушыларымен келісім бойынша, тасымалдаушылардан порттардың жүктерді қабылдауды басталу мен аяқтату мерзімін белгілейді. Оператор су көлігімен тасымалдаушының жүкті тасымалдауын навигация кезеңін жабылғаннан кейін рұқсат бермейді.

17. Аралас тасымалдау және жүкті тиеу жұмыстары теміржол станциялары, теңіз және өзен порттары, кемежай, автостанциялар, автовокзалдар, әуежайлар, көлік-логистика орталықтары және көлік инфрақұрылымдарының басқа да объектілері арқылы жүзеге асырылады.

18. Жүкті тиеу кезінде жүкті тапсырған тасымалдаушы және жүкті қабылдаған тасымалдаушы немесе жүк алушы жүктің сақталуын және оның бірыңғай тауар-көлік жүкқұжатындағы (бірыңғай коносаменттегі) мәліметтерге сәйкестігін тексереді.

19. Аралас тасымалдарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ жауапкершіліктері Заңмен айқындалады.



3. Аралас тасымалдар және аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шарттарының негізгі ережелері және жасасу тәртібі
20. Аралас тасымалдар және аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шарттары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Заңға және осы Қағидаларға сәйкес жасалады.

21. Аралас тасымалдар және аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шарттарындағы негізгі талаптар Заңда көзделеді.

22. Заңда көзделмеген аралас тасымалдауды ұйымдастыру өзге талаптары аралас тасымалға қатысушылардың келісуі бойынша аралас тасымалдар және аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шарттарында айқындалады.

23. Аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шарты оператор мен жүк жөнелтуші/жүк алушы арасында аралас тасымалдар шарты жасалғаннан кейін оператор мен әртүрлі көлік түрлері тасымалдаушылары арасында жасалады.

24. Тұрақты аралас тасымалдар кезінде аралас тасымалдауды, егер тиісті шарттар көзделген болса, алдын жасалған аралас тасымалдар және аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шарттарына сәйкес жүзеге асыруға рұқсат етіледі.

25. Аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шарты жасалған және аралас тасымалдауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тиісті жағдайлар болған кезде жасалған аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шарттарының негізінде оператор аралас тасымалдар шартын жасауы мүмкін.

26. Жүк жөнелтуші операторға аралас тасымалды ұйымдастырғаны және жүзеге асырғаны үшін аралас тасымалдар шартына сәйкес ақысын төлейді.

27. Оператор аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шартына сәйкес аралас тасымалдаудың барлық қатысушыларымен есеп айрысуды қамтамасыз етеді.

28. Жүкті тасымалдау, жүкті аралас тасымалдау кезінде туындайтын қосымша алымдар мен өзге де төлемдер аралас тасымалдар шатымен және аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шартымен анықталады.

4. Бірыңғай тауар-көлік жүкқұжатының (бірыңғай коносаменттің) нысаны және оны толтыру тәртібі
29. Аралас тасымалдар кезінде жүкті тасымалдауға қабылдау пунктінде (жөнелту пункті) бірыңғай тауар-көлік жүкқұжаты (бірыңғай коносамент) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысанда ресімделеді.

30. Бірыңғай тауар-көлік жүкқұжаты (бірыңғай коносамент) төрт данада жасалады:

бірінші дана жүк жөнелтушіге ол қол қойған кезде аралас тасымал басталғанға дейін беріледі;

екінші дана операторда ол қол қойғаннан кейін аралас тасымал басталғанға дейін қалдырылады;

үшінші дана аралас тасымалды жүзеге асыратын бірінші тасымалдаушыға, кейін оны аралас тасымалды жүзеге асыратын келесі тасымалдаушыға беру үшін беріледі және тасымалдаушылардың және көлік түрлерінің санына қарамастан жүкпен бірге барлық жол жүру кезінде жүреді;

төртінші дана үшінші данамен бірге ілесіп жүреді және жүк алушыға жүк жеткізілген сәтте ол қол қойған кезде беріледі.

Оператор мен жүк жөнелтушінің шешімі бойынша бірыңғай тауар-көлік жүкқұжатының (бірыңғай коносаменттің) даналар саны өзгертілуі мүмкін.

31. Бірыңғай тауар-көлік жүкқұжаты (бірыңғай коносамент) жазбаша нысанда жасалады және мынадай мәліметтерді қамтиды:

1) оператордың атауы мен оның мекенжайы;

2) жүк жөнелтушінің атауы мен оның мекенжайы;

3) жүк алушының атауы мен хабарландыру үшін оның мекенжайы;

4) жүктің атауы, оны сәйкестендіру үшін қажетті жалпы сипаты, құны, таңбалауы (код), түрі, сипаттамасы, салмағы және габариттері;

5) оператормен жүкті өз иелігіне қабылдау орны мен күні;

6) жөнелту пункті (жүкті тиеу орны);

7) межелі пункт (жүкті жеткізу орны);

8) жеткізу орнына жүкті жеткізу мерзімі, егер ол тараптармен тікелей келісілсе;

9) бірыңғай тауар-көлік жүкқұжатына (бірыңғай коносаментіне) қол қойылған, жүкті оператор өз иелігіне қабылдаған орны мен күні;

10) жүк жөнелтуші қоса беріп отырған ілеспе құжаттар тізбесі;

11) пломбалардың саны мен белгісі (тасымалдауға қатыстырылған көліктің әрбір түрінде қабылданған қағидаларға сәйкес бар болған кезде);

12) аралас тасымалдауға қатысушылардың қолы;

13) тасымалдың болжамды маршруты және қолданылатын көлік түрлері;

14) аралас тасымалдауға қатысушы тасымалдаушылардың атауы;

15) егер олар Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмесе, бірыңғай тауар-көлік жүкқұжатына (бірыңғай коносаментіне) аралас тасымалдарға қатысушылармен келісім бойынша енгізілуі мүмкін өзге де мәліметтер.

32. Осы Қағидалардың 31-тармағының 1-10) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерден тұратын бірыңғай тауар-көлік жүкқұжатының (бірыңғай коносамент) алдынғы бетін оператор толтырады, оператор мен жүк жөнелтуші қол қояды, бұл жүктің олар алынғандығын куәландырады.

33. Осы Қағидалардың 31-тармағының 11-15) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерден тұратын бірыңғай тауар-көлік жүкқұжатының (бірыңғай коносаменттің) ішкі бетін оператор толтырады, аралас тасымалдауды жүзеге асыратын оператор және бірінші тасымалдаушы қол қояды, бұл жүкті олар қабылдағанын куәландырады.

34. Қажет болған жағдайда жүру жолында тасымалдаушылар бірыңғай тауар-көлік жүкқұжатын (бірыңғай коносаментін) толықтырады, ал бірыңғай тауар-көлік жүкқұжатының (бірыңғай коносаменттің) теріс жағында көрсетілген тасымалдаушылар саны, егер аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шартымен өзгеше көзделмесе, өзгертілуі мүмкін.

35. Бірыңғай тауар-көлік жүкқұжатына (бірыңғай коносаментке) көлiк туралы заңнамалық актiлерде белгіленген тәртіппен пайдаланылатын көлік түрі үшін белгіленген және жөнелту пунктінен тасымалдау жүзеге асырылатын көліктің сол түрі үшін рәсімделетін тасымалдау құжаты (тасымалдау құжатының жиынтығы) қоса ұсынылуы мүмкін.

5. Аралас тасымалдар кезіндегі залалдар және оларды анықтау тәртібі
36. Жүкті жеткізу мерзімдері, сондай-ақ жүкті жеткізу мерзімдерімен байланысты залалдардың мөлшері көліктің әрбір түрі бойынша жеке анықталады және аралас тасымалдар және аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шарттарына сәйкес есептеледі.

37. Егер жүкті мерзімінде жеткізуге мүмкіндік бермейтін мән-жайлар оператордың қателері немесе кемшіліктері салдарынан болған жағдайда, жүкті жеткізуден немесе кешігіп жеткізуде мерзімін өткізіп алудан туындаған залалдарды оператор өтейді.

38. Жүк жөнелтушіде тасымалдауды кідіруімен байланысты залалдар туындаған жағдайда жүк алушы мен оған жүкті тапсыратын тасымалдаушы тасымалдаудың кідіруімен байланысты залалдардың себептері туралы құжаттар дайындайды.

39. Тасымалдаудың кідіруімен байланысты залалдардың себептері туралы аралас тасымалға қатысатын тасымалдаушы біржақты тәртіппен жасаған құжаттар, дау жағдайында, тасымалдаушының, жөнелтушінің не жүк пен багажды алушының жауапкершiлiгi үшін негiз болуы мүмкiн мән-жайларды куәландыратын басқа құжаттармен бiрге сот бағалауға тиiс.

40. Егер, жүкті тасымалдаудың кідіруімен байланысты залалдар оның жоғалуына, жетіспеуіне немесе зақымдалуына алып келмесе, оператор жүк жөнелтушіге, ал мерзімнің бұзылуына жол берген тасымалдаушы операторға жүкті жеткізу мерзімімен байланысты залалдарды аралас тасымалдар және аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шарттарына сәйкес өтейді.

41. Осы Қағидалармен реттелмеген бөлікте тасымалдау процесін басқару тасымалдауға қатысатын көліктің әрбір түріне қолданылатын заңнамаға және аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шартына сәйкес жүзеге асырылады.

Аралас тасымалдар қағидаларына

1-қосымша


алдыңғы беті (мөлшері 148,5 х 210 мм)
БІРЫҢҒАЙ ТАУАР-КӨЛІК ЖҮКҚҰЖАТЫ

(БІРЫҢҒАЙ КОНОСАМЕНТ)
Жүк жөнелтуші _________________ Жүк алушы ____________________

Мекенжай______________________ Мекенжай _____________________


Оператор_______________________

Мекенжай ______________________





Жүк туралы мәліметтер


Р/с № р/р

Жүктің атауы

Таңбасы (код)

Саны мен түрі

Сипаттамасы, пломбалар туралы ақпарат

Брутто салмағы

Габариттік өлшемдер











































Жиыны



















Құны


















Тасымалдаудың ерекше шарттары____________________________________

_________________________________________________________________
Қоса берілетін құжаттар тізбесі __________________________________________

____________________________________________________________________

Сақтандыру туралы ақпарат

Қамтамасыз етілмеген

______________________________________ сәйкес қамтамасыз етілген

Жөнелту пункті______________ Межелі пункт_______________

Жеткізу мерзімі «___» _________ ____ж.
Жүк жөнелтуші тапсырды Оператор қабылдады

____________________ _________________________

Жүкті тапсыру күні Жүкті қабылдау күні

«___» _________ ____ж «___» _________ ____ж

Қолы Қолы

____________________ _________________________

м.о. м.о.
ішкі беті (мөлшері 148,5 х 210 мм)
Оператор бекіткен «___» _________ ____ж Қолы __________ м.о.
Аралас тасымалға тартылған тасымалдаушылардың жалпы саны __________


1-тасымалдаушы

Көлік құралдарының түрі мен сипаттамасы







Жүкті қабылдау пункті

Түсіру пункті







Жүкті жеткізу мерзімі

« » ж – « » ж

Ескертпе




Оператор тапсырды Тасымалдаушы қабылдады

Қолы_____________ Қолы_____________

м.о. м.о.


2-тасымалдаушы

Көлік құралдарының түрі мен сипаттамасы







Жүкті тиеу пункті

Түсіру пункті







Жүкті жеткізу мерзімі

« » ж – « » ж

Ескертпе




Тасымалдаушы тапсырды Тасымалдаушы қабылдады

Қолы _____________ Қолы _____________

м.о. м.о.


3-тасымалдаушы

Көлік құралдарының түрі мен сипаттамасы







Жүкті тиеу пункті

Жеткізу пункті







Жүкті жеткізу мерзімі

« » ж – « » ж

Ескертпе




Тасымалдаушы тапсырды Тасымалдаушы қабылдады

Қолы _____________ Қолы _____________

м.о. м.о.
Тасымалдаушы тапсырды Жүк алушы қабылдады

Қолы _____________ Қолы _____________



м.о. м.о.
Результаты согласования
26.10.2015: Кусубаев Б. Б. (Управление развития транспортной логистики) - - cогласовано без замечаний

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет