Қаралды: Мұнай – газ мамандықтары бойынша педагогикалық қызметкерлердің облыстық әдістемелік бірлестігінің жетекшісі. А. Шамуратова келісілді



жүктеу 88.55 Kb.
Дата10.03.2018
өлшемі88.55 Kb.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

«№ 1КӘСІПТІК ЛИЦЕЙІ» ММ


ҚАРАЛДЫ:

Мұнай – газ мамандықтары бойынша педагогикалық қызметкерлердің облыстық әдістемелік бірлестігінің жетекшісі.

_______А.Шамуратова


КЕЛІСІЛДІ:

№1 КЛ әдіскері:

____ М.Джумина


БЕКІТЕМІН:

№1КЛ директорының

ӨОЖ орынбасары:

_______ И.Джазыкбаев





«Газэлектрдәнекерлеуші» арнайы технологиясы пәні бойынша ашық сабақтың әдістемелік дайындамасы

тақырыбы:

«Қоректендіру көздері»


( қорытындылау сабақ)

Арнайы пән оқытушысы: Джурумбаев Ж.М.

Орал,2010


Сабақтың тақырыбы: «Қоректендіру көздері»
Мақсаты:

Білімділік:

Оқушылардың қоректендіру көздері туралы білімдерін жүйелеп бекіту және қосымша мәліметтерді пайдалана отырып қорытындылау.



Дамытушылық:

талдау жасап, интерактивті тақтаның функциялары арқылы өз беттерімен жұмыс ұйымдастыра отырып, ой-өрістерін дамыту.



Тәрбиелік:

оқып білуге, оқушылардың бойында ұлтжандылық, отаншылдық тәрбие бере отырып, елін, жерін, сүюге тәрбиелеу.



Сабақтың түрі:

Әдісі:

Техникалық жабдық: интерактивті тақта

Көрнекілік:

Пәндермен байланыс:

Барысы:

І.Ұйымдастыру.

ІІ. Негізгі бөлім.
1.Пісіру доғасының қорек көздеріне қойылатын талаптар

1-тапсырма. «Дұрыс, бұрысын тап»




Иә

Жоқ

Доғаны тұтандыруға үшін оның жануына қарағанда кернеу төмен болу қажет




*

Доғаның жану уақытында электрлі тізбе үзіледі немесе қысқа тұйықталу өтеді;

*




Доғаның ұзындығының өзгеруімен бірге доғаның кернеуі өзгереді, онымен қоса пісіру тоғының күшіде;

*




Қысқа тұйықталу кезеңінде бұйым және электрод арасындағы кернеу нөлден жоғарлайды




*

Қоректендіру көзінің бос жүрісінің кернеуі доғаның тұтануын жеңілдету үшін, пісіру доғасының кернеуінен 2-3 есе жоғары болу керек. Бұл уақытта кернеу қауіпсіз болу керек. МЕМСТ бойынша бос жүрістің кернеуі айнымалы ток үшін-80В, тұрақты ток үшін- 90В-тан жоғары болмауы керек.

*




Доғаның ұзындығының өзгеруімен, доғаның кернеуінің өзгеруі, пісіру тоғының өзгеруіне көп әсер етпеуі керек.

*




Қысқа тұйықталуда, ток күші шектелмейді.




*

Қысқа тұйықталудан кейін кернеудің қалпына келу уақыты үлкен болу керек




*

Доғаның қорек көзінде пісіру тогын реттейтін құрылғы болу керек. Әр түрлі диаметрлі электродпен пісіруге байланысты, тоқты реттеу қажет болады.

*





2.Қорек көздерінің сипаттамасы (3 оқушы түсіндіреді)

Қорек көздері әртүрлі көрсеткіштермен сипатталады:

- қорек көзінің сыртқы сипаттамасы;

- бос жүрістің кернеуі

- жұмыстың салыстырмалы ұзақтығы (ПР);

- үзікті режимде қосылудың салыстырмалы ұзақтығы (ПВ).



Қорек көзінің сыртқы сипаттамасы дегеніміз оның шығысындағы қыспақтағы кернеудің жүктеменің тоқтың өлшеміне тәуелділігі.

Қорек көзінің сыртқы вольт-амперлі сипаттамасының төрт түрі бар:

- күрттөмендейтін;

- төмендейтін;

- қатаңды;

- өсетін.

Күрттөмендейтін сипаттамасымен қорек көздерін қолмен доғалы пісіруде, төмендейтін сипаттамасымен -автоматты және жартылай автоматты флюстің астында пісіруде, өсетін немесе қатаңды сипаттамасымен қорек көздерін қорғаныс газында пісіруде қолданады.
Доғаның ұзындығы оның кернеуімен байланысты, доғаның ұзындығы ұзын болған сайын, кернеу артық төмендейді.Доғаның ұзындығы бірдей өзгергенде, пісіру тоғының өлшемі қорек көзінің әртүрлі сыртқы сипаттамасында әртүрлі болады.

Қорек көзінің бос жүрісінің кернеуі дегеніміз, шығысындағы қыспақтағы пісіру тізбесіндегі жүктеменің болмауындағы кернеуді айтады.

Қорек көзінің сыртқы төмендейтін сипаттамасымен бос жүрісінің кернеуі, пісіру доғасының жұмысшы кернеуіне қарағанда әрқашан артығырақ болады. Онымен доғаның бастапқы және қайтадан тұтануын жеңілдетеді.

Айнымалы ток үшін тұттандыру кернеуі 50-55 В-тен, ал тұрақты ток үшін 30-35 В-тенкем болмауы керек.

Айнымалы ток қорек көзінің бос жүрісінің кернеуінің артуы, -Y фазалардың ығысу мәнінің азаюына әкеледі. Р=V· I ·cosY, айнымалы ток қуатының формуласын еске ала отырып, фазалардың ығысу мәнінің азаюы қорек көзінің пайдалы әсер коэффицентінің төмендеуге әкелетінін анықтаймыз.



Қорек көзінің жұмысының режимі сипаттамасы үшін жұмыстың ұзақтығы және қосудың ұзақтығы көрсеткіштері жатады.Екі шамада пайызбен беріледі.

tсв-пісіру (ұзақтығы)уақыты,


tхх -бос жүріс уақыты,

tп - тоқталыс уақыты.

Жұмыстың ұзақтығы (ПР) және қосудың ұзақтығы (ПВ) айырмашылығы, жұмыстың ұзақтылығы кезінде тоқталыс уақытында қорек көзі желіден айырылмайды және бос жүрісте жұмыс жасайды, ал қосудың ұзақтығында қорек көзі желіден толықтай айырылады.

Кез-келген қорек көзінің паспортында пісіру тогының номиналды өлшемі және жұмыстың ұзақтылығы немесе қосудың ұзақтығы номиналды мәні көрсетіледі.


3. Пісіру трансформаторлары

3- тапсырма (Құрлысын жазу)



Пісіру трансформаторы бәсеңдетуші болып табылады және жеткізуші электр желілерінің (аса жоғары) бір кернеуінің айнымалы тогын сол жиіліктегі (біршама төмен) басқа кернеудегі айнымалы токқа түрлендіреді және пісіру доғасын қоректендіруге жұмсалады.

тұтқа

өзек

тігінен таспалы бұрама

бұраманың жүрісті сомыны

трансформатордың бірінші орамасы

трансформатордың екінші орамасы

салқындатуға арналған жалюздер

трансформатордың тұрқы

пісіру тізбесінің сымдарын жалғауға арналған қыспақ

4.Сергіту

1.Доға дегеніміз (қуатты электрлі разряд)

2.Пісіру сымының маңызы (пісіруге және балқытып қаптастыруға арналған)

3.ұнтақты сым дегеніміз (ішіне ұнтақ баспаланған сыртқабықшасы болатты сым)

4.электродтың негізгі түріне жатады: (балқитын және балқымайтын)

5.Балқымайтын электрод түрлері: вольфрамды, (графитті, көмірлі)

6.Флюс дегеніміз...(металды емес қосымша материал)

7.Дайындалуы бойынша флюс болады: (балқитын және балқымайтын)

8.Доғаны тұтандырудың амалы (тақап және шертіп тұтандыру)

9.Доғаның ұзындығы дегеніміз (электродтың шетінен шөгіске дейінгі арақашықтық)

10.Пісіру орыны қандай болады (стационарлы және жылжымалы)

11.Дәнекерлеу қосылыстарын ата (түйістірмелі, бұрышты, таврлы және айқастырмалы)

12.Кеңістіктегі пісіру күйі: (төменгі, көлденең, тігінен және төбедегі)

13.Пісіру трансформаторында болатын кернеу (220-380В)

14.Ток болады.......(айнымалы және тұрақты)

5. Пісіру түрлендіргіштері және пісіру агрегаттары

5- тапсырма. (Атауларын өз орнына қой)

1- коллектордың мыс тілікшелері

2- генератордың щеткасы

3- реттейтін реостат

4- тарату құрылғысы

5-қыспақтар

6-вольтметр

7-желдеткіш

8-үшфазалы асинхронды қозғалтқыш

9-тартқыш 10-магнитті полюстер

11-тұрқы

12-зәкір
н


1-генератор

2-қозғалтқыш

3-айналу қозғалысының реттегіші

4-жағу отыны



6. Пісіру түзегіштері

6-тапсырма. «Мен туралы айт» (Құрылысын, жұмыс әрекетін түсіндір)

1- трансформатордың өзегі

2-бірінші ораманың қозғалмалы орауышы

3-екінші ораманың қозғалмайтын орауышы

4-селенді түзеткіштердің блогы

5-пісіру тогын реттейтін тұтқа

6-желдеткіш

7-тапсырма. «Қатесін тап»

Балласты реостат пісіру режимін сатылы реттейді.

1- корпус

2-реттеу аймағының тумблеры

3-кедергі бөліктерінің рубильниктері

4-пісіру кабеліне арналған клеммалар

5-нихромды сымдардың бөліктері

Балласты реостат пісіру режимін сатылы реттейді.

Осциллятор доғаны түйіспесіз тұтандыруды қамтиды және пісіру кезінде оның жануын тұрақтандырады.

Инверторлы қорек көздері желідегі айнымалы кернеуді пісіру тогы және кернеуге түрлендіреді.



8-тапсырма. « Тапқыр болсаң шешіп көр»
ТСД -500- ПСО-500-11 РБ-2001 ВД-201 ТД -500 ТДФ 1001 АСБ-300-2 ПСТ -500 АДП 306 РБ-301 ВСЖ-303
9 - тапсырма. «Өз ойыңды аяқта»

1.Пісіру доғасының ашылған жылы........(1802 ж)

2.Доғалы пісірудің негізін салған ғылым...... (Бенардос Н)

3.Тұрақты токта қолданатын қорек көздеріне жатады: түзеткіш......(түрлендіргіш, агрегат)

4.Дәнекерлеушінің негізгі құралы ........ (электродұстатқыш)

5.Түзеткіш бәсеңдететін трансформатор және ....(диодтар блогынан) тұрады.

6.Кернеу құрғақ бөлмеде....(36 В-ке шейін), дымқылды бөлмеде.... (12В-ке шейін) болады

«Өз біліміңді нақтыла»


Тұрақты ток көзіне қолданатын қорек көзі

Айнымалы ток көзіне қолданатын қорек көзі

Қосымша жабдықтар











«Қауіпті аймақ» Оқушылардың техникалық қауіпсіздік бойынша білімдерін тексеру

«Қадағала», «Тиым салынады», «Абайла»


Тест

1.Токтың тығыздығы өлшенеді:

А)кернеу-вольтметрмен

Б)кедергі оммометрмен

В)ток күші амперметрмен

Д)өлшенбейді *

Е)осциллятормен

2.Желіден айырылмаған трансформаторды орын ауыстыруға болама:

А)басқа диапазонға ауыстырудың алдында желіден айырады

Б)жерлендіргіштен айырады

В)маңызы жоқ

Д)ТҚ инженерінің қатысуымен болады

Е)орын ауыстырудың алдында желіден айырады *

3.Бір фазалы трансформатордың құрлысы:

А)бірінші және екінші орама, корпус, диапазонды айырып қосқыш

Б) бірінші және екінші орама, магнитпровод, корпус, клемма, тұтқа *

В)басқару пульті,кедергіш, магнитпровод, корпус

Д)генератор, якорь, реостат

Е)орауыш, щетка, түзеткіш элементтер

4.Қолмен доғалы пісіру режимінің негізгі параметрлеріне жатады:

А)газдың шығыны, ток түрі, электрод диаметрі

Б) пісіру тогы, электрод диаметрі, кернеу,пісіру жылдамдығы *

В)электрод қаптамасы, пісіру тогы, электрод диаметрі, кернеу

Д) пісіру тогы, электрод диаметрі, газдың шығыны,электродтың еңкіштігі

Е) газдың шығыны,электродтың еңкіштігі, металдың бастапқы температурасы, пісіру тогы

5.Электродтың диаметрін таңдау неге байланысты:

А)кернеуге

Б)металдың қалыңдығына *

В)пісіру тогына

Д)пісіру жылдамдығына

Е)пісіру тогы және кернеуге

6.Пісіру сымы қалай таңбаланады:

А)Ан

Б)Ст


В)Св *

Д)УКД


Е)Э

7.Газдар электр тогын өткізедіме:

А)егер олар иондалған болса *

Б) егер олар иондалмаған болса

В)егер олар молекулада

Д) егер олар атомда

Е)егер олар ионда

8.Пісіру тогы және пісіру сымының диаметрінің арасындағы байланыс:

А)байланысты емес

Б) пісіру сымының диаметрінің төмендеуімен пісіру тогы артады

В)дұрыс жауабы жоқ

Д) пісіру сымының диаметрінің жоғарлауымен пісіру тогы кемиді

Е) пісіру сымының диаметрінің жоғарлауымен пісіру тогы артады *

9.Пісіру құрлымына қойылатын талаптар:

А)сенімділік, қаттылық, серпімділік

Б) сенімділік,беріктілік, қатаңдық *

В)отқатөзімділік, беріктілік

Д)жылуөткізгіштік



Е)маңызы жоқ

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет