Ќарќаралы табиѓаты ѓажап ќой, біраќ



жүктеу 22.17 Kb.
Дата30.07.2018
өлшемі22.17 Kb.

Маманқызы, А.

Қарқаралы табиғаты ғажап қой, бірақ... [Текст] / А. Маманқызы // Орталық Қазақстан. - 2010. - 15 маусым (№95). - (Мезгіл мәселесі)

Жақында жолымыз түсіп, тобымыз жиналып Қарқаралыда демалып қайтқан едік. Қай жеріне барсаң да тұнып тұрған тарих. Қазақтың небір ғұлама, дүлдүлдерінің ізі түскен киелі топырақты басу біздің маңдайымызға сыймас бақыт-ты. Табиғаты былай тұрсын, түрлі тарихи орындарға таңдай қағып, таң-тамаша болып қайттық. ХІХ ғасыр куәсі, Құнанбай қажы салдырған мешіт, Абай табан тіреген үй, Шөже мен Балта айтысқан жер, қазақтан шыққан алғашқы пошта қызметкері Бекметев баспанасы – мұның барлығы да көненің көзі, Қарқаралы маржандары.

Мұндай жауһарларға өз таңданысын әркім әрқалай жеткізіп әлек. Сонымен не керек, әйтеуір, барлығының айтатыны бір сөздің айналасы: «сөз жоқ, ғажап!» Шайтанкөлге тау жағалап шығып келеміз. Таңданысымыз әлі басылмаған. Әр белестен асқан сайын табиғаттың жаңа қыры көрінеді. Жаңа ой, жаңа сөздер тағы ағылады-ай. Десек те, бұл жердің де «бірағы» бар екен... Дәл осы арада көзің сұлулықпен қоса салақтыққа да бірдей түседі. Салақтығы не дерсіз? Иә, әсем Қарқаралыға тек сұлулық тән ғой. Бірақ...

Тау баурайында адамдар жүретін соқпақ жол бар екен. Әр жүз метрдей жерде демалуға арнайы орындықтар қойылған. Дәл жанында қоқыс жәшігі. Бірақ, неге екенін қайдам, қоқыс жәшікте емес, айналасына шашылған. Бұл, көшелердегі қоқыс жәшіктерін әдейі қотарып кететін қаланың бұзық жасөспірімдері жасаған іс дейтіндей, қала ортасы емес. Өзі шашылып қалды деуге де келмейді, жәшіктер орнықты. Сонда бұл, адамдар мәдеиетінің тым төмендеп кеткенінің көрінісі ме, жоқ әлде, көрікті демалыс орны бола тұра, мұндай жағдайларды бақылайтын арнайы органдар үстемділігінің бәсеңдігі ме? Сұлулықты сұлу күйінде сақтап қалуға да шамамыз жетпегені ме? Біраз уақытта топыраққа айналып кететін табиғаттың өз «туысы» болса бір жөн дер едік. Ал мынадай өндірістік қоқыстар жайы бір бөлек. Табиғат әсемдігіне мас болып жүргенде, мұндай көрініс ұнжырғаңды түсіреді екен.



Адам өзіне керектінің барлығын табиғаттан алады, бірақ оған керек нәрсені бере алмайды. Табиғатқа бар керегі – ТАЗАЛЫҚ, КҮТІМ. Одан артықты ол сұрамайды да...
Каталог: download -> DBases -> Ecology of the CK -> Files
Files -> Адамныњ аѓзасы жања климаттыќ-географиялыќ ортаѓа мањызды организм ќызметтерініњ ж±мысын ќайта ќ±ру арќылы бейімделеді
Files -> Балқаш аллбүғасы Табиғи түрде өсіп-өнуі мүлде азайып барады. Бұ л түрі «Қызыл кітапқа»
Files -> Орманды күте білейік: Табиғат байлық көзі/Т. Тоқметов // Орталық Қазақстан. 2001. 27 қазан
Files -> Єбдірахманов, О
Files -> Балқаш көлі бүкіл жер шарындағы аса ірі көлдердің қатарына жатады. Бүл су қоймасы біздің респүбликамыздың аса ауқымды аймағындағы экологиялық жүйенің барлық түрін
Files -> Ақпамбетова, К. М
Files -> СарыарќА Ґзендерініѕ орогидрографиялыќ жаєдайы
Files -> Айтуѓанова З
Files -> Талжанов, С. А. Орталық Қазақстан жайылымды жер ресурстарының экологиялық мәселелері және оны шешу жолдары [Текст] / С. А. Талжанов // Әрқилы биологиялық деңгейдегі физиологиялық бейімделуі және санокреатиологияның өзекті мәселелері
Files -> Әбдіраш, Ә. Қоршаған ортаға қамқорлық / Ә.Әбдріраш // Орталық Қазақстан. – 007. – маусым (№86)


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет