Алматыда бес микроқаржы ұйымының (МҚҰ) лицензиясы тоқтатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл туралы қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлімдеді. 

"Агенттіктің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының бұйрықтарына сәйкес "Hava Finance" (Хава Финанс)" МҚҰ" ЖШС, "POS Credit" (ПОС Кредит)" МҚҰ" ЖШС, "SF Offline" (СФ Оффлайн) МҚҰ" ЖШС, "Сәлем Кредит" МҚҰ" ЖШС, "Express Аванс" МҚҰ" ЖШС-ның микроқаржылық қызмет көрсетуге рұқсат беретін лицензиялары үш ай мерзімге тоқтатылды", – делінген хабарламада.

Агенттіктің мәліметінше, лицензиялардың тоқтатылуына микроқаржы ұйымдарының уәкілетті органның жазбаша бұйрығын орындамауы себеп болған.

"Лицензияның қолданылуын тоқтату МҚҰ-ға микрокредит беру туралы жаңа шарттар жасасуға тыйым салады. Қызметі тоқтатылған микроқаржы ұйымы микрокредит беру бойынша бұрын жасалған шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындауға міндетті", – делінген агенттік хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін ресейлік Qiwi-банктің лицензиясынан айырылғаны туралы жазған едік.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.