Арасан ауылдық округі бойынша 2016 жылғы атқарылған жұмыстары туралы ақпарат



жүктеу 62.03 Kb.
Дата29.08.2018
өлшемі62.03 Kb.


Арасан ауылдық округі бойынша 2016 жылғы атқарылған жұмыстары туралы ақпарат.
Округте жалпы тұрғындар саны 1954, аула саны 360.

Округ бойынша шағын кәсіпкерлік субьектілерінің саны – 23.

Округте жалпы жер алаңы 38351,56 га, оның ішінде суармалы жері 2094,06га. 148 шаруа қожалығы тіркеліп, оның 82 шаруашылық егістікпен, мал шаруашылығымен 56 шаруашылық бар.

Округ бойынша МІҚ – 4707, қой – 16450, ешкі – 7300, жылқы – 2006 басты, құс 6500 құрайды.



Ауылшаруашылығы:

«Ұлттық жоспары - 100 нақты қадам» бойынша бірінші міндетті орындау үшін ауылшаруашылығы өнімдерін арттырып, мал басын асылдандыру бағытында 2016 жылы «Сыбаға» бағдарламасымен «Сұлтан» шаруа қожалығы Колдейбаев Ерболат 172 сиыр және 9 бас бұқаға 29млн.400 теңге несие алды, оған 100 бас ірі қара сатып алды. Сонымен қатар 7 шаруа қожалықтары субсидияларын алды.

«Аюхан» шаруа қожалығының жетекшісі А.Тиналиев 50 га қызылша сеуіп, өкімет тарапынан субсидия алды.

Биылғы жылдың өніміне күздік бидай 620 га себіліп, оның 487 га 5 шаруашылық міндетті сақтандыруға отырғызды. Сондай-ақ 50 га қызылшаға терең сүдігер, 230 га сүдігер жыртылды.

Жаңа ауылшаруашылық техникалары: 3 шаруашылық Казагрофинанс арқылы 3 техниканы лизингке алды.

Әлеуметтік саласы бойынша:

Арасан ауылдық округі бойынша «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағыты - «Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру» мақсатында шағын несие алған адамдар: Жақсылықова Торғын, Сыдыков Самат мал өсіру мақсатында 5 млн. 400 мың тг алды.

Бағдарламаның үшінші бағыты әлеуметтік жұмыс орындарына 2016 жылдың ақпан айынан бастап 27 адам 11 айға жолданды. Бөлінген қаражат 5 млн. 404 мың теңге. Еңбекақының 35 пайызы субсидияланып 18200 теңге алды.

3 айлық қайта даярлау курсына «Электромонтер» мамандығы бойынша Тогузбаев Абилаким Бейсенгазинович оқып, Ақсу политехникалық колледжінен сертификат алды. Биылғы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту және жаппай кәсіпкерлік» атты бағдарлама аясында қажетті трактор машинист және дәнекерлеуші мамандықтарға 11 адам кәсіби оқуға сұраныс берді.

Округ бойынша жастар практикасына жолданған азаматтар жоқ. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының ақпараттық жүйесіне ауылдық округ бойынша 61 адам енгізілді, 3 адамның зейнетақы аударымдары жоқ. 61 адамның 38 –і өзін өзі қамтығандар болса, 23 жұмыссыздар.

Арасан ауылдық округі бойынша мүмкіндігі шектеулі 48 адам бар. Оның ішінде жұмысқа жарамдысы 17 адам, тұрақты жұмыспен қамтылғандар 6, белгіленген квота мөлшері 2, квота шеңберінде уәкілетті орынның жолдамалары арқылы 4 адам жұмысқа орналастырылды. Жұмысқа орналасудан бас тартқандар 6, өзін-өзі жұмыспен қамтып жүргендер 4, жұмысқа орналастыру керек 1 адам.


Салық саласы бойынша:

Әлеуметтік салықтың да жиналуында көлеңкелі тұстары жоқ емес. 2016 жылдың мүлік салығы – 12 мың тг 100%-ға, жер салығы 72 мың тг 100%-ға орындалды. Кейбір шаруа қожалықтары өз қарамағындағы жүздеген, мыңдаған гектар жері бар болса да жұмысшыларды жоқтың қасы қылып көрсетіп жүрген, осыған түсіндіру жұмыстары жүргізіліп 38 жұмысшы салыққа тіркелді.



Білім саласы бойынша:

2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап еліміздің барлық мектептерінің 1 сыныптарына жаңартылған білім беру мазмұны енгізілді. Б.Сырттанов мектебінде екі 1 сынып, оның ішінде 41 оқушы жаңартылған білім мазмұнымен білім алуда.

Биылғы оқу жылында мұғалімдердің жалпы саны 36. Жаңартылған білім мазмұны бойынша 3 мұғалім курстан өтті.

2016 жылы жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан 1.417000 (бір миллион төрт жүз он жеті) теңге бөлініп, жетім, жартылай жетім, аз қамтылған отбасылардың балаларына ыстық тамақ, киім-кешек берілді. Биылғы жылы жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан 1 516 000 (бір миллион бес жүз он алты мың) теңге бөлініп, жетім, жартылай жетім, аз қамтылған отбасылардың балаларына көмек көрсету үшін жоспар құрылды.

Тұлдыр жетім Елтай Диляраға депозит шоты ашылып 41 мың ақша құйылды. Бұл баламыздың болашақ оқу орнына түсуге әлі де аздық етеді. Сондықтан ауыл тұрғындары, шаруа қожалық жетекшілерінен сұрарым Диляраның шотына ақшалай көмек КӨРСЕТСЕҢІЗДЕР.

Денсаулық саласы:

Жұқпалы аурулар, оның ішінде бруцеллез, туберкулез ауруларының алдын алу және профилактория жөніндегі жұмылдыру жоспарлары бар. 2016 жылы бруцеллез, туберкулез ауруларымен тіркелген жоқ.

27 нәресте дүниеге келіп, 1 нәресте қайтыс болды.

Медициналық жедел жәрдем 2003 жылы берілген болатын, жаңа жедел жәрдемді қажет етеді. Ескі болғандықтан жиі бұзылуы, жолда қалуы қиындыққа соқтырады. Кей уақытта алғашқы көмекке медицина қызметкерлері автокөлік бұзылып тұрғандықтан жаяу барады. Бұл әсіресе түнгі уақытта қиындықтар соқтырады.



Учаскелік полиция бөлімі:

Арасан ауылдық округі бойынша жалпы тіркелген 13 қылмыс, ашылғаны – 9, ашылмағаны -4. Оның ішінде мал ұрлығы -4, ұялы телефон-2, пәтер тонау -3, өзге қылмыс -3, басқа қылмыс -1.

Мал ұрлығының алдын алу, азаматтардың тіркелуі, оқушылардың сабаққа баруы, жұқпалы, басқа да аурлардың алдын алу үшін округ әкімі, учаскелік инспектор, мектеп директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары, ауылдық амбулатория меңгерушісі ауылдан тыс жерде отырған баздарды аралап, күндізгі уақытта қарау, кешкі уақытта малдарын қоралау керектігі түсіндіріліп, қолхаттары алынды.

Әлеуметтік көмек:

«Мейірімді жүрек» қоғамдық қозғалысы аясында ауыл азаматшасы Уакасова Гульшат Татімқожақызы, округ әкімі қамқорлық күнін ұйымдастырып жалғызбасты, аз қамтылған жанұяларға азық-түлік ретінде көмектер көрсетті.

«Б. Илияс» шаруа қожалығының жетекшісі Жунусов Абай 3 ц барлығы 15 отбасыға бидай берді.

Желтоқсанның 3 күні Алматы облысы Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан Рымханұлы келіп, зекет туралы түсінік берді. Соңынан 6 ауыл тұрғыны 6 бас ұсақ малды жалғызбасты, аз қамтылған жанұяларға таратты.



Ішкі саясат:

2017 жылдың баспасөзіне 10 отбасын «Ақсу өңірі» газетіне тегін жазуды ұйымдастырдық.



Жастарды секталардан, экстермистік лаңкестік іс-әрекеттерден сақтандыру барысында мешіт имамы Құлыбеков Асхаттың қатысуымен мектеп оқушыларымен, ауыл жастарымен діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдар бойынша кездесу өткізді.

Биылғы жылдың қыркүйек айында жастарға ауыл имамының ұйымдастыруымен «Құрбан айт» мейрамында қазақтың ұлттық ойындарын және жас ұрпақтарға діни-нанымның дұрыс жолда болуын, салауатты өмір салтын насихаттауда «Қошқар көтеру» жарысы ұйымдастырылды.

Округ аумағында басқа діни бірлестіктер мен келімсектер және діни ағымдар тіркелген жоқ.

Жұма сайын мешітке ақсақалдар мен бірге ауыл жастары да жиналады.

Мешіт имамы және мекеме басшыларымен діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөнінде кездесу өткізіліп қатаң бақылауға алынды. Учаскелік полиция инспекторына да ескертіліп, бірлескен жұмыстар атқаруда.

Жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалау мақсатында спорт алаңы, 1 мәдениет үйі, 1 кітапхана, 1 мектеп спорт залдарының қолжетімділігі қамтамасыз етілген.

Білім беру обьектілерінің терроризмге қарсы қорғалуы бойынша шаралар қабылдау үшін білім беру мекемесінде күзетпен және қазіргі заманғы бақылау камералары орнатылған. Сонымен қатар округ бойынша «Тамаша» дүкенінде 2 бақылау камерасы орнатылған. Биылғы жылы басқа мекемелер, жеке кәсіпкерлер жоспарлауда.

Тіл саясатын жүзеге асыруда ономастика жұмысының маңызы ерекше. 2016 жылы облыстық онамастика комиссия отырысына ұсынылған Арасан ауылдық округінің Арасан ауылындағы «Шекара» көшесін «Уакасов Тәтімқожа Серікқожаұлы» көшесі деп қайта атау үшін облыстық онамастика комиссиясы шешімі шықты. Қазіргі уақытта әділет басқармасына тіркеуге ұсынылуда. Сонымен қатар Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің аты берілген төрт көшеге жаңадан көше тақтайшалары ілінді.

Арасандағы «Жетісу Гранит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «ЭКСПО-2017» көрмесіне өз өнімдерін жіберуде. «ЭКСПО-17» құрылысын салуға 374 млн.471 мың теңгенің 17585 мың шаршы метр гранит плиткасын жеткізіп, келісім шартты ойдағыдай орындады. Ол біз үшін мақтаныш. Алдағы уақытта «Жетісу Гранит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Пай Евгений Владимирович Арасан ауылының мәдениет ошағының өркендеуіне үлес қосады.

Қазіргі таңда «Арасан-Қапал» шипажайының тоқтап тұруы, округ бойынша 120 адамды жұмыссыз қалдыруда. ЖШС-ның басшысы Тайкенов Қанатпен биыл көктемнен бастап, жөндеу жүргізіп іске қосады.

«Туған жерге туыңды тік» акция шеңберінде жеке инвесторларды мәдениет үйі, спорт нысандарын және жұмыс орнын ашу үшін де инвесторларды тарту, насихат жұмыстарын жүргізу әлі де тоқтаған емес, ол үшін жұмыс жасаудамыз.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі «Ұлт жоспары - 100 нақты қадамның» 99-шы қадамын орындау үшін «Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер жанындағы қоғамдық кеңестердің рөлін күшейту қажет» деп мәлімдеген болатын. Заңда қамтылған нормаларда айтылғандай, ендігі жерде қалың бұқараның мемлекеттік органдардың қызметіне бақылау жасаудың жаңа тетіктері заңдық тұрғыдан щегенделіп, биліктегілер қоғамдық кеңестердің алдында есеп беретін болады. Осыған орай округте 7 мүшеден тұратын қоғамдық кеңес құрылды.




Арасан ауылдық

округ әкімі: Р. Галимжанова

орындаған: Д. Борангазин



тел: 87283230004

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет