Қаратал ауылдық клуб үйінің 017 жылғы ІІ – тоқсанында атқарылған мәдени іс –шаралардың жазбаша есебі. сәуір 2017 жылы Қаратал клуб үйінде «Мәссаған безгелдек»



жүктеу 45.4 Kb.
Дата22.05.2018
өлшемі45.4 Kb.

Қаратал ауылдық клуб үйінің 2017 жылғы ІІ – тоқсанында атқарылған

мәдени іс –шаралардың жазбаша есебі.
1 сәуір 2017 жылы Қаратал клуб үйінде «Мәссаған безгелдек» күлкі мерекесі болып өтті. Кеште ауыл өмірінде өтетін неше түрлі күлкілі жағдайлардан пародиялар көрсетілді. Кеш күлкілі де қызықты өтті.




05.04.2017 жылы сағат 10.00 де ауылдық кітапханада «Дінді кімдер бұрмалайды» атты дөңгелек үстел болды. Дөңгелек үстелге ауылымыздың имамы Санат қажы қатысып, теріс ағымды уағыз айтатын адамдарда бар екенін түсіндіріп, ондай адамдарға ілеспеуді айтып жеткізді. Кітапханашы теріс ағымға еріп кеткендер жайлы слайд көрсетіп, дінді бұрмалайтындар жайлы деректерді түсіндіріп берді.



13.04.2017 жылы Қаратал клуб үйінде «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» күніне орай жастар маманының ұйымдастыруымен «Таусылмайтын әңгіме, махаббат-мәңгі ертегі» атты жастар кеші болып өтті. Кеште әр түрлі ойындар өткізіліп жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапаталды. Кеш қызықты өтті.






17.04.2017 жылы Қаратал ауылдық клуб үйінде ауылдық мәдениет қызметкерлерінің әдіскері М.Мужанованың ұйымдастыруымен «Шуағын төккен ауылым» атты әр ауыл округі мәдениет қызметкерлерінің концерті болып өтті. Концерт соңынан ауыл әкімінің алғыс хаттын бас маман А.Аманжолова тапсырып, мәдениет қызметкерлеріне табыс тіледі. Ауыл ақсақалдар кеңесінің төрағасы М.Зайтынов, әйелдер кеңесінің төрайымы Қ.Бөргебенова, т.б көрермендер тілектерін білдіріп өнерлеріне сәттілік тіледі.



26.04. 2017 жылы Қаратал ауылдық кітапханасында алаш партиясының белгілі қайраткері Әлихан Бөкейхановтың өмірі жайлы дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелге мектеп оқушылары шақырылып, Ә. Бөкейханов жайлы және «Алаш партиясы» не себептен құрылғаны жайлы кітапханашы Р.Бурашева айтып берді. Балалар да өз білгендерін ортаға салды.




08.05.2017 жылы Қаратал клуб үйінде тыл ардагерлерімен кездесу өтті. Ұлы Отан соғысының отты жылдары бейбіт өмірдің шырқы бұзылып, мыңдаған шаңырақ иесі оқ пен оттың ортасынан оралмады. Ана жесір, бала жетім атанып, соғыстың ауыр зардабын арқалады. Жүрегі қан жылаған аналар ғана ауылдың ошағын тұтатып, «Бәрі де майдан үшін» деген ұранмен тылдағы еңбек майданында білек сыбана еңбек етті. Осындай аналармен ауылдық кітапханада тыл ардагерлерімен кездесіп, дөңгелек үстел өтті. Ардагер аналар сол кездегі басынан өткен қиындықтарымен бөлісті. Ауыл әкімі Қ.Каримов тыл ардагерлерін құттықтап, сыйлықтармен марапаттады. Соңы мәдениет қызметкерлерінің мерекелік ән жырына ұласты. Ардагер аналар өз алғыстарын білдіріп, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне орнатылған ескеркіш алдында суретке түсті.



24-25.05 2017 жылы «Туған жерге тағзым» атты акциясы аясында «Ауылым аңсадым» атты, 20 жыл бұрын мектеп бітірген тулектер өз туған ауылына, ұшқан ұясы мектептеріне үлкен бір мереке жасап берді. Қаратал ауылының ат шабарында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырды. Түстен кейін ауылдағы спорт кешенінде ауыл жастарына сый ретінде бір жарым миллион теңгенің жаттығу құралдарын сыйға тартып, жаттығу залын ашып берді. Ашылу салтанатында ауыл әкімі Қ.Каримов 1997 жылы бітірген түлектерге «Алғыс хат» тапсырып өз ризашылығын білдірді. 1997 жылы бітірген түлектер өз сөздерінде 1998 жылы бітірген түлектерге осындай ізгі іс істеңдер деп сөз тастады.

25.05 2017 жылы мереке мектепте соңғы қоңыраумен аяқталды.




01.06.2017 жылы Қаратал ауылының саябағында 1-маусым балаларды қорғау күніне орай «Балапаным» атты балар мерекесі болып өтті. Мерекеде Нуркамал апа батасын беріп, бас маман А.Аманжолова балаларды мерекесімен құттықтады. Мерекеде «Азамат» балабақшасымен және Қаратал, Қазақстан мектептерінде орналасқан шағын орталықтың балалары өз өнерлерін көрсетті. Балалар асфальтқа «ЭКСПО»-ны белгілейтін суреттер салып жарысты.

Мереке соңында балаларды бағалы сыйлықтармен марапаттады





05.06.2017 жылы Қазақстан Республикасының рәміздері мерекесіне орай өткізілген «Ел таңбасы елімнің әнұраны, көк байрағы» атты ауыл кітапханасында өткізілген дөңгелек үстелге мектеп оқушылары,әкімшілік, мәдениет қызметкерлері қатысты. Әкімшіліктің бас маманы А.Аманжолова рәміздердің тарихы жайлы айтып, мерекемен құттықтады. Балалар рәміздер жайлы берілген сұрақтарға жауап берді. Мәдениет үйінің меңгерушісі А.Қалиева мерекемен құттықтап, ән жолдады.





14.06.2017 жылы Қаратал мәдениет үйінің ауласында «Қош бол алтын ұя -мектебім» атты мектеп бітіруші түлектердің кеші ұйымдастырылды. Кеш мектеп бітірушілердің «Мектеппен қоштасу» атты флешмобымен басталды. Спорт кешенінде спорттан және ән-билерден өз өнерлерін көрсетті. Кеш би кешімен жалғасты.





16.06.2017 жылы ауылдық емханада «Ақ халатты абзал жандар» атты дәрігерлер күніне арналған мерекелік шағын құттықтау концерті болып өтті. Мерекеде ауыл әкімі Қ.Каримов дәрігерлерді төл мерекесімен құттықтап «Алғыс хатпен» бағалы сыйлықтармен марапаттады . Мәдениет қызметкерлері ән мен жырмен құттықтауларын жеткізді. Ескетркіш суретке түсіп, дәрігерлер өз ризашылықтарын білдірді.





24.06.2017 жылы Қаратал клуб үйінің ауласында жастар ісі маманы мен мәдениет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен "Ауыл кеші көңілді" атты студенттерге арналған би кеші болып өтті. Кеште ойындар ұйымдастырылып жеңімпаздар анықталып бағалы сыйлықтармен марапаталды. Кеш қызықты да тартымды өтті





30.06. 2017 жылы Қаратал клуб ауласында мәдениет қызметкерлері жастар би кешін ұйымдастырды, би кешінде ойындар ұйымдастырылып, қызықты сұрақтар қойылып, жеңімпаздар анықталып, бағалы сыйлықтармен марапаталды.







Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет