Қарауыл ауылдық округі бойынша



жүктеу 111.8 Kb.
Дата14.04.2018
өлшемі111.8 Kb.

Абай ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның 1-ші отырысы 2016 жылғы 18 ақпанда өтті.Ал комиссияның 2 отырысы 2016 жылғы маусым айының 22 жұлдызында өтті. Кезекті 3-ші және 4-ші отырыстары қыркүйек, желтоқсан айына жоспарлануда.

Қарауыл ауылдық округі бойынша:

23.05.2016 жылы Қарауыл ауылдық округінің әкімі Х.Верлишевтің төрағалық етуімен «Сыбайлас жемқорлық-өзекті мәселе» атты тақырыпта ауылдық округ қызметкерлерінің, «Нұр Отан» партиясы Абай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Дүрмекбайдың аудандық әділет басқармасының басшысы МА.Махметовтің және ХҚКО ШҚО бойынша филиалы Абай аудандық бөлімінің басшысы Т.Сағатұлының қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел мақсаты сыбайлас жемқорлықпен түбегейлі күресу,осы мәселеге орай арнайы қабылданған заңдарды, нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру. Қоғамның дамуына кедергі келтіретін теріс және қауіпті құбылыстардың бірі сыбайлас жемқорлықты түп тамырымен жою,елдің саяси, экономикалық, әлеуметтік мәселелеріне кері әсерін тигізетін жемқорлықты болдырмау, алдын-алу.

Қарауыл ауылдық округі әкімі аппаратында жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған пошта жәшігі келушілерге қолжетімді жерде орналастырылған. Оған жауапты тұлға-бас маман Қасенбаева Әйгерім Азаматқызы. Сонымен қатар мекемеде «сенім телефоны» ұйымдастырылған.Сенім телефонының нөмірі 87225291767, жауапты лауазымды тұлға- ауыл әкімінің орынбасары Бекбатырова Нұрбек Ахметқайырұлы.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта айдарлар мен жарияланымдар, теледидар бағдарламалары мен радио хабарларын жасау, сондай-ақ жарнамалық-имидждік роликтер, брошюралар, буклеттер мен жадынамалар шығару бойынша жүйелі түрде жұмыстар атқарылып келеді. Атап айтсақ, «Абай елі» газетінде Қарауыл ауылдық округінің бас маманы Ә.Қасенбаеваның «ҚОҒАМ ҮШІН ҚАУІПТІ ДЕРТ- СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ» атты мақаласы жарияланды. Аудан әкімінің интернет-ресурсында «Жемқорлық тоқта» атты айдар ашылған. Тұрақты айдар тоқсанына 1 рет жаңа мәліметтермен толығып тұрады.

04.05.2016 жылы аудандық М.Әуезов атындағы орталықтандырылған кітапханада аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы Н.Сағындықованың ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» атты дөңгелек үстел жиыны өтті. Дөңгелек үстелге ауданның ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұ.Сағадиев,аудан әкімі аппаратының бас маманы Ә.Боранбайқызы, қоғамдың кеңестің төрағасы Т.Аманғазы, дербес бөлім басшылары қатысты. Дөңгелек үстелдің өзекті мәселесі мемлекеттік қызметкерлердің тәртібіне байланысты қабылданған «Әдеп кодексін» таныстыру және ауданда сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін қабылданған іс-шара жоспарының орындалу барысы болып табылды.



Көкбай ауылдық округі бойынша:

Көкбай ауылдық округіне қарасты барлық мекемелерде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау мақсатында жұмыстар жүйелі түрде жолға қойылған.

20.04.2016 жылы мекеме басшыларының қатысуымен «ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖОЛЫН КЕСЕЙІК!» тақырыбында Көкбай ауылдық округінің бас маманы Н.Әзімбаев дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелде талқыланған басты мәселе жемқорлықпен күрес жеке адамдардың ғана емес мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметкерлердің, тұтастай қоғамның басты борышы екендігі.

17.05.2016 жылы Көкбай ауылдық округінің бас маманы Н.Шыңғысбаев «СЫБАЙЛАСТЫҚТЫ БОЛДЫРМАУ-БІЗДІҢ БАСТЫ ПАРЫЗЫМЫЗ» атты дәрісін оқып, мекемелерге «ПАРАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫМЫЗ» атты арнайы жасатқан жадынама-парақшасын таратты.



Медеу ауылдық округі бойынша:

04.04.2016 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде Медеу ауылдық округінің әкімі Д.Мұқтарұлы, бас маман Қ.Темірбекұлы, мектеп директоры Е.Магденов, ауылдық округ әкімдігі қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Медеу ауылдық округінің бас маманы Қ.Темірбекұлы «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ІНДЕТ- ЖОЮ МІНДЕТ»атты баяндама оқыды. Баяндамада келесі тақырыптар қамтылды. Атап айтсақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы, сыбайлас жемқорлықтың одан әрі дамуына кедергі жасайтын пәрменді жағдайларды қалыптастыру бойынша барлық мемлекет пен қоғамның дәйекті жұмысын жүйелі түрде жүргізудің мақсаттылығы мен қажеттілігі, мемлекеттік органдардың, мемлекеттік ұйымдардың және мемлекет қатысатын ұйымдардың басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауапкершілік белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктеуге, азаматтардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жолын кесу мен оны ашуға жәрдемдесуге бағытталған қызметін көтермелеу тетіктерін қамтитын, азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетін ынталандыру жөнінде шараларын қабылдау.

Жергілікті «Абай елі» газетінде Медеу ауылдық округінің бас маманы Қ.Темірбекұлының «ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ЖҮРГІЗУ БАРЛЫҒЫМЫЗҒА МІНДЕТ» атты мақаласы жарық көрді.

Сыбайлас жемқорлық ұғымын, сыбайлас жемқорлықтың орын алу фактілері кездескен жағдайда азаматтардың әрекет ету тәртібін түсіндіру мақсатында «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ӘРЕКЕТ ЕТУ» атты жадынама дайындалған.

Медеу ауылдық округі әкімі аппаратында «Сенім телефоны» мен жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған пошта жәшіктері оңтайлы жерге орналастырылған.

Саржал ауылдық округі бойынша:

26.05.2016 жылы Саржал ауылдық округі әкімдігінің бастамасымен «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ТЕК ҚАНА ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ, ЗАҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ҒАНА ІСІ ЕМЕС» атты тақырыпта жиналыс өткізілді. Жиналыста талқыланған өзекті мәселе-қазіргі қоғам дерті болып саналатын жемқорлықпен күресті жан-жақты нығайтып, жолын кесу. Бұл індеттің қамтыған салаларын анықтап, сол бағытта жұмыстар жүргізу.

19.04.2016 жылы Саржал ауылдық округінің әкімі, бас маман Ж.Асқаров, маман С.Ыбырай, жетекші маман С.Сексенбаев, аудандық мәслихат депутаты Б.Оразбаев, мектеп директоры Е.Ақбергенов және ауылдық ақсақалдар кеңесінің қатысуымен «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!» тақырыбындағы келелі бас қос өтті.

Қасқабұлақ ауылдық округі бойынша:

20.04.2016 жылы «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН БІРГЕ КҮРЕСЕЙІК» тақырыбында жиын-отырыс өтті.

02.06.2016 жылы азаматтардан түскен арыз-шағымдарды қарау , сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы түсініктем беру жиналысы өтті.

Жергілікті «Абай елі» газетінде ауылдық округтің бас маманы Р.Дәулетқалидың «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСЕЙІК» атты мақаласы жарық көрді.

20.06.2016 жылы «Нұр Отан» партиясы мүшелері, аудандық мәслихат депутаты және ардагерлер кеңесінен құрылған жиналыста «Сыбайлас жемқорлық-түбі қорлық» тақырыбында әңгіме өткізілді.

Жиналысқа қаралған өзекті мәселелерге А.Мұқатай сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп отырған іс-шаралар, оған жол бермеу мақсатында атқарылып жатқан мемлекеттік саясат және азаматтардың осындай фактілерімен кездескен жағдайдағы құқықтары мен міндеттерін түсіндірді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстар туралы және азаматтардан түскен арыз-шағымдарды қарау тәртібі туралы, арыз беруші өзінің шағымданатын мәселесін, нақты, анықтап түсіру керектігін, кейінгі уақытта заңдарға толықтырулар енгізіліп жатқанын, бұл туралы алдағы уақытта халықпен жиі кездесіп, түсінік жұмыстарын жүргізіп отыратындығын айтты.



Кеңгірбай би ауылдық округі бойынша:

Ауылдық округі әкімі Г.Боранжанованың және мектеп директоры Б.Скакова, «Абай» колледжінің директоры М:Махтаев, мектеп ұстаздарының қатысуымен мектептің акт залында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбындағы жиналыс өтті.

Ауылдық округте «сенім телефоны» ұйымдастырылған. Кеңгірбай би ауылдық округі әкімі мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлықты болдырмауға, қоғамның адамгершілік тұрғыдан жандануына бағытталған кешенді жұмыстарды атқарып келеді.

Құндызды ауылдық округі бойынша:

Құндызды ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінде қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы тіркелген жоқ. Мемлекеттік қызметшілердің табыстары мен мүлкінің декларациялануын, онда жазылған мәліметтердің нақтылығы ескертіліп тұрады. Ауыл әкімінің жанындағы жалпыға бірдей құқықтық оқу жоспарына Қазақсан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы мәселесін қарастыруды мәселелердің бірі ретінде енгізілген.

Құндызды ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметкерлері ішінде Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының талаптарын бұзғаны үшін жауапқа тартылғандар жоқ.

Ауыл әкімі аппаратының ғимаратында  мемлекеттік қызметшілердің   Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі мен «Құндызды ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы ақпарат ілінген стенд, жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен ұсыныстарына арналған жәшік орнатылған, қазіргі таңға арнайы жәшікке ешқандай арыздар мен хаттар түскен жоқ. «Құндызды ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы, оның ішінде арыз, шағым берушіге мемлекеттік қызмет көрсетудің регламенттері туралы ақпарат Абай елі газетінде 8-14 мамыр 2016 жылғы №18 санында бас маман А.Омархановтың «Сапалы мемлекеттік қызмет» атты мақаласында жарық көрді.

Жер учаскелерін бекіту кезінде Қазақстан Республикасы Жер кодексі талаптарының бұзылуының алдын алуға және анықтауға бағытталған іс-шараларды өткізуді қамтамасыз ету, жеке меншікке берілген жерді заңсыз қайта бөлуге жол бермеуде 2016 ІI тоқсанында өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жеке меншікке беру туралы шыққан өкім саны – 4. Осы аралықта шыққан өкімдерге Абай аудандық прокуратура тарапынан наразылық туындаған жоқ.

«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер, сондай-ақ жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерінің берілуіне қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету туралы» талаптарын орындау мақсатында елді мекен шегінде объект салу туралы ауыл тұрғыны М.Молдахметұлы мен Б.Әшібаевтың атынан түскен 2 өтініш қанағаттандырылды.

Құндызды ауылдық округі әкімі аппаратына сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлама түспегендіктен азаматтарды марапаттау болған жоқ. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-шаралары ақша қаражатынсыз ұйымдастырылады.

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа байланысты сананы қалыптастыру мақсатында 27 – сәуір 2016 жылы Ш.Әбенов атындағы орта мектепте бас маман Б.Сыдықова «Сыбайлас жемқорлық қоғамдық дерт» атты дәріс өткізді.

«Абай елі» газетінде 1 – 7 мамыр 2016 жылғы №17 санында Ш.Әбенов атындағы орта мектептің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Байшеровтың «Сыбайлас жемқорлық қоғамдық дерт» атты мақаласы жарияланды.

Ауыл тұрғындарынан әр тоқсан сайын жемқорлық мәселелері бойынша тыңдаушылардың пікірін анықтауға көмектесетін зерттеуге шақырылып жасырын сауалнама алынады. 2016 жылдың ІІ тоқсанында алынған сауалнамаға 13 адам қатысты (.

Құндызды ауылдық округі әкімі аппараты жемқорлықтың алдын алу және түсіндіру мақсатында тұрғындарға «Жемқорлықпен күрес туралы» жадынама таратып отырады.

Тоқтамыс ауылдық округі бойынша:

14.06.2016 жылы Тоқтамыс ауылдық округі бойынша «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС-БАРШАНЫҢ МІНДЕТІ» тақырыбында ауылдық округ әкімдігі қызметкерлерінің және мектеп ұстаздарының қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Ауылдық округ әкімдігінің жетекші маман Т.Жақсыбекованың ұйымдастыруымен мектепте жоғары сынып оқушыларына дәріс ұйымдастырылды. Дәрістің мақсаты мектеп қабырғасындағы жемқорлықтың алдын-алу,оны болдырмау.

Архат ауылдық округі бойынша:

26.05.2016 жылы Архат ауылдық округі әкімдігі қызметкерлерінің бастамасымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Архат ауылдық округі әкмі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жемқорлық алдын-алу, оның кеселін түсіндіру мақсатында ауыл тұрғындарына «жемқорлықпен күрес-жалпыға бірдей міндет» тақырыбында жадынама таратылып берілді. «Сенім телефоны» мен арыздар мен шағымдарға арналған жәшік орнатылған.

Жергілікті «Абай елі» газетінде Архат ауылдық округі әкімінің бас маманы Ж.Әділхановтың «Жемқорлықтың алдын алу - аса маңызды іс» тақырыбындағы мақаласы жарық көрді.

Ауданның білім бөлмінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде өз деңгейінде жүрзіліп тұрады.

Барлық білім беру ұйымдарында «Сыбайлас жемқорлықпен күреске» арналған арнайы стендтер бар. Стендтерде сыбайлас жемқорлықпен күреске арналған заңнамалық актілер, бағдарламалар, іс-шаралар жоспары орналастырылған.

Білім бөлімінің білімінің басшысы азаматтарды, заңды тұлғалардың өкілдерін жеке мәселелер бойынша қабылдауды кестеге сәйкес әр аптаның сейсенбі, бейсенбі күндері сағат 09.00-12.00 аралығында жүргізеді.

Білім бөлімінде 9-18-17 нөмірі бойынша «сенім телефоны» жұмыс жасайды. Азаматтар өздерінің сұрақтары, оның ішінде сфбайлас жемқорлық фактілері жөнінде 9-18-83 нөмірі бойынша тікелей бөлім басшысына хабарласа алады.

Қабылдау бөлімінде азаматтардың арыздары мен өтініштеріне арналған «сенім жәшігі» орналастырылған. Дәл осындай жұмыстар білім бері ұйымдарында да жүргізілген.

Мектептердің тәрбиелік іс-шаралар жоспарларына сәйкес оқушылар арасында сыбайлас жемқорлықтың қауіп-қатері, сыбайлас жемқорлық әрекетіне байланысты тәрбие, сынып сағаттары, дөңгелек үстелдер және тағы да басқа шаралар ұйымдастырылып келеді.

Білім беру ұйымдарының басшыларымн сыбайлас жемқорлық, мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты жиналыстар өткізіліп тұрады.

Абай ауданының кәсіпкерлік бөлімімен Абай ауданы бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының құзіреті туралы жазылған арнайы брошюралар тегін таратылып берілді. Аудандық прокуратура тарапынан қолданыстағы заңның нормалары жөнінде мемлекеттік қызметкерлермен ай сайын лекциялар, дөңгелек үстелдер өткізіліп отырады. Құқық қорғау мемлекеттік органдарымен бірлесе отырып мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің тарапынан азаматтар мен заңды тұлғаларға қатысты бопсалаушылық фактілерін анықтауға бағытталған тексерулер жүргізіледі. Бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптар тұрақты айдарлар мен жарияланымдар, хабарларын жасау, сондай-ақ, брошюралар буклеттер мен жадынама жұмыстары Абай ауданының орталық кітапханасында кеңінең насихатталып стенд тақталарында ілінген. Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көз қарасын жүйелі және мақсатты қалыптастыру мен айналысуда. Аудандық барлық мемлекеттік мекемелерінде «сенім телефондары» жұмыс істейді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес сұрақтары бойынша азаматтардың өтініштерін, шағымдары мен ұсыныстарын жинау үшін жәшіктер орнатылған. Аудандық әкімдіктің, 9 ауылдық округ әкімдері аппараттарының, 9 дербес бөлімдердің ғимараттарының алдына Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес комитетіне арналған арыз-шағымдарын жолдауға, әрбір мекемеде жәшіктерді ашу комиссиялары құрылып, жұмасына бір рет хабарлар түскенін тексеру жұмыстары жүргізіледі. Сенім телефоны жүйелі жұмыс істеуде. Халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы құқықтық ақпаратқа барынша қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімі веб – сайтында «жемқорлыққа жол жоқ» атты баннер орналасқан. Мемлекеттік сатып алу рәсімдері веб – сайттар арқылы Веб ресурстар арқылы және «Абай елі» газетінде ашық жүргізіледі. Аудандық әкімшілікте, ауылдық округ әкімдері аппараттарында және дербес бөлімдерде тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау тәртібі орнатылған, қабылдау бекітілген регламентке сәйкес уақытында жүргізіледі.

Жалпы 2016 жылдың 6 айында статистикалық мәліметтерге сүйенсек Абай ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын немесе осыған ұқсас әрекет жасап тәртіптік жауапкершілікке тартылған тұлғалар болған жоқ. Бұндай санатпен қылмыстық істер қозғалмаған.

Сонымен қатар әр ай сайын сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі төңірегінде ауылдық округ әкімдерінің есептері тындалады.



Ауданның барлық мемлекеттік мекемелерінде «сенім телефондары» жүйелі жұмыс істейді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес сұрақтары бойынша азаматтардың өтініштерін, шағымдары мен ұсыныстарын жинау үшін арнайы жәшіктер орнатылған. Аудандық әкімдіктің, 9 ауылдық округ әкімдері аппараттарының, 9 дербес бөлімдердің ғимараттарының алдына Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес комитетіне арналған арыз-шағымдарын жолдауға, “Нұр-Отан” партиясының аудандық филиалына сыбайлас жемқорлыққа қатысты фактілер туралы хабарламаға, мемлекеттік қызметшілер тарапынан Ар-намыс Кодексін бұзған, мемлекеттік қызметшілерге жат мінез көрсеткен мамандар үстінен тәртіптік кеңеске арыз-өтініш беруге арналған арнайы жәшіктер орнатылған. Әрбір мекемеде жәшіктерді ашу комиссиялары құрылып, жұмасына бір рет хабарлар түскенін тексеру жұмыстары жүргізіледі. Осы уақыт аралығында сыбайлас жемқорлыққа қатысты арнайы жәшіктерге арыз-шағымдар түскен жоқ. Сенім телефоны жүйелі түрде жұмыс жасап отыр тел: 87225291736. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалану фактілерін анықтау бойынша «Нұр-Отан» партиясы және Ардагерлер алқасымен бірлесіп сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі акциялар өткізіліп отырады.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет