Қарауына ЕҚта жататын мемлекеттік органның атауы 2015 жылғы «21»



жүктеу 0.52 Mb.
бет1/4
Дата11.01.2018
өлшемі0.52 Mb.
  1   2   3   4



Маңғыстау облысының табиғи

ресурстар және табиғат пайдалануды

реттеу басқармасының

(қарауына ЕҚТА жататын мемлекеттік

органның атауы)
2015 жылғы « 21 » « 09 »

01-04/226-ВНбұйрығымен бекітілген



Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің oрман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің

(ЕҚТА саласындағы уәкілетті органның атауы)
2015 жылғы « 28 » « 09 »

242 бұйрығымен тіркелген



МҚ-ж-16

(ЕҚТА тіркеу нөмірі)



ПАСПОРТ
Жергілікті маңызы бар «Есет» мемлекеттік табиғи (кешенді) қаумалы

(ерекше қорғалатын табиғи аумақтың атауы)



2015 жыл

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың атауы, оның түрi мен санаты


Меншік иелері мен Жер пайдаланушылардан жерлерін алып қоймастан Жергілікті маңызы бар қаумал режиміндегі «Есет» мемлекеттік табиғи қаумалы
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ құрылған немесе кеңейтілген мемлекеттiк орган актiсiнiң атауы, нөмiрi және қабылданған күнi

«Есет» мемлекеттік табиғи қаумалы Маңғыстау облысы әкімдігінің 27.02.2015 жылғы №53 қаулысымен құрылды.
3. Қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақ бар мемлекеттiк органның атауы

Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі » коммуналдық мемлекеттік мекемесі
4. Заңды тұлға мәртебесі жоқ ерекше қорғалатын табиғи аумақты қорғау жүктелген ұйымның атауы
Жергілікті маңызы бар «Есет» мемлекеттік табиғи қаумалы

5. Туристiк инфрақұрылымы, шекарасының сипаттамасы, географиялық координаттары, аумағының көлемi және күзет аймағы көрсетiлген карта-схемасы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтың орналасқан жерi:


5.1 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың орналасқан жерi

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы

(облыс, аудан, елді мекен)

5.2 Ерекше қорғалатын табиғи аумақ шекарасының сипаттамасы
Жергілікті маңызы бар мемлекеттік кешенді «Есет» табиғи қаумалының солтүстік шекарасы-батыстан шығысқа қарай Молорпа шатқалының шыңдары арқылы Жақсы-Қарасай сайына дейін. Қаумалдың шығыс шекарасы солтүстіктен-оңтүстікке қарай сынық сызық бойымен, Жақсы – Қарасай сайынан бастап үшкір бұрыш арқылы оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай «Жаналы»-2 шаруа қожалығының шекарасына дейін, одан әрі «Нұрлан» Шаруа қожалығының солтүстік бұрышы арқылы солтүстік-шығысы және оңтүстік-батысындағы шекарасымен, оңтүстік-батысқа қарай «Қосым» шаруа қожалығының солтүстік бұрышына дейін, батыс бөлігі арқылы тік сызық бойымен басында оңтүстік-шығысқа,сосын қаражол арқылы оңтүстік-батысқа қарай «Мерей-К» шаруа қожалығының шекарасының шығыс бұрышымен солтүстік-батысқа қарай шыңды кесіп өтіп Ашиктайпак сорына дейін. Ашиктайпак сорының шығыс және солтүстік бөлігі арқылы тік сызық бойымен солтүстік батысқа қарай Ботагай-Бенике шатқалының шыңдарын жиектей отырып «Ағатай» және «Серік» шаруа қожалықтарының солтүстік – батыс шекарасына дейін. «Серік» шаруа қожалығының солтүстік бұрышынан солтүстікке қарай шекара сызығының бастапқы нүктесіне дейін.

5.3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың алаңы -146 790,0 га;

(ЕҚТА аймағын белгілеу туралы облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органы шешімінің атауы, нөмірі мен күні көрсетіледі)

5.4. Қорғау аймағының алаңы - қарастырылмаған

(ЕҚТА қорғау аймағын белгілеу туралы облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органы шешімінің атауы, нөмірі мен күні көрсетіледі)


5.5. ЕҚТА инфрақұрылымының сипаттамасы



Айналым нөмірі

Аумағы га,

Айналым аймағының сипаттамасы

1

24 525,0

Қаумалдың солтүстік бөлігінде орналасқан. Молорпа және Қиянды шатқалдарының арасындағы шыңның солтүстігімен шыңға шектес жоғарғы тегістігі кіреді. №2 айналым шекарасы қаумалдың солтүстігі арқылы №159 биіктікпен, Түйемойыншақты шатқалының солтүстік – батысындағы қаражолмен оңтүстік – шығысқа, солтүстіктегі №148 биіктікке арқылы, қаумалдың шығыс шекарасына дейін. Айналым аймағында арқарлар, ақбөкендер, қарақұйрықтар сонымен қатар маусымдық көшу кезінде сирек кездесетін жыртқыш құстар кездеседі. 49 жылға шаруа қожалығына жалға бір жер телімі берілген. Айналым аймағында жылжымалы кордон (вагон-үй) 2-4 көлікке арналған қарапайым тұрақ, палаткаларға арналған алаң, биотуалет, өртке қарсы қалқан, ТҚ арналған контейнер, 3 аншлаг, 2 қаумал шекарасында орналасқан. №2 айналым аумағының шекарасында бақылау алаңы.

2

19 375,0

Молорпа және Қиянды тауларының жоғарғы тегістігі мен шыңдары айналымның оңтүстік жағы. №1айналымның шекарасы жоғарыда көрсетілген. Граница №3 и 4 айналымдардың шекаралары Қиянды сайынан бастап қаумалдың солтүстік – батыс шекарасымен «Серік» шаруа қожалығының шекарасы арқылы оңтүстік – шығыста қаумалдың оңтүстік шекарасына дейін. Айналым аймағында үстүрттің тау қойы арқар, ақбөкен, қарақұйрықтар маусымдық көшу кезінде сирек кездесетін жыртқыш құстар кездеседі.Шыңның етегінде бірнеше минералды бұлақтар Тұзбұлақ ж.б.. Айналым аймағында жылжымалы кордон (вагон-үй) 2-4 көлікке арналған қарапайым тұрақ, палаткаларға арналған алаң, биотуалет, өртке қарсы қалқан, ТҚ арналған контейнер, 2 аншлаг 1 қаумал шекарасында орналасқан..

3

21 032,0

Айналым қаумалдың батыс бөлігінде орналасқан. Солтүстік – батыс бөлігі Мыңсуалмас және Богатай- Беникенің жоғарғы тегістігімен шыңдарының төменгі жағы. №2 айналым шекарасы жоғарыда көрсетілген. №4 и 5 айналымдар шекарасы Қиянды сайынан басталып №143 биіктік тен шыңның сұлбасын бейнелей отырып «Ахмет» шаруа қожалығының шекарасына дейін, солтүстігінде №152 биіктікпен қаражол қилысында №145 биіктікті айнлып қаумалдың оңтүстік-батыс шекарасына дейін. Айналым аймағында үстүрттің тау қойы арқар, ақбөкен, қарақұйрықтар маусымдық көшу кезінде сирек кездесетін жыртқыш құстар кездеседі.Ежелгі қойылымдар, мәдени-тарихи мұралар болып саналатын ескерткіштер Есетмола,Космола,Бүлдіргенмола ж.б.; бірнеше бұлақтар Ақжарбұлақ,Қосбұлақ,Есетбұлақ. 49 жылға төрт шаруа қожалығына жер телімі берілген. Айналым аймағында жылжымалы кордон (вагон-үй).143 біктік маңынан бақылау алаңы, 2-4 көлікке арналған қарапайым тұрақ, палаткаларға арналған алаң, биотуалет, өртке қарсы қалқан, ТҚ арналған контейнер, 2 аншлаг .

4

24 378,0

Қаумалдың орталық бөлігінде орналасқан. Мыңсуалмас шатқалымен Қиянды сайының арасының жоғарғы тегістігімен шыңдарының етек жағы кіреді. №2 и 3 айналымның шекаралары жоғарыда көрсетілген. №6 айналым шекарасы терексай шатқалының аңғары арқылы өтіп , қаумалдың оңтүстік шекарасынан «Дәурен» және «Ақайдар» шаруа қожалықтарының солтүстік – батыс шекарасына дейін одан әрі қара жол қилысына дейін. Т Айналым аймағында үстүрттің тау қойы арқар, ақбөкен, қарақұйрықтар маусымдық көшу кезінде сирек кездесетін жыртқыш құстар; бірнеше атауы жоқ бұлақтар. Айналымның батыс бөлігінде «Ахмет» шаруа қожалығы орналасқан.

5

15 155,0

Қаумалдың оңтүстік – батысында орналасқан. Мыңсуалмас және Богатай-Бениике шатқалдарының араысндағы орналасқан шыңның орталық бөлігі кіреді, сонымен қатар шыңның жоғарғы жағындағы тегістігі. №3 айналым шекарасы жоғарыда көрсетілген. №4 және 6 айналымдардың шекаралары қаражолмен №145 биктіктің солтүстігінде шың жағалай оңтүстік – шығысқа №135 биіктікке дейін, одан әрі оңтүстікке №25 биіктікке дейін. Айналым аймағында үстүрттің тау қойы арқар, ақбөкен, қарақұйрықтар маусымдық көшу кезінде сирек кездесетін жыртқыш құстар кездеседі. Шыңның төменгі жағында әртүрлі минералды бұлақтар Қаранғыбұлақ т.б. Айналым аймағында жылжымалы кордон (вагон-үй), бақылау алаңы, 2-4 көлікке арналған қарапайым тұрақ, палаткаларға арналған алаң, биотуалет, өртке қарсы қалқан, ТҚ арналған контейнер, 1 аншлаг.

6

23 313,0

Қаумалдың шығыс бөлігінде орналасқан. Мыңсуалмас шатқалының тегістігі кіреді. №4 и 5 шекарасы жоғарыда көрсетілген. №7 айналым шекарасы №135 биіктіктен қаражолмен оңтүстік-шығысқа қаумал шекарасына дейін. Айналым аймағында үстүрттің тау қойы арқар, ақбөкен, қарақұйрықтар маусымдық көшу кезінде сирек кездесетін жыртқыш құстар кездеседі.Ежелгі қойылымдар, мәдени-тарихи мұралар болып саналатын ескерткіштер (Сайаралық моласы) 49 жылға 8 үш шаруа қожалығына жер телімі берілген. Қаумал шекарасында 1 аншлаг орнатылған.

7

19 012,0

Қаумалдың оңтүстік бөлігінде орналасқан. «Ашықтайпақ» сорының шығыс жағалауында орналасқан шыңның оңтүстік шеті кіреді. № 5 и 6 айналымдар шекаралары жоғарыда көрсетілген. Айналым аймағында үстүрттің тау қойы арқар, ақбөкен, қарақұйрықтар маусымдық көшу кезінде сирек кездесетін жырқыш құстар кездеседі. 49 жылға шаруа қожалығына екі жер телімі жалға берілген. Айналым аймағында жылжымалы кордон (вагон-үй), бақылау алаңы, 2-4 көлікке арналған қарапайым тұрақ, палаткаларға арналған алаң, биотуалет, өртке қарсы қалқан, ТҚ арналған контейнер, 4 аншлаг, 3 қаумал шекарасында орнатылған. Аймақта екі шаруа қожалығы орналасқан.



6. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тізбесі олардың сандық және сапалық сипаттамасымен бiрге паспорттың 1-қосымшасында келтіріледі.

6.1 «Есет» мемлекеттік табиғи қаумалындағы өсімдік және жануарлар дүниесінің жай-күйін айқындайтын индикаторлық түрлер.

(ЕҚТА атауы)


6.1.1. Өсімдіктер:

Тіссіз катран

Сарапеттік селеу

Үстірт ақтаспасы

Парсы шырмауығы

Алтын түсті эфедра

Қара бүлдірген

Күмәнді долана

Андросов жыңғылы

Шығыс кавказ жуасы

Ақ сексеуіл

Қара сексеуіл

Әр түрлі жапырақты терек

Ақ тұт


Эйхвальда құм қарағаны

Үстірт ақшатауы

Лемана сексеуілі

Азиялық түйежапырақ

Шобер сораңы

Соғды қызғалдағы


Қызыл кітапқа енгзілген түрлері:

Тіссіз катран

Сарапеттік селеу

Үстірт ақтаспасы

Парсы шырмауығы

6.1.2. Жануарлар:

Ақбас күшіген

Тазқара


Қарсақ

Ақ тышқан

Дала күзені

Дала мысығы

А.Н.Северцов атындағы қосаяқ

Қосаяқ


Секіргіш қосаяқ

Каспий гекконы

Жолақты жылан

Сұр құр


Кірпі

Үстірт тау қойы (арқар)

Қабан

Қарсақ


Түлкі

Аққұлақ


Дала күзені

Саршұнақ


Қоян


Қызыл кітапқа енгізілген түрлері:

Төртжолақты қарашұбар жылан

Сары аққұтан

Жыланжегіш қыран

Дала қыраны

Қарақұс


Бүркіт

Ителгі


Дуадақ

Қарабауыр бұлдырық

Ақбауыр бұлдырық

Қылқұйрық бұлдырық

Үкі

Шұбар кұзен



Шағыл мысығы

Сабаншы


Қарақұйрық

Үстірт тау қойы (арқар)

6.2. Жануарлардың индикаторлық түрлерінің саны паспортқа 2-қосымшада келтірілді.

6.3. Тарихи-мәдени мұра объектілері: 3-қосымшада келтірілді.

7. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың функционалдық аймақтары және олардың күзет режимiнің түрлерi, жер учаскелерiнiң аралас меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар, күзет аймағындағы табиғат пайдалану жөнiндегi олардың мiндеттемелерi мен ауыртпалықтары туралы мәлiметтер.

7.1 Функционалдық аймақтары бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтың

күзет режимдері:




Аумақтың атауы

Көлемі, га

Күзет түрі

1

Экологиялық тұрақтандыру аумағы

27 926,6

Тапсырыспен,

Шаруашылықтың жекелеген түрлеріне немесе кейбір қызметтерге толықтай тыйым салу немесе маусымдық шектеулер қою. Экологиялық тұрақтандыру аймағы сонымен қатар рекреациялық туристік қызметтер кіреді;



2

Туристік және рекрациялық мақсаттарға арналған аумақ

5 697,3

Реттелген шаруашылық түрлері, табиғи кешендерді пайдаланудағы шектеулер,жериеленушілер мен жер майдаланушылардың дәстүрлі шаруашылық түрлерімен айнаысудың әдістерімен тәжірибесінің табиғи кешендерге және мемлекеттік табиғи қорық қорына зиянды әсерінің болмауы.(бөлігі туристік және рекреациялық қызымет және шектеулі шаруашылық қызметі)

3

Шектеулі шаруашылық жүргізу аумағы

113 166,1




Барлығы:

146 790,0







7.2. ЕҚТА-да және оның күзет аймағында орналасқан жер учаскелерінің меншік иелерімен жер пайдаланушылар,олардың табиғат пайдалану жөніндегі міндеттемелері мен ауырпалықтары туралы мәліметтер.




қ.с.


Жер пайдаланушының атауы

мақсаты

Кадастрлық номері

көлемі,

га


Жер пайдаланудың түрі

Мекен-жайы

Үй жануарларының саны.

сыйыр

жылқы

түйе

қой

ешкі

1

Қаниев Серік


«Серік» шаруа қожалығы

13-196-006-406

500

49 жылға жалдау

Бейнеу ауданы

-

8

2

25

22

2

Мәлімет жоқ

«Ағатай» шаруа қожалығы

13-196-006-393

500

49 жылға жалдау

Бейнеу ауданы

-

-

-

39

24

3

Ташев Ислам

«Жаналы-2» шаруа қожалығы

13-196-006-426

2000

49 жылға жалдау

Бейнеу ауданы

-

-

-

-

-

4

Ақбаев Есқали

«Ахмет» шаруа қожалығы

-------

5500

49 жылға жалдау

Бейнеу ауданы

-

-

-

-

-

5

Мәлімет жоқ

«Шокан» шаруа қожалығы

---------

1000

49 жылға жалдау

Бейнеу ауданы

-

-

-

-

-

6

Көбегенов

Сарсенғали



«Султан» шаруа қожалығы

13-196-006-445

500

49 жылға жалдау

Бейнеу ауданы

-

2

4

30

21

7

Ауданбаев Нұрлан

«Нурлан» шаруа қожалығы

13-196-006-373

2000

49 жылға жалдау

Бейнеу ауданы

14

55

59

1000

200

8

Ершорина

Шынар


«Даурен» шаруа қожалығы

13-196-006-278

1000

49 жылға жалдау

Бейнеу ауданы

-

12

10

40

20

9

Қараев Мухамбет

«Акайдар» шаруа қожалығы

13-196-006-056

1000

49 жылға жалдау

Бейнеу ауданы

15

1

-

40

20

10

Қыстаубав

Жалғасбай



«Мерей-К шаруа қожалығы»

13-196-008-175

2000

49 жылға жалдау

Бейнеу ауданы

15

60

40

70

50

11

Қосбармақ

Балта


«Жидели» шаруа қожалығы

13-196-008-162

2000

49 жылға жалдау

Бейнеу ауданы

-

-

-

-

-

*Шаруа қожалықтарындағы үй жануарларының саны Бейнеу аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметтеріне сәйкес.

7.3. Дәстүрлі шаруашылық қызметті жүргізу кезіндегі шектеулер. Дәстүрлі шаруашылық қызметті жүргізу кезінде тыйым салынады:



  • улы химикаттарды, тыңайтқыштарды және гербицидтерді қолдану арқылы ауыл шаруашылығының қарқынды түрлерін жүргізу;

  • радиоактивтi материалдар мен өнеркәсiп қалдықтарын көмуге;

  • өсімдіктер мен жануарлардың бөтен түрлерін жерсіндіру;

  • ұяларды, індерді, апандарды және жабайы жануарлардың басқа мекендейтін жерлерін бұзу, жұмыртқаларды жинау және жануарлардың өліміне алып келетін басқа әрекеттер;

  • жануарлардың мекендеу ортасын жою, мал азығы өсімдіктерін, қорғаныс көшеттерін, сортаңдарды, жануарларға арналған астауларды, көрсеткіш белгілерді зақымдауға;

  • белгіленген лимиттен асыра және жануар әлемін қолдануға рұқсаттарда көрсетілген мерзімдерден тыс жануарлар әлемінің объекттерін олжалауға;

  • аңшылық және балық аулау ережелерінде қарастырылмаған қару түрлерін, жануарларды олжалау әдістері мен тәсілдерін қолдану арқылы жануарлар әлемінің объекттерін олжалауға.

(жер санаттары мен жер учаскелерінің алаңдары, сондай-ақ олардың шаруашылық қызметіне белгіленген шектеулер көрсетіле отырып, жер учаскелерінің барлық иелері мен басқа жер пайдаланушылар тізбесі келтіріледі)

8. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда қызметтiң рұқсат етiлген және тыйым салынған түрлерi, сондай-ақ жекелеген қызмет түрлерiне қойылған шектеулер:

Табиғат ресурстарын тұрақты қолдануды қамтамасыз ететін және экологиялық жүйелердің күйіне теріс әсер етпейтін жер пайдаланушылардың дәстүрлі шаруашылық қызметінің негізгі түрлеріне рұқсат етіледі:


  • кәдесыйлар, шағын және халықтық кәсiпшiлiктер өнiмдерiн өндiру;

  • туристiк және рекреациялық қызмет;

  • ғылым, экологиялық ағартушылық;

  • биотехникалық шараларды өткізу;

  • санитарлық-сауықтыру және өрт-профилактикалық шараларды өткізу;

  • өрттерді сөндіру бойынша жер үсті және авиациялық жұмыстарды жүргізу;

  • бұдан бұрын бүлiнген жерлердi рекультивациялау;

  • жабайы жануарлардың мекендеу ортасын және санын қалпына келтіру;

  • жер учаскелерiн туристер болатын жерлердi жайластыру, өсiмдiктер мен жануарлардың эндемикалық, сирек кездесетiн және құрып бара жатқан түрлерiн жасанды жолмен көбейту, өсiру, өндiру үшiн питомниктер салу, мемлекеттiк табиғи қорық қызметкерлерiнiң тұруы үшiн қызметтiк үй-жайлар (кордондар) салу, оларға қызмет бабындағы жер үлестерiн беру үшiн пайдалану.

Қаумалдың экологиялық жүйесіне теріс әсер етуші табиғат пайдалану және шаруашылық қызметтерінің түрлеріне тыйым салынады немесе шектеулер қойылады:



  • радиоактивті материалдарды және өнеркәсіптік қалдықтарды көму;

  • уытты улы химикаттарды, тыңайтқыштарды және гербицидтерді сақтау;

  • ластаушы заттарды және ағынды суларды атмосфераға шығару және ашық су көздеріне тастау, қалдықтарды жайластыру;

  • пайдалы қазбаларды өндіру;

  • объекттерді жайластыру, жобалау және пайдалану, экологиялық жүйеге зиянды әсер ететін жаңа технологияларды енгізу;

  • өнеркәсіптік кәсіпорындарды және санитарлық-экологиялық қауіптілігі жоғары басқа объекттерді салу;

  • белгіленген лимиттен асыра және жануар әлемін қолдануға рұқсаттарда көрсетілген мерзімдерден тыс жануарлар әлемінің объекттерін олжалауға;

  • аңшылық және балық аулау ережелерінде қарастырылмаған қару түрлерін, жануарларды олжалау әдістері мен тәсілдерін қолдану арқылы жануарлар әлемінің объекттерін олжалауға;

  • ландшафттардың өзгеруіне және нашарлауына алып келетін қызмет, топырақ жамылғысын жою, ластау, қоқсыту, сортаңдану;

  • сирек және Қызыл кітапқа енгізілген, жойылып бара жатқан өсімдіктер және жануарлар түрлерін жинау және табу;

  • ұяларды, індерді, апандарды және жабайы жануарлардың басқа мекендейтін жерлерін бұзу, жұмыртқаларды жинау және жануарлардың өліміне алып келетін басқа әрекеттер;

  • жабайы жануарлардың және жабайы өсетін өсімдіктердің бөгде түрлерін жерсіндіру;

  • қаумалдың экологиялық жүйесіне зиянды әсер етуі және қаумал аумағында орналасқан табиғат кешендеріне және тарихи-мәдени (археологиялық) объекттерге орны толмас залал келтіруі мүмкін кез келген басқа қызмет.

__________________________________________________________________

(ЕҚТА түрі мен санатына, аумақтың функционалдық аймақтарға бөлінуіне байланысты қызметтiң рұқсат етiлген және тыйым салынған түрлерiнің сипаттамасы келтіріледі).


9. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу, оның жұмыс режимі және рекреациялық жүктемесі

__________________________________________________________________

(ЕҚТА түрі мен санатына, аумақтың функционалдық аймақталуына, рекреациялық және туристік бағыттағы объектілердің рекреациялық сыйымдылығына байланысты әрбір ЕҚТА-тың өзіндік ерешеліктерін ескере отырып, ЕҚТА-да болу және рекреациялық ресурстарын пайдалану ережесі, ЕҚТА-ның жұмыс режимі баяндалады)
Табиғатты қорғау ережелерін бұзушылар Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жазаланады!

Қаумал аумағында тыйым салынған:



  • Топырақ жамылғысын ластауға

  • Ұяларды, індерді,апандарды және жабайы жануарлардың басқа мекендейтін жерлерін бұзуға

  • Жабайы жануарларды үркітуге және жемдеуге

  • Жабайы жануарларды рұқсатсыз олжалауға

  • Қаумал аумағын тұрмыстық қалдықтармен ластауға


Жергілікті маңызы бар «Есет» мемлекеттік

табиға қаумалы паспортына

(ерекше қорғалатын табиғи

аумақтың атауы)

1-қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет