Ќараєанды ќалалыќ мјслихаты



жүктеу 0.64 Mb.
бет1/4
Дата22.04.2019
өлшемі0.64 Mb.
  1   2   3   4


Қарағанды қалалық мәслихаты

депутаттарының алдында

Қарағанды қаласы әкімінің

«Өзіне жүктелген функциялар мен

міндеттерді орындауы туралы»

есебі

2014 жылғы 17 қыркүйек

Қарағанды қаласы әкімінің аппараты

2014 жыл




Есептің мазмұны








Кіріспе

3


1.

А.ж. 7-8 ай ішінде қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

5


2.

«Бизнестің Жол картасы - 2020», ҮИИДМБ аясында жобаларды іске асыру

7


3.

Бағалардың мониторингі және инфляция туралы мәліметтер


10

4.
5.

Бюджеттің басымдылықтары және оларды іске асыру
Тұрғын үй, тұрғын үй құрылысы, «Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасын және т.б. бағдарламаларды іске асыру


12
17

6.

Жер қатынастары және сәулет


20

7.

Қаланы абаттандыру, коммуналдық шаруашылық


22

8.

9.
10.



2011-2020 жж. арналған ТКШ жаңғырту бағдарламасын іске асыру және жылу маусымына дайындық
Көлік инфрақұрылымын дамыту
«Жұмыспен қамту Жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру және халықты әлеуметтік қорғау

24
25


26



11.

Білім және мәдениет


28

12.

Денсаулық сақтау, дене тәрбиесі және спортты дамыту


30

13.

Құқық бұзушылықтың алдын алу


32

14.

Ішкі саясат (қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар, кәсіподақтар, БАҚ жұмыс)


33

15.

Азаматтардың өтініштері, депутаттық сауалдар


33










16.

Мемлекеттік қызмет көрсету туралы

34



Қорытынды


35


Кіріспе
Ағымдағы жылы Қарағанды қаласының құрылғанына 80 жыл толды.

Бүгінгі таңда Қарағанды аумағы 484,4 шаршы км құрайтын, 487 мың тұрғыны бар қала болып табылады.

Қалада 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады. Қала тұрғындарының жалпы санынан қазақтардың үлесі 40,8%, орыстар – 43,7%, украиндықтар – 3,5%, немістер – 2,8%, басқа ұлт өкілдері – 5,1%.

2014 жылдың басында қалада 15627 кәсіпорын тіркелген, олардың ішінде 99 - ірі, 493 - орта және 15035 - шағын кәсіпорындар.

2013 жылы Қарағанды қаласының өнеркәсіп кәсіпорындарында 282,8 млрд. теңгеге өнім өндірілген.

Экономиканың негізгі бөлігінің бірі болып шағын кәсіпкерлікті айтуға болады. 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тіркелген шағын кәсіпкерлік заңды тұлғаларының саны 12212 бірлікті құрады, олардың ішінде жұмыс істейтін – 7167, жұмыс істейтіндердің ішінде 3140 заңды тұлға белсенді болып табылады.

Сауда жүйесі қала тұрғындары мен қонақтары арасында танымал сауда орталықтары, супермаркеттер, заманауи кафе және ресторандарды қамтиды.

Біріккен және шетелдік кәсіпорындардың қызметі қала экономикасына шетел инвестицияларын тартуға көмектесетін экономикалық серіктестіктің бір түрі болып болып табылады. 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қарағанды қаласында 1086 біріккен және шетелдік кәсіпорындар тіркелген, олардың ішінде 398 біріккен және 688 шетелдік кәсіпорындар.

Қала экономикасының көптеген секторларына белсенді түрде инвестиция тарту жұмыстары жүргізілуде. 2013 жылы негізгі капиталға инвестиция көлемі 69,6 млрд. теңгені құрайды. Аталған көрсеткіш бойынша Қарағанды қаласы облыс бойынша жетекші орын алады. Қалада әкімшілік - шаруашылық және тұрғын үй мақсаттағы жаңа заманауи ғимараттарды, сауда орталықтарын, спорт құрылыстарын, офис ғимараттарын қайта құру және құрылысын салу, жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Қайта құру және құрылыс салу жұмыстары жаңа технологиялар бойынша жүргізілуде.

Заманауи дизайн қалаға жаңа келбет береді.

Қала тұрғындарына әл-ауқатты жақсарту, салауатты өмір салтын ұстану басымдылыққа айналуда.

Ағымдағы жылы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары жалғасын тапты.

Жергілікті атқарушы органдардың жұмысы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын іске асыруға бағытталған.

Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсартуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған стратегиялық бағдарламалық құжаттың аясында, қаланың алдағы кезеңге негізгі міндеттері айқындалды.

Олар:


  • индустриялық-инновациялық жобаларды одан әрі дамыту және жобалық қуатқа шығуын қамтамасыз ету;

  • экономикадағы шағын кәсіпкерліктің үлесін 50% жеткізу;

  • қаланың кәсіпорындарын дамыту мен кеңейту үшін қала экономикасына инвестициялар тарту;

  • жаңа жұмыс орындарын ашу және жұмыссыздықты азайту;

  • мектепке дейінгі жастағы балаларды толық балабақшалармен қамтамасыз ету үшін жағдай жасау;

  • білім ұйымдарының материалдық-техникалық базасын кезең-кезеңмен нығайту;

  • мәдени-спорттық нысандардың және өткізілетін ісшаралардың санын көбейту;

  • тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында халыққа сапалы қызмет көрсету;

Осы аталған барлық ісшаралар өз кезегінде қала экономикасының дамуында және халықтың өмір сүру деңгейін жоғарылатуда мультипликативтік нәтиже береді.

1. Ағымдағы жылғы 7-8 ай ішінде қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары
Қаланың 2014 жылғы 7 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары шығарылды.

Қала халқының саны 2014 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 487,2 мың адам құрады, бұл жылдың басындағы жағдаймен салыстырғанда 2,3 мың адамға артық.

2014 жылғы қаңтар-маусым айларындағы орташа айлық жалақы – 108 246 теңге, 2013 жылдың тиісті кезеңінен 9,5% асады.

Жалпы алғанда, 2014 жылдың 7 айы ішінде қалада әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің оң серпіні байқалады.

Жалпы қаржылық емес сектор бойынша өндірілген өнім көлемі 2013 жылдың көрсеткішіне қарағанда 137 млрд. 987,3 млн. теңге немесе 2013 жылдың көрсеткішіне қарағанда 100,8% құрады.

Қаланың ірі, орта кәсіпорындары мен ұйымдары тарапынан негізгі капиталға 35 815,8 млн.теңге немесе жоспарға қарағанда 109,3% және 2013 жылдың көрсеткішіне қарағанда 103,5% инвестициялар салынған.

Инвестициялар салымының негізгі көлемі а. ж. 4 тоқсанда көзделген.

Ағымдағы жылдың қорытындылары бойынша кен өндіру саласындағы көрсеткіштердің оң серпіні күтіліп отыр.

Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары бойынша тапсырыстарды қамтамасыз ету және өткізу орындарын іздеу мәселелері қарастырылуда.

Экономиканың нақты секторында 287 жаңа жұмыс орны құрылған немесе 2014 жылдың қаңтар-шілде айларының жоспарына қарағанда 151,1%.



Шағын және орта бизнес

Шағын және орта кәсіпкерлік көрсеткіштері жоспарланған көрсеткіштер деңгейінде күтіледі:



  • белсенді субъектілердің саны 30 891 бірлік немесе 2013 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 100,8% (30 650);

– шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар саны – 113 374 адам немесе 2013 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 108,1% (2013 жылы жұмыспен қамтылғандар саны – 104 847 адам);

– шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері өндірген өнімдер, жұмыстар және қызметтер көлемі – 207 млрд. теңге немесе 2013 жылдың ұқсас көрсеткішіне қарағанда 100% (206,926 млрд.).

Бөлшек тауар айналымы 234 916,8 млн.теңге сомасын құрады.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 845,5 млн. теңге немесе жоспардың 136%, 2013 жылдың көрсеткішіне қарағанда 111,1% құрады. Соның ішінде өсімдік шаруашылығы – 425,2 млн.теңге, мал шаруашылығы – 393,2 млн.теңге.

93,9 мың м2 тұрғын үй немесе жоспарға қарағанда 100,2% және 2013 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 103,8% пайдалануға енгізілді.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 30 425,1 млн.теңгеге немесе жоспарға қарағанда 126,8% жеткізілді. НКИ – 139,8%.

Жүк айналымы 510,3 млн. ткм құрап, өткен жылдың көрсеткіштерінен 13,7 % артты.

Жұмысқа орналастыру жөнінде өтініш берген 5 630 адамнан ағымдағы жылдың 7 айында 3 962 адам жұмысқа орналастырылды (70,4%).

Оқытуға 154 адам жолданды (жоспар – 154 адам), қоғамдық жұмыстарға – 261 адам (жоспар – 220 адам), әлеуметтік жұмыс орындарына – 192 адам (жоспар – 154 адам).

Жұмыссыздар саны (тіркелгені) – 1062 адам (2013 ж. 7 айында – 1043). Өткен жылдың көрсеткішіне қарағандағы өсім – 1,8%.

Білім берудің маңызды міндеттерінің бірі – балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және білім берумен қамту үшін жағдай жасау.

Мектепке дейінгі ұйымдармен 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 15320 бала немесе 87,1%, 3 жастан 6 жасқа дейін – 14750 бала немесе 98,1%.

Мектептердің барлығында интерактивті жабдық орнатылған.

Білім беретін 43 (54,4%) ұйымда электронды оқыту (e-learning) енгізілуде. Мамандандырылған тақырыптық кабинеттермен (мультимедиялық, физика, химия, биология) камтылу көрсеткіші - 57,2%.

Әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан 2516 оқушы Жалпы оқу қоры есебінен тегін ыстық тамақпен 100% қамтамасыз етілген.

Есепті кезеңде қамқорлықтағы және қорғаншылықтағы барлық бала саны – 731. Оның ішінде жәрдемақы алатыны – 723 бала, бұл 98,9% құрайды.

2014 жылғы Бірыңғай ұлттық тестілеуге 2085 түлектің 80 % қатысты. Орташа балл – 80,4, бұл орташа облыстық және орташа республикалық көрсеткіштен 3,5 баллға жоғары (облыс пен республика бойынша – 76,9).

«Салют» балаларды сауықтыру орталығында 1562 бала демалды, оның ішінде әлеуметтік қорғалмаған санаттан 90 %.

3451 мәдени-көпшілік және 161 бұқаралық спорт шаралары өткізілді, бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен тиісінше 5,8% және 2,5% артық.

2014 жылдың қаңтар-шілде айларында өткен жылдың көрсеткішіне қарағанда қылмыс деңгейі 32,7% төмендегені байқалады. Ауыр және өте ауыр қылмыстарды ашу деңгейі өткен жылғы 7 айдың деңгейінен 9,2 % артқан.



Ағымдағы жылғы 8 ай ішінде күтілетін қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

2014 жылғы 8 ай ішінде қаржылық емес сектор бойынша жалпы алғанда өндірілген өнімнің болжамды көлемі 164631 млн. теңге немесе 2013 жылғы көрсеткіш бойынша 102,1% құрайды.

Сонымен қатар ірі және орта кәсіпорындар бойынша – 119550 млн. теңге немесе 2013 жылғы көрсеткіш бойынша 104,5% құрайды.

Қаланың ірі, орта, шағын кәсіпорындарының тарапынан негізгі капиталға инвестиция салу 41 млрд. 500 млн. теңге немесе жоспардың 98,4% және 2013 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 107%.

Экономиканың нақты секторында 353 жаңа жұмыс орны құрылған немесе жоспардың 160,5%.

Шағын және орта кәсіпкерлік көрсеткіштері жоспарланған деңгейде:



  • шағын және орта бизнестің белсенді субъектілерінің саны 30955 бірлік немесе 2013 жылғы көрсеткіш бойынша 138,3% (2013 жылғы 8 ай ішінде – 22387 бірлік);

  • шағын және орта бизнеске қамтылғандар саны 113 мың 850 адам немесе 2013 жылғы көрсеткіш бойынша 109,3% (2013 жылғы 8 ай ішінде – 104 мың 155 адам);

  • шағын және орта бизнес субъектілері өндіретін өнім, жұмыс және қызметтер көлемі 259 млрд. 699 млн. теңге немесе 2013 жылғы көрсеткіш бойынша 109,3% (2013 жылғы 8 ай ішінде – 237 млрд. 638 млн. теңге);

А.ж. 8 ай ішінде бөлшектік сауда айналымы 251400 млн. теңге немесе 2013 жылғы көрсеткіш бойынша 109,3%.

Ауыл шарушалығы өнімдерінің болжамды жалпы өнім көлемі – 997,2 млн. теңге немесе жоспардың 100,1% және 2013 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 75,9%, соның ішінде өсімдік өсіру - 571,2 млн. теңге, мал өсіру - 426 млн. теңге.

А.ж. 8 ай ішінде 108,9 мың м2 тұрғын үйді пайдалануға енгізу немесе жоспардың 100% және 2013 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 103,5% жоспарланады.

Құрылыс жұмыстарының (қызметінің) болжамды көлемі – 36300 млн. теңге, 2013 жылғы көрсеткіш бойынша 106,8%.

Жүк айналымы өткен жылғы деңгейден 4,1% артып, 536,1 млн. жкм құрайды.

Жолаушылар айналымы 2013 жылғы 8 ай деңгейінде 101,8%, 1015,9 млн. жкм құрайды.

Әлеуметтік саланың негізгі жоспарлы индикаторлары мен көрсеткіштері орындалған.
2. «Бизнестің Жол картасы - 2020», ҮИИДМБ аясында жобаларды іске асыру
2011-2017 жылдарға арналған Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру аясында Қарағанды қаласында 31 жоба енгізілуде, оның ішінде: 1 387 жаңа жұмыс орнын құрып, жалпы сомасы 40 млрд. 967 млн. теңгеге 24 жоба іске қосылды.

ҮИИДМБ жүзеге асуының басынан бастап іске қосылған 24 жобаның қазіргі таңда 13 өндірісі жобалық қуатқа шықты.



Анықтама:

2011 жылы жобалық қуатқа – 1 жоба шықты:



  1. «Евразиан Фудс» АҚ;

2012 жылы жобалық қуатқа – 7 жоба шықты:

  1. «Борусан Макина Қазақстан» ЖШС;

  2. «Азия Метиз СҮ» ЖШС;

  3. «Қарагандинский мелькомбинат» ЖШС;

  4. «Фарос Графикс» ЖШС;

  5. «Euro Pack» ЖШС;

  6. «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС;

  7. «КаиИнМетр» РММ;

2013 жылы жобалық қуатқа – 5 жоба шықты:

  1. «Ригер» ЖШС;

  2. «Экостройсервис» АҚ;

  3. «Green Technology» ЖШС;

  4. «КазПласт» ЖШС;

  5. «PROLUX KZ LTD» ЖШС.

2014-2017 жылдары 11 жобаның жобалық қуатқа шығуы жоспарлануда.

Анықтама:

  1. «ТНК Тиатр» ЖШС – жобалық қуаты 7 000 тонна, жобалық қуатқа шығуы 2013 жыл.

  2. «Айқын жол» ЖШС – жобалық қуат 1000 тонна, жобалық қуатқа шығуы – 2013 жыл.

  3. «Мерей МФ» ЖШС жобалық қуаты – 10 млн. бұйымды құрайды, жобалық қуатқа шығуы 2014 жыл.

  4. «TREI- Қарағанды» ЖШС жобалық қуаты 800 контроллерлер, жобалық қуатқа шығуы 2014 жыл.

  5. «ТПК Авангард» ЖШС жобалық қуаты 1800 тоннаны құрайды, жобалық қуатқа шығуы 2014 жыл.

  6. «Жакко Караганда» ЖШС жобалық қуаты 3000 тонна, жобалық қуатқа шығуы 2014 жыл.

  7. «Арай КЗ» ЖШС жобалық қуаты жылына 350 тоннаны құрайды, жобалық қуатқа шығуы 2013 жыл.

  8. «КазАвиаСПЕКТР» ЖШС жобалық қуаты жылына 36 ұшақ, жобалық қуатқа шығу мерзімі 2015 жыл. 2014 жылы ұшақ шығару қарастырылмаған.

  9. «Пархоменко атындағы ҚМЗ» ЖШС жобалық қуаты 10 мың дана, жобалық қуатқа шығу мерзімі 2015 жыл. 2014 жылы өнім шығару қарастырылмаған.

  10. «КазБелАз» БК ЖШС жобалық қуаты 100 бірлік техника құрайды, жобалық қуатқа шығу мерзімі 2016 жыл.

11. «КазМетиз» ЖШС жобалық қуаты 5000 тоннаны құрайды, жобалық қуатқа шығу 2017 жыл.

Жобалық қуатты игеру

2014 жылғы 7 ай қорытындысы бойынша іске қосылған 24 өндірістің 15 жобасы жобалық қуат көрсеткіштерін орындады.



Анықтама:

  1. «КазинМетр» РМК (факт 363 ПГҚ немесе 157,83%, жоспар 230 ПГҚ);

  2. «Евразиан Фудс» АҚ (факт 19080 тонна немесе 124,62%, жоспар 15311 тонна);

  3. «PROLUX KZ LTD» ЖШС (факт 1605 дана шам немесе 128,4%,жоспар 1250 дана);

  4. «Euro Pack» ЖШС (факт – 35 млн. бұйым немесе 129,63%, жоспар – 27 млн. бұйым);

  5. «Мерей МФ» ЖШС (факт – 2,83 млн. бұйым немесе 188,67%, жоспар – 1,5 млн.);

  6. «Карагандинский мелькомбинат» ЖШС (факт – 32817 тонна ұн, 9455 тонна кебек немесе 123,75%, жоспар 26650/7610);







  1. «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС (факт – 532727 мың кВт.сағ. немесе 206,52%, жоспар 257949 мың кВт.сағ.);

  2. «Азия Метиз СҮ» ЖШС (факт – 5317 тонна сым немесе 105,29%, жоспар 5050 тонна). Өнім Қазақстан аумағында, «Бэнт» АҚ, Азия шпал, Темір Бетон, Евразиялық энерго байыту ұйымдарына өткізілуде;

  3. «Фарос Графикс» ЖШС (факт – 408 тонна лист немесе 135,55%, жоспар 301 тонна);

  4. «Борусан Макина Казахстан» ЖШС (факт – 471 құраушылар немесе 160,20%, жоспар 294 құраушылар);

  5. «Ригер» ЖШС (7500 паллето-орындар немесе 100%, жоспар 7500 паллето-орындар);

  6. «КазМетиз» ЖШС (факт – 2357 тонна немес 462,16%, жоспар 510 тонна). Кәсіпорын өнімдері РФ-ның Магнитагорск металлургия комбинатына және Металл Третинг сияқты кәсіпорындарына, сонымен қатар жақын шет елдеріне Қырғыстанның Бішкек қаласының ОсООПИИЛОН кәсіпорындарына жеткізіледі.

  7. «ТНК Тиатр» ЖШС (факт – 1198,8 тонна немесе 99,90%, жоспар 1200 тонна);

  8. «Green Technology» ЖШС (факт – 880 тонна немесе 131,93%, жоспар – 667 тонна).

  9. «TREI-Караганда» ЖШС (факт- 98 контроллерлер немесе 326,67%, жоспар – 30 контроллер).

5 жоба бойынша жобалық қуат көрсеткіші 50% жоғары орындалды.

Анықтама:

1. «КазПласт» ЖШС (факт – 64 тонна немесе 78,37%, жоспар – 81,66 тонна).

2. «Арай КЗ» ЖШС (факт – 25,3 тонна немесе 90,36%, жоспар 28 тонна).

3. «Авангард» ЖШС (факт – 67 тонна немесе 78,82%, жоспар – 85 тонна).

4. «Экостройсервис» ЖШС (факт – 1484,9 м.куб немесе 89,99%, жоспар – 1650 м.куб);

5. «Жакко Караганда» ЖШС (факт – 83 тонна немесе 77,07%, жоспар – 107,7 тонна).



1 жоба жобалық көрсеткішті 50% төмен орындады.

Анықтама:

  1. «КазБелАз» БК ЖШС (факт 2 самосвал немесе 40%).




Бекітілген жоспарлы қуат көрсеткіштерге сәйкес 3 жоба бойынша 2014 жылы өнім шығару қарастырылмаған:

Анықтама:

  1. «Пархоменко атындағы Қарағанды қаласының машина құрылыс зауыты» ЖШС – «Жүк теміржол вагондары үшін ірі құйма өндірісі» жобасы.

  2. «Айқын Жол» ЖШС – «гофрленген металл құрылымдар өндірісі» жобасы.

  3. «КазАвиаСПЕКТР» ЖШС - ауылшаруашылық ұшақтарының өндірісі бойынша жоба.

2015-2016 жж. жалпы сомасы 37 млрд. 915 млн. теңге болатын 415 жаңа жұмыс орнын құрумен 4 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарлануда.

Анықтама:

  1. «Қарағанды фармацевтикалық комплексі» жобасы – Қарағанды фармацевтикалық кешенінің үшінші кезегінің құрылысы.

Жобаның жалпы сомасы 8,6 млрд. теңге, 150 жаңа жұмыс орны құрылады.

2. «Энергоцентр Қарағанды» ЖШС – «Қарағанды ЖЭО-3 кеңейту үшінші кезеңі». Жобаның жалпы сомасы 27 млрд. 700 млн. теңге, 35 жаңа жұмыс орны құрылады.

3. «Оптим-кран Қазақстан» БК ЖШС – «Көпірлі және тірек крандар өндірісі».

Жобаның жалпы сомасы 390 млн. теңге, 150 жаңа жұмыс орны құрылады.

4. «Кенжер» АҚ – Рексил мен кремний өндірісі бойынша металлургиялық кешен құрылысы.

Жобаның жалпы сомасы 1 млрд. 275 млн. теңге 80 жаңа жұмыс орны құрылады.




«Бизнестің жол картасы 2020»

Бағдарлама жүзеге асқаннан бастап қаланың 223 кәсіпкерлері қаржылық қолдау алды, оның ішінде:



  • Банктер несиелерінің пайыздық үлесін қаржыландыру бойынша:

Барлығы 190 жоба мақұлданды.

Анықтама:

2010-2012 жылдары 121 инвестициялық жобаға қолдау көрсетілді.

2013 жылы: 37 инвестициялық жоба.

2014 жылдың басынан бастап: 32 жоба.


  • Банк несиелерін бөлшектік кепілдендіру бойынша:

Барлығы 14 жоба қолдау тапты.

Анықтама:

2010-2013 жылдары 9 жоба қолдау тапты.

2014 жылдың басынан: 5 жоба.

  • «Өндірістік инфрақұрылымды дамыту» бағыты бойынша:

2010 жылдың басынан бастап барлығы 19 жобаға жеткіліксіз инфрақұрылымды жеткізу мақұлданды.

2012 жылы АҮК-де (аймақтық үйлестіру кеңесі) қажет инфрақұрылымды жеткізуге 8 өтініш қарастырылды және қолдау тапты.

  1. «Жакко Қараганда» ЖШС – кәсіпорынға кіру жолын жеткізу (өткізу).

  2. «Ригер» ЖШС – кірме жолдың және логистикалық орталықты телефондандыру желісінің құрылысы;

  3. «ТЛК Караганда» ЖШС – темір жолдың тұйықталған басының және КНС-пен су бұрғыш канал құрылысы;

  4. «Экостройсервис» АҚ – «Экостройсервис» АҚ және Индустриалды паркті қосатын автожол құрылысы;

  5. «Евростандарт Караганда» ЖШС – электр жеткізу желісінің (ЛЭП – ЭЖЖ) құрылысы;

  6. «Вторпром» ЖШС – ЖСҚ құрастырумен автожол құрылысы;

  7. «Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау зауыты» ЖШС - ЖСҚ әзірлеу және автожолдарды қайта жөндеу;

  8. ТНК «Тиатр» ЖШС және «Караганда-Бетон» ЖШС - ЖСҚ әзірлеу және Олимпийская және Моторная көшелері бойынша автожолды қайта жөндеу.

2013 жылы «Оптим-кран Казахстан» БК ЖШС және «Кетмак Казахстан» ЖШС-нің ЖСҚ құруға және Солтүстік өнеркәсіп аймағына автожолды қайта жөндеуге бірлескен өтініші мақұлданды.


3. Бағалардың мониторингі және инфляция туралы мәліметтер

Тұтынушылық баға индексі




Қарағанды облысы бойынша

Қазақстан Республикасы бойынша

2014 жылғы тамыз

2013 жылғы желтоқсан



2014 жылғы тамыз

2014 жылғы шілде



2014 жылғы тамыз

2013 жылғы желтоқсан



2014 жылғы тамыз

2014 жылғы шілде



Тауарлар және қызметтер

105,9

100,2

104,9

100,1

Азық-түлік тауарларына

105,6

100,2

105,4

99,8

Тағамдық емес тауарларға

105,1

100,5

105

100,3

Ақылы қызмет көрсетулерге

105,2

100,1

104,3

100,3

А.ж. тамызда Қарағанды қаласы бойынша азық-түлік тауарларының бағасы 30 атаудың 22 атауына 2,8%-дан 95,3%-ға дейін өскен, 8 атау бойынша бағаның төмендеуі байқалады.



Каталог: files -> userfiles
userfiles -> Д. А.ҚОнаевтың туғанына 105 жыл толуына орай «ДӘуір данасы» даналық баспалдағының Өткізілу сценарийі
userfiles -> «Тәуелсіздік» алаңы 20. 09. 2014 ж сағ. 12. 00
userfiles -> Жылдың басты оқИҒалары
userfiles -> «балалар әдебиетін зерттеу» АҚпарат сағаты
userfiles -> Экранда слайд көрсетіліп тұрады
userfiles -> Семинар «современные формы библиотечной работы как способы активации продвижения чтения»
userfiles -> Бағдарламасы осакаровка 2015 мазмұны №
userfiles -> «Қарттарым – асыл қазынам» атты аталар мен әжелер сайысының Өткіщілу сценарийі
userfiles -> Общие сведения о городе Караганды


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет