Алматыда шаңғы акробатикасы мен фристайл-могулдан әлем кубогінің кезеңі өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Фото: Олимпиада комитеті

Алматыда 8-10 наурыз аралығында шаңғы акробатикасы мен фристайл-могулдан өтетін әлем кубогінде әлемнің ең үздік спортшылары бақ сынайды. Атап айтсақ, шаңғы-акробатикасынан АҚШ, Украина, Қытай, Швейцария сынды елдердің үздіктері келеді. Олардың ішінде қазіргі әлем чемпионы, швейцариялық Ное Рот, Бейжің олимпиадасының чемпионы, қытайлық Хуанпу Ку сынды мықтылар сынға түседі. Ал ел намысын шаңғы акробатикасынан Шерзод Хаширбаев, Иван Романов, Ұланбәкір Өмірзақов, Дінмұхаммед Райымқұлов сынды спортшылар қорғаса, әйелдерден Ардана Маханова мен Аделина Өмірзақова өнер көрсетеді.

Айта кетейік, Алматыдағы әлем кубогі кезеңіне құрама үздігі Жанбота Алдабергенова қатыса алмайды  


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.