Ардағым, Ардагерім



жүктеу 23.8 Kb.
Дата23.08.2018
өлшемі23.8 Kb.

1-ж. Құрметті ұстаздар, оқушылар, тың ардагерлері! Бүгінгі Жеңіс күніне арналған “Ардағым, Ардагерім ” атты ардагерлермен кездесуге қош келдіңіздер!

-ж. 70 жыл бейбіт көктем таң атқалы,

70 жыл шуақты күн таратты әнді.

Есімізде 70 рет сонан бері

Ашылды жеңіс күннің парақтары.

1-ж. 70 жыл үзілмеді құстар әні,

Кетті енді сұм соғыстың қайғылы әні.

70 жыл жауымыздың ажал оғы

Біздің елдің үстімен ұшпағалы.

2-ж. Армысыздар, Тәуелсіз еліміздің өрендері, Егеменді еліміздің жалынды да жігерлі жастары мен 1418 күнге созылған соғыста “Елім, жерім” деп қан төккен соғыс ардагерлері және тың ардагерлері!

1-ж. Соғыс… соғыс… Брестен Москваға дейін 1100 км. Москвадан Берлинге дейін 1600 км. Барлығы 2700 км.

Ал, соғыспен? Атыспен? Ұрыспе ше?

2-ж. Онда 4 жыл. Қиын да ұзақ жылдар. Бұл 1418 күн. 1418 күнде 20 миллион адам қаза тапты. Бұл күніне 14000 адам, ал сағатына 600, минутына 10 адам өледі деген сөз.

Соғыс бітті жалмап талай өмірді,

Қаншама қан еш жазықсыз төгілді.

Соғыс аты естілгенде құлаққа

Елестетер қара тажал өлімді.

Келді міне, күндей жайнап гүл көктем,

Самал желі шашты тарап, бетті өпкен.

Ұмытуға хақымыз жоқ оларды,

Олар біздің бақыт үшін қан төккен.

1-ж. Өткізді олар сызды окопта күндерін,

Елестетем қанды кешіп жүргенін.

Естігендей болам жаудың шебіне

Атой салған сарбаздардың үндерін.

Талай жанды қиды ажал балтасы,

Жауды жеңіп қайтты ауылға қаншасы.

Біздің мына бейбіт өмір алаңсыз

Ел қорғаған аталардың арқасы.

2-ж. Міне, Жеңістің 70 жылдығын тойлап өткізгелі отырмыз. Жеңіс… Иә оны сан миллиондаған адамдар 4 жыл бойы минуттап, сағаттап сарыла күтті емес пе? Ақыры олардың үміті мен сенімі ақталды, тілектері орындалды. Бірақ сол Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында талай миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Жаяумен жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгілерін көрсетті. Фашистердің тұтқын лагерінде қаншамасы өлтірілді. Ал тыңда қалған қарттар мен жас балалар соғыстың қайғы-қасіретін арқалай жүріп, бірде аш, бірде тоқ, тынбай жұмыс істеді. Бірақ ешкімнің де сағы сынбады. Олардың бойындағы отаншылдық сезім, қолына қару алып сапқа тұрған ұлт өкілдерінің тізе қосқан ерлігі мен бірлігі.

1-ж. Ендеше бүгінгі тамаша Жеңістің 70 жылдық мерекесіне жеткізген, ер жігіт етігімен су кешіп, сұр шинелді төсек етіп, ақ қар, көк мұз жастанып, жаумен шайқасқан асыл әкелер мен әз ағаларымыздың батырлығына тағзым етіп үлкен алғысымызды білдіреміз.

2-ж. Жүрек біткен желпінсін жүйрік аттай,

Сезім біткен серпілсін дамыл таппай.

Дәл бүгін өлең айтпай, ән шырқамай,

Қандай жүрек қалғандай қанат қақпай –деп кезекті әнге береміз

1-ж. Ыза кернеп көкірекке дерт болды,

“Отан үшін жаным пида!” серт болды.

Күңіреніп құлазыды құба бел,

Сұм соғыста қанша боздақ мерт болды.

Би

2-ж. Батырды айтсақ талай есім аталар,



Әкелер бар, ағалар бар, ата бар.

Болашақты бізге мирас етті де

Қыршын кетті Әлия сынды апалар. Оқитын Бікірбай Сәулет “Әлия мен Мәншүк”

1-ж Жеңіс күні сыр ашып, сырды ақтардым,

Соғыс көптің байлады ғой бақтарын.

Бүгінгі бақыт үшін жанын қиған



Рухына бас ием боздақтардың! –деп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет