Ардашева Дина Ерболатовна жұмыс бағдарламасы



жүктеу 453.15 Kb.
бет1/3
Дата08.05.2018
өлшемі453.15 Kb.
түріБағдарламасы
  1   2   3

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының

«Аягөз қаласының политехникалық колледжі»

коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
«Бекітемін»

Аягөз қаласының политехникалық

колледжінің директоры

_____________________

__ ___________ 2016 ж

ИНФОРМАТИКА пәнінің жұмыс бағдарламасы
1304000 «Есептеу техникасы мен бағдарламамен қамтамасыз ету (әр түрі)», 130404 3 «техник – бағдарламашы» мамандығына арналған
Құрастырған информатика пәнінің оқытушысы Ардашева Дина Ерболатовна
Жұмыс бағдарламасы ҚР МЖМБС 4.05.046-2008 «Орта білім. Техникалық және кәсіптік білім. Негізгі ережелері» мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына және Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің 03.04.2013 ж. № 115 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасына негізделіп құрастырылды.

Бағдарлама «Ақпараттық технологиялар» бірлестігінің отырысында қарастырылып бекітілді.

Хаттама №__ «___» «______» 2016 ж.
Пән бірлестігінің жетекшісі:
____________________ Нуржанова А. Б.

Аягөз 2016 ж.



  1. ТҮСІНІК ХАТ

Бұл жұмыс оқу бағдарламасы ҚР МЖМБС 4.05.046-2008 «Орта білім. Техникалық және кәсіптік білім. Негізгі ережелері» мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына және Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің 03.04.2013 ж. № 115 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасына негізделіп құрастырылды.

Информатиканың басқа техникалық пәндерден түптік өзгешілігі, оның пән ретінде қарқынды өзгеруінде. Сондықтан бұл техниканы нәтижелі пайдаға асыру үшін мамандардан жоғары білім деңгейі мен тәжірибелік іскерлікті талап етеді.

Орташа есеппен алғанда 1,5 жылда бір рет ақпараттық құралдардың негізгі техникалық параматрлері екі есеге артып, 3 жылда бір рет бағдарламамен қамтамасыз ету буыны жаңарып отырады, 5 жылда бір рет стандарттар базасы өзгереді.

Информатиканың негізгі міндеті амалдарды автоматтандыру әдістерін енгізу жолдары арқылы жалпы адамзаттық «шексіз ақпарат» деп аталатын дағдарыс құбылыстарынан шығуға шешім табу.

Информатика курсын оқытудың негізгі мақсаты дербес компьютердің, ақпараттық жүйелердің, жлектрондық коммуникациялардың құралдары мен мүмкіндіктерімен іс жүзінде таныстыру. Білім алушыларды оқу үрдісінде компьютерлік технологиялар көмегімен ақпаратты қайта өңдеу, беру, жеткізу дағдыларын кәсіби қызметінде сапалы, ұтымды пайдалануға үйрету.

Білім алушылар үшін курстың негізгі міндеті дербес компьютерде тәжірибелік жұмыс істеу техникасын, кәсіби бағдарлама жиынтығымен жұмыс істеуді және дербес компьютерде есеп шығару технологиясын меңгеру.

Информатика курсын оқытуда проблемалық, дамытушылық, дифференциалдық және ұжымдық оқыту технологиялары қолданылады. Сонымен қатар ақпаратты-коммуникативтік, ойындық, жобалық және ізденушілік, жеке тұлғаға бағытталғын болады.

Пән бағдарламасы білім алушылардың дербес компьютердің құрылымы, ДК бағдарламалық жиынтығының құрамы, ДК жұмыс принципі, Windows амалдық жүйесінің параметрлері, Word мәтіндік редакторында негізгі жұмыс амалдары, деректерді Excel электрондық кесте арқылы өңдеу амалдары, Access-те деректер қорын басқару амалдары, ақпаратты Power Point арқылы презентациялау, құжатты Corel Draw арқылы графикалық безендіру, Интернет желісінің қызметтері тұралы білімдерін пысықтауды мақсат етеді.

Тақырыпқа сәйкес бағдарламамен жабдықталған, дәрісхананың және зертхананың техникалық жабдықтауына байланысты сабақты мультимедиялық проектор, интерактивтік тақта не планшеттік компьютерлер арқылы жүргізу ұсынылады.

Жалпы көлемі - 78 сағат

Оның - 38 сағаты теориялық сабақ



  • 40 сағат тәжірибелік сабақ


2 Пәнді оқытуда жоспарланған нәтижелер


Стандартта жоспарланған оқыту нәтижелері мен білім беру бағдарламалары

Үлгілік оқу бағдарламасында оқытудың жоспарланған нәтижелері

Білім алушылар төмендегідей құзыреттерді меңгеруі қажет:

БҚ 1. Ақпаратты өңдеу, жеткізу және оны пайдалану туралы білімдерді меңгерте отырып, ақпараттық технологияны оқыту өндірісінде өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде саналы да тиімді түрде қолдану дағдыларын қалыптастыру.



Пәнді оқыту нәтижесінде біліім алушылар біледі:

Кез келген ақпарат принциптері мен ақпараттың сипатын:



меңгереді:

Оз бетінше қажеттіт ақпаратың шешімдерін іздеу, ұйымдастыру таңдау және талдау, түрлендіру, сақтау, шығарып алу, дағды қалыптастырады: алынған ақпаратты қолдану құзыретті: ақпаратты ұйымдастыру жолдары мен алдыға қойылған мақсатты шешуде оқу іс-әрекетін жоспарлай білу.



БҚ 2. Қазіргі заманғы қолданбалы программалармен танысу, оларды өзектілігімен маңыздылығын анықтау, қолданылу аясыменнегізгі принциптерін қалыптастыру.

Біледі:

Ақпаратты түрлендіру процессімен, кестелер, диаграммалар және мәліметтер қорымен жұмыс істеу

меңгереді: Мәліметтерді сақтау, іздеу және өңдеу

дағды қалыптастырады:

Электронды кестелер және мәліметтер базасымен жұмыс істеу, графиктер тұрғызу құзыретті:


  • Мәтіндеу мен құжаттауды дайындау:

  • Арнайы есептерді шешу:

  • Мәліметтер қорында деректерді өңдеу, толтыру, реттеу және іздеу:

БҚ 3. Қазіргі заманауи программалармен қамтамасыз етуді істей білу.

Біледі:

  • Интернет технологиялардың негізгі ұғымдарын:

  • Ақпаратты тарату мен алмастыру хаттамаларының түрлері:

  • Web-дизайнның негізгі қағидаларын

  • Web-сайт модулін жүйе ретінде жобалаудың негізгі кезеңдері мен міндеттерін:

  • HTML –құжаттарды гипермәтіндік белгілеу тілінің негізгі констукциясын меңгереді:

  • Интернеттің негізгі клиенттері:

  • Электрондық пошта, браузер іске қосу:

  • Интернет-сайттарды қарауда орыс әріптерін қайта кодтауды:

  • Беттің\сайттың электрондық мекен-жайын беруді және қаралған беттер бойынша ауыса алуды:

  • FTP –клиентін қолдануды және FTP арқылы файлды іздеуді:

  • Жергілікті желіні баптауды:

  • HTML тілінде қалыптастыру деңгейінде сайттың 3-5-тен кем емес сәйкес элементтерін программалауды:

  • Web беттің ар жағындағы және Web беттегі фонды өзгертуді:

  • Web бетке мәтін қоюды және оны пішімдеуді :

  • Web беттерге арналған графикалық бейне мен анимациялық роликтерді қалыптастыруды және тиімдеуді:

  • Web бетте әртүрлі кестелерді қалыптастыруды :

  • Web бетте мультимелия элементтерін қоюды:

  • Гиперсілтемені баптауды:

Дағды қалыптастырады:

  • Өзінің жеке ақпараттық кеңістігін тиімді ұйымдастыруға арналған ақпараттық объектілердің жеке топтамаларын қалыптастыруды:

  • Іс жүзінде қажетті, оның ішінде өзін-өзі танумен және кәсіби бағдармен байланысқан жеке танымдық: қызығушылыққа қатыты ақпаратты іздеу мен іріктеуді:

  • Оқуда және жеке хат алмасуда телекоммуникациялық арналар бойынша ақпарат таратуды , қоғамның ақпараттық ресурстарын сәйкес құқықтық және этикалықнормаларды сақтай отырып қолдануды:

Құзыретті:

Программалық өнімді өндіру кезеңдерін, әдістерін және программаны тестілеу құралдарын. Web –интерфейстерін деректер базасында тиімді іске асыру тәсілдерін біледі. Web-сайттар программалық жабдықтарын жобалаудың негізгі әдістері мен құралдарынқолдана біліді.



КҚ 1. Ағымдағы операциялық орта мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялардыбағалау және таңдай білу.

Біледі:

Операциялық жүйенің негізгі типтерін, функционалдық мүмкіндіктерін.



Меңгереді:

Операциялық жүйенің қызмет көрсету бағдарламаларын пайдалану

Дағды қалыптастырады

Операциялық жүйелерді орнату параметрін бекітіп, операциялық жүйелердің түрлерін айыруға дағдыланады.



Құзыретті:

Операциялық жүйе мүмкіндіктерін ақпаратты қорғау үшін пайдалану.



КҚ 2. Қажетті сызбалар орындауда геометриялық формалардың негізгі заңдылықтарын меңгеру.

Графикалық техникалық құжаттаманы әзірлеу және пайдалану мүмкіндігі.



Біледі:

Графикалық бейнені құруға арналған әдістерді қолдануды:

Меңгереді


  • 3D объектілірді құруды:

  • 3D объектілірді құрғанда модификаторларды қолдануды:

  • Материалдарды қалыптастыруды және қолдануды:

  • 3Dқойылымдарын қалыптастыруды, камералармен және жарықтандырғыштанмен жұмыс істеуді :

Дағды қалыптастырады:

  • Ақпараттық жобаларды,объектілер модельдерін, оның ішінде оқу жұмыстары нәтижелерін көркемдеуді құруды:

  • Объектілер мен үдерістердің қарапайым модельдерін 3D бейне түрінде құруды:

Құзыретті:

Графикалық программалау дағдыларын дамыту, графиканың негізгі концепцияларын білу, графиканың негізгі принциптерін қолдана алу.



КҚ 3. Ғаламдық компьютерлік желілерде ақпаратпен жұмыс істей алу мүмкіндігі

Біледі:

  • Интернеттің негізгі клиенттерін электрондық пошта, браузер іске қосу ды:

  • FTP – Қолжетушілік пен FTP-хаттама ұғымдарын , негізгі функциялары мен HTTP-дан айырмашылығын:

Меңгереді:

  • Интернеттегі мекен-жай қағидаларын:

  • Ақпаратты қорғау аймағындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын FTP-клиентін қолдануды және FTP арқылы файлдарды іздеуді:

  • Жергілікті желіні баптауды:

Дағды қалыптартырады:

Жеке өмір ақпаратына және басқа адамдардың ақпараттық нәтижелеріне құрметпен қарау.



Құзыретті:

Компьютерлік желілірмен жұмыс, қарапайым web беттерін жасауға , жергілікті желілердің қажетті құрал-жабдықтарын таңдай білу және жергілікті желілерін конфигурациялау, әртүрлі қосымшалар үшін желілік хаттамалар жиынтығын таңдау.



Каталог: uploads -> doc -> 0905
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0905 -> Мичурин балалар үйі, Павлодар облысы. Тәрбиеші: Айтыбаев Азнағұл Айдарханұлы Тақырыбы: Атадан қалған асыл сөз Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет