Танымал блогер, әнші, актриса Анара Батырхан өнеріндегі соңғы жаңалықтарын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Мархабат” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/anarabatyrkhan/

Әнші түрік әншісімен дуэт жазып, тойға шықпақ. 

“Шығармашылығымда жаңалық өте көп. Мұрат Япырак деген түрік әншісімен дуэт жаздырдым. Тойға арнап жазылған ән. Ол кісі біздің қазақ өнерімен етене таныс. Біраз эстрада жұлдыздарымен ән айтқан. Тіпті Қазақстанға көшіп келді. Оған біздің той бизнесі ұнап қалған. Жақында Шымкенттегі тойға шақырылды. Дуэтімізді халық жылы қабылдайды деген сенімдемін”, – деп ағынан жарылды өнер иесі. 

  • "Жиеніме арнайы жасаттым": Төреғали Төрәлі қарындасына ерекше сыйлық тарту етті

  • "Күйеуі қымбат көзілдірік сыйлады": Меруерт Түсіпбаева Ыстамбұлда тұратын Айнұр Тұрсынбаеваның үйін көрсетті

Сонымен қатар блогер ерекше стильде киінетінін жасырмады. Айтуынша, түрлі образда киініп жүру – сахнада жүрген әрбір адамның міндеті көрінеді. 

“Міне, мына көйлегім де ерекше. Түрік дизайнері Хаккан Аккаяның сыйлаған көйлегін киіп келдім. Мадонна мен Бейонс, Дженнифер Лопеске көйлек тігетін атақты адам екен. Мадоннаға тіккен көйлекті маған сыйлады. Арнайы Қазақстанға келіп, өз қолымен табыстады. Ерекше образ киіп шыққанды жақсы көремін”, – деп жауап берді әнші. 

Еске салайық, актер Айдар Асқарбек блогерге тікелей эфирде сезімін білдіргенін жазған едік. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от «Мархабат» ақпараттық-танымдық көңілашар бағдарламасы (@markhabat.tv)


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.