Танымал әнші Төреғали Төреәлі ұлының туған күніне дайындықты көрсетіп, жүрекжарды жыр шумақтарын арнады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: https://www.instagram.com/tolkynturarbekkyzy/

Алайда әншінің жұбайы, блогер Толқын Тұрарбекқызы шақырып қойған қонақтарға алдын-ала ескертіп, ұлының туған күнін кейінге шегерген. Отбасылық мерекені атап өтпеуге халықты әбігерге салқан жер сілкінісі себеп болған. 

“Төренұрдың туған күніне қатты дайындалған едік. Мейрамхана, шоу, концерт, бағдарламаға дейін тұр. Жер сілкінісінен кейін отбасымызбен үйде қалғанды жөн көрдік. Ойлағаның болып жатса, бір хайыр, болмай жатса мың хайыр ізде” деген сөз бар.

    Әлі ұйықтаған жоқпын. Бір ілімді бастап едім, уақыт болмай қарамай кеттім. Жер сілкінісінен кейін “Өлімнен кейінгі өмірге дайынмын ба?” деп ойладым. Адам қаласа, зейін қойса барлығын жасайды. Бірақ біз тым әлсізбіз. Нәпсіге еріп, сылтаумен өтіп жатқан өміріміздің куәсі болып отырамыз”, – деп жазды блогер. 

  • "Мысығының аспазы бар": Айнұр Тұрсынбаева құрбысы Айнұр Көпбасарованың отбасылық құпиясын айтып қойды

  • "Арада келісім болды": Танымал блогер Төреғали Төреәліге ән арнағанын мойындады

Сонымен қатар әнші Төреғали Төреәлі ата-әжесінің сүйікті немересіне арнап, жыр жолдарын арнады. 

“Тойлатып жүрмін десем неге бүгін,
Туған күні екен ғой Төренұрым.
Ел-жұрт болып Құдайдан сұрап алған
Мен сені қатты жақсы көрем ұлым.

Өзіңсің ата-әжеңнің ең сүйікті,
Немеренің ішінде төбе құлын.
Баласы-ау Ұлы дала баласының
Менікі "менен ассын" деген ұғым.

Анаңның әппақ сүтін ақтағаның,
Бабаңның ұмытпасаң көне жырын.
Әкеңнің өмірінің жалғасысың
Және де жалғасысың өнерінің.

Шегесі бол, еліңнің Төресі бол
Төрде отырып айтатын төрелігін.
"Ұқсамасаң тумағыр" дейді қазақ
Шебер құдай жасаған шедевірін.

Төренұр Төреәліні құттықтаймын,
Құдайым құлыншақтың бер өмірін!
Құттықтамаған шығар әкең бұлай
Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлын", – деп жазды әнші. 

Еске салайық, өнер иесі жиеніне арнайы домбыра жасатқанын көрсеткен еді. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.