Қаржылық талдау (ОҚУ ҚҰралы) Семей 2011 ббк 65. 262. 1я73 м 31



жүктеу 1.68 Mb.
бет1/9
Дата26.10.2017
өлшемі1.68 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


С.Ж.Масалимова, С.Ж.Есенгельдинова Ж.А,Абылкасимова


КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІ

ҚАРЖЫЛЫҚ ТАЛДАУ
(ОҚУ ҚҰРАЛЫ)

Семей 2011

ББК 65.262.1я73

М 31

М 31 Коммерциялық банктерді қаржылық талдау: Оқу құралы / С.Ж.Масалимова, С.Ж.Есенгельдинова, Ж.А.Абылкасимова – Семей, 2011 ж. – 139 б.

ISBN 9965-887-13-6
Аталған оқу құралында Коммерциялық банктер қызметін қаржылық талдауын ұйымдастырудың теориялық және практикалық негіздері кеңінен ашылып көрсетілген.

Оқу құралында коммерциялық банктер қызметтерінің түрлі бағыттарын талдау әдістемелері қарастырылған.

Оқу құралы жоғары оқу орнының оқытушылары мен экономикалық мамандықтағы студенттерге арналған.

Рецензенттер: Апсалямов Н.А., э.ғ.д., профессор

Айдарханов М.Х., э.ғ.к., доцент

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Оқу-әдістемелік Кеңесімен ұсынылған (№ хаттама, .)


ISBN 9965-887-12-8



  • Масалимова С.Ж., 2011

ã Есенгельдинова С.Ж., 2011

ã Абылқасымова Ж.А., 2011



МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ


5

1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУДЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ, АҚПАРАТТЫҚ БАЗАСЫ

    1. 1.1 Банктегі қаржылық талдаудың мәні және құрылымы

    2. 1.2 Банктегі қаржылық талдауды жүзеге асыруды ұйымдастыру

    3. 1.3 Қаржылық талдауды ақпараттық қамтамасыз ету

    4. 1.4 Банктің қаржылық-аналитикаық қызметінің міндеттері мен

функциялары


6

8



9

10


2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНК БАЛАНСЫ – ОНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУДАҒЫ НЕГІЗГІ ҚҰЖАТ

2.1 Коммерциялық банк балансын құру сызбасы мен қағидалары

2.2 Банк балансын талдаудың негізгі бағыттары

2.3 Банк балансын талдау этаптары

2.4 Банк балансын экономикалық талдау этаптары


13

15



17

18


3 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ АКТИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ

3.1 Ресурстарды пайдаланудың негізгі бағыттарын талдау

3.2 Бағалы қағаздармен операцияларды талдау

3.3 Коммерциялық банктердің валюталық операцияларын талдау

3.4 Лизингтік операцияларды талдау


21

24



34

37


4 МЕНШІКТІ ЖӘНЕ ТАРТЫЛҒАН ҚАРАЖАТТАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

4.1 Төлем міндеттемелердің орындалуын талдау

4.2 Банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жағдайын талдау

4.3 Коммерциялық банктің міндеттемелерін талдау

4.4 Банкаралық несиелерді талдау

4.5 Несиелік ресурстардың көлемін анықтау




42
45

54

56

57



5 БАНКТІҢ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН ТАЛДАУ

5.1 Банктік тәуекелдердің жалпы сипаттамасы және оларды талдау тәсілдері

5.2 Қарыз алушы балансын талдау

5.3 Қарыз алушылардың несие қабілеттілігін талдау

5.4 Қазақстан Республикасының коммерциялық банк тәуекелдерін басқару ерекшеліктері



59

61



62

64



6 БАНКТЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НОРМАТИВТЕРДІ ОРЫНДАУЫН ТАЛДАУ

6.1 Банк капиталының жеткіліктілігі туралы түсінік және оны талдау

6.2 Бір қарыз алушыға тәуекелдің максималды мөлшері

6.3 Ашық валюталық позиция лимиттері

6.4 Активтер сапасын (өтімділік коэффициентін) талдау

6.5 Табыстылық көрсеткіштерін талдау

6.6 Банктің негізгі құралдарға және басқа да материалдық емес активтерге инвестицияларының максималды мөлшері

6.7 Экономикалық нормативтердің орындалуын бақылау



66
69

71

72

75


75

76


7 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНК ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ НӘТИЖЕЛЕРІН ТАЛДАУ

7.1 Коммерциялық банктің кірістерін талдау

7.2 Коммерциялық банктің қаржылық қызметін сипаттайтын көрсеткіштерді талдау

7.3 Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін талдау

7.4 Коммерциялық банктің пайдасын талдау

7.5 Коммерциялық банк қызметінің қаржылық нәтижелерін талдау


Глоссарий

Студенттердің өздік жұмысына арналған рефераттардың тақырыптар

Өзін-өзі бақылауға араналған тесттер

Практикалық сабақтар

Пайдаланған әдебиеттер тізімі


83
84

87

87

88


90
101

102


128

139




КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының қазіргі уақыттағы әлеуметтік экономикалық дамуы, банктік жүйелердің құрылымындағы түбегейлі өзгерістердің несиелік-қаржы институттарында ақша-несие жүйелерінің пайда болуымен сипатталады. Бұл жағдайлар коммерциялық банктердің пайда болуына әсер етті. Осыған байланысты коммерциялық банктердің қаржылық жағдайында талдаудың рөлі мен маңыздылығы өсті.

Қазіргі кезде Қазақстандық коммерциялық банктер аса тәуекелді жағдайда жұмыс істеуге мәжбүр, сондықтан банктердің өздері дағдарыс жағдайына түсіп қалады.

Сол себепті Қазақстандық коммерциялық банктер үшін қазіргі кездегі экономикалық жағдайда нарықтың шарттарына сәйкес банктердің қаржылық жағдайын талдаудың тиімді әдістері туралы ең өзекті сұрақ туындайды.

Оқу құралында коммерциялық банктің қаржы – экономикалық талдау қызметін ұйымдастыру және оны ақпаратпен жабдықтау, сондай-ақ өзіңнің және тартылған қаржы, активтік және төлемдік банктік операциялар сияқты негізгі тақырыптар қаралады.

Банктің экономикалық мөлшерлеу қызметінің орындалуын талдау немесе оның қаржылық нәтижелері кірістер, шығыстар, пайдалар мен рентабельдігі көрсетілген.

Сондай-ақ, оқу құралында коммерциялық банктің жарияланған балансы негізінде банктік қаржылық жағдайының талдауы бойынша тәжірибелік мысалдар келтірілген және оқытылған материалды жақсы меңгеру үшін, өздік бақылауға тапсырмалар мен межелік бақылау үшін сұрақтар берілген.

Оқу құралы экономикалық жоғары оқу орындарына арналған.




1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУДЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ, АҚПАРАТТЫҚ БАЗАСЫ
1.1 Банктегі қаржылық талдаудың мәні және құрылымы
Қаржы секторының тұрақты жұмыс жасауы елдің экономикалық дамуының негізгі қағидаты болып табылады. Əлемдік қаржы дағдарысы Қазақстанның қаржы жүйесінің осалдығының бірнеше факторларын анықтады жəне оның жұмыс істеуі тəуекелін едəуір арттырды. Осы жағдайда тəуекелдің негізгі көздерін зерттеу, жалпы алғанда банктік сектордың қаржылық жағдайын зерттеу қаржы институттарының жəне елдің тұтастай алғанда қаржы жүйесінің орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қажетті ең елеулі факторларды айқындауға мүмкіндік береді. Осы тұрғыда қаржылық секторға, соның ішінде банктік секторға қаржылық талдау жасау экономиканың тұрақты дамуында алатын орны зор.

Банктер – қазіргі өркениеттің өзінен ажырағысыз буындарының бірі. Қазіргі заманда банктердің қызметі қоғамдық өнімді өндіруді, бөлуді, айырбастауды және тұтынуды бір – бірінен бөлінбейтін үздіксіз процесске айналдырады. Сондықтан банктердің қызметін пайдаланбай ешбір шаруашылық субьектісінің ісі тынбайды, ол кез – келген адам үнемі банк қызметін пайдаланады.

Нарықтық экономика жағдайында банктердің қызметінің маңыздылығы зор, олар уақытша қолданылмаған ақша қаражатын жинақтап, оларды салалар мен аймақтар, кәсіпорындар мен халықтар арасында қайта бөлумен қатар, экономиканы қосымша капиталмен қамтамасыз етіп, сайып келгенде қоғамдық байлықты көбейтуге негіз қалайды.

Коммерциялық бактердегі қаржылық талдау банк қызметінің экономикалық тиімділігін бағалау жүйесі ретінде және банк қызметін басқару сапасын бағалау әдістері ретінде негізінен 2 бағытта жүзеге асырылады: қаржылық нәтижелерді талдау және банктің қаржылық жағдайын талдау.

Қазіргі жағдайда коммерциялық банктерді қаржылық талдау қаржылық басқару элементін ғана емес, сонымен қатар оның негізін де білдіреді. Кез келген коммерциялық банкті басқару талдаусыз мүмкін емес. Банктердегі қаржылық талдаудың мазмұны, орны және рөлі көбінесе несиелік - қаржылық сипаттағы қызметтерімен, экономикалық қатынастардың өзара байланыстылығымен, клиенттік базаның дәрежесімен және басқаларға байланысты қызмет түрлеріне тәуелді болады.

Қаржылық талдаудың коммерциялық банктерді басқарудағы ролі мен мәні келесі суретте көрсетілген:


Каталог: ebook -> ebook
ebook -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
ebook -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
ebook -> Тест сұРАҚтары мемлекеттік кәсіпорынның ақша қорларының ең басты- сы?
ebook -> Ќазаќстан республикасы
ebook -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
ebook -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
ebook -> М. И. Еникеев Общая и социальная психология
ebook -> Ш. Б. Сейітова ана тілің — асыл қазынаң
ebook -> 1-тарау маркетингтің теориясы және тұжырымдамалары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет