Қаржылық талдау (ОҚУ ҚҰралы) Семей 2011 ббк 65. 262. 1я73 м 31


Овернайт – банктердің Ұлттық банктегі корреспонденттік шотында дебеттік қалдықтың пайда болуына байланысты бір түнге берілетін несие. Облигация



жүктеу 1.68 Mb.
бет8/9
Дата26.10.2017
өлшемі1.68 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Овернайт – банктердің Ұлттық банктегі корреспонденттік шотында дебеттік қалдықтың пайда болуына байланысты бір түнге берілетін несие.

Облигация - оның иесінің ақшалай қаражат салғандығын куәландыратын және эмитенттің осы қаражат сомасы (номиналдық құны) мен пайызды қайтарып беру туралы міндеттемесін растайтын бағалы қағаз.

Овердравт несиесі – клиенттің шотынан қаражатты шегеру, дебеттік қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді несие.

Овернайт несиесі - өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге берілетін банкаралық несиенің түрі.

Онкольдық несие – кредитордың алғашқы талабы бойынша өтілетін қысқа мерзімді несие.

Пассивтік операциялар – бұл несиелік және активтік операцияларды жүзеге асыруға арналған банктің өз ресурсын құру операциялары.

Пайыз тәуекелі – берілген несиелерге байланысты пайыз мөлшерлерлемелерінен тартылған қаражаттар бойынша төленетін пайыз мөлшерлемелерінің артып кетуі нәтижесінде коммерциялық банктер, несиелік мекемелер және инвестициялық ұйымдар қызметі процесіндегі зияндардың пайда болу қаупі.

Рамбурстық несие – шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикат және дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесіндегі пайдаланылатын несие.

Рестрикациялық ақша-несие саясаты – екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталған шаралар.

Ревальвация – ұлттық валюта бағамының шетел валюталарға қатынасы бойынша жоғарлауы.

Резервтік валюта – бұл басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық бағамды анықтауда негіз ретінде қызмет ететін және валюталар бағамын реттеу мақсатында валюталық интервенция жүргізуде пайдаланылатын халықаралық төлем және резерв құралы қызметін атқаратын, әлемнің алдыңғы қатарлы еркін ауыстырылатын ұлттық валюталары.

Резервтік қор – банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында құрылған ақшалай қаражаты.

Стандартты несие – қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында ешқандай күмән жоқ несиелер.

Сенім несиесі – банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары клиенттерге берілетін несие.

Талап етуіне дейінгі депозиттер – бұл салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты әр түрлі құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын әр түрлі шоттардағы қаражаттары.

Төлем балансы – бұл халықтың белгілі бір уақыт ішінде шетелге шығарғандарынан түскен түсімдері мен сырттан әкелінген тауарлары мен қызметтер үшін төленген төлемдер арасындағы шеткі қатынасы.

Тіркемелі бағам – Ұлттық банктің ұлттық валютаның шетел валютасына қатысты айырбас бағамын анықтауда валюталық нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа араласуы нәтижесінде анықталатын бағам.

Телеграфтық инкассо – жабдықтаушының тауар құжаттарын инкассоға қабылдағаны туралы жабдықтаушы банкісінің жіберген телеграммасына қарсы сатып алушының төлемі жасалатын инкассоның ерекше нысаны.

Тұтыну несиесі – бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.

Тұрғын үй құрылыс банкі – бұл тұрғын үй құрылысын коммерциялық құрылысшылар арқылы несиелеуге, халық үшін құрылыс-жинақ шоттарын қалыптастыру және ипотекалық несиелеу жүйесін құру мақсатында құрылған банк.

Төлем тапсырмасы – ақшаны аударушының (төлеушінің) аталған тапсырмада көрсетілген ақша сомасын бенефициарға аудару туралы қызмет көрсетуші банкке берген тапсырмасы.

Төлем талап – тапсырмасы – бенефициардың төлеушіге оған қызмет көрсетуші банкке, бағытталған, жөнелтілген өнім, атқарылған жұмыстар және көрсетілген қызмет құнын жіберілген есеп айырысу құжаттары негізінде төлеу талабы.

Толық құнды ақша – номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін ақшалар.

Толық құнсыз ақша – номиналдық құны нақты құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшалар.

Үмітсіз несиелер – қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен ссудалар шотына жазылған несиелер

Ұлттық валюталық жүйе – халықаралық төлем айналымын жүзеге асыратын, ұдайы өндіріс процесіне қажетті валюталық ресурстары құрайтын және пайдалануға көмектесетін экономикалық қатынастар жинағы.

Ұлттық банк – бұл ақшалай резервтерді құрайтын, оған қоса меншікті алтын валюта резервтерден, басқа да материалдық бағалықтардан тұратын мүліктерге ие болып табылатын заңды тұлға.

Факторинг операциясы – жабдықтаушының (банк клиентінің) жабдықтаған тауары мен көрсеткен қызметтері үшін төленбеген төлем құжаттарын (шот-фактурасын) банкке сатумен байланысты комиссиондық-делдалдық операция.

Форфейтинг операциясы – форфейтордың, яғни коммерциялық банктің немесе арнайы компанияның экспортергға төлеуге тиісті импортердің төлем құжатын сатып алуы.

Форс-мажор – экономикалық келісім шарттарға қатысушылардың әр түрлі төтенше жағдайларға (өрт, жер сілкінісі, су тасқыны және т.б.) байланысты міндеттемелерді орындай алмауы.

Чек – ағымдағы шот иесінің чекті ұстаушыға белгілі бір ақшалай соманы төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзінің банкісіне берген жазбаша бұйрығы.

Экспортты-импорттық банк (Эксимбанк) – даму және ғылыми ұйымдардың экспортын қаржыландыру үшін, экспорттық несиелер мен инвестицияларға кепілдеме беретін банк.

Электрондық ақшалар – компьютер торабының, ақпараттарды автоматты түрде өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы.

Экспанциондық ақша-несие саясаты – несие беру көлемін кеңейтумен, айналыстағы ақша-массасының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуімен байланысты шаралар.


СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН РЕФЕРАТТАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТАР

  1. Коммерциялық банктердің қаржылық талдауының мәні мен қажеттілігі.

  2. Коммерциялық банктердің кірістерін талдау.

  3. Банк активтері мен пассивтерін басқару стратегиясы..

  4. Коммерциялық банктерді басқарудағы қаржылық талдаудың ролі.

  5. Коммерциялық банктердің шығыстарын талдау.

  6. Банктің ресурстық базасын талдау.

  7. Коммерциялық банктердің меншікті қаржыларын талдау.

  8. Коммерциялық банктердің міндеттемелерін талдау.

  9. Банк пайдасын талдау.

  10. Банктің активтік операцияларын талдау.

  11. Банктің қаржылық жағдайын талдау.

  12. Коммерциялық банк балансын талдаудың негізгі бағыттары.

  13. Банктің бухгалтерлік есебін және есеп берушілігінің жағдайын талдау.

  14. Банктің пайыздық емес кірісін талдау.

  15. Коммерциялық банктің өтімділігін талдау.

  16. Бағалы қағаздармен операцияларды талдау.

  17. Банктік ссудалардың қамтамасыз етілуін талдау.

  18. Коммерциялық банктердің лизингтік операцияларын талдау.

  19. Коммерциялық банктердің депозиттік операцияларын талдау.

  20. Банкте қаржылық талдауды жүргізуді ұцымдастыру..

  21. Банктің экономикалық талдау түрлері.

  22. Банк рентабелділігін талдау.

  23. Банктің ссудалық операцияларын талдау.

  24. Банктің валюталық операцияларын талдау.

  25. Несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді талдау.

  26. Қаржылық талдаудың ақпараттық базасы.

  27. Коммерциялық банктердің сенімділігін қамтамасыз ету әдістемесі.

  28. Банк капиталының жеткіліктілігін талдау.

  29. Банктің дебиторлық және кредиторлық қарызын талдау.

  30. Бюджетке салықтар мен алымдардың мерзімділігі мен толықтылығын талдау.


Өзін-өзі бақылауға араналған тесттер

1 Банк операцияларын жүзеге асыруға лицензия қандай мерзімге беріледі?

А..1 жыл

В 5 жыл


С 10 жыл

D 20 жыл

Е шектелмеген мерзімге
2 Пайда табу үшін банктің меншікті және тартылған қаражаттарын орналастыру :

А. активті операциялар

В. пассивті операциялар

С. активті – пассивті операциялар

D . комиссиондық операциялар

Е. қаржылық операциялар


3 Банкті ашуға рұқсат беру туралы өтініш ҚР Ұлттық банкімен қарастырылуы тиіс:

А. 2 аптада

В. 1 ай ішінде

С. 3 айда

D. 6 айда

Е.10 күн ішінде


4 Аталық банкі жарғылық капиталының 50 пайызынан астамын иеленетін екінші деңгейлі банк:

А. банк филиалы

В.банк өкілдігі

С. еншілес банк

D. банктік ассоциациясы

Е. банктік траст


5 Банктің пассивті операцияларына жатады:

А. касалық

В. клирингтік

С. депозиттік

D. несиелік

Е. қаржылық


6 Коммерциялық банктің жағылық капиталының сомасы келесінің қайсысына жатады?

А. меншікті қаржыларға

В. тартылған қаржыларға

С. ақшалай қаржыларға

D. қарыздық қаржыларға

Е. материалдық активтер


7 ҚР Ұлттық банктің шешімімен банкке қатысты оның қаржылық жағдайын сауықтандыру мақсатында әкімшілік, заңдылық, қаржылық, ұйымдастырушылық – техникалық және басқа да шаралардың кешенін мәжбүрлі түрде жүзеге асыру:

А. банктің жойылуы

В. банктің қайта ұйымдастырылуы

С. банктің консервациясы

D. банктің түрленуі

Е. банктің бөлінуі


8 Банктегі алдын ала келісілген шарттарда ақшалай қаражаттарды тарту бойынша жүргізілетін банктік операция:

А. есептесу операциясы

В. клиринг

С. депозиттік операция.

D. инкассо

Е. активті операция


9 Депозиттік емес тартылған қаржыларға жатады:

А. депозиттік сертификат

В. жинақ салымдары

С. жинақ қолхаттары

D. банкаралық несиелер

Е. меншікті облигациялар мен вексельдер


10 Барлық құқықтар мен міндеттемелерді басқа несиелік ұйымға тапсырып қызметті тоқтату

А. бірігу

В. бөліну

С. қосылуы

D. түрлену

Е. қайта ұйымдастыру


11 КБ консервациясы қандай мерзімде жүргізіледі ?

А. 1 жыл


В. 6 ай ішінде

С. шектелмеген мерзімінде

D. 1 жыл және одан артық

Е. 3 ай ішінде

12 Банктің қызметі тоқтаған кезде ҚР Ұлттық банкі екінші деңгейлі банкке резервтелген қаржыларын қай мерзімде қайтарады ?

А. 1 ай ішінде

В. 3 ай ішінде

С. апталық мерзімде

D. 2 апта ішінде

Е. 6 ай ішінде


13 Ең төменгі міндетті резервтерді бұзғанда ҚР Ұлттық банкі қолданылады

А. банктік операцияларға лицензияларды қайтарып алу

В. айып

С. банкті жабу



Д. банк консервациясы

Е. банк қызметін тоқтата тұру


14 Банктіің меншікті ресурстарына жатпайды :

А. бөлінбеген пайда

В. атықшылықты акциялар

С. жай акциялар

D. резервтік қор

Е. жинақ қолхаттар


15 Орталық банктің коммерциялық банктердің несиелік ресурстарын арттыруы бұл :

А. несиелік рестрикция

В. несиелік экспансия

С. несиелік саясат

D. несиелік «құю»

Е. несиелік реттеу


16Активті операцияларлардан шығындарды өтеуге арналған қор:

А. жарғылық қор

В. резервтік қор

С. арнайы арналымды қор

D. амортизация қоры

Е. өндірістік арналымды қор


17 Тұтынушылқ несиеде зейнетақы жасына өтетін қарыз алушының (р) төлем қабілеттілігі келесідей анықталады :

А. р = ( Дч х К1х t1) – ( Дч х К2 х t2)

В. р = ( Дч х К2 х t2) – ( Дч х К1 х t1)

С. р=(Дч1 х К1 х t1) + ( Дч2 х К2 х t2)

D. р= ( Дч1 х К1 х t1)/ ( Дч2 х К2 х t2 )

Е. р=( Дч1 – К + t1) х ( Дч2 + К2 + t2)


18 Төлемді кейінге қалдыру түрінде берілетін несие:

А.ипотекалық

В.коммерциялық

С.тұтынушылық

D.ломбардтық

Е.вексельдік


19 Банк капиталының жеткіліктілік нормативі келесідей анықталады:

А. несиелік ұйымның меншікті қаржыларының жалпы сомасының және

тәуекел деңгейі бойынша өлшенген активтерінің сомасының шекті

қатынасы


В. азаматтардың ақшалай салымдарының жалпы сомасы мен банктің

меншікті қаржыларының шамасының шекті арақатынасы

С. несиелік ұйымның меншікті қаржыларының жалпы сомасы мен тартылған

қаржылардың шекті арақатынасы

D. несиелік ұйымның меншікті қаржыларының жалпы сомасы мен

пассивтерінің сомасының шекті арақатынасы

Е. несиелік ұйымның пассивтері мен активтерінің сомасының шекті

Арақатынасы


20 Сатылған валюта бойынша міндеттеме талаптардан асатын позиция:

А.ашық


В.жабық

С.қысқа


D.ұзын

Е.ашық-жабық


21 Ностро – шот бұл:

А.банктің басқа банкте ашылған корреспонденттік шоты

В.берілген банкте корреспондент банкпен ашылған корреспонденттік шот

С.ҚБЕО(КЦМР) –да ашылған банктің корреспонденттік шоты

D.клирингтік палатада ашылған корреспонденттік шот

Е.банктің корреспонденттік шот


22 Өтеу мерзімі ұзартылған банк несиесі :

А.ұзартылған несие

В.акцепттік несие

С.арнайы несие

D.инкассолық несие

Е.онкольді несие


23 Жылжымайтын мүлік кепіліне берілетін банктік несие:

А.ломбардтық

В.коммерциялық

С.тұтынушы

Д.ипотекалық .

Е.вексельдік


24 МБҚ кепіліне берілген несие:

А.онкольді

В.омбардты.

С.вексельді

D.авальдік

Е.акцептік


25 Лоро – шот бұл:

А.банктің басқа корреспондент банктерде ашылған корреспонденттік шоты

В.берілген банкте корреспондент банкпен ашылған корреспонденттік шоты.

С.ҚР Ұлттық банкінде ашылған банктердің корреспонденттік шоттары

D.клирингтік палатада ашылған корреспонденттік шот

Е.ҚБЕО- да ашылған корреспонденттік шот


26 Банктік жүйе қамтиды:

А. Орталық Банк, несиелік ұйымдар, биржалар, инвестициялық қорлар

В. Орталық банк, несиелік ұйымдар және олардың ассоциациялары .

С. Орталық банк, несиелік ұйымдар және олардың ассоциациялары мен

сақтандыру компаниялары

D. Орталық банк, несиелік ұйымдар, зейнетақы қорлары

Е. Орталық банк, несиелік ұйымдар
27 Клиент орнатылған лимиттің пайызында қосымша келісулерсіз кез келген мезетте несие ала алатын несиені беру нысаны:

А.жай қарыздық шот

В.несиелік желі.

С.контокоррент

D.арнайы қарыздық шот

Е.банктік шот


28 Банктік қадағалау нысандарына жатпайды:

А.мемлекетаралық бақылау

В.мемлекеттік бақылау

С.аудиторлық бақылау

D.ұрылтайшылық бақылау

Е.жедел бақылау.


29 Банкпен алынған және депозиттер бойынша төленген пайыздар арасындағы айырма:

А.дисконт

В.спрэд

С.сыйақы


D.маржа.

Е пайда
30 КБ бақылаушы органы:

А.құрылтайшылардың жалпы жиналысы

В.департамент

С.ревизиялық комиссия

D.директорлар кеңесі

Е.банк кеңесі.
31Депозиттік шоттардағы қаржылар жатады:

А.меншікті қаржыларға

В.тартылған қаржыларға.

С.ақшалай қаржыларға

Д.кассалық қаржыларға

Е.өтімді қаржыларға


32 Бірінші талап бойынша өтелетін қысқа мерзімді несие түрін атаңыз:

А. мерзімді несие

В. контокорренттік несие

С. онкольдік несие

D. коммерциялық несие

Е. дисконттық несие


33 КБ бөлінбеген пайдасы жатады:

А.материалдық емес активтерге

В.ақша қаражаттарына

С.тартылған қаржыларға

Д.меншікті қаржыларға.

Е.өтімді қаржыларға


34 Несиелер көлемін реттеу, тәуекелдерді төмендету, банктердің өз міндеттемелері бойынша төлмеуін реттеу мақсаттарында ҚР ҰБ – мен орнатылатын резервті талаптардың нормативі қандай мөлшерде бекітіледі ?

А.40 пайыздан аспайтын.

В.50 пайыздан аспайтын

С.60 пайыздан аспайтын

D.30 пайыздан аспайтын

Е.20 пайыздан аспайтын


35 Бір -үш жылға берілген банк несиесі:

А.мерзімді

В.орта мерзімді.

С.ұзақ мерзімді

D.қысқа мерзімді

Е.талап етуге дейін


36 Қағидаларға сәйкес несиені беру және өтеу әдістері бұл:

А.несиелеу әдісі.

В.несиелеу жүйесі

С.несиелеу тәртібі

D.несиелеу қызметі

Е.несиелік саясат


37Банктің жарғылық капиталын арттыру нені шығару арқылы жүргізіледі?

А.қосымша акциялар

В.қосымша акциялар; акциялардың номиналдық құнын өсіру.

С.акциялардың номиналдыққұның өсіру

D.қосымша акциялар мен облигациялар

Е.қосымша акциялар мен вексельдер


38 Банк активі және пассиві бүның жағымсыз өзгеруі:

А.төлем кабілетсіздігі жок әуекел

В.өтімділік тәуекелі

С.валюталык тәуекел

D.пайыздьгқ тәуекел

Е.нарыктык тәуекел.


39 Банкпен орнатылмайтын мерзім ішінде банкте сақталатын ақша қаржылары:

А.мерзімді депозит

В.жинақ депозит

С.талап етуге дейінгі депозит.

D.жинақ қолхат

Е.депозиттік қолхат


40 КБ атқарушы органы:

А.құрылтайшылардың жалпы жиналысы

В.басқарма.

С.ревизиялық комиссия

D.банк кеңесі

Е.директорлар кеңесі


41 Банкті жою және қайта ұйымдастыру туралы шешім кімнің біліктілігіне жатады ?

А.басқарма төрағасы

В.банк кеңесі

С.құрылтайшылардың жалпы жиналысы.

D.басқарма

Е.директорлар кеңесі


42Жабдықтаушылардан төлеушілердің қарыздық міндеттемелерін кейінгі қарыз инкассациясымен сатып алу:

А.хеджирлеу

В.инжиринг

С.факторинг.

D.опцион

Е.траст
43 Коммерциялық банктің облигация эмиссиясы жатады:

А.пассивті операцияларға.

В.активті операцияларға

С.қарыздарға

D.инвестициялық операцияларға

Е.қаржылық операцияларға

44 Сатушымен сатып алушыға берілетін төлемді кейінге қалдыру:

А.қаржылық несие

В.тауарлық несие

С.коммерциялық несие.

Д.дисконттық несие

Е.мемлекеттік несие
45Банктердің міндетті резервтерінің сомасын анықтау негізі болып табылады:

А.барлық тартылған қаржылар сомасы.

В.банкаралық несие сомасы

С.талап етуге дейінгі және мерзімді салымдардың сомасы

D.мерзімді депозиттер

Е.талап етуге дейінгі депозиттер


46 Қарапайым пайыз формуласын келесі түрде беруге болады:

А.I=p(1+i)n

В.I= p*i*t*360*100

С.I= p+n+I

D.I=(p+I+t)/(360*100)

Е.I=(p*n*t)/(360*100).


47 Банкпен құрылатын провизиялар түрлері:

А.арнайы және жалпы.

В.жеке және жалпы

С.арнайы және қиыстырылған

D.арнайы және өтемдік

Е.бір ретті және тұрақты


48 Валюталық операциялар түрлеріне жатпайды:

А.форвардтық мәмілелер

В.«спот»

С.«своп»


D.Арбитраждық мәмілелер

Е.Франзайзинг.


49 Меншікті және клиент иелігіндегі басқа активтерді басқару бойынша операциялар:

А.форфейтинг

В.траст.

С.факторинг

Д.лизинг

Е.фьючерс


50 Банктің меншікті капиталының жерлерді, ғимараттарды,құрал – жабдықтарды сатып алу шығындарын қаржыландыру және төлеудің қайнар көзі болып табылатын, сондай – ақ қаржылық резервтерді құрумен байланысты қызметтері:

А.айналымдық

В.реттеуші

С.жедел (ағымдық)

Д.резервтік

Е.қорғаныштық


51 Экспортер мемлекетінің банкімен импортер мемлекетінің банкіне машиналар, құрал – жабдықтарды несиелеу үшін берілетін несие бұл:

А.қаржылық несие

В.экспорттық несие

С.акцепттік – рамбурстық

D.алушыға несие

Е.өтеуші мәмілелер бойынша ұзақ мерзімді несие


52 Банк кассасындағы қолма қол ақша жатады:

А.екінші ретті ресурстарға

В.бастапқы ресурстарға

С.қарыздарға

D.жылжымайтын мүлікке

Е.өзге резервтерге


53 Қарыз алушының несиелеушіге тиесілі негізгі қарыз бен пайыздарды төлемеу қаупі:

А.портфельдік тәуекел

В.пайыздық тәуекел

С.валюталық тәуекел

D.несиелік тәуекел.

Е.өтімділік тәуекелі


54 Банктік тәжірибеде қабылданған қолма қол ақшасыз есептесулердің негзгі нысандары:

А.кепілдік

В.облигациялар

С.кепілдеме

D.төлем тапсырмасы

Е.вексельдер


55 Банк саласында қызмет ететін қызметкелерді және банк ісін басқарудың ғылыми жүйесі:

А.банктік маркетинг

В.банктік менеджмент

С.банк ісін басқару

D.контролинг

Е.консалтинг


56 Бір банктің басқа банкте ашылған шоты:

А.есептесу

В.депозиттік

С.банктік

D.корреспонденттік

Е.ағымдық


57 Депозиттер қалай бөлінеді?

А.мерзімсіз

В.шартты

С.ұтыстық

D.нау депозиттер

Е.талап етуге дейінгі


58 Болашақтағы белгілі бір мерзіммен байланысты шетел валютасын жеткізу:

А.спот


В.своп

С.форвард.

D.опцион

Е.фьючерс


59 Банкпен сенімді клиентке алдын ала келісілген сома шегінде ағымдық шоттағы қалдықтан артық мөлшерде берілетін қысқа мерзімді несие:

А.контокоррентті

В.вексельдік

С.овердрафт

D.дисконттық

Е.ломбардтық


60 Банктің клиентпен жасалатын барлық операциялары есепке алынатын ортақ шот:

А.ағымдық

Вжинақ

С.контокоррентті.



D.корреспонденттік

Е.валюталық


61 Ұлттық банкте алынған несие жатады:

А.меншікті қаржыларға

В.ақшалай қаржыларға

С.материалдық емес активтерге

D.тартылған қаражаттарға

Е.өтімді активтерге


62Несиелеуші алдында басқа тұлғаның қарызгермен субсидиарлық түрде толық немесе ішінара міндеттемелердің орындалмауы үшін жауап беру міндеттемесі:

А.Кепіл зат

В.Кепілдеме

С.Сақтандыру

D.Кепілдік.

Е.Цессия
63 Қолма қол ақшаны беру мен қабылдауға бойынша операциялар:

А.есептесу – кассалық

В.кассалық операциялар

С.несиелік

D.инвестициялық

Е.қаржылық
64 Баланс активтері мен пассивтерін қайта бағалауда туындайтын тәуекелдер:

А.аударым

В.трансляциялық.

С.операциялық

D.валюталық

Е.коммерциялық


65 КБ бухгалтерлік есебінің шоттар жоспарына кіреді:

А.5 сынып

В.3 сынып

С.6 сынып

D.7 сынып

Е.9 сынып


66 Импортерге акцептелген вексельдерді экспортердің сатып алуы нысанындағы сыртқы экономикалық операцияларды несиелеу:

А.факторинг

В.форфейтинг.

С.опцион


D.пут

Е.колл
67 Корреспонденттік шоттар бұл:

А. бір – бірімен келісімдік қатынастары бар банктердің талап етуге дейінгі

депозиттері

В. азаматтардың жинақ салымдары

С. мерзімді депозиттер

D. инкассо

Е. шартты депозиттер


68 Қанағаттанарлықсыз несие бұл:

А.қайтарылуы 30-60 күнге дейін кешіктірілген

В.қайтарылуы 30 күнге дейін кешіктірілген

С.қайтарылуы 60-90 күнге дейін кешіктірілген

D.қайтарылуы 90 күннен аса кешіктірілген

Е.қайтарылуы 40 күнге дейін кешіктірілген

69 Банктің шетел валютасындағы талаптары мен міндеттемелерінің тең арақатынасы:

А.валюталық позиция

В.валюталық паритет

С.ашық позиция

D.жабық позиция

Е.валюталық стандарт


70 Шоттар жоспарының қай сыныбына «Банктің балансына меморандум шоттары» жатады:

А.3 сынып

В.7 сынып

С.5 сынып

D.6 сынып

Е.9 сынып


71 Бірінші талап бойынша өтелетін бағалы қағаз кепіліндегі қысқа мерзімді несие:

А.онкольдік несие

В.вексельдік несие

С.ипотекалық несие

D.дисконттық несие

Е.тұтынушылық несие


72 Банктік операцияларын жүзеге асыруға берілетін лицензия сипаты:

А.атаулы


В.ұсынушыға

С.жедел (мерзімді)

D.жеке тұлғалық

Е.арнайы
73 Ақша қаражаттарын бір клиенттерден басқаларына, төлеушіден алущыға тапсыру бойынша банктік операция түрі:

А.инкассо.

В.авизо


С.В.акцепт

D.ипотека

Е.траст
74 Ақшалай төлем арналған тұлға, ақша алушы:

А.факторинг

В.инкассо

С.бенефициар

D.авизо

Е.аваль
75 Операцияның жүргізілуі туралы кепілдейтін ресми пошталық немесе телеграфтық хабар, хабарлама:



А.аваль

В.инкассо

С.авизо

D.акцепт


Е.аккредитив
76 Қарыз алушы компанияның төлем қабілеттілігін оның міндеттемелерінің сенімділігі, оның несиені қайтару ықтималдығы тұрғысынан бағалау :

А.несиелік тарих

В.несиелік тәуекел

С.несиелік рейтинг

D.несие қабілеттілігі.

Е.несие саясаты

77 Банк банкроттығыныңы ықтималдығы бұл :

А.нарықтық тәуекел

В.пайданы толық алмау тәуекелі

С.төлем қабілетсіздік тәуекелі

D.балансталмаған өтімділік тәуекелі

Е.валюталық тәуекел


78 Қарыз(несие) нысанына көшетін ағымдық шоттағы теріс қалдық :

А.овердрафт.

В.онколь

С.овернайт

D.опцион

Е.контокорент


79 Барлық құқықтар мен міндеттемелерді жаңадан құрылған ұйымға тапсырып несиелік ұйымның қызметін тоқтату :

А.бірігу


В.қосылу

С.бөліну


D.бөлініп шығу

Е.түрлену


80 Таза пайданы өзгерту мүмкіндігі бұл:

А.пайданы толық алмау тәуекелі

В.төлем қабілетсіздік тәуекелі

С.балансталмаган өтімділік тәуекелі

D.нарыктық тәукелі

Е.пайыздық тәуекелі


81 Банктік қадағалау әдістерін атаңыз:

А.реттеуші, алдынала

В.кезекті, алдын ала

С.жедел және ағымдық

D.реттеуші және ревизиялық.

Е.бақылаушы және ревизиялық


82 Әлемдік ақша нарығындағы валюта бағамының өзгеруі – бұл:

А.нарықтық тәуекел

В.төлем қабілетсізділігінің тәуекелі

С.пайыздық тәуекел

D.валюталық тәуекел

Е.жойылғыштықтың теңгерімсіздік тәуекелдері


83 Қарыз алушының берілген несиені нақты мерзімде өтеу міндеттемесін тіркекйтін құжат нысаны:

А.кепілдемелік міндеттеме

В.мерзімдік міндеттеме

С.несиелік келісім

D.банк бұйрығы

Е.несиелік міндеттеме
84КБ бұл келесі мақсатта құрылған ұйым:

А. ақша қаржыларын тарту және өз атынан оларды төлемділік, мерзімділік,

қайтарымдылық шарттарында орналастыру.

В. азаматтардың мүлігі және жауапкершілігімен байланысты мүліктік

мүдделерді қорғау

С. азаматтардың несиелік коопееративі

D. жеке және заңды тұлғалардың әлеуметтік қамтамасыз етілуі

Е акционерлердің мүліктік мүдделерін қорғау


85 ҚР Ұлттық банкі:

А.акционерлік қоғам

В.жеке меншік банк

С.мемлекеттік банк

D.аралас банк

Е.жауапкершілігі шектеулі серіктестік


86 Кейін жалға берілетін құрал жабдықтарды сатып алуға салымдарды қаржыландырудың ерекше нысаны:

А.факторинг

В.клиринг

С.лизинг


D.инкассо

Е.авизо
87 Банктік ресурстарды қалыптастыру мақсатында ақша қаржыларын тарту операциялары :

А.Активті

В.кассалық

С.пассивті.

D.инвестициялық

Е.қаржылық
88 Вексельдерді есепке алу немесе сатып алуда банкпен ұсталатын пайыз:

А.дисконт.

В.қарыз пайызы

С.маржа


D.есептік мөлшерлеме

Е.дивиденд


89 Кәсіпорынның өз қызметін жүзеге асыру үшін меншікті қаржылармен қамтамасыз етілуін сипаттайтын көрсеткіш:

А.өтімділік коэффициенті

В.қаржылық тәуелсіздік коэффициенті.

С.пайдалылық коэффициенті

D.айналымдылық коэффициенті

Е.рентабілдік коэффициенті

90 Несиелердің өтелуін, осы міндеттін шешілуін қамтамасыз ететтін шараларды құрастыру мен қабылдауды бақылау жүйесі:

А.несиелік бақылау

В.несиелік мониторинг

С.несиелік саясат

D.қаржылық бақылау

Е.аудиторлық бақылау


91 Банктің несиелік саясатын құру және бекіту кімнің біліктілігінде?

А.банк басқармасы

В.директорлар кеңесі

С.құрылтайшылар кеңесі

D.несиелік комитет

Е.бақылаушы кеңес


92 Банктік несиені алу үшін басты есептік құжат:

А.техникалық –экономикалық негіздеу

В.мүлік жағдайы туралы есеп

С.бухгалтернлік баланс

Д.бизнес жоспар

Е.анкета
93 Белгілі бір мерзімге пассивті және активті операциялар сипатталған жалпылауыш баптар көрсетілген жиынтық қорытынды кесте:

А.тексеру ведомісі

В.бухгалтерлік баланс.

С.бухгалтерлік журнал

D.айналым ведомісі

Е.табыстар мен шығындар туралы есеп
94 Екінші сыныпқа жататын қарыз алушылардың жинаған балл саны:

А.50- 100

В.101-150

С.151 –250

D.251-350

Е.351-450


95 Күмәнді несиелер бұл:

А. қайтарылуы 30 күнге дейінгі кешіктірілген (негізгі қарыз және пайыздар бойынша)

В. қайтарылуы 30-60 күнге дейінгі кешіктірілген (негізгі қарыз және пайыздар бойынша)

С. қайтарылуы 60-90 күнге дейінгі кешіктірілген (негізгі қарыз және пайыздар бойынша)

D. қайтарылуы 90-180 күнге дейінгі кешіктірілген (негізгі қарыз және пайыздар бойынша)

Е. қайтарылуы 190 күннен аса кешіктірілген (негізгі қарыз және пайыздар бойынша)


96 Үмітсіз несие бұл:

А. 60 күннен аса кешіктіру

В. 90 күннен аса кешіктіру

С. 180 күннен аса кешіктіру

D. 30 күннен аса кешіктіру

Е. 1 жылдан аса кешіктіру


97 Кәсіпорындар мен ұйымдардың қолма қол ақшаларды алуына қызмет ететін чек түрлері:

А.есептесу

В.ақшалық.

С.банктік

D.коммерциялық

Е.шетеуші (лимитті)


98 Лизингтік компания бұл:

А.лизинг объектісі

В.лизинг алушы

С.лизинг беруші

D.делдал

Е.дилер
99 Орталық банкпен реттелмейтін , валютаға сұраныс пен ұсынысына тәуелді бағам:

А.тіркелген

В.жүзуші


С.нарықтық

D. банктік

Е. биржалық
100 Бланкілік несие бұл:

А.кепілдеме негізіндегі несие

В.кепіл зат негізіндегі несие

С.қамтамасыз ету негізіндегі несие

D.ломбардтық несие

Н.кепілдік негізіндегі несие


101 Банкке төлем міндеттемелерін орындалмауы кезінде мүлікті сату құқығын беретін несиені қамтамасыз ету нысаны:

А.сақтандыру

В.кепілдеме

С.кепілдік

D.кепіл зат

Е.цессия
102Банктік қызметтер мен жеке операциялардың құнын және рентабельділігін анықтау:

А.операциялық – құндық талдау

В.құрылымдық талдау

С.рейтингтік талдау

D.трендтік талдау

Е.сараптамалық талдау
103 Банк капиталының тәуекелді ескеретін жеткіліктілік көрсеткіші:

А.К1=0.4 К2= 0.8

В.К1=0.6 К2=0.12

С.К1=0.5 К2=0.10

D.К1=0,3 К2=0,6

Е.К1=0,2 К2=0,4


104 Өзара талаптар мен міндеттемелерді есепке алуға негізделген тауарлар, қызметтер мен жасалған жұмыстар үшін қолма қолсыз есептесу жүйесі :

А.инкассо

В.клиринг

С.аваль


Д.авизо

Е.свифт
105 1 деңгейлі капиталға қай құрамдас кірмейді:

А.төленген жарғылық капитал

В.қосымша капитал

С.қорлар

D.резервтер

Е.негізгі құралдарды қайта бағалау және бағалы қағаздар

106 Банктің негізгі құралдарға инвестицияларының мөлшерінің және өзге қаржылық емес активтердің меншікті капиталға қатынасы аспау керек :

А.0,2

В.0,5


С.0,1

D.0,6


Е.0,7
107 Дауыс беруші акциялардың 25 пайызы және одан артығын тікелей немесе жанама иеленетін Қазақстан республикасының заңды тұлғасы ( резидент немесе резидент емес) :

А.аффиллиирленген тұлғалар

В.банктік холдинг.

С.еншілес банктер

D.банктік консорциум

Е.банктік трест


108 Банктің аффиллиирленген тұлғасы – қандай мөлшердегі пайызды тікелей немесе жанама иеленетін тұлға болып табылады:

А.бес және одан көп

В.он және одан көп

С.отыз және одан көп

D.қырық және одан көп

Е.елу және одан көп


109 Банктің меншікті капиталының қызметін анықта:

А.ретеуші

В.таратушы

С.қайта таратушы

D.ынталандырушы

Е.шоғырландырушы


110 Белгіленбеген мерзімге банкпен берілетін мерзімсіз несие:

А.онкольді

В.овердрафт

С.овернайт

D.бланктік

Е.контокоррент


111Акционерлік коммерциялық банктің жоғарғы органы:

А.құрылтайшылардың жалпы жиналысы

В.бақылаушы кеңес

С.басқарма

D.директорлар кеңесі

Е.ревизиялық комиссия


112 Қазақстан республикасы территориясында банктерді құруға рұқсат беру кімнің өкілеттілігінде? :

А.қаржы министрлігі

В.ұлттық банк

С.парламент

D.қадағалау және реттеу агенттігі

Е.ревизиялық комиссия


113 Қарыз алушы өз талабын несиелеушіге несиенің қайтарылуын қамтамасыз ету ретінде тапсыруы көрсетілетін құжат:

А.кепілдеме

В.цессия.

С.кепілдік

D.кепілзат

Е.ипотека


114 Банк капиталының деңгейлері:

А.екі.


В.үш

С.төрт


D.деңгейсіз

Е.бір
115 Қазақстандық банктерде қолданылатын рейтингтік жүйе:

А.CAMEL

В.CAMELS.



С.BOSS

D.свинг


Е.бабл
116Банк сенімділігі бұл міндеттемелерді орындалу ықтималдылығы келесі мерзімді қарастырады:

А.үш және одан артық жыл

В.екі және одан артық жыл

С.бір жыл

D.бес жыл

Е.он жыл
117 Тұрақтылық – банктің қаржылық жағдайының көрсеткіштерінің өзгермеуі:

А.бір жыл ішінде

В.үш айда

С.бір айда

D.алты айда

Е.үш жылда
118 Жиынтық банк активтерінің өсуінің рентабельділік көрсеткіші:

А.CAMELS


В.BOSS

С.ROE


D.ROA

Е.CAMEL
119 Пайыздық табыстарға жатады

А.комиссиялық делдалдық операциялар

В.есептесу кассалық қызмет үшін төлем

С.инкассация

D.несиелік операциялар

Е.консалтингтік операциялар
120 Меншікті капитал өсуінің рентабельдік көрсеткіші:

А.ROE


В.ROA

С.CAMELS


D.BOSS

Е.CAMEL
121 Жүйелік және жүйелік емес тәуекелдердің жиыны :

А.инвестиция тәуекелі

В.валюталық тәуекел

С.нарықтық тәуекел

D.несиелік тәуекел

Е.балансталмаған өтімділік тәуекелі
122 Қарыз алушының меншікті капиталмен қамтамасыз етілу деңгейін сипаттайтын көрсеткіш :

А.өтімділік

В.айналымдылық

С.қаржылық леверидж

D.пайдалылық

Е.қарызға қызмет ету


123 Банк активтерінің сапасын бағалау үшін активтер неше топқа бөлінеді?

А.екі


В.төрт

С.бес


D.үш

Е.жеті
124 Банк активтерінің сапасы қамтиды:

А.бағалаудың бес түрі

В.бағалаудың үш түрі

С.бағалаудың төрт түрі

D.бағалаудың екі түрі

Е.бағалаудың жеті түрі
125 Активтер сапасының үшінші рейтингі келесіден аспау керек:

А банктің жалпы капиталының бес пайызы

В. банктің жалпы капиталының он пайызы

С. банктің жалпы капиталының жиырма пайызы

D. банктің жалпы капиталының отыз пайызы

Е. банктің жалпы капиталының қырық пайызы


126 КБ шығындары неше топқа бөлінеді?

А алты


В екі

С бес


D төрт

Е жеті
127 Тартылған қаражаттарға жатпайды:

А облигациялар

В. депозиттік қолхаттар

С. жинақ қолхаттар

D вексельдер

Е. чектер.
128 Валюталық тәуекелдерге жатпайды:

А коммерциялық

В трансляциялық

С конверсиялық

D форфейтерлеу

Е пайданы толық алмау тәуекелі.


129 Жаңадан құрылатын банктің жарғылық капиталы оның құрылтайшылары мен мемлекеттік тіркелу мезетіне қанша пайызға төленуі тиіс?

  1. - 100 %

  2. - 50 %.

  3. - 70 %

  4. - 60 %

  5. - 40 %

130 Пайда табу мақсатында валютаны сату және сатып алу операциялары:



  1. валюталық арбитраж

  2. арбитарждық мәмілелер

  3. конверсиялық арбитарж

  4. фьючерстік опреациялал

  5. валюталық фьючерс

131 Экспортты – импортты операциялар бойынша халықаралық есептесулердің негізгі нысандары:



  1. құжаттық инкассо

  2. құжаттық аккредитив

  3. банктік аударым

  4. - ашық шот бойынша есептесу

  5. - банктік авизо.

132 Халықаралық несиелер нысандарына жатпайтын:



  1. - экспорттық несиелер

  2. - қаржылық несиелер

  3. - акцепті – рамбурстық несиелер

  4. - брокерлік несие

  5. - коммерциялық несие.

133 Банктің меншікті капиталының қызметі – жерлер, ғимараттар, құрал – жабдықтарды сатып алу шығындарын қаржыландыру және төлеу көзі мен қаржылық резервтерді құру көзі:



  1. - айналымдық

  2. - реттеуші

  3. - жедел

  4. - резервтік

  5. - қорғаныштық

134 Қандай акциялар капитал басқаруға қатысу құқығын береді?



  1. - артықшылықты

  2. - қарапайым.

  3. - айналатын

  4. - атаулы

- ұсынушыға
135 Берілу әдісіне қарай банктік несиелер түрлері:

  1. - төлемдік және вексельдік

  2. - өтемдік және банктік

  3. - өтемдік және төлемдік

  4. - аванстық және өтемдік

  5. - мақсаттық және өтем ақылық

136 Жинақ қолхаттары жатады:



  1. - меншіктік қаржыларға

  2. - ақшалай қаржыларға

  3. - тартылған қаржыларға

  4. - қарыздық қаржыларға

  5. - материалдық емес активтерге

І37 ҚР ҰБ басқарушылық құрылымы келесілерден тұрады:



  1. - 7 адамнан

  2. - 5 адамнан

  3. - 9 адамнан

  4. - 11 адамнан

  5. - 13 адамнан

138 Алынған несие бойынша банкке клиенттің қарызын көрсететін шот, ссуданы алу немесе жабу кезінде:



  1. - есеп айырысу шоты

  2. - ссудалық шот

  3. - ағымдағы шот

  4. - несиелік шот

  5. - арнайы шот

І39 Қабылдаулардың жиынтығы, яғни оның көмегімен банк несие беру мен жабуды жүзегегасырады-бұл:



  1. - несиелендіру әдісі

  2. - несиелік қүжаттар
    - несиелендіру элементі

  3. - несиелендіру нысаны
    - несие саясаты

140 Төлемдік ұсыну кандай мерзімде өз күшінде болады:



  1. - жазған күннен 5 күн аральгғында

  2. - Жазған күннен 10 күн аралығында

  3. - Жазған күннен 15 күн аралығында

  4. - Жазған күннен 20 күн аралығында

  5. - Жазған күннен 25 күн аралығында


І41 ҚР банк жүйесін реформалау жылдары:



  1. - 1988-1991ж

  2. - 199І-1995ж

  3. - І993-1995ж

  4. - 1995-1997ж

  5. - 1990-1993ж



142 ҚР-нда үлттық валюта-тенге енгізілді:

  1. - 1990ж

  2. - 199Іж

  3. - І992ж

  4. - 1993ж

  5. - І994ж



143 Қандай тәуекелдер қаржылык тәуекелдерге жатпайды:

  1. - өтімділік тәуекелі

  2. - нарықтык тәуекел

  3. - инвестициялык тәуекел

  4. - пайыздык тәуекел

  5. - елдік тәуекел.



144 Компенсациядау операцияларды жүргізу көмегімен қаржылық қүрылғыларды сақтандыру-бүл:

  1. - әсерлендіру.

  2. - ә ртарапта н д ы ру

  3. - лимиттеу

  4. - мониторинг

  5. - листинг

145Жоғары менеджмент денгейінде банкті баскарумен байланысты

тәуекел:


  1. - стратегиялык тәуекел

  2. - кадрлык тәуекел

  3. - әкімшілік төуекел

  4. - оперативтік тәуекел

  5. - функционалды тәуекел



І46 Банк қызметінің мамандануымен, клиент қүрамымен. банк операциялары сипатымен байланысты тәуекел:

  1. - ішкі тәуекел

  2. - сыртқы тәуекел

  3. - құрамдык тәуекел

  4. - жиынтык тәуекел

  5. - функционалды тәуекел



147 Банктік бақылау құрылғылары болып:

  1. - дистанциондық және инспекторлық бақылау

  2. - кешенді және дистанционды бақылау

  3. - кешенді және шектеулі бақылау

  4. - құрылтайшылық және аудиторлық бақылау

  5. - мемлекеттік және күрылтайшылык бакылау



148 Банктін пайдалануымен және іздеу бағыттарымен банк азығынын клиенттердін нақты тұтынуын есепке ала отырып ұтымды нарык қызметі:

  1. - нарыктык сегменттеу

  2. - нарықтык типтеу

  3. - банк маркетингі

  4. - банк менеджменті

  5. - географиялық сегменттеу



149 ¥Б жағынан ақша-несие бақылаудың тиімді күрылғысын ата:

  1. - ашык нарықтағы операция.

  2. резервтік норманын өзгеруі

  3. - есептік ставканын өзгеруі

  4. - қайта каржыландыру ставкасынын өзгеруі.

  5. - валюталық интервенциялар

150 Валютаны сату бағасы:



  1. bid

  2. roll - оүег

  3. offer

  4. buу


Каталог: ebook -> ebook
ebook -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
ebook -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
ebook -> Тест сұРАҚтары мемлекеттік кәсіпорынның ақша қорларының ең басты- сы?
ebook -> Ќазаќстан республикасы
ebook -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
ebook -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
ebook -> М. И. Еникеев Общая и социальная психология
ebook -> Ш. Б. Сейітова ана тілің — асыл қазынаң
ebook -> 1-тарау маркетингтің теориясы және тұжырымдамалары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет