Жетісу облыстық полициясы мен ұлттық қауіпсіздік департаменті облыстық прокуратураның келісімімен синтетикалық есірткі өндіретін ірі зертхананы жою бойынша бірлескен арнайы операция жүргізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Polisia.kz

Жедел іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары Алматы облысы Іле ауданындағы саяжайда синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан 22 жастағы алматылық қызды анықтады.

“Жауап алу кезінде қыздың Telegram арнасы арқылы жоғары жалақы алатын жұмысқа орналасқаны белгілі болды. Саяжайды тінту кезінде 44 келіге жуық мефедрон мен 2 келіге жуық синтетикалық "пирролидиновалерофенон – альфа-ПВП", реагенттер мен есірткі заттарын өндіруге қажетті заттар, сондай-ақ 28 000 доллар (12 миллион теңге) ақша табылып, тәркіленді”, – деп мәлімдеді Жетісу облыстық полиция басқармасының бастығы Сарқытбай Құсайынов.

Тәртіп сақшылары 45 келіден астам синтетикалық есірткіні тәркіледі, бұл 90 мың бір реттік дозаға тең. Дәрілердің құрамы тиісті сараптама арқылы расталды. Есірткі заттарды заңсыз дайындау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, есірткі Қазақстанда сатуға арналған.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.