Қармақшы аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы (санаты e-r-4, индексі №09-03) – 1 бірлік



жүктеу 71.12 Kb.
Дата28.04.2019
өлшемі71.12 Kb.
түріКонкурс

«Қармақшы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, индекс 120500, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Т.Рысқұлов көшесі №2/А үй, анықтама үшін телефондары 8(72437) 2-19-59, факс 8(72437) 2-19-59. электронды пошта: karmakchi@mail.ru «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға Қармақшы ауданындағы мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:

Қармақшы аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы (санаты - E-R-4, индексі №09-03) – 1 бірлік. Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 73351 тенгеден 99190 теңгеге дейін (экологиялық коэффициентті есепке алмағанда).

НЕГІЗГІ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ МІНДЕТТЕРІ:

Аудандық ауылшаруашылығы саласының ұзақ мерзімді стратегиялық бағдарламасын және ағымдағы жылдың индикативтік жоспарын жасайды. Ауылшаруашылығы саласы бойынша (алашақ, берешек қарыздарына, мал шаруашылығындағы көрсеткіштер т.б) қаржылық экономикалық талдау жасайды. Ауылшаруашылығы саласында игерілген инвестиция көлемін анықтайды, мониторинг жүргізеді және ауылшаруашылығы инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың негізгі бағыттарын анықтайды және оларды аграрлық секторға таратады. Саланың даму тенденцияларына талдау және болжам жасайды. Ауданның ауылшаруашылығын дамытудағы перспективалық және ағымдық жоспарлардың жасалуына және іске асырылуына қатысады. Маркетингілік және нарықтық зерттеулер жүргізу, тауар өндірушілер мен басқа кәсіпорындар арасында маркетингілік-нарықтық ақпараттар мен алмасу жұмыстарын жүргізеді. Мал шаруашылығын дамытудың ұзақ мерзімді тұжырымдамасын және бағдарламасын жасау және ендіру, жоғары өнім беретін асыл тұқымды мал басын көбейту мен олардың гендік қорын сақтау шараларын жүзеге асырады.

Сервистік дайындау орталығын (СДО) құруды жолға қою жұмысын жандандырады. Аудан әкімінің және аудан әкімдігінің актілерінің жобаларын дайындайды. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін осы Заңға осы саладағы мемлекеттік, салалық өңірлік бағдарламаларға және басқа да нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қолдауды жүзеге асырады. Ауылшаруашылығы өндірісі субъектілерінің нарықтық жағдайларындағы жұмысының экономикалық механизмін жетілдіруге бағытталған ұсынымдарды жүзеге асыруға қатысады. Ауылдағы экономикалық реформаларды тереңдетуге байланысты жұмыстарды үйлестіру қаржылық-экономикалық сауықтыру бағдарламаларын орындауға қатысады. Нарықтық инфрақұрылымды, аграрлық нарықты реттеу механизмдерін құруға және ауданның барлық агроөнеркәсіп кешенінің тауар өндірушілеріне қажетті экономикалық жағдай жасауға ықпал етеді. Аудан өнеркәсіптік кешенінің ауыл шаруашылығын техникалық және басқа да материалдық ресурстарға қажеттігін алдын алуды болжамдайды. Ауылдық елді мекендерде жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарын ережеге сәйкес жұмыс жасалуын толық ұйымдастырады және мақсатты жұмсалуын толық ұйымдастырады және мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етеді. Селолық тұтыну кооперативтерінің жұмысына жетекшілік жасайды.

ҮМІТКЕРЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР:

Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық және ауылшаруашылық ғылымдары мамандықтары бойынша жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.



Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

КӘСІБИ ҚЫЗМЕТТІ ТИІМДІ АТҚАРУҒА ҚАЖЕТТІ ҚҰЗІРЕТТЕР:

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

«Қазақстан-2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;

осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

ІШКІ КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР:

1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының (бұдан әрі-Қағида) 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде «Қармақшы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, индекс 120500, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Т.Рысқұлов көшесі, №2/А үй 19 кабинетте қабылданады.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейiн конкурс комиссиясы ішкі конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарауды жүзеге асырады.

Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн қарайды.

Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттарды қарау қорытындысы бойынша құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін екі жұмыс күн ішінде олардың тиiстi «Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға қойылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi мен конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жiберу туралы шешiм қабылдайды.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурс комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады.

Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекен-жайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Рұқсат алмаған конкурс қатысушылары конкурс комиссиясы шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күн ішінде бұл туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Кандидаттардың кәсiби және жеке қасиеттерiн бағалау кезiнде конкурс комиссиясы бiлiктiлiк талаптарына және тиiстi бос лауазымның лауазымдық нұсқаулығына сүйенедi.

Үміткерлермен әңгімелесу «Қармақшы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, индекс 120500, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Т.Рұсқұлов көшесі, №2/А үй ғимаратында өтеді.

Әңгімелесу өткiзілгеннен кейiн екі жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізілетін қорытынды отырыста конкурс комиссиясы кандидаттарды берген құжаттары, өткiзiлген әңгiмелесудiң нәтижелерi негiзiнде бағалайды және олардың қатарынан бос лауазымға орналастыру үшiн iрiктеудi жүзеге асырады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағиданың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Қағиданың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.


«Қармақшы ауданы әкімінің аппараты»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

конкурстық комиссиясы
Каталог: content -> files -> gossluzhba -> kaz
kaz -> «Қармақшы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы (санаты е-r-1, индексі №07-01) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған
kaz -> Қармақшы ауданы жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің әлеуметтік төлемдер және азаматтық хал актілерін тіркеу
kaz -> Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің жұмыспен қамту, еңбек қатынастары және әлеуметтік әріптестік секторының бас маманы
kaz -> Конкурс өткізу туралы хабарландыру
kaz -> Қармақшы ауданы әкімі аппаратының терроризм профилактикасы, жұмылдыру дайындығы, азаматтық және аумақтық қорғаныс жұмыстары бөлімінің басшысы
kaz -> «Қармақшы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің экономикалық саясатты дамыту секторының бас маманы Санаты e-r-4 (№13-04)
kaz -> «Қармақшы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, индекс 120500, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Т
kaz -> Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің әлеуметтік төлемдер және азаматтық хал актілерін тіркеу секторының меңгерушісі
kaz -> Конкурс өткізу туралы хабарландыру


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет