«Қармақшы ауданында орналасқан «Қорқыт ата ескерткіш кешені» тарих және мәдениет ескерткішінің



жүктеу 40.5 Kb.
Дата03.05.2019
өлшемі40.5 Kb.



«Қармақшы ауданында орналасқан

«Қорқыт ата ескерткіш кешені»

тарих және мәдениет ескерткішінің

қорғау аймағының, құрылыс

салуды реттеу аймағының және

қорғалатын табиғат ландшафт

аймағының шекарасын

бекіту туралы» Қызылорда

облыстық мәслихаты шешімінің

жобасы туралы

«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Қармақшы ауданында орналасқан «Қорқыт ата ескерткіш кешені» тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау аймағының, құрылыс салуды реттеу аймағының және қорғалатын табиғат ландшафты аймағының шекарасын бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихаты шешімінің жобасы Қызылорда облыстық мәслихатының қарауына ұсынылсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р. Кенжеханұлына жүктелсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қызылорда облысының

әкімі Қ. Көшербаев
Қызылорда облысы әкімдігінің

2015 жылғы «­­­­­­­­__­­­­­­­»__________№ ­­­__ қаулысына

қосымша

Жоба



Қармақшы ауданында орналасқан

«Қорқыт ата ескерткіш кешені»

тарих және мәдениет ескерткішінің

қорғау аймағының, құрылыс

салуды реттеу аймағының және

қорғалатын табиғат ландшафт

аймағының шекарасын

бекіту туралы

«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1. Осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес Қармақшы ауданында орналасқан «Қорқыт ата ескерткіш кешені» тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау аймағының, құрылыс салуды реттеу аймағының және қорғалатын табиғат ландшафт аймағының шекарасы бекітілсін.

2. Осы шешім жобасының облыс әкімдігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз ету «Қызылорда облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р. Кенжеханұлына жүктелсін.

4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.




Қызылорда облыстық Қызылорда облыстық

мәслихатының ____ мәслихатының хатшысы

сессиясының төрағасы
__________________ А. Әлназарова

Қызылорда облыстық мәслихатының

2015 жылғы «__»_________№___шешіміне

1-қосымша


Қармақшы ауданында орналасқан «Қорқыт ата ескерткіш кешені» тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау аймағының, құрылыс салуды реттеу аймағының және қорғалатын табиғат ландшафт аймағының шекарасы



Тарихи және мәдени ескерткіштің атауы, мерзімі

Ескерткіштің түрі

Ескерткіштің орналасқан жері

Қорғау аймағының көлемі

Құрылыс салуды реттеу ауданының көлемі

Қорғалатын табиғи ландшафт аймағының көлемі

1

Қорқыт ата ескерткіш кешенінің (1980 жыл)

тарихи қалыптасқан аумағында орналасқан ескерткіштер тобы:


Стелла

Қылует

Амфитеатр


Қорқыт мұражайы


Қошқар мүсіні


Қала құрылысы және сәулет


Қала құрылысы және сәулет
Қала құрылысы және сәулет
Қала құрылысы және

сәулет
Қала құрылысы және

сәулет


Жосалы кентінен солтүстік-батысқа қарай 18 шақырымда

2,75 гектар



6,27 гектар


11,07 гектар




Қызылорда облыстық мәслихатының

2015 жылғы «__»_____№_________ шешіміне

2-қосымша

Карта-сызбасы


Қорғау аймағының ауданы: S= 2,75 гектар.

Құрылыс салуды реттеу ауданы: S= 6,27 гектар.

Қорғалатын табиғат ландшафты аймағының ауданы: S= 11,07 гектар.



Жалпы ауданы: S= 20,09 гектар.




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет