«Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті



жүктеу 60.68 Kb.
Дата12.09.2017
өлшемі60.68 Kb.
түріРегламент

Атырау облысы әкімдігінің

2014 жылғы 5 қыркүйектегі №282

қаулысына 2-қосымша


Атырау облысы әкімдігінің

2014 жылғы 5 қыркүйектегі №282 қаулысымен бекітілген


«Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы

білім беру ұйымдарына қабылдау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті


  1. Жалпы ережелер

1.«Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) арнайы білім білім беру ұйымдары, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: арнайы білім беру ұйымына немесе бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына қабылданғаны туралы бұйрық.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.



2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 маусымдағы №633 «Мектепке дейінгі және орта білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі-Стандарт) 9-тармағымен көзделген құжаттар және еркін нысандағы өтініш негіз болып табылады.

      5.Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның нәтижесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушыдан қажетті құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады (15 (он бес) минуттан аспайды), арнайы білім беру ұйымына қабылдау үшін – 30 тамыздан кешіктірмей, бірінші сыныпқа 1 шілдеден бастап 30 тамызға дейін тіркейді және құжаттарды басшылыққа жолдайды;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгілейді (5 (бес) минуттан аспайды);

3) жауапты орындаушы келіп түскен құжаттарды тексереді, бұйрық жобасын дайындайды және басшылыққа береді (15 (он бес) минуттан аспайды);

4) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы бұйрыққа қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне оны тіркеу үшін жолдайды (5 (бес) минуттан аспайды);

5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі бұйрықты тіркейді және оның көшірмесін көрсетілетін қызметті алушыға береді (15 (он бес) минуттан аспайды).


3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара

іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;

3) жауапты орындаушы.

7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін сипаттау осы Регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.

8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігін толық сипаттау осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.


«Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары

бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі

балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы

білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік



көрсетілетін қызмет регламентіне

1-қосымша



Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін сипаттау


көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі бұйрықты тіркейді және оның көшірмесін көрсетілетін қызметті алушыға береді (15 (он бес) минуттан аспайды).



көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушыдан қажетті құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады (15 (он бес) минуттан аспайды), арнайы білім беру ұйымына қабылдау үшін – 30 тамыздан кешіктірмей, бірінші сыныпқа 1 шілдеден бастап 30 тамызға дейін тіркейді және құжаттарды басшылыққа жолдайды

көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгілейді (5 (бес) минуттан аспайды)

жауапты орындаушы келіп түскен құжаттарды тексереді, бұйрық жобасын дайындайды және басшылыққа береді (15 (он бес) минуттан аспайды)

көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы бұйрыққа қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне оны тіркеу үшін жолдайды (5 (бес) минуттан аспайды)


«Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша

 «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау»

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы








көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушыдан қажетті құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады, арнайы білім беру ұйымына қабылдау үшін – 30 тамыздан кешіктірмей, бірінші сыныпқа 1 шілдеден бастап 30 тамызға дейін тіркейді және құжаттарды басшылыққа жолдайды





көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгілейді


жауапты орындаушы келіп түскен құжаттарды тексереді, бұйрық жобасын дайындайды және басшылыққа береді









иә

жоқ


Стандарттың 9-тармағында белгіленген құжаттар толық болмаған жағдайда кері қайтарады




көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы бұйрыққа қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне оны тіркеу үшін жолдайды










көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі бұйрықты тіркейді және оның көшірмесін көрсетілетін қызметті алушыға береді.







*ҚФБ - құрылымдық - функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталықтарының, «электрондық үкімет» веб-порталының өзара іс-қимылдары;

- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;


-

көрсетілетін қызметті алушы рәсімінің (іс-қимылының) және (немесе) ҚФБ атауы;



- таңдау нұсқасы;
- келесі рәсімге (іс-қимылға) өту

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет