Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидалары



жүктеу 0.61 Mb.
бет1/3
Дата25.04.2019
өлшемі0.61 Mb.
  1   2   3


Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және әлеуметтік

даму министрінің

2015 жылғы «_» _

№ _ бұйрығымен

бекітілген



Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау

және төлеу қағидалары


  1. Жалпы ережелер




  1. Осы Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) арнайы комиссиялар – 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр кезеңінде кемінде 6 ай жұмыс істеген адамдардың жұмыс өтілін белгілеу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімдерімен құрылатын комиссиялар;

2) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – жәрдемақы) – жәрдемақыға құқығы бар азаматтарға жәрдемақылардың өзге түрлеріне қарамастан берілетін ақшалай төлем;

3) жәрдемақы алушы (бұдан әрі – алушы) – жәрдемақы тағайындалған жеке тұлға;

4) жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйым – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдары, «Қазпочта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері;

5) жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшесі;

6) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі (бұдан әрі – МӘС бөлімшесі) – жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органның медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізетін құрылымдық бөлімшесі;

7) өтініш беруші – жәрдемақы тағайындауға жүгінетін жеке тұлға;

8) уәкілетті ұйым (бұдан әрі – Орталық) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;

9) уәкілетті ұйымның бөлімшелері (бұдан әрі – Орталық бөлімшелері) –Орталықтың қалалық, аудандық бөлімшелері;

10) уәкілетті ұйымның филиалы (бұдан әрі – Орталық филиалы) –Орталықтың облыстық, Астана және Алматы қалаларының филиалдары;

11) халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – ХҚО) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыратын, сондай-ақ ақпараттық жүйелерден мәліметтер алу арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін заңды тұлға;

12) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі;

13) электрондық іс макеті (бұдан әрі – ЭІМ) – Орталық қалыптастыратын жәрдемақы алушының электрондық іс макеті.

3. Жәрдемақы 2001 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған алушыларға жәрдемақыны қайта тағайындау Заңда көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.

4. Жәрдемақы ай сайын ағымдағы ай үшін және Заңда белгіленген мөлшерде оны алуға құқығы туындаған сәттен бастап жәрдемақы тағайындалған шарттардың сақталуы кезеңіне төленеді.

Жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда жәрдемақы қайтыс болған айды қоса төленеді.

Жәрдемақы алушы Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен жағдайда, жәрдемақы төлеу тұрғылықты жері бойынша тіркеуден алынған айды қоса төленеді.





  1. Республикалық бюджеттен жәрдемақы тағайындау тәртібі

5. Заңның 4-бабында көрсетілген негіздер бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтар жәрдемақы тағайындату үшін тұрғылықты жері бойынша Орталық бөлімшесіне немесе ХҚО-ға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және сәйкестендіру үшін – жеке басты куәландыратын құжатты (жеке куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктің ықтиярхаты) мынадай құжаттармен қоса ұсынады:

1) жәрдемақы алуға құқығын растайтын құжаттар;

2) жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік есеп шоттың нөмірі туралы мәліметтер.

Өтініш қабылданған кезде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесінен (бұдан әрі – «ЖТМД» АЖ):

1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын мәліметтерді;

2) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтерді сұратады және өтінішке қоса береді.

«ЖТМД» АЖ-дағы мәліметтер сәйкес келмеген (болмаған) жағдайда өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

жеке басты куәландыратын құжаттың (жеке куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты) көшірмесі;

тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Ресей Федерациясы Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімнің анықтамасы).

6. Заңның 4-бабының 1-1), 7), 8), 8-1), 9), 10) тармақшаларында көрсетілген жәрдемақыны тағайындау үшін мемлекеттік органдардан және (немесе) ұйымдардан осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер сұратылады.

Мәліметтер болмаған кезде осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттар өтінішке қоса беріледі.

Әрекет етуге қабілетсіз немесе әрекет ету қабілеттілігі шектеулі немесе қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа мұқтаж адамдарға жәрдемақы тағайындау үшін өтінішті және қажетті құжаттарды олардың заңды өкілдері береді.

Жәрдемақы тағайындау үшін өтінішті Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша үшінші адамдар береді.

Мүгедектік алғаш рет белгіленген кезде Заңның 4-бабының 1-1), 7), 8), 8-1) тармақшаларында көрсетілген адамдар мүгедектігі бойынша жәрдемақы тағайындау үшін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен тұрғылықты жері бойынша МӘС бөлімшесіне жүгінеді.

7. Жәрдемақы алу құқығын растайтын құжаттар:

1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары үшін – «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заң) 10-бабына сәйкес Ұлы Отан соғысына қатысушының куәлігі;

2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері үшін – 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңның 10-бабына сәйкес Ұлы Отан соғысы мүгедегінің куәлігі;

3) Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ орденінің, үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің иегерлері үшін – награданың куәлігі және (немесе) Ұлы Отан соғысына қатысушының немесе мүгедегінің куәлігі;

4) «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағына ие болған адамдар үшін – «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағы берілгенін растайтын құжат;

5) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдар үшін:

осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының қатысуымен ұрыс қимылдары жүрген қалалар мен жүргізілген кезеңдер тізбесінің негізінде;

осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының қатысумен басқа мемлекеттер аумағында жүргізілген ұрыс қимылдары кезеңдері тізбесінің негізінде;

осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының қатысуымен ұрыс қимылдары болған мемлекеттер, аумақтар және жүргізілген кезеңдер тізбесінің негізінде:

қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептелетін қалаларда Ұлы Отан соғысы кезiнде қызмет атқарған әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (бұдан әрі – КСР Одағы) iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары үшін – белгіленген үлгідегі куәлік немесе 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңға сәйкес жеңілдіктерге құқығы туралы белгі соғылған зейнеткерлік куәлігі;

Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдама құрамаларының адамдары немесе тиісті кезеңде қорғанысына қатысу 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өткерген жылдарына есептелетін қалаларда болған адамдар үшін – белгіленген үлгідегі куәлік немесе 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңға сәйкес жеңілдіктерге құқығы туралы белгісі бар зейнеткерлік куәлігі;

Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген бөлімдердің, штабтар мен мекемелердің құрамында полк баласы (тәрбиеленушісі) және теңізші бала ретінде болғандар үшін – белгіленген үлгідегі куәлік немесе 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңға сәйкес жеңілдіктерге құқығы туралы белгісі бар зейнеткерлік куәлігі;

екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында шетелдердің аумағында фашистік Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистік құралымдар құрамында қатысқан адамдар үшін – белгіленген үлгідегі куәлік немесе 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңға сәйкес жеңілдіктерге құқығы туралы белгісі бар зейнеткерлік куәлік;

Қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсіпшілік және көлік кемелерінің жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы КСР Одағы Балық өнеркәсібі комиссариатының, Теңіз және өзен флотының, Солтүстік теңіз жолы Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезінде әскери қызметшілер жағдайына көшірілген және ұрыс майдандарының тылдағы шептері, флоттардың жедел іс-қимыл жасау аймақтары шегінде майдандағы армия мен флот мүдделеріне орай міндеттер атқарған қызметкерлері, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бастапқы кезінде басқа мемлекеттердің порттарында тұтқындалған көлік флоты кемелері экипаждарының мүшелері – белгіленген үлгідегі куәлік немесе 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңға сәйкес жеңілдікке құқығы туралы белгісі бар зейнеткерлік куәлігі;

қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен әрі «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған адамдар үшін – «Ленинградты қорғағаны үшін» медаліне немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісіне қоса берілетін немесе 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңға сәйкес жеңілдікке құқығы туралы белгісі бар зейнеткерлік куәлігі;

екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, гетто және басқа еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары үшін – жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқын куәлігі немесе екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлерде, гетто және басқа еріксіз ұстау орындарында мәжбүрлеп ұсталғандығы туралы мұрағаттық анықтама немесе 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңға сәйкес жеңілдікке құқығы туралы белгісі бар зейнеткерлік куәлігі;

басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар, атап айтқанда: бұрынғы КСР Одағы үкіметтік органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері, бұрынғы КСР Одағы Ішкі істер министрлігінің қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүргізілген кезеңде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілер; ұрыс қимылдары жүргізілген кезеңде осы елге жүк жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілері; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшілері; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшілер үшін – белгіленген үлгідегі куәлік, әскери комиссариаттан алынған, басқа мемлекет аумағында соғыс қимылдарына қатысқандығын растайтын анықтама немесе басқа мемлекеттердің аумағында ұрыс қимылдарына қатысқандығы туралы белгі соғылған әскери билет, Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткендігін растайтын құжат және жараланған, контузия алған немесе зақымданғанын растайтын медициналық құжаттар, ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендеріне және медальдарына қоса берілетін куәлік;

1986-1987 жылдары Чернобыль атом электростанциясындағы (бұдан әрі – Чернобыль АЭС) апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдар үшін – Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысушы куәлігі немесе Чернобыль АЭС-індегі апаттың немесе азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқанын, ядролық сынақтар мен оқуларға тікелей қатысқанын растайтын құжат немесе әскери комиссариаттан немесе Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінен азаматтық немесе әскери тағайындау объектілеріндегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан фактісін растайтын, ядролық сынақтар мен оқуларға тікелей қатысқанын растайтын анықтама;

6) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін:

бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа уақытта орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міндетін өтеу кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер үшін – әскери қызметшілер қатарындағы мүгедек екендігі туралы куәлігі (Кеңес Армиясы мүгедегінің жеңілдіктерге құқығы туралы), жараланғаны, контузия алуы, зақымдануы, мүгедектігі туралы анықтама, әскери комиссариаттан соғыс қимылдарына қатысқан фактісін растайтын анықтама немесе 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңға сәйкес жеңілдіктерге құқығы туралы белгі соғылған зейнеткерлік куәлігі;

әскери міндетін орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде әскери міндетін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдар үшін – белгіленген үлгідегі куәлік, жаралануы, контузия алуы, зақымдануы, мүгедектігі туралы анықтама, ішкі істер органдарының, Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің тиісті анықтамасы немесе 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңға сәйкес жеңілдіктерге құқығы туралы белгі соғылған зейнеткерлік куәлігі;

1944 жылғы 1 қаңтардан 1951 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде Украин КСР-і, Беларусь КСР-і, Литва КСР-і, Латвия КСР-і, Эстон КСР-і аумақтарында іс-қимыл жасаған халықты қорғаушы, жауды жоюшы батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлермен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік міндетін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедек болған адамдар үшін – белгіленген үлгідегі куәлік, жаралануы, контузия алуы, зақымдануы, мүгедектігі туралы анықтама, әскери комиссариаттан соғыс қимылдарына қатысқан фактісін растайтын анықтама немесе 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңға сәйкес жеңілдіктерге құқығы туралы белгі соғылған зейнеткерлік куәлігі;

басқа елдерде іс-қимыл жасаған әскер құрамдарына қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргізу кезінде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедек болған тиісті санаттағы жұмысшылар мен қызметшілер үшін – белгіленген үлгідегі куәлік, жаралануы, контузия алуы, зақымдануы, мүгедектігі туралы анықтама, тиісті санатын және басқа елдерде қимыл жасаған әскер құрамдарына қызмет көрсету салдарынан мүгедек болуын растайтын құжат немесе 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңға сәйкес жеңілдіктерге құқығы туралы белгі соғылған зейнеткерлік куәлігі;

Чернобыль АЭС-індегі апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар мен ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуы себебімен мүгедектігі тектік байланыстағы олардың балалары үшін – белгіленген үлгідегі куәлік, Чернобыль АЭС-індегі апаттың немесе азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарынан мүгедектігі жөніндегі халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органы аумақтық органының анықтамасы немесе Радиациялық әсерге байланысты аурудың себептік байланысын анықтау жөніндегі орталық ведомствоаралық кеңестің қорытындысы;

7) Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің ата-аналары мен қайтадан некеге отырмаған жесірлері үшін – әскери қызметшінің қайтыс болғандығы туралы куәлік немесе хабарлама немесе әскери комиссариаттан хабар-ошарсыз кету фактісі туралы анықтама, әскери қызметшіге туыстық жақындығын растайтын құжат (неке туралы куәлігі, балалардың туу туралы куәлігі);

8) қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің қайтадан некеге отырмаған әйелдері (күйеулері), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізгендердің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған, жалпы аурудың, еңбек жарақатының салдарынан және басқа да себептерден (заңға қарсы әрекеттерден басқа) мүгедек деп танылған азаматтардың әйелдері (күйеулері) үшін – неке туралы куәлігі, жұбайының (зайыбының) қайтыс болғандығы туралы куәлік, жұбайының (зайыбының) мүгедектігін растайтын құжат болып табылады;

9) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы, ауруы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасылары үшін – қаза тапқан (қайтыс болған) адамның өлімі туралы хабарлама немесе куәлік, әскери қызметшінің қаза тапқан немесе хабар-ошарсыз кеткен фактісі туралы әскери комиссариаттан алынған анықтама, қаза тапқан адаммен туыстық жақындығын растайтын құжат (неке туралы куәлік, балалардың туу туралы куәлігі);

бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасылары үшін – қаза тапқан (қайтыс болған) адамның өлімі туралы хабарлама немесе куәлік, әскери қызметшінің бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан немесе хабар-ошарсыз кету фактісі туралы әскери комиссариаттан алынған анықтама, қаза тапқан адаммен туыстық жақындығын растайтын құжат (неке туралы куәлік, балалардың туу туралы куәлігі);

қызмет міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасылары үшін – қаза тапқан (қайтыс болған) адамның өлімі туралы хабарлама немесе куәлік, қызмет міндеттерін атқару кезінде қаза табу фактісін растайтын ішкі істер органдарынан алынған анықтама немесе құжат, қаза тапқан адаммен туыстық байланысын растайтын құжат (неке туралы куәлік, балалардың туу туралы куәліктері);

Чернобыль АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары үшін – қаза тапқан адамның өлімі туралы куәлік, Чернобыль АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезінде қайтыс болғанын растайтын құжат, қаза тапқан адаммен туыстық жақындығын растайтын құжат (неке туралы куәлік, балалардың туу туралы куәлігі);

сәулелену ауруы салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердің, сондай-ақ өлімі Чернобыль АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың әсер етуіне белгіленген тәртіппен байланысты болған азаматтардың отбасылары үшін – сәулелену ауруы салдарынан қайтыс болған адамның немесе қайтыс болған мүгедектің, сондай-ақ өлімі Чернобыль АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың әсер етуіне белгіленген тәртіппен байланысты болған азаматтың өлімі туралы куәлік, өлімнің радиациялық әсер ету салдарынан болғанын растайтын құжат, қаза тапқан адаммен туыстық жақындығын растайтын құжат (неке туралы куәлік, балалардың туу туралы куәлігі);

10) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар үшін – белгіленген үлгідегі куәлік немесе наградтау куәлігі немесе мұрағат анықтамасы немесе наградталу фактісі туралы жазбасы бар еңбек кітапшасы;

11) 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемінде 6 ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар үшін – еңбек кітапшасы немесе 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда жұмысы туралы мәліметтерді қамтитын өзге де құжаттар, 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда әскери қызмет кезеңі туралы мәліметтерді қамтитын әскери билет немесе анықтама.

Сондай-ақ, 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда жұмысы туралы мәліметтерді қамтитын құжаттарға:

жұмыс орны, сондай-ақ мұрағат мекемелері берген жұмыс кезеңдері туралы мәліметтері бар құжаттар;

бұйрықтардан, жеке шоттары мен жалақы төлеуге арналған ведомостардан үзінді көшірмелер;

коммунистік партия немесе кәсіподақ мүшелерінің мүшелік билеттері немесе есеп карточкалары;

қызметін бұрын қолданыста болған заңнамаға сәйкес жүзеге асырып келген жұмыс өтілін белгілеу жөніндегі, зейнетақы тағайындау жөніндегі комиссиялардың шешімдері;

сот шешімдері;

арнайы комиссиялардың шешімдері;

1998 жылға дейін берілген жеңілдіктерді алуға құқығы туралы куәлік;

фабрика-зауыт училищелерінде оқу фактісін растайтын анықтамалар жатады.

12) 1988-1989 жылдарда Чернобыль АЭС-індегі апаттың салдарын жоюға қатысушылар, қоныс аудару күніне құрсақта болған балаларын қоса алғанда, оқшаулау және қоныс аудару аймағынан (өз бетімен кеткен) Қазақстан Республикасына қоныс аударғандар қатарындағы адамдар үшін – Чернобыль АЭС-індегі аварияны жоюға қатысушының куәлігі немесе Чернобыль АЭС-індегі аварияны жоюға қатысу фактісін растайтын құжат, балалардың туу туралы куәлігі;

13) I, II және III топтағы мүгедектер, оның ішінде 16-дан 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар үшін – мүгедектікті белгілеу туралы МӘС анықтамасы;

14) 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар үшін – мүгедектікті белгілеу туралы МӘС анықтамасы;

15) «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен, I және II дәрежелі «Ана Даңқы» ордендерімен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған көп балалы аналар үшін – наградталғанын немесе атақ алғанын растайтын құжаттар;

16) бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған, оның ішінде жалпы орта білім беретін, жоғары және орта кәсіптік оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқитын балалары бар көп балалы отбасылар үшін, олар кәмелеттік жасқа толғаннан кейін оқу орнын бітірген уақытқа дейін (бірақ 23 жастан аспайтын) – балалардың туу туралы куәліктері, өтініш берушінің және балалардың тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Ресей Федерациясы Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімнің анықтамасы), неке қию (некені бұзу) туралы куәлік, өтініш беруші деректерінің баланың туу туралы куәлігіндегі деректерімен айырмашылығы болған жағдайда, сондай-ақ он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейін асырауындағы адам оқудың күндізгі нысанында білім алатын жағдайда жыл сайын берілетін осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқу орнының анықтамасы;

17) саяси қуғын-сүргін құрбандары, мүгедектігі бар немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен адамдар үшін –мүгедектік тобын белгілеу туралы МӘС анықтамасы, зейнеткерлік куәлігі, ақталған азаматтың куәлігі немесе прокуратура органдарынан немесе ішкі істер немесе ұлттық қауіпсіздік органдарынан алынған ақталғаны туралы анықтамалары немесе ақталғаны туралы соттың шешімі;

18) Қазақстан Республикасы алдында сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдар үшін – дербес зейнеткер куәлігі немесе Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы Қазақстан Республикасы алдында сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы белгілеу жөніндегі комиссияның Қазақстан Республикасы алдында сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындау туралы шешімінен үзінді көшірме.

8. Өтініш беруші жәрдемақы тағайындау үшін Орталық бөлімшесіне немесе ХҚО-ға жүгінген кезде өтініш берушіде тағайындау немесе төлем тағайындауға өтініш беру фактісінің болуына тексеру жүзеге асырылады.

Орталықтың ақпараттық жүйесінен тиісті төлем тағайындау немесе жәрдемақы тағайындауға өтініш беру фактісін растайтын мәліметтер алынған кезде өтініш берушіге осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама беріледі.

9. Өтінішті қабылдаған Орталық бөлімшесінің немесе ХҚО-ның маманы өтініш берушіден жәрдемақы тағайындау үшін қабылданатын құжаттар топтамасының, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтердің толықтығын тексереді, сканерлеу сапасын және құжаттардың электрондық көшірмелерінің өтініш беруші осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарына сәйкес ұсынған тұпнұсқаларына сәйкестігін қамтамасыз етеді.

10. ХҚО жәрдемақы тағайындауға өтініш қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өтініштен және өтініш беруші тұпнұсқада ұсынған құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса алғанда, құжаттардың топтамасынан, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтерден тұратын электрондық өтінімді Орталық бөлімшесіне жібереді.

Құжаттардың электрондық көшірмелері өтінішті қабылдаған маманның ЭЦҚ-мен куәландырылады.

11. Жәрдемақы тағайындау туралы өтініш және электрондық өтінімдер осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төлемдерді Орталық бөлімшесінде тағайындау (қайта есептеу) туралы азаматтардың өтініштерін тіркеудің электрондық журналдарында және осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтардың тағайындауға өтініштерін тіркеудің электрондық журналдарында тіркеледі.

Өтініш берушіге Орталық бөлімшесінде құжаттарды қабылдау туралы белгісі бар өтініштің үзбелі талоны, ХҚО-да тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.

12. ХҚО-дан электрондық өтінім келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Орталық бөлімшесі өтінішке қоса берілген құжаттардың толықтығын тексереді. Құжаттардың толық емес тізбесі келіп түскені анықталған жағдайда Орталық бөлімшесінің маманы ХҚО-ға осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жоқ құжатты көрсете отырып, ХҚО қабылдаған құжаттарды қайтару жөніндегі хабарлама жібереді және электрондық өтінімді қарамастан құжаттардың топтамасын қайтарады.

Хабарлама Орталық бөлімшесі маманының ЭЦҚ-мен куәландырылады.

ХҚО Орталық бөлімшесінен хабарлама келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде анықталған қатені жояды және өтініш беруші түпнұсқада ұсынған өтініштің, құжаттардың электрондық көшірмелерін қамтитын құжаттарды, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған электрондық құжаттар мен мәліметтерді тіркей отырып, электрондық өтінімді Орталық бөлімшесіне жібереді.

13. Орталық бөлімшесі өтініш тіркелген күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде ЭІМ және жәрдемақы тағайындауға шешім жобасын қалыптастырады.

Қалыптастырылған ЭІМ жәрдемақыны тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау үшін Орталық филиалы арқылы жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі.

14. Орталық филиалы келіп түскен ЭІМ мен шешім жобасын екі жұмыс күні ішінде қарайды, есептеудің және шешім жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді, содан кейін оларды жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органға жібереді. Шешім жобасы Орталық филиалы маманының және басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылады.

15. Ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексеру қажет болған кезде жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган Орталық бөлімшесі арқылы өтініш берушіден құжаттарды қағаз жеткізгіште сұратады.

16. Егер жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган ұсынылған ЭІМ-де шешім қабылдауға қажетті құжаттың (құжаттардың) жоқтығын анықтаса, ЭІМ шешім жобасымен Орталық бөлімшесіне ЭІМ келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде оны жеткіліксіз құжатпен толықтыру үшін қайтарылады.

Осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша себебін көрсете отырып, тағайындауға құжатты (құжаттарды) қайта ресімдеу қажеттігі туралы хабарлама жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органның ЭЦҚ-мен куәландырылып, Орталық бөлімшесіне жіберіледі.

Орталық бөлімшесі, ХҚО бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіні жиырма бес жұмыс күні ішінде хабарламада көрсетілген қосымша құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы хабардар етеді.

Егер Орталық бөлімшесіне ЭІМ келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде құжаттар қайта ресімделмесе, жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган қолдағы бар құжаттар бойынша жәрдемақы тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы электрондық шешім шығарады.

Жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламентіне сәйкес келіп түскен ЭІМ-ді төрт жұмыс күні ішінде қарайды және осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жәрдемақыны тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.

Егер жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган ұсынылған ЭІМ-нен қате тапқан жағдайда қайтару себебін көрсете отырып, ЭІМ қателерді жою үшін Орталық бөлімшесіне жіберіледі.

Орталық бөлімшесі қайтарылған ЭІМ келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде анықталған қатені жояды, осы Қағидалардың 13, 14-тармақтарында көзделген тәртіппен ЭІМ-ді қайта ресімдейді.

17. Жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда, жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган шешімде бас тарту негіздемесін көрсетеді.

Бұл ретте, жәрдемақы тағайындаудан бас тарту себебі көрсетілген ЭІМ Орталық бөлімшесіне қайтарылады.

Жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органының жәрдемақы тағайындаудан бастарту себебі көрсетілген тағайындаудан бас тарту туралы электрондық хабарламасы осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Орталық бөлімшесіне немесе ХҚО жіберіледі.

Хабарлама жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылады.

18. Орталық бөлімшесі немесе ХҚО өтініш беруші өзі жүгінген кезде осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тағайындаудан бас тарту жөнінде қабылданған шешім туралы хабарламаны немесе осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тағайындау туралы хабарламаны береді.

Хабарлама осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламалар журналында тіркеледі.

Орталық бөлімшесі жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган қабылдаған шешім туралы өтініш берушінің ұялы телефонына sms-хабар жіберу арқылы өтініш берушіні хабардар етеді.

Sms-хабарлар осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша sms-хабарлардың электрондық журналында тіркеледі.

Жәрдемақы алушы ісінің қағаз нұсқасын қалыптастыру үшін ЭІМ басып шығарылады.

19. Айлық есептiк көрсеткіш мөлшері өзгерген жағдайда Орталық бөлімшесі осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жәрдемақы мөлшерінің өзгергендігі туралы шешім жобасын дайындайды және оны жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органға бекітуге жібереді.

20. Егер шешімнің қолданылу мерзімін ұзарту үшін негіздеме болып табылатын, қорғаншы немесе алушы ауысқан немесе жәрдемақының мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туындаған жағдайда, Орталық бөлімшесі шешімнің қолдану мерзімінің ұзартылуы және (немесе) жәрдемақы мөлшерінің өзгеруі, қорғаншының немесе алушының ауысуы туралы осы Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шешім жобасын дайындайды және оны ұсынылған құжаттармен, олар бар болса ЭІМ-мен бірге жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органға бекітуге жібереді.

21. Орталық бөлімшесі жәрдемақы төлеуді осы Қағидаларға 21-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкілетті органның төлемді тоқтата тұру туралы шешімінің негізінде:

1) жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйым ұсынатын алушының банктік шоты бойынша үш және одан көп ай бойы шығыс операцияларының болмауы туралы;

2) «ЖТМД» АЖ-дан іздеуде жүрген адамдардың хабар-ошарсыз кету фактісінің анықталғаны туралы;

3) ата-ана құқықтарынан және қамқоршыны (қорғаншыларды) құқықтарынан айыру фактілерінің анықталғаны туралы (босатылған және шеттетілген қамқоршылар (қорғаншылар) туралы);

4) 18 жастан асқан көп балалы отбасы ретінде жәрдемақы алушылардың оқу орнынан шығарылғаны туралы немесе сырттай оқу нысанына ауыстырылғаны туралы;

5) жәрдемақы алушылардың Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге тұрақты тұруға кету фактісінің, оның ішінде «ЖТМД» АЖ-дан анықталғаны туралы;

6) шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатының, азаматтығы жоқ адам куәлігінің қолданылу мерзімінің өтуі туралы;

7) жәрдемақы алушының сот тағайындаған бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны өтеуі;

8) жәрдемақы алушылардың мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұруы туралы мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап төлемдерді тоқтата тұрады.

22. Орталық бөлімшесі осы Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органның төлемді тоқтату туралы шешімінің негізінде қайтыс болғаны туралы, оның ішінде «ЖТМД» АЖ-дан мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап жәрдемақы төлеуді тоқтатады.

23. Төлемді қалпына келтіру үшін негіздеме болып табылатын мән-жайлар туындаған жағдайда Орталық бөлімшесінің электрондық шешім жобасымен қоса, ұсынылған құжаттармен ЭІМ-ді дайындауы және оны жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органның бекітуі тоқтатыла тұрған күннен бастап не қалпына келтіруге құқық басталған сәттен бастап жүргізіледі.

24. Жәрдемақы оны алу құқығы туындағаннан кейін жәрдемақы тағайындау үшін жүгінген күннен бастап тағайындалады. Барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініш берілген күн жүгінген күн болып есептеледі.

Осы Қағидалардың 5-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген адамдар үшін жәрдемақы жүгінген күннен бастап тағайындалады.

Жәрдемақы тағайындау үшін негіздеме жойылған жағдайда алушылар бұл туралы он жұмыс күні ішінде Орталықтың бөлімшесіне хабарлауға міндеттенеді.

Жоғарыда көрсетілген адамдар тағайындау үшін қажетті жұмыс өтілі туралы толық емес мәліметтер ұсынған жағдайда, Орталық бөлімшесі бес жұмыс күні ішінде құжаттарды арнайы комиссиялардың қарауына осы Қағидаларға 23-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жібереді.

Арнайы комиссиялар ұсынылған материалдарды осы Қағидалардың 4-бөліміне сәйкес қарайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет