Қырғызстан президенті Садыр Жапаров тек өз елінде ғана емес, көрші елдерде де су тапшылығын еңсеруге бастамалар жасайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Kabar" арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 
 

Фото "Kabar" арнасынан

Қырғызстан президенті соңғы жылдары егін суының тапшылығы көрші мемлекеттерде де сезіліп отырғанын алға тартты. Бұл мәселені шешу мақсатында ол осы жылы аяқталуы тиіс тәуліктік және онкүндік реттеу бассейндерінің (БСР және БДР) құрылысы туралы айтты. 

"Бұл бассейндер ең алдымен, төменгі ағыста тұратын көршілеріміз үшін пайдалы. Өйткені суару маусымында даулар туындап жатады. Егер біз қыста еріген суды осындай бассейндерде жинасақ, көктемнен бастап өзен суы көршілерге толығымен ағып кетеді. Сонда олар бұрынғыдан да көп су алатын болады", — деп атап өтті Садыр Жапаров.

Жапаров сонымен көрші елдерді судан бас тартуға шақырған өз азаматтарының сөзіне жауап берді.

 

  • "Орталық Азияда су үшін соғыс басталуы мүмкін": Депутат дабыл қақты

  • Дүниежүзілік банк Аралда екінші бөгет салуға 1,5 миллион доллар бөледі

     

"Біз қыста ағып жатқан суды кейін дау-дамай туындамайтындай етіп пайдалы жағына жұмсауға тырысамыз. Көршілерімізге қанша су қажет болса, сонша береміз. Солай болады", — деп қосты Қырғызстан президенті.

Садыр Жапаров қыс мезгіліне су жинау бастамасы Қырғызстан үшін де, көрші елдер үшін де артық қор ретінде қамтамасыз етуге бағытталғанын қоса кетті. Ол сонымен қатар Нарын өзенінің суын Қырғызстан тек 1%-ын пайдаланады, ал қалған 99% — ы Өзбекстан мен Қазақстанға кететінін айтты.

"Біз тек өзімізді ғана емес, көршілерімізді де ойлаймыз. Біз ағынның бастауында тұрмыз, су бермейміз деу дұрыс емес. Бәріміз бауырлас халықпыз, мәңгілік көршілерміз және көп тұстарда бір-бірімізге тәуелдіміз. Бәрін тізбелемеймін, мұны өздеріңіз жақсы білесіздер", — деп қорытындылады Садыр Жапаров.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.