Қартбаева Г. Т



жүктеу 153.8 Kb.
Дата19.10.2017
өлшемі153.8 Kb.

УДК596(075.8)
Қартбаева Г.Т.

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
ОМЫРТҚАЛЫЛАР ЗООЛОГИЯСЫНАН ОҚУ ДАЛАЛЫҚ ІС- ТӘЖІРИБЕСІНІҢ ОҚУ ҮРДІСІНДЕГІ ОРНЫ

Қазіргі таңда оқу үрдісінде іс-тәжірибелердің орны ерекше. Соның біріне тоқталатын болсақ, ол 2- курс студенттері өтетін омыртқалылар зоологиясынан жазғы оқу далалық практикасы.

Омыртқалылар зоологиясынан оқу далалық практикасының орта мектептер мен лицей, гимназия, колледж т.б . оқу орындарына биолог мамандарды даярлауда маңызы өте зор. Оны оқу түрінің ешбір бөлігі алмастыра алмайтыны анық. Тек табиғатқа ғана бақылау, тәжірибе жұмыстарын жүргізу, нақты материалдар жинау арқылы омыртқалылар зоологиясы курсының теориялық жағдайы практикамен ұштасады, бекиді. Организмдердің бір бірімен және қоршаған ортамен байланысының күрделілігіне көз жеткізу қиын емес, ол жергілікті фаунамен танысу, омыртқалы жануарлардың негізгі биологиялық ерекшеліктерін білу арқылы жүзеге асады.

Оқу далалық іс- тәжірибесінің негізгі міндеттері:

1. Студенттерді экологиялық фаунистикалық бірлестіктермен және практика өтетін ауданның омыртқалы жануарларымен, түрлердің көптүрлілігі мен табиғаттағы өзара және тіршілік ортасымен байланысын қарастыру.

2. Омыртқалы жануарлардың негізгі биотоптарымен, биологиялық ерекшеліктерімен таныса отырып, олардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын талдау. Осы түрлерді сыртқы бейнесіне, дауысына тіршілік іздеріне қарап ажырата білу; биоценоздардың маусымдық және көпжылдық динамикасын түсіну қажет. Қызыл кітапқа енген түрлерге ерекше көңіл бөлу керек.

3. Табиғатта экскурсия өткізуге үйрену, омыртқалы жануарларды ұзақ уақыт бойы бақылау, қоршаған ортаға ешбір зиянсыз коллекциялар жинау.

4. Омыртқалы жануарлардың экологиясын және фаунасын зерттеуде өзіндік ғылыми жұмыстар ұйымдастырудың әдістердің негізгі принциптерін үйрену.

5. Табиғатты қорғау мәселелері бойынша экологиялық көзқарасты қалыптастыру.

Стационарды таңдағанда табиғи ландшафтар: орман, саз, су қоймалары, ауыл шаруашылық алқаптары, елді мекендер көршілес орналасқан территорияға мән беру керек, онда әртүрлі биотоптар және омыртқалылар фаунасы жақсы сақталған. Көбінесе бақылау нысанасына қосмекенділер, құстар, ұсақ сүтқоректілер түседі, көптеген жалпы биологиялық заңдылықтарды осылар арқылы көрсетуге болады. Стационарда зертханалық сабақ өткізетін, жұмыс жүргізетін орын болғаны жақсы. Көптеген жоғарғы оқу орындарында биологиялық станциялар қорық және аң аулау шаруашылықтарымен қатар орналасады. Бізде Е. А. Бөкетов атындығы Қарағанды мемлекеттік университетінде оқу іс- тәжірибе базасы Қарқаралы ұлттық саябағымен қатарлас орналасқан. Онда Қарқаралы, Кент, Қу, Бақты, Кімасар, Шанхоз т.б. гранитті тауларда қарағай, ал олардың сайларында қайың, көктерек, өзен бойында түрлі тал, шілік өседі. Осы қорегі мол жерлерде ұсақ сүтқоректілер кең таралған. Атап айтсақ дала, орман, сұр тышқандары; үлкен, секіргіш, қосаяқтар; эверсман, жоңғар атжалмандары; қызыл, орман, жирен, жалпақбасты және дала тоқалтістері, , су тышқаны көптеп кездеседі. Жалпы сүтқоректілердің басым бөлігін осы ұсақ сүтқоректілер құрайды.

Далалық практикада студенттерді омыртқалы жанурлардың негізгі маусымдық құбылыстармен жылдық тіршілік циклдерімен таныстыру қажет. Сондықтан іс тәжірибені үш бөлімге: жазғы, күзгі және көктемгі кезеңдерге бөліп өткізген дұрыс. Ресей жоғарғы оқу орындарында осындай кезеңдермен өтеді. Жазғы практика студенттердің далалық жұмыстарының ең маңызды бөлімі, яғни: азықтану, маусымдық миграция және жануарлардың көбеюі сияқты күрделі алуантүрлі құбылыстарды зерттеумен айналысады. Осыған байланысты оған оқу уақытының негізгі бөлімі беріледі. Мысалы МПГУ- да екі жарым апта жазғы үш күннен көктемгі және күзгі іс- тәжірибе өтеді [1].

Практика өту уақыты жергілікті жануарлардың репродуктивті кезеңіне сәйкес келгені дұрыс. Бұл мамырдың аяғы және маусым - көптеген құстар ұя салатын және қосмекенділер мен ұсақ сүтқоректілер белсенді болатын уақыт. Көктемгі практика сәуір-мамыр айларында: бұл кезде құстардың жаппай миграциясы, қосмекенділердің көбеюі, ұйқыдан ұсақ сүтқоректілер және бауырменжорғалаушылар оянады. Күздік практика ол қыркүйектің аяғы- қазан жануарлардың қыс мезгіліне дайындығы яғни оңтүстікке құстардың ұшуы, қыстап қалатындардың үйір, амфибий және рептилийлердің топтасуы, аңдардың қыстың қолайсыз ауа райына дайындығы практика уақытын дәл табатын болсақ, онда ол сәтті өтеді және жануарлар экологиясы жайлы толық мәлімет алатын боламыз. Практика мынадай негізігі жұмыс түрлерінен: экскурсиялар, студенттердің өзіндік жұмыстары және есептен тұрады. Оқытушымен бірге экскурсия жұмыстың негізгі түрі, оған уақыт көбірек беріледі. Студенттер жануарларды сыртқы түріне, даусына қарап анықтайды, территориялық орналасуы мен құрылымын, биологиясының қажетті белгілерімен табиғаттағы өзара байланыстарын оқып үйренеді. Алғашқы экскурсияда жетекші студенттерді ауданның табиғаты мен географиялық жағдайымен таныстырады, типтік ландшафттар, оларға тән омыртқалы жануарлар, табиғи ландшафттардың антропогендік трансформациясы және адамдардың шаруашылық қызметтерінің жануарларға әсерін түсіндіреді.

Экскурсия кезінде студенттер ғылыми зерттеудің негізгі элементтерімен біртіндеп танысады, коллекциялық материалдар жинау, негізінен жануарлардың қоректерінің, мүжіген қалдықтары, саңғырығы мен тастанды ұялары т.б. жануарларға зиянын келтірмей зерттейді. Техникалық қауіпсіздігінің талаптары бойынша бір жетекшіге 15 студенттен аспауы керек. Экскурсия ұзақтығы 4 сағат. Студентте дүрбі, компас, жазба кітапшасы болуы керек. Оқытушы бақылайтын жануардың сыртқы түрі мен мінез құлқының ерекшеліктерін, биологиясын, систематикалық орнын, таралу аумағын шаруашылық маңызын айтып түсіндіреді. Қажет болған жағдайда студенттер інді, ұяны, діңді өлшейді, суретін салады. Экскурсиядағы бақылаудың негізгі әдістері визуальді түрде болады. Оларды мүмкіндігінше эксперименттермен толықтырады. Күннің екінші жартысында студенттер материалдарды өңдейді, күнделіктерін толтырады, оны қысқаша шартты белгілер, сызба нұсқалар мен суреттер арқылы көрсетеді. Күнделікті толтырғанда жануар түрі анықталып, қосымша арнайы әдебиеттерді пайдалана отырып жануарлардың далалық белгілері, биологиясы, таралуы және т.б. мәліметтермен толықтырылады. Студенттер экскурсияда жинаған материалдарынан коллекция жасайды, этикеткалар жазады. Практика соңында әрбір студент үшін міндетті түрде сынақтық экскурсия өтеді. Практика аяқталғанда студенттерде зерттелген ауданның омыртқалыларының фаунасының жалпы сипаты біртұтас көрініс ретінде болғаны өте маңызды. Сынақ күні студенттер зерттелген фауна бойынша жалпы есеп құрады (топқа бір есеп). Есеп сурет, сызба нұсқа, карталармен, фотосуреттермен және практика кезінде анықталған омыртқалы жануарлар тізімімен толықтырылады. Есеп қорытынды конференцияда талданады.

Студенттердің өзіндік жұмыстарының болашақ биолог мамандар дайындауда маңызы өте зор. Материал жинауға, өңдеуге, талдауға, дағдыланады. Өзіндік ойлау қабілетін дамытады ол өте құнды, онсыз ұстаз еңбегінің нәтижесі болмайды. Өзіндік жеке жұмыстар тақырыбы алдын ала белгілі табиғат жағдайына қарай құрылады. Өзінің мазмұны бойынша өзіндік жеке жұмыстар теориялық омыртқалылар зоология курсынның бөлімінің иллюстрациясы ғана емес, ол болашақ биолог ұстаздардың сыныптық, сыныптан тыс жұмыс, өлке тануда көмекші құрал ретінде қызмет етеді. Далалық практика кезінде курстық, диломдық жұмыстарға материалдар жинауға болады. Өзіндік жұмыстар зоологияға деген қызығушылықты оятады кәсіптік мамандануда жеке зерттеулер жүргізуге зор ықпалын тигізеді. Өзіндік жұмысқа практиканың барлық уақытының төрттен бір бөлігі бөлінеді.Практиканың алғашқы күндері ақ өзіндік жұмыстың нақты тақырыбын алған абзал. Практика жетістігі мен студенттің зерттеушілік қабілетінің артуы жақсы таңдалған тақырыпқа байланысты болады. Жеке тақырыпты таңдаған соң оны орындау үшін, соған сәйкес әдісті де іріктеп аласыз. Өзіндік жұмыстың қорытындысы әртүрлі кестелермен, графиктермен карта сызбанұсқалармен суреттермен, фотосуреттермен безендірілген есеп ретінде тапсырылады және қорытынды конференцияда баяндама жасалады.



Материал және зерттеу әдістері Омыртқалы жануарлар зоологиясының далалық зерттеулерінің әдістері. Фаунистикалық зерттеулердің әдістері.

Біріншіден нақты зерттелетін ауданның жануарлар әлемін қарастырғанда берілген территорияны мекендейтін жануарлардың түрлік құрамы анықталады. Жануарлар түрінің тізімі, олардың келу мәліметтері, биотоптық орналасуы, шамалық сандық көрсеткіші бұл зоогеография, экология, табиғатты қорғау, өлке тану жұмыстарының негізі болады. Қазіргі уақытта біздің еліміздің көптеген жерлерінде омыртқалы жануарларға мұндай инвентаризациялық жұмыстар жүргізілген. Онда жалпы аумақтық фаунистикалық жануарлардың таралуы, биотоптық және, маусымдық орналасуы, сандық көрсеткіштері және жеке кейбір түрлердің биологиясы бар мағлұматтар жиынтығы бар.

Дегенмен жануарлар құрамы тұрақты болмайды, кейбір түрлердің кең таралып, кейбір түрлердің сандарының қысқаруына жеке түрлердің таралуына байланысты ареалдары өзгереді. Ол әсіресе жануарлардың тіршілік ортасына және өздеріне антропогендік әсерлердің күшеюіне қарай бұл процестер қарқынды жүруде. Жануарлар түрлік құрамындағы өзгерістерді анықтау үшін сандық көрсеткіштері мен орналасуын периодты популяциясын өз уақытында анықтау үшін орны ерекше. Сонымен қатар кейбір аудандардың фаунасы жеткіліксіз зерттелген ол құстар мен сүтқоректілерге де қатысты. Сондықтан фаунистикалық жұмыстардың ғылыми, практикалық маңызы зор.

Зерттеудің негізгі әдістемесі құрлық омыртқалы жануарларының түрлік құрамын тура бақылау, экскурсия уақытында әр түрлі мекен ету орталарында кейбір түрлердің топталған жерлерінде, мысалы орман шетінде, бұталар арасында, ашық ландшафтарда, су қоймаларының жағалауында, азықтары көп жерлерде (қоқыстар, сүзбе алқабы, астық сақтайтын орындар, балық өсіретін тоғандар) торуылдап тұру. Түнгі немесе жасырын тіршілік ететін жануарларды арнайы аулау әдістері немесе акустикалық қоздырушылар дыбыстық белгілерін магнитофонға жазылып алынған жануарлардың дауысын шығару, түнде көретін құралдар арқылы анықтайды.

Омыртқалы жануарлардың құрамы мен таралуын зерттеу мақсатындағы экскурсия олардың маусымдық немесе тәуліктік белсенді кезінде жүргізілуі тиіс, мысалы қосмекенділер үшін таңертеңгілік уақыт тиімді, бауырменжорғалаушылар үшін кешкі немесе түнгі уақыт қолайлы, күндіз құстар және ірі сүтқоректілер үшін жақсы.

Ал маусымдар ішінде фаунистикалық бақылаулар үшін өте қолайлысы көктем және жаздың бірінші аптасы құстардың көктемгі миграциясы және көптеген омыртқалы жануарлардың көбею кезі. Бұл уақытта жануарлар оңай байқалады, олар қозғалғыштығымен, дауыстарының белсенділігімен, жұп құруымен, ұя салуымен, ұрпақтарын қоректендірумен көзге түседі. Бұл кезең әсіресе құстар фаунасын зерттеу үшін өте қолайлы. Жаздың екінші жартысында сайрағыш құстар сайрауын тоқтатады. Көптеген құстардың жас қауырсындары бір біріне өте ұқсас, олардың шақыру дыбыстық белгілері де ұқсас болғандықтан түрлерді анықтауда қиындық тудырады. Ал жұп құрғаннан соң ересек құстар түлеп жасырын тіршілікке көшеді. Жаз уақыты қосмекенділер мен бауырмен жорғалаушылар фаунасын зерттеу үшін қолайлы олар бұл кезде өте белсенді болады.

Экскурсия маршрутын жоспарлағанда мекен ету ортасының ерекшелігін ескеру керек, тәжірибесіз бастаушылар үшін маршрут ұзақтығы 4-5 шақырым, ал тәжірибелі бақылаушы үшін 6-8 ш. болады. Фаунистикалық экскурсияның басты міндеті бақылаған жануардың түрін дұрыс анықтау болып табылады. Қажетті далалық белгілерге сол арқылы жануардың түрін анықтайтын жалпы түрі, пішіні, өлшемі, құрылысының ерекшеліктері мысалы аяқтарының ұзындығы, құйрығының қысқа болуы, тұмсығының ерекшеленуі, құлағының қалқан болуы т.б. түсі, дауысы, мінез- құлқы жатады.

Жануарларды табиғи ортада анықтау ол күрделі міндет, ол үшін жергілікті фаунаны жақсы білу керек. Анықтауда далалық анықтауыштар үлкен көмек көрсетеді.



Зерттеу нәтижелері және оларды талдау. Біз Қарқаралы таулы - орманды ауданында картада көрсетілгендей алғашқы адам үңгірі, шатырлы үңгір, кеншілер демалыс орнындағы самал көлі, үлкен және кіші көлдерге, бассейн көліне, шайтан көлге саяхат жасадық 1-суретке қараңыз.


1-сурет. Қарқаралы таулы- орманды ауданы бойынша саяхаттар.
Қарқаралының оңтүстік – батысындағы 5 шақырым жерде орналасқан, Бұғылының басындағы, тамаша табиғи құбылысы - Шайтанкөл. Шайтанкөл теңіз деңгейінен 1200 биіктікте орналасқан Қарқаралы таулы-орман массивінің тау су қоймаларының бірі. Ені 40м, ұзындығы 60м. Қыста қатпайды табиғи ескерткіш болып табылады. ҚарМУ-дің демалыс үйінен Шайтанкөлге дейін қарағайлы қайың аралас орманның ішімен жүріп бардық, онда қарағай басында құстардын ұяларын және тиінді кездестірдік. Биіктікке көтерілгенде көлді көрдік, жан-жағында жартастар. Көл жағасында отырып айналамызды бақыладық. Көлде 7 үйрек жүзіп жүрді ол айдарлы сүңгуір (Aythya fuligula) болды.

Осылайша, Қарқаралы таулы - орманды саяхаттарында кездестірген жануарларға келетін болсақ олар қосмекенділерден: сүйір тұмсықты көлбақа (Rana arvalis), көлбақа ( Rana ridibunda); бауырменжорғалаушылардан: секіргіш кесіртке (Lacerta agilis) , өрнекті қарашұбар жылан (Elaphe dione), су сарыбас жыланы (Natrix tesselata) , тапгалилон (Vipera ursini), су жылан; құстардан: от үйрек (Tadorna ferrugiena), барылдауық үйрек (Anas platyrhynchos), айдарлы сүңгуір (Aythya fuligula), кезқұйрық (Milvus migrans), жамансары (Buteo buteo), дала күйкентайы (Falco naumanni), дала құладыны (Circus macrourus), бүркіт (Aguila chrysaetos), ақбас тырна (Anthropoides virgo), қасқалдақ (Fulica atra), шаушүрілдек (Charadrius dibius), бәбісек (Upupa epops), шұбар тоқылдақ (Dendrocopos major) және көптеген торғайтәрізділерді көрдік. Олар қосрең қарлығаш (Hirundo rustica), айдарлы бозторғай (Galerida cristata), орман жадырағы (Anthus trivialis), сауысқан (Pica pica), ала қарға (Corvus cornix), т.б. [2]. Қасқалдақ тек бір- ақ жерде «Самал» көлінде ғана болды. Сонымен қатар ұсақ сүтқоректілерде тізімге алынды 1-кестені қараңыз.



1–кесте. Қазіргі кездегі Қарқаралы ұлттық паркінің Micromammalia құрылымы


Түр




Таралуы

Саны


1

2

3

4




Отряд Rodentia









Тиін – Sciurus Vulgaris

*





Зорман – Spermophilus Fulvus

**





Балпақ – S. Major

**





Қызылұрт сарышұнақ – Erythrogenys

**





Кіші сарышұнақ – S. Pygmaeus

**





Байбақ – Marmota Bobac

**





Сұр суыр – M.Baibacina

**





Жалман – Selevinia Betpakdalensis

*





Дала тышқаны – Sicista Subtilis

**





Кіші қосаяқ – Allactaga Elater

***





Үлкен қосаяқ – A. Maior

***





Северцов қосаяғы – A.Severtzovi

**





Секіргіш қосаяқ – A.Sibirica

***





Тікқұлақты қосаяқ – Pygeretmus Pumilio

***





Майлықұйрық қосаяқ –P. Platyurus

***





Житков қосаяғы – P. Shitkovi

**





Тақылдағыш қосаяқ – Stilodipus Telum

**





Жүндес қосаяқ – Dipus Sagitta

**





Сұр атжалман – Cr. Migratorius

***





Эверсманн атжалманы – Allocricetulus Eversmanni

***





Жоңғар атжалманы – Phodopus Sungorus

**





Аламан – Cricetus Cricetus

**





Жалпақбасты тоқалтісі– Alticola Strelzowi

***





Жирен тоқалтіс – Clethrionomys Rutilus

***





Ондатр – Ondatra Zibethicus

***





Дала тоқалтісі – Lagurus Lagurus

***





Су тышқаны –Arvicola Terrestris

**





Табанды тоқалтіс – Microtus Socialis

**





Су тоқалтісі – M. Oeconomus

**





Кәдімгі тоқалтіс – M.Arvalis

***





Сүйірбасты тоқалтіс – M. Gregalis

***





Кәдімгі соқыр тышқан – Ellobius Talpinus

***





Жыңғыл құмтышқаны– Meriones Tamariscinus

***





Қызылқұйрық құмтышқан – M.Libycus

***





Кіші құмтышқан – M.Meridianus

**





Үлкен құмтышқан – Rhombomys Opimus

**





Орман қаптесері – Apodemus Sylvaticus

***





Дала қаптесері –A.Agrarius

**





Қаптесер – Mus Musculus

***





Кішкентай қаптесер – Micromys Minutus

**





Сұр егеуқұйрық – Rattus Norvegicus

***



Ескерту:

Саны:


Таралуы:

*** - барлық жерде

**-сілемдер бойы оқшауланып

*-дара немесе кейбір учаскелерде ғана

?- тау сілемдеріне келуі мүмкін

■ - көп


● - әдеттегідей

▲ - сирек

◘- бір ақ рет кездескені белгілі

?- саны белгісіз



Жалпы кестеден көріп отырғандай кемірушілер отряды кең таралған. Барлық алуантүрлі сүтқоректілердің жартысына жуығын осы отряд өкілдері алып тұр. Орталық Қазақстанда кемірушілер отрядының 8 тұқымдасы, 26 туысы, 43 түрі бар болса соның 41 Қарқаралыда тіркелген. Micromammalia. басқа барлық таксондардан түрлерінің санымен ғана емес, туыс, тұқымдас жағынан да басым екені белгілі. Кестедегі келтірілген жануарларға талдау жасасақ онда, сұр егеуқұйрық пен қаптесер, орман қаптесері, тоқалтістер (жирен, кәдімгі, жалпақбасты, сүйірбасты) доминантты, қосаяқтар (секіргіш, тікқұлақты) субдоминантты, су тоқалтісі сирек болды. Жыл сайын инвентаризациялық жұмыстар жүргізіп, жануарлар санын анықтап отыру біздің басты міндетіміз.

Практика барысында Қарағанды хайуанаттар паркіне де саяхатқа бардық. Ондағы жануарлардың тізімі жасалды. Хайуанаттар паркі коллекциясында жануарлардың 163 түрі, 845 данасы бар, соның ішінде 32 түрі мен 73 данасы қызыл кітапқа енгізілгендігі мәлім болды.

Сонымен бірге факультеттегі табиғат мұражайындағы экспонаттар мен жұмыстар жүргізілді, анықтау әдістерін қолданып систематикалық жіктеулер жасалды. табиғат мұражайы оқу-тәрбие үрдісі және ғылыми зерттеу жұмыстарына қор негізінде жиналған. Мұражайдағы барлық экспонаттар саны мыңнан асады.

Айтылған мәселелерді қорытындылай келе, оқу далалық практикасының оқу үрдісінде жануарларды танып білуде, систематикалық шолу жасауда, табиғи ортада анықтау, бақылау әдістерін меңгеру үшін алатын орны ерекше екені белгілі. Студенттер жыл бойы алған теориялық білімдерін практикамен бекіте отырып, өз шығармашылық қабілеттерін дамытады. Жалпы практиканың танымдық, тәлімдік- тәрбиелік мәні зор деп ойлаймыз.




.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Константинов В.М., Михеев А.В. Позвоночные животные и наблюдения за ними в природе- М.: Academa, 2000. -.196 с.

  2. Книга генетического фонда фауны Казахской ССР Ч.1.Позвоночные животные -Алма-Ата.: Наука, 1989.-215 с.

Konstantinov V.M.,Miheev A.V. Vertebral animals and observation about it in nature – M.: Academa, 2000. -.196 pg.

Book of genetical fond of faune Kazakhstan SSR P.1. Vertebral animals –Alma-Ata.: Science, 1989.-215 pg.




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет