Әлеуметтік желіде Алматыдағы жер сілкінісі кезінде де дәрігерлердің науқасқа ота жасауды жалғастырып жатқаны түсірілген видео тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Видео ұлттық кардиология институтында түсірілген. Автордың сөзінше, ғимараттағы өзге адамдар далаға шығып кеткен.

"Ал біз шыққымыз келсек те шыға алмаймыз", — дейді автор.

Еске салсақ, бүгін Алматыда 5 балдық қуатты жер сілкінісі тіркелгені туралы жазған едік. Кейіннен Алматы әкімдігі жер сілкінісінен зақымдалған ғимараттар туралы мәлімдеме жасады. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.