Ару ќала, арман ќала, бас ќала



жүктеу 37.39 Kb.
Дата12.11.2017
өлшемі37.39 Kb.

Ару қала, арман қала, бас қала
Мақсаты: Өлкетану материалдары бойынша оқушылардың өз елі, жері туралы білімін дамыту, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігі мол елжанды азамат тәрбиелеу.

Сан ғасырлар меңдеп жатса да, ұрпақтан-ұрпаққа тамыр тартып, олардың әрқайсысымен бірге өмір сүретін туған жер. Ол асыл мұра, баға жетпес қазына. Өйткені, жер тарихы – ел тарихы адам тағдыры, ұрпақ шежіресі екендігін оқушыларға түсіндіру. Алматы - әсем, ару қаланың тарихынан айтып беру.


Мұғалім: Алматы қаласының іргетасы 1854 жылы қаланған. Жойқын шапқыншылықтар мен соғыстардың салдарынан мүлдем қирап бос қалған қазақтардың ежелгі мекені – Алматының маңында әскери бекініс (Заилийское) салынып, кейіннен байтақ Жетісу өлкесінің орталығы – Верный қаласына айналды. Іле Алатауының жасыл желек жамылған тамаша баурайына орналасқанымен Верный патшалық Ресейдің шалғай түкпіріндегі елеусіз қала болды.

Алматы қаласының республика астанасына айналуының зор маңызы бар.

1-бесжылдық кезінде Алматыда тамақ және жеңіл өнеркәсібінің көптеген ірі-ірі кәсіпорындары салынды. 1940 жылы қаладағы өнеркәсіп өнімінің көлемі 1930 жылғыдан 6 есе көп болды.
1-оқушы.

Арманына жетіп халқым көздеген,

Алабы да алқабы да өзгеден.

Жасыл далам, шын бақыттың кіндігі,

Қымбаттысың ел жұртыңа өзгеден.
Ару қалам, алма қалам, жан қалам,

Туғанымдай жақынымсың сен маған.

Өзің де бір аумай қапсың күздегі,

Алаулаған, жанып тұрған алмадан.


Ән: «Сағындым Алматымды».
Мұғалім: 1924 жылы Алматы қаласы Жетісу губерниясының әкімшілігі және мәдени орталығына айналды. Қалада құрылыс өрістеп, жаңа кәсіпорындар шаңырақ көтерді, көбінің өндірістік қуаты ұлғайтылды.

Алматы қаласының республика астанасына айналуының зор маңызы бар. Бүгінгі Алматы – осы заманғы ірі қала, республиканың қалыптасқан саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Қазір мұнда жоғары және арнаулы орта білім беретін оқу орындары бар. Алматыдағы 90-ға жуық ғылыми мекеме осы заманғы ғылымның барлық салалары бойынша зерттеулер жүргізеді.



2-оқушы.

Алыста жүргенде аңыз ғып айтамын,

Аңыз ғып айтамын, сағынып қайтамын.

Бағына асыққан бұлбұл боп ұшамын,

Бұлбұл боп ұшамын, махаббат құшамын.

Маған ыстық күзің де, көктемің де,

Өзіңде өмір мектебін өтпедім бе.

Алматым, саған ғашық бар ұланың,

Саған ғашық бар әлем, көк те, күн де.

Мұғалім: Қаланың қайталанбас көркінің сан түрлі ерекшеліктері бар. Мұның ең негізгісі – құрылыс мәдениеті мен өзіндік бағыт. Құрылыс жүргізгенде композициялық шоғырлар мен магистральдарды қалыптастыруға, сәулетті ансамбльдер жасауға баса назар аударылады. Олардың көпшілігі талантты сәулетшілеріміздің творчествосының, өз істеріне жетік құрылысшыларымыздың асқан шеберлігінің тамаша үлгілері.
3-оқушы.

Ақ басты Алатаудай биік тұлғаң,

Көргенде көңілге сан күй ұқтырған.

Гүл қалам, бір өзіңнің от кеудеңе,

Халқымның бар бейнесі сыйып тұрған.
4-оқушы.

Шаттық, сайран, гүл, жапырақ бауларда,

Сүйсінеді көңіл солай ауғанда.

Көз сүрінер аспанына асылып,

Көп жасаған күмбез шыңды тауларға.
Мұғалім: Алматыны қоршаған табиғат қандай ғажап десеңізші! Бірақ қараса көз тоймайтын көркімен қоса оның табиғи кінараттары да бар. Қала жер сілкіну қаупі бар аймаққа орналасқан, таулардан күшті лай тасқыны жүріп кетуі ықтимал. Қала құрылысының міндеттерін шешкен кезде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері де ескеріледі.
Ән: «Менің атам»
5-оқушы.

Ғажайып қала Алматы,

Алматы – нәзік май гүлі.

Сезімнің өшпес жаннаты,

Медеуім – қиял айдыны.

6-оқушы.

Қонақ боп мұнда көрдің бе,

Таттың ба дәмін алманың.

Жалғасты бүгін әр күнге,

Медеуім – биік арманым.
7-оқушы.

Медеуім – Жеңіс айнасы,

Медеуім – аспан айнасы.

Медеуім – достық ордасы,

Медеуім – асқақ ән басы.
Мұғалім: Сондай-ақ бұл қала азаттық пен егемендіктің жыршысы болған, жас өрендердің ерлігінің куәсі болған, тәуелсіздіктің ұйытқысы болған батыр қала. 1986 жылғы 16желтоқсандағы жастардың көз жасы жуылған, тағдыры қиылған тарихи қала.
8-оқушы.

Дауылға желтоқсанның желі айналды,

Ашуға мінді Алатау кәрі айбарлы.

Күтпеген іс ақыры не болар деп,

Күллі әлем Алматыға қарай қалды

Кез емес жаугершілік «аттан» атты,

Алаңның шеруі емес салтанатты.

Қытымыр қыстың басы сол бір айда,

Желтоқсан желі әлімді жалт қаратты.
Мұғалім: Алматы қаласы тәуелсіздік алғаннан кейін де еліміздің басты қаласы ретінде мәдениет пен бизнестің, сауданың, халықаралық қарым-қатынастың үлкен орталығына айналды. Бүгінде әсем қала – Алматымыз жаңа үрдісте дамып келе жатқан мемлекетіміздің ең ірі қала болып табылады.

Оңтүстік Астанаға аты лайық,

Өркендеп келе жатыр қанат жайып.

Байлық пен тұрмысында берекелі,



Нарық нар өте шығар алмағайып, - деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет